Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 тамызда № 7876 тіркелді

Жаңартылған

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Мыналардың:
      1) «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 527 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 24 қарашада № 6653 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 6-7 (26409) жарияланған);
      2) «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 527 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 398 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 6 қазанда № 7242 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 19 қазандағы № 503-504 (26896) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 24 шілдедегі 
№ 344 бұйрығымен бекітілді

Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк
құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және
мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 263 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, мониторинг жүргізу және басып шығару тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
      1) автор – шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындыларын, соның ішінде оқу және/немесе әдістемелік материалдарды жасаған жеке тұлға;
      2) авторлық ұжым – серіктес авторлар ретінде жинақталған жеке тұлғалар тобы;
      3) әдіскер – нақты оқу пәнін (оқу пәндерін) оқыту әдістемесі саласының маманы;
      4) әзірлеуші – оқу әдебиеттерінің мазмұнын жобалаумен, мазмұндаумен және ресімдеумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
      5) баспа – баспа өнімін дайындау мен басып шығаруды жүзеге асыратын кәсіпорын;
      6) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынасында тұрған жеке немесе заңды тұлға;
      7) қағаз жүзіндегі оқулықтың электрондық нұсқасы – құрылымы, мазмұны және көркем безендірілуі оқулықтың баспа формасына сәйкес келетін электрондық басылым;
      8) қосымша әдебиет – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖБС), үлгілік  оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыруға ықпал ететін, оқулық пен оқу-әдістемелік кешен жиынтығына кірмейтін басылым;
      9) оқу әдебиеттеріне ғылыми және педагогикалық сараптама жасау – оқу басылымы мазмұнының ҚР МЖБС талаптарына, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына, қазіргі ғылыми ұстанымдарға, ал әдістемелік аппараттың білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарына, психологиялық-педагогикалық ғылым талаптарына сәйкестігін бағалау;
      10) оқулық – оқу пәнін (пәнді) жүйелі баяндайтын, ҚР МЖБС, үлгілік оқу жоспарына және үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін және осы оқу басылымының түрі ретінде ресми бекітілген оқу басылымының түрі;
      11) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сынақтан өткізу – білім беру ұйымдарының оқыту процесінде оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың пайдалану практикасын кешенді зерделеу;
      12) оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар мониторингі – оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды білім беру процесіне енгізу нәтижелері жөніндегі ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тарату;
      13) оқу әдебиеті – білімдік, сонымен бірге рухани-адамгершілік және тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, жеке және (немесе) олардың жиынтығы бойынша барлық қабылданған оқу басылымдарының түрлерін қамтитын әртүрлі білім саласындағы баспа шығармалар;
      14) оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – білім алушының оқу пәні (пәндер) бойынша білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған және оқулыққа ілеспе болатын жекелеген оқу және әдістемелік басылымдардың жиынтығы;
      15) оқу басылымы – нақты білім беру (оқу) бағдарламасы бойынша білім беру процесінде пайдалануға арналған басылым;
      16) оқу-әдістемелік құрал (бұдан әрі – ОӘҚ) – оқыту пәнін, оның тарауын, бөлігін оқыту және меңгеру немесе тәрбиенің әдістемелері бойынша материалдарды қамтитын оқу басылымының түрі;
      17) оқулыққа электрондық қосымша (бұдан әрі – ЭҚ) – мультимедиялық элементтерді, практикалық және бақылау жұмыстарын қолдана отырып, оқулықтың мазмұнын кеңейтетін және/немесе толықтыратын электрондық интерактивті оқу материалы;
      18) педагог-практик – педагогикалық білімі бар, оқу-әдістемелік қызметтің технологиясын еркін меңгерген, бірнеше жылдар аралығында кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген білім беру ұйымындағы лауазымды тұлға;
      19) сарапшы – сараптама жүргізуге тартылатын, білім беру, ғылым, техника және басқа да салаларда кем дегенде бес жыл еңбек өтілі және тиісті біліктілігі бар жеке тұлға;
      20) түпнұсқа-макет – болашақ басылымның тиісті бетіне әр беті толығымен сәйкес келетін, сыртқы элементтері мен құрылымы бойынша аяқталған кітаптың түпнұсқасы;
      21) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті;
      22) электрондық жеткізгіштердегі оқу басылымы – оқытуды автоматтандыруға арналған, оқу курсына сәйкес келетін және оқу жұмыстарының әр алуан түрлерін қамтамасыз ететін, сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және өзге ақпараттың жиынтығы ретінде ұсынылған басылымдар. Электрондық басылым электрондық жеткізгіште орындалуы, сонымен бірге интернет-ресурстарда орналастырылуы мүмкін. Электрондық оқу басылымдарына келесілер кіреді: электрондық оқулық, электрондық оқу құралы, электрондық оқу-әдістемелік кешен, видео-, аудио- материалдар, сандық білім беру ресурстары, виртуалды зертханалар және т.б.
      23) бірыңғай базалық оқулық – бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда міндетті түрде пайдаланылатын оқулық.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік
құралдарды дайындау тәртібі

      3. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындауды өз бетінше автор, авторлық ұжым немесе баспа ұйымдастырады.
      Арнайы білім беруге арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар мемлекеттік тапсырыс бойынша немесе әзірлеушінің есебінен әзірленеді және басып шығарылады.
      4. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау ҚР МЖБС-ғаүлгілік оқу жоспарларына, оқу пәні (пәндері) бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына, психологиялық-педагогикалық және дидактикалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Автор, авторлық ұжым оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша өз қызметін келесі талаптарды ескере отырып жүзеге асырады:
      1) оқу пәні (пәндері) бойынша неғұрлым өзекті білімдерді енгізу;
      2) ұсынылған оқу және әдістемелік материалдардың дұрыстығы;
      3) білім алушылардың жас, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке алу;
      4) оқу материалы мазмұнының кәсіби бағыттылығы.
      6. Автор, авторлық ұжым ҚР МЖБС-ға сәйкес уәкілетті орган білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат еткен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын әрбір төрт жылда, арнайы білім беру ұйымдары үшін әрбір алты жылда өңдейді.

3. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік
құралдарды сараптамадан өткізу тәртібі

      7. Уәкілетті орган барлық білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға ғылыми және педагогикалық сараптама бойынша тақырыптық жоспарды (бұдан әрі – тақырыптық жоспар) келесі жылға ағымдағы жылдың қарашасына дейін бекітеді.
      8. «Оқулық» орталығы оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға ғылыми және педагогикалық сараптаманы жүргізеді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Тақырыптық жоспарға енгізілген оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға, соның ішінде электрондық жеткізгіштердегі ғылыми және педагогикалық сараптама жасау республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.
      Тақырыптық жоспарға енгізілмеген оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға, соның ішінде электрондық жеткізгіштердегі ғылыми және педагогикалық сараптама жасау әзірлеушінің есебінен жүргізіледі.
      10. Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға, соның ішінде электрондық жеткізгіштердегі ғылыми және педагогикалық сараптама жасау мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріне ғалымдарды, жоғары және бірінші санатты мұғалімдерді жұмылдыра отырып жасалады, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша ғалымдар мен техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары, өндіріс, кәсіпорын және басқа да ұйым өкілдері тартыла отырып жүргізіледі.
      Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтарына арналған оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама ғалымдарды, жоғары оқу орындарының оқытушыларын, өндіріс, кәсіпорын және басқа да ұйым өкілдерін жұмылдыра отырып жасалады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Уәкілетті орган оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптамаға қабылдауды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері үшін ағымдағы жылғы қаңтар мен мамыр аралығындағы кезеңде, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері үшін ағымдағы жылғы қаңтар мен қазан аралығындағы кезеңде ұйымдастырады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Оқу әдебиетінің авторы, авторлық ұжымы, баспасы және әзірлеушілері уәкілетті органға келесі материалдарды жібереді:
      1) оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жүргізу туралы өтініш;
      Өтініште оқу әдебиетінің титул парағына сәйкес автор(лар)дың аты-жөні мен тегі, ҚР МЖББС-дағы (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің үлгілік оқу жоспарлары) оқу пәнінің (пәндерінің) атына сәйкес атауы, сыныбы (курсы), басылым тілі, шыққан жылы, басылған орны көрсетіледі. Өтініште сонымен бірге жұртшылықтың кең ауқымының қол жеткізуі үшін «Оқулық» орталығының интернет-ресурсында қағаз жүзіндегі оқулықтың электрондық нұсқаларын орналастыру туралы өтініші көрсетіледі («Жоба» белгісімен PDF форматында).
      Қайта әзірленген оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар үшін өтінішке әзірлеушілер (авторы, авторлық ұжым) туралы мәліметтер және байланыс телефондары қоса беріледі.
      2) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды басуға және/немесе қайта басуға авторлық құқық беру туралы келісімшарттың әрекет ету мерзімі мен аймағын, басылым таралымын және т.б. көрсете отырып, ұжымдық негізде авторлардың меншіктік құқықтарын басқаратын автормен (авторлармен) немесе ұйыммен жасалған келісімшарттың көшірмесі;
      3) оқулықтың (соның ішінде оның электрондық нұсқасы PDF форматта), ОӘК, ОӘҚ, ЭҚ түпнұсқа-макеттерінің және қорапта соңғы тұтынушыға арналған электрондық жеткізгіштердегі оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар CD (DVD)-дискінің үш данасы;
      4) техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар үшін пән бойынша оқу бағдарламасы;
      5) оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға түсіндірме жазба.
      Түсіндірме жазба қайта дайындалған басылым үшін негізгі тұжырымдамалық ойларынан, өзектілік деңгейін бағалаудан, әзірлеменің жаңашылдығынан, ҚР МЖБС-ны, үлгілік оқу бағдарлама талаптарын іске асырудан, қайта басылған оқу басылымдары үшін – автордың (авторлық ұжымның) енгізген өзгерістері мен толықтыруларынан тұруы тиіс.
      6) үш пікір: пән бойынша педагог-практиктің, пән бойынша әдіскердің, ғалымның.
      Пікірде автордың білім беру ұйымдарында білім беру деңгейіне байланысты оқу басылымына ішінара сынақтан өткізу нәтижелері, басылымның мақсатты арналуы көрсетіледі;
      7) техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімнің оқу басылымдары үшін – техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының республикалық оқу-әдістемелік бірлестік шешімінен үзінді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдары үшін – мамандықтардың топтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің шешімінен үзінді;
      8) электрондық жеткізгіштердегі оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар үшін – пайдаланушыларға арналған орнату және басшылыққа алу нұсқаулығы еркін нысанда.
      9) төлемді растайтын құжат (сараптаманы ақылы негізде өткізген жағдайда).
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Уәкілетті орган ұсынылған материалдардың толықтығын осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес анықтайды.
      Уәкілетті орган бес күнтізбелік күн ішінде келіп түскен материалдарды сараптама жасау үшін «Оқулық» орталығына жібереді.
      13-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 19 және 19-1-баптарына сәйкес сараптаманы өткізу үшін материалдарды қабылдаудан бас тартады.
      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Ғылыми және педагогикалық сараптаманы өткізу уәкілетті органнан «Оқулық» орталығы материалдарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде ұйымдастырылады және жүргізіледі.
      15. Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға ғылыми және педагогикалық сараптама өткізу ҚР МЖБС-ға, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына, ғылыми және әдістемелік аппараттың – білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамыту мақсаттарына, психология-педагогика ғылымының қазіргі заманғы талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
      Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға, соның ішінде электрондық жеткізгіштердегі ғылыми және педагогикалық сараптама ҚР МЖБС-ға, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына, ОӘК-тің әдістемелік және ғылыми аппаратына қойылатын талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
      Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтардың сапасына қоғамдық бағалау жүргізу үшін олардың электрондық нұсқалары «Оқулық» орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.
      Сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық шешім шығарылады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.12.2015 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Сараптамалық шешім негізінде «Оқулық» орталығы сараптама қорытындысын дайындайды.
      Сараптама нәтижелері бойынша сараптама қорытындысы келесі тұжырымдардың бірін қамтуы керек:
      1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейіне арналған оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға, соның ішінде электрондық жеткізгіштерде:
      оң сараптамалық шешім алған жағдайда – «білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылады», ал сынаққа жолданатын оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға – «білім беру ұйымдарында сынақтан өткізуге ұсынылады»;
      сараптамалық шешімде жоюды қажет ететін ескертулер болған жағдайда – «өңдеуді қажет етеді», соның ішінде сынаққа жіберілетін оқу әдебиеттері үшін;
      теріс сараптамалық шешім алған жағдайда – «білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмайды», сонымен бірге сынаққа жіберілетін оқу әдебиеттеріне – «білім беру ұйымдарында сынақтан өткізуге ұсынылмайды.
      2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінің оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдары үшін, соның ішінде электрондық жеткізгіштерде – «білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылады»;
      сараптамалық шешімде жоюды қажет ететін ескертулер болған жағдайда – «Өңдеуді қажет етеді»;
      теріс сараптамалық шешім алған жағдайда – «білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылмайды».
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Уәкілетті орган авторға (авторлық ұжымға) немесе баспаға сараптама нәтижелері туралы хабарлайды.
      18. «Оқулық» орталығының сараптама қорытындысына сәйкес автор (авторлық ұжым) немесе баспа өңдеуді талап ететін оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды өңдеуден кейін уәкілетті органға қайта сараптама өткізуге уәкілетті органнан сараптамалық шешімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылады. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды қайта сараптамадан өткізуге байланысты барлық шығыстар (мемлекеттік тапсырыстан басқа) автор, авторлық ұжым немесе баспа есебінен өтеледі.
      Екінші рет қайтарылған немесе білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмаған оқу басылымдары ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде сараптамаға қабылданбайды.
      19. Сараптамаға ұсынылған оқу басылымы әзірлеушіге қайтарылмайды.

4. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік
құралдарды сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу тәртібі

      20. Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар бастауыш білім берудің жаңартылған білім мазмұны бойынша сынақтан өтеді.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20-1. Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сынақ өткізу республикалық және жергілікті бюджет қаражаты және әзірлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20-2. Министрлік оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сынақ өткізетін эксперименттік білім беру ұйымдарының тізімін және оқулықтар мен ОӘК тізбесін қалыптастырады.
      Ескерту. 20-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20-3. Министрлік сынақ өткізудің мерзімін белгілейді және сынақты өткізуге жауапты ұйымды анықтайды.
      Ескерту. 20-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сынақ нәтижелерін сынақты өткізуге жауапты ұйымдар «Оқулық» орталығына тапсырады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. «Оқулық» орталығы оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың сынақтан өткен материалдарына талдау жасайды, Республикалық комиссия қарауына талдамалық анықтама әзірлейді.
      23. Уәкілетті орган мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім деңгейлері оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың мониторингін оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың сапасын бағалау мен білім беру ұйымдарының оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілуін талдау мақсатында жүргізіледі.
      24. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары уәкілетті органға келесі оқу жылына Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес тендердің нәтижелері бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды жеткізу жөнінде мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жыл сайын жиырма бесінші мамырға дейін, ал оныншы тамыздан кешіктірмей бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуі туралы ақпаратты ұсынады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      25. Министрлік оқулықтар мониторингінің нәтижелері бойынша білім беру ұйымдары тарапынан сұраныссыз қалған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды Тізбеден алып тастау туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      26. Министрлік оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптама және сынақ жүргізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі Республикалық комиссияны (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрады.
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық комиссияның құрамын бұйрықпен төрт жылға бекітеді.
      Республикалық комиссияның құрамына отандық білім беруді дамыту бойынша жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, педагогикалық және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері кіреді.
      Уәкілетті орган Республикалық комиссия жанынан оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми және педагогикалық сараптама нәтижелерін қарастыратын пәндік комиссияларды құрады.
      Пәндік комиссия құрамы бір жыл мерзімге бекітіледі. Әрбір пәндік комиссия құрамына жетекші, ғалымдар және пән мұғалімдерінен тұратын комиссияның төрт мүшесі кіреді. Жетекші Республикалық комиссия құрамына кіреді.
      Пәндік комиссиялар:
      1) мектепке дейінгі оқыту және тәрбие, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріне арналған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды, олардың сараптама, сынақ нәтижелерін қарастырады;
      2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріне арналған оқулықтарды қоғамдық бағалау қорытындыларын қарастырады.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      27. Республикалық комиссия:
      1) қор жинау циклі бойынша қайта басылатын мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім деңгейіндегі оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың сараптама жүргізу нәтижесін тексереді;
      2) барлық білім беру деңгейіне арналған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, мониторинг жүргізу және басып шығару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындайды;
      2-1) сараптама нәтижелерін және пәндік комиссиялардың ұсыныстарын есепке ала отырып, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 27) тармақшасына сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды, бірыңғай базалық оқулықтарды іріктейді;
      3) пәндік комиссиялардың ұсыныстарын қарастыру негізінде қорытынды мәжілісте оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды оқу процесінде қолдану бойынша келесі шешім қабылдайды:
      «оқу процесінде пайдалануға ұсынылады»;
      «оқу процесінде пайдалануға ұсынылмайды»;
      4) орта білім беру деңгейіне арналған қайта дайындалған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың білім беру ұйымдарындағы сынақтан өткізу нәтижелерін қарастырады. Республикалық комиссия сынақтан өткізу материалдарын қарау негізінде оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды оқу процесінде пайдалану туралы келесі шешім қабылдайды:
      «оқу процесінде пайдалануға ұсынылады»;
      «оқу процесінде пайдалануға ұсынылмайды».
      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      28. Республикалық комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      Отырыс Республикалық комиссия мүшелерінің жартысынан көп бөлігі қатысқанда заңды болып табылады.
      Оң сараптамалық қорытынды алған және бірыңғай базалық оқулық ретінде анықталмаған оқулықтар Тізбеге қосымша пайдаланылатын оқулықтар ретінде енгізіледі.
      Республикалық комиссияның шешімі қайта қарастырылмайды.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешімге шағым жасауға болады.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      29. Тізбеге бір оқу пәні бойынша бестен артық емес балама оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар енгізіледі.
      Министрлік бекіткен Тізбе www.edu.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды басып
шығару тәртібі

      30. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін басып шығару Тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
      31. Тізбеге енген оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар әзірлеушінің қаражаты есебінен басылып шығарылады.
      32. Уәкілетті органның «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етіледі» деген грифі мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінің оқу әдебиеттері үшін келесі төрт оқу жылы ішінде, арнайы білім беру ұйымдары үшін келесі алты оқу жылы ішінде қолданыста болады, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлерінің оқу әдебиеттері үшін шектелмейді.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      33. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдар үшін оқу әдебиеттерін басып шығару «Оқулық» орталығының оң сараптамалық шешімі негізінде республикалық бюджеттің, оқу орнының немесе автордың, авторлар ұжымының немесе баспаның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.