2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 шілдедегі N 54-п Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4330. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығымен.

"Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс   

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы  Заңына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы келісімге қол қойылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті