"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 253 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын
және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген
банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртібін айқындайды.
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналыстан алынатын банкноттар мен монеталар – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ескі үлгідегі, заңды төлем құралы болып табылатын және жаңа үлгідегі банкноттармен және монеталармен қатар айналыста болатын банкноттары мен монеталары;
2) айналыстан алынған банкноттар мен монеталар – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ескі үлгідегі, заңды төлем құралы болуы тоқтатылған банкноттары мен монеталары;
3) банктер – екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық почта операторы;
4) тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16120 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларында айқындалған, бүлінулері бар Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған банкноттары мен ақаулы (бүлінген) монеталары;
5) Ұлттық Банктің филиалдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) аумақтық филиалдары және Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал).
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.05.2013 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2015 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2019 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен. 2. Айналыстан алынатын және алынған банкноттар мен монеталарды
айырбастау
4. Айналыстан алынатын банкноттар мен монеталар жаңа үлгідегі банкноттармен және монеталармен қатар айналыста болатын Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгіленген кезеңде заңды төлем құралы болып табылады, шектеулерсіз Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылданады, банк шоттарына есепке алынады, барлық банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында шектеусіз айырбасталады.
5. Айналыстан алынған банкноттар мен монеталарды банктер және Ұлттық Банктің филиалдары заңды төлем құралы болып табылатын банкноттарға және монеталарға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12946 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде, оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде, оларды ауыстыру қағидаларында белгіленген уақыт кезеңі ішінде және тәртіппен айырбастайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 02.07.2019 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталарды айырбастау
6. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар заңды төлем құралы болып табылады.
7. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар барлық банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында белгіленген құны бойынша, қандай да болмасын шектеулерсіз айырбасталады.
8. Банктерге келіп түскен тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар "Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен сұрыпталады, айналысқа жіберілмейді және Ұлттық Банктің филиалдарына өткізіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталардың түпнұсқалығына күмән болған жағдайда, олар түпнұсқалығын анықтау үшін банкке өткізіледі. Банк оларды сараптамаға Ұлттық Банктің филиалына түпнұсқалығын анықтау үшін жібереді.
Ұлттық Банктің филиалы тозған және бүлінген банкноттар мен монеталарды "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы
24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес сараптамадан өткізеді және айырбастайды.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.05.2013 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2015 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.