Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.07.2021 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 66) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.07.2021 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Мыналардың:
1) "Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 527 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 24 қарашада № 6653 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 6-7 (26409) жарияланған);
2) "Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 527 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 398 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 6 қазанда № 7242 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 19 қазандағы № 503-504 (26896) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Жұмағұлов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығымен бекітілді |
Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидалар
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.07.2021 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 66) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) автор – шығармашылық еңбегімен оқулық, оқу-әдістемелік кешен, оқу-әдістемелік құрал жасаған жеке тұлға;
2) әзірлеуші – оқулық, оқу-әдістемелік кешен және оқу-әдістемелік құралдарды жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
3) базалық оқулық - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда пайдалану үшін міндетті, нақты пән саласына арналған бірыңғай тұжырымдамасы бар оқу кітабы;
4) баспа – оқулық, оқу-әдістемелік кешен және оқу-әдістемелік құралдар әзірлеуді және басып шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге арналған оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – ОӘК) – әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері, әліппе серігі, хрестоматия, диктанттар жинағы, тапсырмалар мен жаттығулар жинағы, картографиялық атлас нысанында оқулықты сүйемелдейтін және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, үлгілік оқу бағдарламалары мен "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 132 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27415 болып тіркелген) Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес оқу және әдістемелік басылымдар;
6) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
7) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейіне арналған оқу-әдістемелік кешен – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына және Талаптарға сәйкес келетін жұмыс дәптері, демонстрациялық материалдар мен альбомдар нысанындағы оқу және әдістемелік басылымдар;
8) оқулық – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, үлгілік оқу жоспарына және үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу пәні бойынша білім мазмұнын ашатын оқу кітабы;
9) оқу құралы - мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт пен білім беру деңгейлерінің оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес келетін оқулықты толықтыратын немесе ішінара (толық) алмастыратын оқу басылымы.
10) Оқулықтар мен ОӘК сараптау мен сынақтан өткізудің тақырыптық жоспары – республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге жататын орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған, оның ішінде электронды форматтағы ОӘК тізбесі (бұдан әрі – Тақырыптық жоспар);
11) оқулықтар сапасына мониторинг жүргізу – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендер, оның ішінде электрондық нысандағы білім беру ұйымдарында пайдаланылатын оқулықтар тізбесіне (бұдан әрі –Тізбе) енгізілген оқулықтар құрылымының, мазмұнының сапасын қадағалау, талдау, бағалау, оның нәтижелері бойынша өңдеу, қайта басып шығару немесе Тізбеден алып тастау жөнінде шешім қабылданады;
12) оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізу – оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялау - әзірленген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнына енгізілген жаңалықтарды пайдалану практикасын кешенді зерделеу;
13) оқулықтың түпнұсқа-макеті – сыртқы полиграфиялық элементтері мен құрылымы бойынша аяқталған, әрбір беті болашақ басылымның тиісті беттерімен толық сәйкес келетін оқулықтың иесіздендірілген түпнұсқасы;
14) оқулықтың электронды нұсқасы – құрылымы, мазмұны және көркем безендірілуі қағаз түпнұсқамен бірдей оқулықтың цифрлық көшірмесі;
15) пән бойынша жауапты сарапшы – тиісті біліктілігі бар, оқыту курстары мен сертификаттаудан өткен, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға ғылыми-педагогикалық сараптаманы ұйымдастыруға, өткізуге және сапасына жауапты көрсетілетін қызметті беруші қызметкері;
16) сарапшылар базасы – қорытынды бағалау нәтижелері бойынша оқыту курстарынан өткен ғалымдар мен педагогтердің деректер базасы;
17) сараптамалық топ – көрсетілетін қызметті берушінің сарапшылар базасына енгізілген, ғылыми-педагогикалық сараптамаға ғалымдар мен педагогтер қатарынан тартылатын сарапшылар тобы;
18) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ, электронды нысанда қызметтерді алу және көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалармен іс-қимыл жасауда электронды құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының нысаны;
19) электронды оқулық – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, білім берудің белгілі бір деңгейінің үлгілік оқу бағдарламасына және осы Талаптарға сәйкес әзірленген қағаз оқулықты алмастыратын және мультимедиалық, интерактивті контент пен функциялары бар сыртқы ақпарат жеткізгіштегі және онлайн-платформадағы бағдарламалық өнім;
20) электронды оқу-әдістемелік кешен - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, белгілі бір білім беру деңгейінің үлгілік оқу бағдарламасына және интерактивті мультимедиялық оқыту бағдарламалары, бейнефильмдер, тренажерлер, виртуалды зертханалық жұмыстар, бақылау және бағалау материалдары нысанындағы Талаптарға сәйкес әзірленген оқу жылының кемінде төрттен екі тақырыбын қамтитын ақпаратты сыртқы жеткізгіштегі және онлайн-платформадағы цифрлық білім беру ресурстарының бір түрі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу тәртібі
3. Оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық оқулықтар дайындау үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша "Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қалыптастыратын тақырыптық жоспар негіз болады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Оқулықтарды, ОӘК және құралдарды дайындауды әзірлеуші немесе баспа авторлық ұжым қалыптастыру жолымен ұйымдастырады, оған орта білім беру ұйымдарының пән (мамандық) бойынша кәсіптік білімі, оқулықтар мен ОӘК әзірлеу мәселелері бойынша оқыту курстарынан өткен, құрамында үш адамнан кем емес, ғалымдар мен білім беру ұйымдарында біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар педагогтер қатарынан енгізіледі.
5. Баспа және (немесе) әзірлеуші Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖБС), үлгілік оқу бағдарламаларына, Талаптарға, "Оқу басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-124 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25657 болып тіркелген) оқу басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтеріне сәйкес оқулықтар мен ОӘК мазмұны мен ресімделуінің сапасын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Баспа пәндерді оқыту бағыттары бойынша (қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және мәдениеттану) баспаішілік сараптаманың сарапшылар лауазымының штаттық кестесіне енгізу және кемінде екі сыртқы сарапшыны (тиісті саладағы ғалым және "зерттеуші педагогтен" немесе бірінші санаттан төмен емес біліктілік санаты бар педагог) тарта отырып, иесіздендірілген рецензиялау жолымен оқулықтар мен ОӘК-ке баспаішілік сараптаманы жүргізеді.
Баспа осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқулықтар мен ОӘК-нің баспаішілік сараптамасының қорытындысын дайындайды.
7. Әзірлеуші кемінде жоғары оқу орындарының бейінді кафедраларына ғылыми мазмұны мен әдістемелік құрамдас бөлігіне ұжымдық рецензиялау жолымен оқулықтар мен ОӘК-ге тәуелсіз бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Әзірлеуші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқулықтар мен ОӘК-ті тәуелсіз бағалау қорытындысын дайындайды.
8. Оқулықтар мен ОӘК фактологиялық, статистикалық, ақпараттық деректер мен әдістемелік тәсілдерді мерзімді жаңарту қажеттілігіне байланысты өңделеді (қайта басып шығару).
3-тарау. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарға және мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізу тәртібі
9. Орта білім беру ұйымдары үшін оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдары үшін оқу-әдістемелік кешендерді сараптау мыналарды қамтиды:
1) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жасауды жоспарлау;
2) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге арналған оқу басылымдарына авторлар мен авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі;
3) пәндік сараптамалық комиссия жұмысының тәртібі мен шарттары.
Көрсетілген қызмет түрлерін іске асыруды білім беру саласындағы уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушіге оның құзыреті шегінде және осы тараудың шарттарында жүктейді. Оқу басылымдарын сараптау төрт кезеңнен (сынақтан өткізу алдындағы және одан кейінгі сараптама, сынақтан өткізу, пәндік сараптамалық комиссияда қарау) өтеді.
1-параграф. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарға және мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жасауды жоспарлау
10. Баспа, әзірлеуші жыл сайын 5 қаңтардан 15 наурызға дейін көрсетілетін қызметті берушіге оқулықтар мен ОӘК-ті оқу процесіне енгізгенге дейін бір жыл бұрын Тақырыптық жоспарға енгізуге болжамды өтінімді ұсынады. Болжамды өтінімге оқулықтар мен ОӘК қосу қажет болған жағдайда Тақырыптық жоспарға өзгерістер енгізіледі.
11. Тақырыптық жоспар білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім көрсетілетін қызметті берушімен бекітілген оқулықтар мен ОӘК-ге сараптама жүргізу кестесіне сәйкес құрылады.
Сараптама жүргізу кестесі орта білім беру ұйымдары үшін әрбір 5 (бес) жыл, арнайы білім беру ұйымдары үшін 6 (алты) жыл сайын Тізбенің жаңартылуын қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган оқулықтар мен ОӘК әзірлеу және қайта басып шығару мерзімдерін өзгертеді.
12. Келесі қаржы жылына арналған тақырыптық жоспарды көрсетілетін қызметті беруші білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ағымдағы жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде бекітеді.
13. Көрсетілетін қызметті беруші бекітілген тақырыптық жоспардан үзінді көшірмені оны бекіткен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде баспаға немесе әзірлеушіге жібереді.
14. Тақырыптық жоспарға республикалық бюджеттен көзделген қаражат шеңберінде толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
2-параграф. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге арналған оқу басылымдарына авторлар мен авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
15. "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін әзірлеуші және (немесе) баспа (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бекітілген "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу басылымдарына авторлар мен авторлық ұжымға сараптамалық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 4-қосымшасының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі-Тізбе) жолдайды:
1) процестің сипаттамаларын, нысандарын, көрсетілетін қызметтің мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген;
2) сараптамаға жіберілетін оқулықтың, ОӘК мен құралдардың көлемін (баспа парақтарымен және минуттарымен) баспа басшысы немесе әзірлеуші басшы растайды;
3) құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
4) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және көрсетілетін қызметті берушілерге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттар топтамасымен бірге қалыптастырылған өтінішті, оның ішінде оқулықтардың, ОӘК-тің және оқу құралдарының түпнұсқа-макеттерін көрсетілетін қызметті берушіге курьер немесе пошта байланысы арқылы жібереді және жеткізеді.
19. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді келіп түскен күні жүзеге асырады және баспалармен жұмыс және сараптаманы жоспарлау бөліміне орындауға береді.
Баспалармен жұмыс және сараптаманы жоспарлау бөлімі 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды 4-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін, оның ішінде келіп түскен атаулардың, олардың баспа беті және минуттағы көлемінің баспа басшысының хатында көрсетілген деректерге сәйкестігін тексереді. Сараптамасы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін басылымдар тақырыптық жоспарға сәйкестігі бойынша тексеріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты, күні мен орны, тәсілі туралы хабардар етеді.
Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, "электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушы 2 жұмыс күні ішінде жіберілген құжаттар топтамасын толықтырады.
Тыңдау өткізілгеннен кейін 2 жұмыс күні өткен соң көрсетілетін қызметті беруші оқулықты, ОӘК және сараптамаға арналған жәрдемақыны қабылдағаны туралы хабарлама береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Тақырыптық жоспарға енгізілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге арналған оқулықтарға және мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған ОӘК-ге сараптама республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Электрондық оқулық басылымдары үшін электрондық функциялар мен функционалдық-техникалық сипаттамалардың педагогикалық қолданылуын тексеру бойынша қосымша функционалдық-технологиялық сараптама жүргізіледі.
21. Тақырыптық жоспарға енгізілмеген оқулықтарға, ОӘК және құралдарға, сондай-ақ цифрлық білім беру ресурстарына сараптама екіжақты шарт негізінде баспаның немесе әзірлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
22. Тақырыптық жоспарға енгізілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беруге арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі және орта білім беруге арналған ОӘК-ні сараптамаға қабылдау ағымдағы жылғы 31 мамырға дейін жүзеге асырылады.
Қорытынды сараптамаға оқулықтар мен ОӘК ағымдағы жылғы 5-10 қаңтар аралығында көрсетілетін қызметті берушінің бекітілген кестесі бойынша қабылданады.
23. Тақырыптық жоспарға енгізілмеген оқулықтарды, ОӘК пен құралдарды сараптамаға қабылдау ағымдағы жылғы 5 қаңтар мен 31 қазан аралығында жүзеге асырылады;
24. Оқулықтар мен ОӘК-ні сараптамаға қабылдау мерзімдері, сараптама мен сынақтан өткізу тәртібі мен мерзімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда өзгереді.
25. Көрсетілетін қызметті беруші ғылыми кеңестің шешімімен ғылыми және педагогикалық сараптаманың критерийлерін әзірлейді және бекітеді, олар көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
26. Көрсетілетін қызметті беруші ғылыми және педагогикалық сараптама жүргізу үшін оқулықтарға, ОӘК пен құралдарға сәйкестендіру кодын береді және оны баспа мен авторлық ұжымды көрсетпей сарапшыларға жібереді.
27. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, оның ішінде оқулықтардың, ОӘК-тің және құралдардың түпнұсқа-макеттері, құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 50 (елу) күн.
28. Қызмет беруші Сарапшылар базасын бекітеді және қажет болған жағдайда жаңартады.
29. Сараптама азаматтық заңнамаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мен сарапшы арасында жасалған шарт негізінде құпиялылық режимінің сақталуы үшін жауапкершілікті қамтитын шарт негізінде жүзеге асырылады.
30. Оқулықтарға, ОӘК пен құралдарға және электронды оқулық басылымдарына ғылыми-педагогикалық сараптаманы көрсетілетін қызметті беруші қалыптастыратын сараптамалық топ жүргізеді.
31. Электронды оқу басылымдарына функционалдық-технологиялық сараптаманы көрсетілетін қызметті беруші қалыптастырған сарапшылар тобы жүргізеді.
32. Сараптамалық топтың құрамына мыналар кіреді:
1) орта білім деңгейі бойынша – ғалым және әрбір пән бойынша орта білім беру ұйымдарының кемінде екі педагогы;
2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейі бойынша – ғалым және педагог;
3) электрондық оқу басылымдарына функционалдық-технологиялық сараптама жасау үшін – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы кемінде екі маман;
4) аударма оқу әдебиеттерін сараптау үшін сараптаманың пәні болып табылатын оқулық басылымдарының авторларын; оқу басылымының авторларымен бір ұйымда жұмыс істейтін; оқу басылымы авторларының ғылыми жетекшілері, оқу басылымының авторларымен бір ғылыми жобаның басшылары немесе бірлесіп орындаушылары болып табылатын адамдарды қоспағанда, лингвист (аудармашы) қосымша тартылады.
Сараптамалық топты тиісті білім саласында мамандандырылған ғалым басқарады.
33. Ғылыми-педагогикалық сараптама келесі кезеңдерді қамтиды:
1) орта білім беруге арналған алғаш әзірленген оқулықтар мен ОӘК:
сынаққа дейінгі ғылыми-педагогикалық сараптама;
орта білім беру ұйымдарында сынақ өткізу;
сынақтан кейінгі ғылыми-педагогикалық сараптама;
пәндік сарапталық комиссияда қарау;
2) орта білім беруге арналған қайта басып шығарылатын оқулықтар:
ғылыми-педагогикалық сараптама;
пәндік сарапталық комиссияда қарау.
34. Сараптамалық топтың сараптамалық шешімінің формасы көрсетілетін қызметті берушінің Ғылыми кеңесінде бекітіледі.
35. Пән бойынша жауапты сарапшы сараптамаға келіп түскен оқулықтардың, ОӘК пен құралдардың мазмұнына талдау жүргізеді, сараптамалардан кейінгі сараптамалық шешімдерді қарайды, сарапшылардың ескертулері бойынша авторлардың негіздемесімен жауаптарды қарайды, оқулықтардың сапасы бойынша сараптаманың объективтілігін бағалайды және талдамалық материал дайындайды.
36. Баспалардың немесе оқу басылымын әзірлеушілердің сараптама процесіне араласуы жағдайында көрсетілетін қызметті беруші оны сараптама процесінен алып тастау туралы шешім қабылдайды.
37. Көрсетілетін қызметті беруші орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарға және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған ОӘК-ге берілген ғылыми-педагогикалық сараптама қорытындылары бойынша сараптамалық шешімдердің негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу басылымдарына мынадай сараптамалық қорытындылардың бірін шығарады:
1) сынақтан өткізу алдындағы ғылыми-педагогикалық сараптаманың (жаңадан әзірленген оқулықтар үшін) қорытындылары бойынша мынадай сараптамалық қорытындылардың бірі шығарылады (беріледі):
"Сынаққа жіберіледі";
"Сынаққа жіберілмейді";
"Сынаққа дейін өңдеуді талап етеді";
2) "Сынаққа дейін өңдеуді талап етеді" деген сараптамалық қорытынды алған оқу басылымдарына өңдеуден кейінгі сараптама қорытындылары бойынша мынадай сараптамалық қорытындылардың бірі шығарылады (беріледі):
"Сынаққа жіберіледі";
"Сынаққа жіберілмейді";
3) ғылыми-педагогикалық сараптаманың қорытындылары бойынша (қайта басып шығарылатын оқулықтар үшін) мынадай сараптамалық қорытындылардың бірі шығарылады (беріледі):
"Пәндік сараптамалық комиссияның қарауына ұсынылады",
"Білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмайды",
"Өңдеуді талап етеді";
4) "өңдеуді талап етеді" сараптамалық қорытындысын алған оқу басылымдарына өңдеуден кейінгі сараптама қорытындылары бойынша мынадай сараптамалық қорытындылардың бірі шығарылады (беріледі):
"Пәндік сараптамалық комиссияның қарауына ұсынылады";
"Білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмайды".
38. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін кемінде бір тәуліктен кешіктірмей жүзеге асырады.
40. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжатты көрсеткен кезде (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
41. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
42. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің болмауына байланысты мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай мерзім ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады, осы берілген мерзім өткеннен кейін талап етілмеген құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады.
43. Сараптама қорытындысын алған әзірлеуші және (немесе) баспа "Өңдеуді қажет етеді" деген сараптама қорытындысын алған оқулықтарды, ОӘК пен құраладарды алған күннен бастап оларды күнтізбелік 40 (қырық) күн ішінде өңдейді және қорытынды сараптама үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
44. Сараптамалық топтың сараптамалық шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Сараптамалық топ басшысының дауысы шешуші болып табылады.
45. Қайта өңдеуге жіберілген оқу басылымдарына сараптама ағымдағы жылы бір рет және кейінгі екі жыл ішінде үш реттен асырмай, одан әрі сараптама жүргізуден бас тарту шартымен жүргізіледі. Сараптама баспаның немесе әзірлеушінің есебінен жүргізіледі.
46. Сараптамаға ұсынылған оқулықтың, ОӘК және құралдардың түпнұсқа-макеті әзірлеушіге және (немесе) баспаға қайтарылмайды.
3-параграф. Пәндік сараптамалық комиссия жұмысының тәртібі мен шарттары
47. Тізбеге енгізілетін оқулықтар пен ОӘК тізімін қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті беруші пәндер және оқыту тілдері бойынша пәндік сараптамалық комиссия құрады және бекітеді.
48. Пәндік сараптамалық комиссияның құрамы сарапшылар базасына кірген, оқыту курстарынан өткен ғалымдар мен педагогтерден қалыптастырылады:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейіне арналған ОӘК сараптамасы үшін ғалымдар, әдіскерлер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жоғары санатты тәрбиешілері;
2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтар мен ОӘК сараптамасы үшін бейіні бойынша ғалымдар, орта білім беру ұйымдарының жоғары біліктілік санаты, "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаты бар орта білім беру педагогтері, "Үздік оқытушы" және "Үздік педагог" республикалық конкурстарының жеңімпаздары, "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының иегерлері кіреді.
49. Пәндік сараптамалық комиссияның құрамына іріктеу құпиялылық режимін сақтай отырып жүзеге асырылады.
50. Пәндік сараптамалық комиссия мүшелерінің жұмысы қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен көрсетілетін қызметті беруші мен пәндік сараптамалық комиссия мүшесі арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
51. Пәндік сараптамалық комиссияның мүшелеріне электрондық оқу басылымдары, сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК әзірлеушінің, баспаның аты және авторы көрсетілмей беріледі.
52. Пәндік сараптамалық комиссияның отырыстарын өткізу мерзімдері мен тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, көрсетілетін қызметті беруші айқындайды. Егер отырысқа пәндік сараптамалық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысса, ол заңды болып табылады.
53. Пәндік сараптамалық комиссия:
1) сараптама және сынақ нәтижелері бойынша қорытындыларды зерделейді, талдайды;
2) оң сараптамалық қорытынды алған оқулықтар мен ОӘК сапасын талдайды;
3) оқулықтар мен ОӘК, базалық оқулықтарды іріктеуді жүзеге асырады;
4) оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық оқулықтарды Тізбеге енгізу туралы мынадай хаттамалық шешімдердің бірін шығарады:
"Тізбеге енгізіледі";
"Тізбеге енгізілмейді";
"Тізбеге базалық оқулық ретінде енгізіледі";
5) оқулықтар мен ОӘК-ні жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді.
54. Пәндік сараптамалық комиссияның шешімі әрбір оқулық пен ОӘК бойынша жеке қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.
55. Тізбеге енгізу үшін бірыңғай базалық оқулықтар және негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің бір оқу пәні бойынша бестен аспайтын балама оқулықтар мен ОӘК ұсынылады.
56. Көрсетілетін қызметті беруші пәндік сараптамалық комиссия қалыптастырған оқу әдебиетінің тізімін Тізбеге енгізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның қарауына енгізеді.
57. Пәндік сараптамалық комиссияның шешімі нақты болып табылады және қайта қаралмайды.
4- тарау. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды сынақтан өткізу тәртібі
58. Оқулықтар мен ОӘК-ні сынақтан өткізу білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша көрсетілетін қызметті беруші айқындайтын тәртіппен білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
59. Сынақтан өткізуді ұйымдастыру үшін баспа және (немесе) әзірлеуші өз қаражаты есебінен көрсетілетін қызметті берушіге әзірлеушіні, баспаны және авторларды көрсетпей оқулықтар мен ОӘК-нің қажетті санын ұсынады.
60. Сынақ өткізумен бір мезгілде қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында оқулықтардың иесіздендірілген түпнұсқа-макеттеріне қоғамдық талқылау жүргізіледі.
61. Баспалардың немесе оқу басылымын әзірлеушілердің сынақ процесіне араласуы жағдайында көрсетілетін қызметті беруші оны сынақ және сараптама процесінен шығару туралы шешім қабылдайды.
62. Көрсетілетін қызметті берушінің Ғылыми кеңесі оқулықтар мен ОӘК-ні сынақтан өткізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді.
63. Апробация штаттық және қашықтық форматтарда жүзеге асырылады.
64. Оқулықтар мен ОӘК сынақтан өткізетін орта білім беру ұйымдары эксперименттік алаңдарға теңестіріледі. Білім басқармасы және осы орта білім беру ұйымдарының басшылығы сынақты жүргізуші педагогтердің қызметіне көмектеседі және оларды эксперименттік жұмыстың қатысушылары ретінде ынталандыру жөнінде шаралар қабылдайды.
65. Орта білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен ОӘК-ні сынақтан өткізу республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
66. Оқулықтар мен ОӘК-ге сынақ жүргізген орта білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі отырыстарында қаралған педагог-апробаторлардың ескертулері мен ұсыныстары кейіннен талдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады.
5- тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
67. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.68. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-тарау. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарға және мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерге мониторинг жүргізу тәртібі
69. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбеге енгізілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беруге арналған оқулықтар мен ОӘК-ні бағалау мақсатында олардың сапасына мониторинг (бұдан әрі - мониторинг) жүргізеді.
70. Оқулықтар мен ОӘК сапасының мониторингі көрсетілетін қызметті берушінің Ғылыми кеңесі бекіткен әдістеме негізінде педагогтер мен ата-аналар арасында сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
71. Талдау анықтамасы түріндегі мониторинг нәтижелері білім беру саласындағы уәкілетті органның қарауына ұсынылады. Мониторинг қорытындылары оқулықтар мен ОӘК әзірлеу, қайта басып шығару немесе білім беру ұйымдары талап етпеген оқулықтар мен ОӘК тізбесінен алып тастау туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.
7-тарау. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарға және мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді басып шығару тәртібі
72. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына арналған оқу әдебиеттерін басып шығару Тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
73. Тізбеге енгізілген оқулықтар мен ОӘК баспа немесе әзірлеушінің қаражаты есебінен шығарылады.
74. Баспа немесе әзірлеуші көрсетілетін қызметті берушіге Тізбеге енгізілген оқулықтар мен ОӘК-нің үш данасын және оқу басылымдарының гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының көшірмесін ұсынады.
75. Оқулыртар мен ОӘК тізбесіне енгізілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқулықтары мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған ОӘК-ні тираждау кезінде титулдық парақта "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған" деген гриф қойылады.
Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.76. Сараптама баспаның немесе әзірлеушінің есебінен жүргізілген құралдар көрсетілетін қызметті беруші қалыптастыратын және бекітетін жеке тізбеге енгізіледі және оның интернет-ресурсында орналастырылады.
77. Сараптама әзірлеушінің есебінен жүргізілген және оқулықтар мен ОӘК тізбесіне енгізілмеген оқу басылымдарын тираждау кезінде титулдық парақта: "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы ұсынады" деген гриф қойылады.
Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.78. Білім беру саласындағы уәкілетті органның "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған" деген грифі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беруге және арнайы білім беруге арналған оқу әдебиеттерін келесі рет қайта басып шығарғанға дейін жарамды болады.
Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.79. Көрсетілетін қызметті берушінің "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы ұсынған" деген грифі оқу әдебиетінің келесі басылымына дейін жарамды болады.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Оқулықтар мен ОӘК-ге баспаішілік сараптама жүргізу қорытындысы туралы
1. Баспа (баспаның толық атауы)____________________________________.
2. Оқу әдебиеті туралы толық ақпарат
2.1. Оқу әдебиеті арналған білім деңгейі
мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | ||
бастауыш білім беру | ||
негізгі орта білім беру | ||
жалпы орта білім беру | ||
техникалық және кәсіптік білім беру |
2.2. Оқу әдебиеті жататын оқыту бағыты (мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге жатпайды)
қоғамдық-гуманитарлық бағыт | ||
жаратылыстану-математикалық бағыт | ||
Мәдениеттану | ||
техникалық |
2.3. Оқу әдебиетінің түрі
оқулық (қағаз) | ||
оқу-әдістемелік кешен (қағаз түрінде) | ||
Оқу-әдістемелік құрал (қағаз түрінде) | ||
электронды оқулық | ||
электрондық оқу-әдістемелік кешен | ||
сандық білім беру ресурсы | ||
Оқу-әдістемелік құрал | ||
басқасы _____________________________________________. |
2.4. Оқу әдебиетінің пәні немесе ұйымдастырылған оқу қызметі_________________ .
2.5. Оқу әдебиетін әзірлеу тілі
казахский | ||
орыс | ||
ағылшын | ||
Аударма, бағытын көрсету (қай тілден қай тілге): | ||
– __________________________________________________________ . |
басқасы – ________________________________________________________.
2.6. Баспаішілік сараптама сарапшыларының және рецензенттердің штаттық лауазымдары туралы мәліметтерді қоса алғанда, шығыс деректері бар оқу әдебиетінің толық атауы
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________.
2.7. Оқу әдебиетінің авторлары туралы мәліметтер
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда) толық жеке куәлігі/паспорты бойынша | Автордың азаматтығы | Жоғары білімі бойынша мамандығы | Біліктілік санаты | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | Оқулықтар әзірлеу саласында оқыту курстарынан өткені туралы сертификат берген Ұйым, күні, нөмірі | Тәжірибесі және жұмыс өтілі |
1. | ||||||
2. | ||||||
3. |
2.8. Оқу әдебиетінің полиграфиялық деректерінде пайдалануға жататын авторлардың Т.А.Ә (болған жағдайда) жазу нұсқасы
________________________________________________________________ .
2.9. Оқу әдебиетін құрайтын бөлімдер саны
________________________________________________________________ .
2.10. Басылым түрі
бірінші басылым (жаңадан жасалған) | ||
толықтырылған және түзетілген басылым (қайта шығарылған) |
2.11. Жаңадан әзірленген қағаз оқулықтағы жаңалықтардың сипаттамасы
алғаш рет енгізілетін теориялық мәліметтер (150 сөзден артық емес): | ||
_____________________________________________________________ | ||
инновациялық әдістемелік тәсілдер (150 сөзден артық емес): | ||
_____________________________________________________________ | ||
жаңа техникалық шешімдер (150 сөзден артық емес): | ||
_____________________________________________________________ |
2.12. Оқу әдебиетінің форматы___________________________________ .
2.13. Күтілетін мұқабаны ескере отырып, оқу әдебиетінің қағаз нұсқасының салмағы, гр.
________________________________________________________________ .
2.14. Қағаз оқу әдебиетіндегі электрондық опциялар
Оқулықтың электронды нұсқасын жүктеуге арналған QR коды | ||
Интернеттегі бейне, аудио файлдарға сілтеме жасауға арналған QR коды | ||
- QR кодтарының саны– ______________________________________. | ||
AR (кеңейтілген шындық) | ||
- AR нысандар саны– ____________________________________. | ||
диск түріндегі электрондық қосымша |
басқасы – _______________________________________________________ .
2.15. Осы оқу әдебиетімен бірге сараптамаға ұсынылады:
оқулық | ||
әдістемелік нұсқаулық | ||
жұмыс дәптері | ||
жазбалар | ||
хрестоматия | ||
серігі | ||
диктанттар жинағы | ||
тапсырмалар мен жаттығулар жинағы | ||
картографиялық атлас | ||
құрал | ||
электронды оқулық | ||
электрондық оқу-әдістемелік кешен |
басқасы – ______________________________________________________.
3. Авторларының құқықтарын қорғау туралы мәлімет. Баспа Қазақстан Республикасының Авторлық және аралас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес оқу әдебиеттері мен оқу әдебиеттерінде пайдаланылған материалдар авторларының құқықтарын сақтау бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу жолымен барлық қажетті шаралардың қабылданғанын растай ма?
Растаймын | ||
Растамаймын |
4. Осы оқу әдебиетін тексеруге тартылған ішкі заңнамалық сараптама тетіктері туралы ақпарат
ішкі заңнамалық сараптама сарапшыларының штаттық лауазымдары | ||
үшінші тарап рецензенттері | ||
ішкі заңнамалық сараптама жүргізу үшін тұрақты орган | ||
– органның атауы – _________________________________. | ||
ішкі заңнамалық сараптама жүргізу үшін уақытша орган | ||
– органның атауы – _________________________________. | ||
қосымша редактор (ғылыми және / немесе әдеби) |
басқасы – ______________________________________________________.
5. Осы оқу әдебиетінің сапасын тексеруге тартылған ішкі заңнамалық сараптама сарапшыларының штаттық лауазымдары туралы мәліметтер (оқу әдебиетінің шығыс деректеріне енгізіледі)
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда) толық жеке куәлігі/паспорты бойынша | Баспадағы лауазымның атауы және функционалдық міндеттері | Жоғары білімі бойынша мамандығы | Біліктілік санаты | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы |
1. | ||||
2. |
6. Осы оқу әдебиетінің рецензенттері туралы мәліметтер (оқу әдебиетінің шығыс деректеріне енгізіледі)
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда) толық жеке куәлігі/паспорты бойынша | Баспадағы лауазымның атауы және функционалдық міндеттері | Жоғары білімі бойынша мамандығы | Біліктілік санаты | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы |
1. | ||||
2. |
7. Осы оқу әдебиетін рецензиялау туралы ақпарат*
Осы рецензенттен рецензиялардың деректемелері (жасалған күні, нөмірі, орны) | Рецензенттің аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда) | Осы сарапшының рецензияларын ұсыну саны | Рецензиялар бойынша жүргізілген жұмыс туралы анықтаманың болуы |
* Рецензент және баспа растаған қорытынды рецензияның түпнұсқасы, сондай-ақ осы рецензия бойынша жүргізілген жұмыс туралы анықтама осы қорытындыға қоса беріледі.
8. Осы оқу әдебиеттері бойынша ішкі заңнамалық сараптама органының жұмысы туралы ақпарат
Баспа органының атауы | Мәртебесі (тұрақты, уақытша) | Орган мүшелерінің саны және сипаттамасы | Органның жұмысы туралы анықтаманың болуы |
* Баспа растаған осы оқу әдебиеттері бойынша органның жұмысы туралы анықтама осы қорытындыға қоса беріледі.
9. Осы оқу әдебиетінің ғылыми және / немесе әдеби редакциясы туралы ақпарат (болған жағдайда оқу әдебиетінің шығыс деректеріне енгізіледі)
Жеке куәлік/паспорт бойынша ғылыми және/немесе әдеби редакторлардың Т.А.Ә, (болған жағдайда) | Ғылыми және/немесе әдеби редактор қызметінің шарттары (азаматтық шарт негізінде штаттық лауазым) | Тәжірибесі мен жұмыс өтілі |
1. |
10. Осы оқу әдебиеттерінің ішкі сараптамасы бойынша қорытындылар. Баспа оқу әдебиетінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жоғарыда аталған шаралар МЖМБС, үлгілік оқу жоспары, үлгілік оқу бағдарламасы талаптарының және талаптардың іске асырылуын қамтамасыз еткенін растай ма?
Растаймын | ||
Растамаймын |
Басшысының лауазымы баспасы, аты-жөні (болған жағдайда) ________________
(қолы)
М.О. Күні
Ескерту. 2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Оқулықтар мен ОӘК-ге тәуелсіз бағалау жүргізу қорытындылары туралы
1. Баспа (баспаның толық атауы)____________________________________.
2. Оқу әдебиеті туралы толық ақпарат
2.1. Оқу әдебиеті арналған білім деңгейі
мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | ||
бастауыш білім беру | ||
негізгі орта білім беру | ||
жалпы орта білім беру | ||
техникалық және кәсіптік білім беру |
2.2. Оқу әдебиеті жататын оқыту бағыты (мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге жатпайды)
қоғамдық-гуманитарлық бағыт | ||
жаратылыстану-математикалық бағыт | ||
мәдениеттану | ||
техникалық |
2.3. Оқу әдебиетінің түрі
оқулық (қағаз) | ||
оқу-әдістемелік кешен (қағаз түрінде) | ||
Оқу-әдістемелік құрал (қағаз түрінде) | ||
электронды оқулық | ||
электрондық оқу-әдістемелік кешен | ||
сандық білім беру ресурсы | ||
Оқу-әдістемелік құрал | ||
басқасы_________________. |
2.4. Оқу әдебиетінің пәні немесе ұйымдастырылған оқу қызметі_________________ .
2.5. Оқу әдебиетін әзірлеу тілі
қазақша | ||
орысша | ||
ағылшынша | ||
Аударым, бағытын көрсету (қай тілден қай тілге): | ||
– __________________________________________________________ . |
басқасы – ________________________________________________________.
2.6. Ұжымдық рецензия жүргізген ЖОО-ның бейінді кафедралары туралы мәліметтерді қоса алғанда, шығу деректері бар оқу әдебиетінің толық атауы
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________.
2.7. Оқу әдебиетінің авторлары туралы мәліметтер
Толық жеке куәлік/паспорт бойынша Т.А.Ә (болған жағдайда) | Автордың азаматтығы | Жоғары білімі бойынша мамандығы | Біліктілік санаты | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | Оқулықтар әзірлеу саласында оқыту курстарынан өткені туралы сертификат берген Ұйым, күні, нөмірі | Тәжірибесі және жұмыс өтілі |
1. | ||||||
2. |
2.8. Оқу әдебиетінің полиграфиялық деректерінде пайдалануға жататын авторлардың Т.А.Ә (болған жағдайда) жазу нұсқасы
________________________________________________________________ .
2.9. Оқу әдебиетін құрайтын бөлімдер саны
________________________________________________________________ .
2.10. Басылым түрі
бірінші басылым (жаңадан жасалған) | ||
толықтырылған және түзетілген басылым (қайта шығарылған) |
2.11. Жаңадан әзірленген қағаз оқулықтағы жаңалықтардың сипаттамасы
алғаш рет енгізілетін теориялық мәліметтер (150 сөзден артық емес): | ||
_____________________________________________________________ | ||
инновациялық әдістемелік тәсілдер (150 сөзден артық емес): | ||
_____________________________________________________________ | ||
жаңа техникалық шешімдер (150 сөзден артық емес): | ||
_____________________________________________________________ |
2.12. Оқу әдебиетінің форматы___________________________________ .
2.13. Күтілетін мұқабаны ескере отырып, оқу әдебиетінің қағаз нұсқасының салмағы, гр.
________________________________________________________________ .
2.14. Қағаз оқу әдебиетіндегі электрондық опциялар
Оқулықтың электронды нұсқасын жүктеуге арналған QR коды | ||
Интернеттегі бейне, аудио файлдарға сілтеме жасауға арналған QR коды | ||
- QR кодтарының саны– ______________________________________. | ||
AR (кеңейтілген шындық) | ||
- AR нысандар саны– ____________________________________. | ||
диск түріндегі электрондық қосымша |
басқасы – _______________________________________________________ .
2.15. Осы оқу әдебиетімен бірге сараптамаға ұсынылады:
оқулық | ||
әдістемелік нұсқаулық | ||
жұмыс дәптері | ||
жазбалары | ||
хрестоматия | ||
серігі | ||
диктанттар жинағы | ||
тапсырмалар мен жаттығулар жинағы | ||
картографиялық атлас | ||
құрал | ||
электронды оқулық | ||
электрондық оқу-әдістемелік кешен |
басқасы – ______________________________________________________.
3. Авторларының құқықтарын қорғау туралы мәлімет. Баспа Қазақстан Республикасының Авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес оқу әдебиеттері мен оқу әдебиеттерінде пайдаланылған материалдар авторларының құқықтарын сақтау бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу жолымен барлық қажетті шаралардың қабылданғанын растай ма?
Растаймын | ||
Растамаймын |
4. Осы оқу әдебиетін тексеруде пайдаланылған тәуелсіз бағалау тәсілдері туралы ақпарат
университеттің бейінді кафедрасының ғылыми мазмұнға ұжымдық шолуы | ||
ЖОО бейіндік кафедрасының әдістемелік құрамдас бөлігіне ұжымдық рецензиялау | ||
қосымша редактор (ғылыми және / немесе әдеби) |
басқасы – ______________________________________________________.
5. Оқулыққа және ОӘК-ге тәуелсіз баға берген ЖОО-ның бейіндік кафедрасының ұжымдық рецензиясы туралы ақпарат*
Осы рецензенттен рецензиялардың деректемелері (жасалған күні, нөмірі, орны) | Жеке куәлік/паспорт бойынша кафедра меңгерушісінің ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы | Кафедрадан рецензиялар ұсыну саны | Рецензиялар бойынша жүргізілген жұмыс туралы анықтаманың болуы |
1. | |||
2. |
* Кафедра меңгерушісі қол қойған және ЖОО куәландырған қорытынды рецензияның түпнұсқасы, сондай-ақ осы рецензия бойынша жүргізілген жұмыс туралы анықтама осы қорытындыға қоса беріледі.
6. Оқулық пен ОӘК-ні әдістемелік құрамдас бөлікке тәуелсіз бағалауды жүргізген ЖОО-ның бейінді кафедрасын ұжымдық рецензиялау туралы ақпарат*
Осы рецензенттен рецензиялардың деректемелері (жасалған күні, нөмірі, орны) | Жеке куәлік/паспорт бойынша кафедра меңгерушісінің ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы | Кафедрадан рецензиялар ұсыну саны | Рецензиялар бойынша жүргізілген жұмыс туралы анықтаманың болуы |
1. | |||
2. |
* Кафедра меңгерушісі қол қойған және ЖОО куәландырған қорытынды рецензияның түпнұсқасы, сондай-ақ осы рецензия бойынша жүргізілген жұмыс туралы анықтама осы қорытындыға қоса беріледі.
7. Осы оқу әдебиетінің ғылыми және / немесе әдеби редакциясы туралы ақпарат (болған жағдайда оқу әдебиетінің шығыс деректеріне енгізіледі)
Жеке куәлік/паспорт бойынша ғылыми және/немесе әдеби редакторлардың Т.А.Ә (болған жағдайда) | Ғылыми және/немесе әдеби редактор қызметінің шарттары (азаматтық шарт негізінде штаттық лауазым) | Тәжірибесі мен жұмыс өтілі |
8. Осы оқу әдебиетін тәуелсіз бағалау бойынша қорытындылар. Әзірлеуші оқу әдебиетінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жоғарыда аталған шаралар МЖМБС, үлгілік оқу жоспары, үлгілік оқу бағдарламасы талаптарының және талаптардың іске асырылуын қамтамасыз еткенін растай ма?
Растаймын | ||
Растамаймын |
Басшысының лауазымы баспасы, аты-жөні (болған жағдайда) _____________
(қолы)
М.О. Күні
Өтініш (жеке және заңды тұлғалар үшін)
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________ баспасы (авторы (авторлар ұжымы), әзірлеуші) әзірлеген _________________ аталымдағы "_____________________" оқу әдебиетіне сараптама жасауды және (орта білім беру деңгейінің оқулықтарын) қағаз оқулығының PDF форматындағы электрондық нұсқасының жалпы жұртшылыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін ( "Республиқалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын) http://www.okulyk-edu.kz интернет-ресурсына "Жоба" белгісімен орналастыруды сұраймын.
Білім беру деңгейі ____________________.
№ | Атауы | Санаты (оқулық, ОӘК) | Әзірлеу формасы (қағаз, электронды) | Қайта басылған (жаңадан әзірленген) | Авторлары | Жас тобы (сынып немесе топ) | Әзірлеу тілі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
______________________
(өтініш берушінің қолы)
20__ жылғы "___" _________.
Көрсетілетін қызметті алушының қолы, мөр (заңды тұлға үшін) (бар болған жағдайда) ______________
Өтінішті беру күні 20__ жылғы "___" __________.
Қабылдады: __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
20__ жылғы "___" ____________.
"Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілі | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Күнтізбелік 50 (елу) күн. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білімнің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу және әдістемелік басылымдарына авторлар мен авторлық ұжымға сараптамалық қорытынды беру немесе дәлелді себептерді көрсетіп мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы (тегін) көрсетіледі. |
7. | Жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі (заңды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның уәкілетті өкілінің немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның құжаттары) |
1. Автор, авторлық ұжым, баспа (мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған оқу әдебиетін әзірлеушілер) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай материалдарды жібереді: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздемесі |
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауы анықталғанда; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты - 15 (он бес) минут. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында көзделген Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________.
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данасы жасалды.
___________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) ______________
(қолы)
Орындаушы: ___________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Телефоны: ____________________
Алдым: ________________________________ ___
(көрсетілетін қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
20__ жылғы "___" _________
Оқу басылымына сараптамалық қорытынды
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.08.2023 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20___ жылғы "___" _______ №___________
1. Аталым: ___________________________________________________
2. Басылым түрі ______________________________________________
3. Оқу әдебиетінің авторы (авторлары): __________________________
4. Баспа (әзірлеуші), басылып шыққан жылы: _____________________
5. Білім беру деңгейі (сынып, жас тобы): _________________________
6. Сараптама нәтижесі: ________________________________________
"Республиқалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (директордың орынбасары) _____________