Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 маусымда № 7760 тіркелді

Жаңартылған

      «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа қоса беріліп отырған 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмнің нысаны;
      2) осы бұйрыққа қоса беріліп отырған 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар бекітілсін.
      2. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің күшi жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж. Серіков) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы 
Индустрия және жаңа  
технологиялар министрінің
2012 жылғы 1 маусымдағы
№ 184 бұйрығымен   
бекітілген 1-қосымша 

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.09.19 № 325 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Нысан

Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiм

1. Инвестор туралы мәлiметтер

1

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы


2

Заңды тұлғаны алғашқы мемлекеттiк тiркеу күнi және нөмiрi


3

Заңды тұлғаның қайта тiркеуден өткені туралы ақпарат (күні, негізі)


4

Орналасқан жері:

заңды мекенжайы

нақты орналасқан жерi




5

БИН (СТН)


6

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы

___________________________________ (лауазымы, аты-жөні - болған кезде)
____________________________________
(телефон, факс және электрондық поштасы)

7

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтерi



___________________________________ (лауазымы, аты-жөні - болған кезде)
____________________________________
(телефон, факс және электрондық поштасы)

8

Инвестициялық жобаның менеджерi



___________________________________ (лауазымы, аты-жөні - болған кезде)
____________________________________
(телефон, факс және электрондық поштасы)

2. Инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жоба туралы мәлiметтер

9

Инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның атауы

_____________________________________
_____________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесіне қосу туралы мәліметтер*

10

Инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру орны


11

Инвестициялау үшiн таңдалған қызметтiң басым түрi(лері) (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейінде)


12

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерге инвестициялардың көлемi (ағымдағы және келешектегі инвестициялар есепке алынады)

_____________________________________
(теңге)

13

Жобаны қаржыландыру көздерi:
   - меншiк
   - заемдық қаражаттар

_____________________________________
(меншік қаражаттарының болуын
растайтын құжат)
_____________________________________
(жобаны қаржыландыру көздері мен қаржыландыру кепілдіктерін бекітетін құжат)

3. Жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi инвестициялық преференциялар

14

1) технологиялық жабдық, оның жинақтауыштары;
2) технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату

1)___________________________________
          (жеңілдік сома)

2)___________________________________
          (жеңілдік сома)

15

Мемлекеттік заттай грант

_____________________________________ (алдын ала келісімді растайтын құжат)

16

Жер салығы бойынша жеңілдіктер*

_____________________________________
          (жеңілдік сома)

17

Мүлікке салық бойынша жеңілдіктер*


18

Өнеркәсіптік жеңілдіктер*:
1) газ;
2) электр энергиясы;
3) жер учаскесін сатып алу;
4) ғимараттарды, құрылыстарды сатып алу (салу)

_____________________________________
              (түрі)

_____________________
*инвестициялық стратегиялық жобаларға арналған.

      4. Инвестор өтiнiмде және қоса берiліп отрыған құжаттарда қамтылған ақпараттың дұрыстығын (растығын) мәлімдейді және кепiлдiк бередi, ұсынылған ақпарат үшін жауапты болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату шарттарымен танысқан.
      5.______________________________________________ жобасы бойынша
       (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық)
жұмыс бағдарламасы

1-бөлім: Тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге

Шығын баптары

растайтын құжаттар

Тіркелген активтерді пайдалануға беру күні

күнтізбелік жыл

күнтізбелік жыл

Барлығы

контрагент

күні

1-жартыжылдық

2- жартыжылдық

Жыл бойынша жиыны

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Жыл бойынша жиыны

























1 бөлім бойынша жиыны:












2 бөлім: Технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат және материалдар импорты, саны

Шығын баптары

растайтын құжаттар

өлшем бірлігі

игеру мерзімі

игеру мерзімі

Барлығы

контрагент

күні


1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Жыл бойынша жиыны

1-жартыжылдық

2- жартыжылдық

Жыл бойынша жиыны


1. Қосалқы бөлшектер, оның ішінде:
























2. Шикізат, материалдар, оның ішінде:
























2-бөлім бойынша жиыны:












      6. Кеден баждарын салудан босатылатын импортталатын технологиялық жабдық пен оның жиынтықтауыштарының, қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың тiзiмi және көлемi

№ р/с

Атауы

КО СЭҚ ТН коды

Өлшем бірлігі

Саны

1.





2.





Жиыны:

      7. Өтiнiмге қосымшалар:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмесі;
      2) заңды тұлға жарғысының басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмесі;
      3) уәкiлеттi орган белгiлейтiн Инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын жасау жөніндегі Талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспары осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген;
      4) инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға арналған шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері;
      5) инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны қаржыландырудың көздері мен кепілдіктерін белгілейтін, құжаттардың басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері. Инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны өз қаражаты есебінен қаржыландырған жағдайда олардың бар екендігі туралы жазбаша растама қағаз қоса беріледі;
      6) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беруді алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар;
      7) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамасы.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.09.19 № 325 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

________________________________________     _______________________
(Қазақстан Республикасы заңды тұлғасы        (қолы, мөрi және күнi)
  басшысының аты-жөнi - болған кезде)

Қазақстан Республикасы 
Индустрия және жаңа  
технологиялар министрінің
2012 жылғы 1 маусымдағы
№ 184 бұйрығымен   
бекітілген 2-қосымша 

Инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын жасау жөніндегі Талаптар

      1. Инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын жасау жөніндегі осы Талаптар
(бұдан әрі - Талаптар) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабы негізінде әзірленген және инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын жасау тәртібін анықтайды.
      2. Бизнес-жоспар келесі тараулардан тұрады:
      1) Инвестордың қысқаша сипаттамасы;
      2) инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның қысқаша сипаттамасы;
      3) техникалық бөлім;
      4) коммерциялық бөлім;
      5) ұйымдық бөлім;
      6) әлеуметтік бөлім;
      7) қаржылық бөлім;
      8) экологиялық бөлім;
      9) экономикалық бөлім;
      10) Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыруда орындалатын стратегиялық әсерін талдау (инвестициялық стратегиялық жобалар үшін толтырылады).
      3. Инвестордың қысқаша сипаттамасы мыналарды өзіне енгізеді:
      1) заңды тұлғаның атауы;
      2) заңды тұлғаның басшысы (лауазымы, аты-жөні – болған кезде);
      3) заңды тұлғаның мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық поштасы;
      4)заңды тұлғаның қызметінің негiзгi бағыттарының қысқаша сипаттамасы, негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштерi, көрсетiлген салада инвестициялық Келiсiмшарт жасасу бойынша жоспарланатын жұмыс тәжiрибесi. Соңғы есеп беру кезеңі үшiн кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызмет туралы қысқаша есебін.
      4. Инвестициялық жоба немесе инвестициялық стратегиялық жобаның қысқаша сипаттамасы мыналарды өзіне енгізеді:
      1) инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаның атауы;
      2) инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаның негiзгi мақсаттары;
      3) инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаның тiкелей қатысушылары;
      4) инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру орны (облыс, аудан);
      5) қысқаша мазмұны:
      шығаруға ұсынылатын өнiм, болуы мүмкiн түрлену спектрін көрсете отырып, тауар немесе қызмет көрсетудің қысқаша сипаттамасы, мәні мен қолдану саласы;
      болжанатын инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаның сипаты (жаңадан құру, қолданыстағы кәсiпорынды қайта құру немесе кеңейту);
      инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жоба бойынша техникалық құжаттаманың болуы (техникалық-экономикалық негiздеме, жоба-сметалық құжаттамасы, құрылыс-монтаж жұмыстары және құрал-жабдықты жеткiзуге келiсiмдер мен келiсiмшарттардың көшiрмелерi, жер телiмiне құқықтарды растайтын құжаттардың көшiрмелерi, ғимараттар мен құрылғыларды жалдау шарттарының көшiрмелерi мен басқа да құжаттар);
      жоба бойынша iске асыру және шектеудiң ерекше шарттары: лицензиялардың (егер қызмет түрi лицензиялауға жататын болса), патенттердiң, рұқсаттардың бар болуы, экспорттық және импорттық квоталардың, өткiзу нарығы және шикiзат, су, энергиямен қамтамасыз ету, көлiк, байланыс, қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шектеулер мен ұсынымдардың болуы, шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiктер, технологиялық процестердiң экологиялық тазалығына талаптардың болуы;
      6) инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру құны, қаржыландыру көздерi:
      меншiк қаражаттары;
      қарыз қаражаттары (несиелер немесе шаруашылық субъектiлердiң қаражаттарын тарту) және/немесе грант.
      7) жобаны iске асыру мерзiмi - инвестицияларды жүзеге асыру сәтiнен.
      5. Техникалық бөлім мыналарды өзіне кірістіреді:
      1) инвестициялық немесе инвестициялық жобаның қысқаша технологиялық сипаттамасы;
      2) технологиялық шешімді қабылдаудың негіздемесі, атап айтқанда инвестициялық жобаның тұрған жері мен көлемін (ауқымы) таңдаудың негіздемесі (жеткізушілер мен нарықтар үшін орналасқан жердің қолайлылығы):
      бірге болатын инфрақұрылым және көліктік мүмкіндіктер;
      қолданыстағы үй-жайларды пайдалану мүмкіндігі немесе қайта салу;
      инвестициялық немесе инвестициялық жоба бойынша тауарлардың (қызмет көрсету) өндірісінің көлемін анықтайтын факторлар.
      Талаптардың 1-қосымшасына сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша балама шешімдерді (ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып ұқсастармен салыстыра ұсынылған тауар өндірісі, қызмет көрсетуге арналған техникалық деңгейі және құны) салыстырмалы талдау.
      Шикізаттық ресурстарды пайдаланудың ұтымдық дәрежесі:
      шикізатты қайта өңдеу дәрежесі;
      өндірістің қайталанбалылығы (қалдықтарды қайта өңдеу);
      жергілікті шикізатты пайдалану;
      Талаптарға 1-қосымшада көрсетілген жобаны іске асыру кестесі.
      6. Коммерциялық бөлiммыналарды өзіне енгізеді:
      1) шикiзат, материалдар және құрал-жабдықтың жеткiзiлiмдерi:
      шикiзат және материалдар (отандық және импорттық) нарығын талдау:
      пайдаланатын шикiзат түрлерiнiң тiзбесi;
      көлiктiк шығыстарды есепке алғандағы бағаның қол жетімділігі және деңгейi;
      қолданылған шикізат және материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, дайын өнім бірлігінің өндірісіне шикізат және материал шығыстарының нормасы;
      шикізатты есептен шығару әдісі (ҚР заңды тұлғасының есептік саясаты);
      жабдықты/өндiрушiлердi жеткiзушiлердi таңдау:
      қажеттi жабдықтардың тiзбесi және оған негiзгi техникалық талаптар;
      жабдық пен технологияның әлемдiк және жергiлiктi нарықтағы жаңалығы;
      көлiктiк шығыстар, монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарды есепке алағандағы жабдықтардың құны;
      жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда);
      қосалқы бөлшектер немесе шығыс материалдармен қамтамасыз ету көздерi;
      2) маркетинг:
      Талаптардың 2-қосымшасына сәйкес шығарылатын тауарлар немесе көрсетілетін қызмет түрлерi мен көлемiнiң тiзбесi;
      қолданыстағы шектеулердi (квоталар, лицензиялар және т.б.) - (нарық сыйымдылығын) есепке ала отырып өткiзу нарығын болжау: iшкi және сыртқы нарықтағы әлеуеттi төлем қабiлетi бар сұраным, қазiргi уақытта оны қанағаттандыру деңгейi:
      өткiзiм арналары - қандай өңiрлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегi қай елдерге жеткiзiлiм болжанатыны көрсетiлсiн; нарықта ұқсас, өзара алмасатын, өзара толықтырылатын тауарлар, қызмет көрсетулердiң орын алуы, болашақтағы олардың өндiрiсiн бағалау, соңғы бiрнеше жыл iшiнде тауарлардың экспорты және/немесе импортының серпіні, көлемi мен бағалары, негiзгi бәсекелестер және олардың нарықтағы үлес салмағы; әлеуметтiк-экономикалық жағдайының өзгеру мүмкiндiктерi нәтижелерiнде нарықты болжау;
      өткiзу мүмкiндiгiн растайтын құжаттар: тауарлардың жеткiзiлiмiне келiсiмшарттардың немесе ниеттер туралы хаттамалардың нотариалды құжандырылған көшiрмелерi;
      тауарларға немесе қызмет көрсетулерге бағалар деңгейiн болжамды бағалау;
      коммерциялық тәуекел факторлары мен негiзгi маркетингтiк iс-шаралар.
      Жобаны қаржыландырудың айырбас валюта бағамы мен қолданыстағы салық базасының өзгеруiне әсер етудi бағалау.
      7. Ұйымдастыру бөлiмi мыналарды өзіне енгізеді:
      1) тартылатын ұйымдар:
      жобаны құрушы;
      жабдықты өндiрушiлер;
      жабдықты жеткiзушiлер;
      қаржыланатын ұйым;
      делдалдар;
      2) жобаны iске асыру процесiнде қатысушылар арасында мiндеттер мен жауапкершiлiктердi бөлу;
      3) ұйымдастыру құрылымы және тауарлардың/қызметтердің менеджментi мен сапасын бақылау жүйелері.
      8. Әлеуметтiк бөлiм мыналарды өзіне енгізеді:
      1) жобаның еңбек ресурстарындағы қажеттiлiгi (қажеттi саны мен бiлiктiлiгi):
      қажеттi бiлiктiлiгi бар кадрлардың болуы;
      білікті көмекті тартуға, оның ішінде импортқа қажеттілік;
      2) жобаның халықты жұмыспен қамтамасыз етуге және бiлiм деңгейiн көтеруге әсерi.
      9. Қаржы бөлiмi мыналарды өзіне енгізеді:
      1) инвестицияларды бағалау:
      толық инвестициялық шығындар (негiзгi және айналым капиталға инвестициялар);
      жобаны қаржыландыру мен инвестициялардың құрылымы (инвестициялардың жалпы көлемiн бағалау жобаны iске асыру үшiн қаржының жеткiлiктiгi, инвестициялардың құрылымы, қаржыландырудың схемасы мен шарттары, түсiмнiң болжамды қолданылуы шағылыстыратын);
      2) тәуекелдердi бағалау:
      тәуекелдердiң түрлерi;
      тәуекелдiң деңгейi (дисконт мөлшерлемесі);
      3) қаржылық талдау:
      жобаның қаржылық үлгiсi инвестициялық преференцияларды есептемей және тиісті инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып, үлгiлердi есептеу енгізіледі;
      жобаның өмiрлiк кезеңi iшiндегi таза дисконттық табысы (NPV);
      жобаның өмiрлiк кезеңi iшiндегi табыстылықтың iшкi нормасы (IRR);
      жобаның өтімділік мерзімі (қарапайым және дисконттық);
      жоба өмiрiнiң әр жылына табыстың қарапайым мөлшері (рентабельдiгi);
      түрлер бойынша бюджетке төленетiн салықтар, кеден баждары мен төлемдерi;
      төленетiн салықтардың барлық түрлерi бойынша бюджеттiк тиiмдiлiктiң жиынтық есебi анықталсын.
      10. Экологиялық бөлiмжоба технологиясының қоршаған ортаға әсерi бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестiгiн өзіне енгізеді.
      11. Экономикалық бөлiм мыналарды өзіне енгізеді:
      Жобаның мемлекет экономикасының қажеттiлiктерiне:
      халық тұтынатын азық-түлiк тауарлары және азық-түлiктік емес тауарларын шығаруды ұлғайту;
      импорт алмастыру (импорт алмастырудың қабылданған бағдарламаларына сәйкестiгi);
      экспортты ұлғайту;
      жаңа жұмыс орындарын құру;
      халықтың бiлiмi мен бiлiктiлiк деңгейiн көтеру;
      озық технологияларды игеру, "ноу-хау";
      жобаны iске асырудан мультипликатор тиiмдiлiгi;
      сапаның халықаралық стандарттар жүйесіне сәйкес өндiрiстi ұйымдастыру.
      12. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық әсер етуді талдау өзіне енгізеді(инвестициялық стратегиялық жобалар үшін толтырылады):
      1) жоспарланған жоғары технологиялық өнім өндірісінің номенклатурасы, оның ішінде:
      қайта өңдеу саласының дамуы;
      инфрақұрылымның дамуы;
      бәсекеге қабілетті ортаның қалыптасуы;
      жоғары қосылған құны бар өндірісті құру;
      2) қолданыстағы қазіргі технологиялар, оның ішінде:
      озық инновацияларды қолдану;
      тәжірибе және білім алмасу;
      жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологияларды және ғылымды көп қажетсінетін және жоғары технологиялы экспортқа бағытталған өндірісті құру түрлерін енгізу;
      3) қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру;
      4) қоршаған ортаны қорғау, оның ішінде:
      сапаның халықаралық стандарттарға сәйкестігі;
      елді мекенде және өңірде экологиялық жағдайды жақсарту;
      елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде:
      әлеуметтік тұрақтылықтың күшейтілуі;
      тұрғын үймен қамтамасыз ету;
      білім беру және медициналық қызметтерге қол жетімділік;
      Қазақстандағы өмір сүру деңгейін көтеру;
      әлеуметтік тәуекелдерді төмендету;
      жұмыссыздықты азайту;
      әлеуметтік қызмет көрсету саласын кеңейту.
      13. Бизнес-жоспар мәтіні Times new Roman қаріпінде 14 кегелде басылуды (бірақ сұлба, сызба, кесте, нобайларды жасауда кемінде 10 болуы), қағаз тасығышта тапсырылуы тиіс, бизнес-жоспардың әрбір басылып шыққан парағының шетінде мынадай өлшемдер болады:
      сол жағы – 2,5 сантиметр;
      оң жағы – 1,5 сантиметр;
      жоғарғы жағы – 2,5 сантиметр;
      төменгі жағы – 2,5 сантиметр.
      Бизнес-жоспарды рәсімдеуде екінші және келесі беттері нөмірленуі тиіс (беттің реттік нөмірлері бизнес-жоспардың жоғарғы шетінің ортасында араб цифрымен тыныс белгісінсіз қойылады).

Инвестициялық жобаның немесе
инвестициялық стратегиялық  
жобаның бизнес-жоспарын жасау
бойынша Талаптарға 1-қосымша

Нысан

Техникалық және құндық сипаттамасы бойынша балама шешiмдердi (ұқсастармен салыстыруда тауарлар мен қызмет көрсетулердi өндiрiс үшiн ұсынылатын техникалық деңгейi мен құны, ақпарат көзiне сiлтемелер) салыстырмалы талдау

Көрсеткiштердiң атауы

Көрсеткiштердiң мәнi

ұсынылатын үлгi

ұқсастықтар

1.



2.



Жобаны iске асыру кестесi
 

Жұмыстардың атауы

Күнтізбелік жыл

Күнтізбелік жыл

Жиыны

1 тоқ сан

2 тоқ сан

3 тоқ сан

4 тоқ сан

1 тоқ сан

2 тоқ сан

3 тоқ сан

4 тоқ сан

Тiркелген активтерге инвестициялар (теңге)

1.










2.










3.










Шикізат және материалдарға инвестициялар (теңге)

1.










2.










3.










Жобалық қуаттарды игеру










Құрылатын және/немесе сақталатын жұмыс орындарының саны










Инвестициялық жобаның немесе
инвестициялық стратегиялық  
жобаның бизнес-жоспарын жасау
бойынша Талаптарға 2-қосымша

Нысан

Шығарылатын тауарлар немесе көрсетілетін қызмет түрлерi мен көлемiнiң тiзбесi

Тауарлардың (қызмет) атауы

Өндірістің құндық көріністегі көлемі (теңге)

Өндірістің заттай көріністегі көлемі

Өнімнің белгілері

Ескерту





1.







2.





















Қазақстан Республикасы 
Индустрия және жаңа  
технологиялар министрінің
2012 жылғы 1 маусымдағы
№ 184 бұйрығымен   
бекітілген 3-қосымша 

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі нормативтік құқықтық актілердің күшi жойылды деп мойындалатын Тізімі

      1) «Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-б бұйрығы (№ 2222 болып Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 23-24, 850-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-б бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 шілдедегі № 54-б бұйрығы (№ 4330 болып Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде тіркелген, 2006 жылғы 18 тамыздағы
№ 151 (1131) «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
      3) «Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының 2006 жылғы 3 қарашадағы № 83-п бұйрығы (№ 4451 болып Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде тіркелген).