Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иемденуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 мамырда № 7619 тіркелді

Қолданыстағы

      «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иемденуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы                          Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 129 қаулысымен    
бекітілді       

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншiлес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берiлген рұқсатты керi қайтарып алу қағидалары

      Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншiлес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берiлген рұқсатты керi қайтарып алу қағидалары «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншiлес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берiлген рұқсатты керi қайтарып алу тәртiбiн айқындайды.

1. Жалпы қағидалар

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және (немесе) сақтандыру холдингтері Заңның 48-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда еншiлес ұйымды құрады немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесiн немесе акцияларын иемденеді.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингтерінің:
      1) еншiлес ұйым құруына немесе иемденуіне берiлген және одан керi қайтарып алынған рұқсаттардың тiзiлiмiн Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
      2) ұйымның капиталына қомақты қатысуына берiлген және одан керi қайтарып алынған рұқсаттардың тiзiлiмiн Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргiзедi.
      3. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне өтiнiш бергеннен кейiн үш күн ішінде еншiлес ұйымды құруға, иемденуге, сондай-ақ ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бередi немесе рұқсат беруден бас тартады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге, сондай-ақ ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздемелері туралы жазбаша хабарлайды.
      5. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге, сондай-ақ ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартуы Заңның 32-бабы 6-тармағында көзделген негiздемелер бойынша жасалады.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге рұқсат беру тәртiбi

      6. Еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге рұқсат алу үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі Комитетке Заңның 32-бабының 4-тармағында көрсетiлген құжаттармен қоса еркiн нысанда жазылған өтiнiштi, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) және (немесе) сақтандыру холдингі, нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болжамды құратын немесе иемденетін еншілес ұйымы кіретін сақтандыру тобының пруденциалдық нормативтерінің және құрылатын немесе иемденетін еншілес ұйымды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және (немесе) сақтандыру холдингі міндетті түрде сақтауы тиіс уәкілетті орган белгілеген басқа да нормалар мен лимиттердің есебін бередi.
      Еншiлес ұйымның басшы қызметкерлерi (немесе басшы қызметкерлері лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткерлер) туралы ақпарат Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiледi.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі Қазақстан Республикасының резиденттерi - банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын - еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге рұқсат алу үшiн өтiнiш берген жағдайда, Заңның 32-бабының 4-тармағы 1)3)4)8)9) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар уәкiлеттi органға ұсынылмайды.
      8. Егер құрылатын не иемденетін еншiлес ұйымы банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылған жағдайда, еншiлес ұйымды құруға иемденуге берілген өтiнiшпен бiр уақытта қаржы ұйымының (банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алуға қажеттi құжаттарды қосып, қаржы ұйымының (банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алуға еркiн нысанда жазылған өтiнiшi ұсынылады.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру тәртiбi

      9. Заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі Комитетке Заңның 32-бабы 4-тармағы 2)3)5)6)7)10) және 11) тармақшаларында көрсетiлген құжаттармен қоса еркiн нысанда жазылған өтiнiштi бередi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысатын заңды тұлғаның басшы қызметкерлері және басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткерлер туралы ақпарат Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiледi.
      10. Қазақстан Республикасының резиденттерi - банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының капиталында қомақты қатысуға рұқсат алу үшiн Заңның 32-бабының 4-тармағы 3) тармақшасында көрсетiлген құжаттар Комитетке ұсынылмайды.

4. Еншiлес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты
қатысуға берiлген рұқсатты керi қайтарып алу тәртібі

      11. Уәкілетті орган еншiлес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берiлген рұқсатты Заңның 32-бабының13-тармағында көрсетілген негіздер бойынша қайтарып алады.
      12. Еншiлес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берiлген рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі Заңның 32-бабының 13-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, оларға тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) иесіздендірген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Комитетке еркiн нысанда жазылған хабарлама ұсынады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына 
және (немесе) сақтандыру холдингіне  
еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге,
ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға
рұқсат беру, сондай-ақ еншiлес    
ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның   
капиталына қомақты қатысуға берiлген  
рұқсатты керi қайтарып алу қағидаларына
1-қосымша               

Нысан

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру
холдингінің еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге берiлген
және керi қайтарып алынған рұқсаттарды есепке алу тiзiлiмi

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің атауы

Еншiлес ұйымның атауы

Еншiлес ұйымның заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өтуi туралы деректер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншiлес ұйым құруына және иемденуге берiлген рұқсаттың күнi және нөмiрi

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншiлес ұйым құруына және иемденуге берiлген рұқсатты керi қайтарып алу күнi және нөмiрi

Еншiлес ұйымның қызмет түрi

1.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына 
және (немесе) сақтандыру холдингіне  
еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге,
ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға
рұқсат беру, сондай-ақ еншiлес    
ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның   
капиталына қомақты қатысуға берiлген  
рұқсатты керi қайтарып алу қағидаларына
2-қосымша               

Нысан

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру
холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуға берiлген және
керi қайтарып алынған рұқсаттарын есепке алу тiзiлiмi

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің атауы

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйым және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымның атауы

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйым және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымның заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өтуi туралы деректер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуға берiлген рұқсаттың күнi және нөмiрi

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуға берiлген рұқсатты керi қайтарып алу күнi және нөмiрi

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымның қызмет түрi

1.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына 
және (немесе) сақтандыру холдингіне  
еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге,
ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға
рұқсат беру, сондай-ақ еншiлес    
ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның   
капиталына қомақты қатысуға берiлген  
рұқсатты керi қайтарып алу қағидаларына
3-қосымша               

Нысан

сурет үшін орын

Еншiлес ұйымның басшы қызметкерлерi (немесе басшы қызметкерлері
лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын
үміткерлер) туралы ақпарат

__________________________________________________________________
                       (еншілес ұйымның атауы)
__________________________________________________________________
және еншілес ұйымдағы басшы қызметкердің лауазымы немесе үміткер
               тағайындалатын лауазым көрсетіледі)
__________________________________________________________________
 (еншiлес ұйымның басшы қызметкерiнің (немесе басшы қызметкері
  лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткердің)
            тегі, аты, бар болса әкесінің аты көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні мен жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді)

      2. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)
____________________________________________________________________

      3. Жұмыс орындарының мекенжайы (мекенжайлары), байланыс
телефоны_____________________________________________________________

      4. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күнi - аяқтаған күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктілігі

Оқу орнының орналасқан жері

1.

      5. Зайыбы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және қайын жұрты (зайыбының (жұбайының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты,
бар болса әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1.

      6. Еншiлес ұйымның басшы қызметкерiнің (немесе басшы қызметкерлері лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткердің) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иемденуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлғаның қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе үміткерге тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына ара қатынасы (пайызбен)

1.

      7. Соңғы үш жылда өткен біліктілігін арттыру семинарлары, курстары туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізу күні мен орны

Сертификаттың деректемелері (нөмірі, берілген күні)

1.

      8. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
      Осы тармақта еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкерлері лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткер) өз еңбек қызметінде қызмет атқарған (атқаратын) лауазымдары, оның ішінде уәкілетті органға келісу туралы өтініш ұсынған қаржы ұйымдарындағы, холдингтегі қызметі туралы мәлімет көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың бар болуы

Лауазымнан босатылу себептері

1.

      9. Еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкерлері лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткердің) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуі туралы мәліметтер:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
 (қаржы ұйымының атауы, үміткердің аудиторлық есепке аудитор -
       орындаушы ретінде қол қойған күні көрсетілсін).

      10. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы директорлар кеңесінде және инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі
(күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келісу күні (талап етілген болса)

Лауазымынан босатылу себептері

1.

      11. Бар жариялымдар, ғылыми әзірлемелер және басқа да жетістіктер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
    (иә (жоқ) бар болған жағдайда күні, қай басылымдарда екендігі
                             көрсетілсін)

      12. Өтелмеген немесе өтелмеген сотталуы туралы мәлiметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

Заңнама актісінің үміткер қылмыстық жауапкершілікке тартылған бабы

Соттың процессуалдық шешім қабылдаған күні

1.

      13. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелерді орындамау фактісінің бар болуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________

    (иә (жоқ), көрсетілген фактілер бар болған жағдайда, ұйымның
              атауын және міндеттеме сомасын көрсету қажет)

      14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдағы басшы қызметкер немесе тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, банк холдингін консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын (атқарушы органның) директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, жеке тұлға – ірі қатысушы, қаржы ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының (банктік немесе сақтандыру холдингінің) бірінші басшысы болғандығы туралы мәліметтер.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)

      15. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы және қаржы ұйымының, холдингтің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметтік міндеттемелерін орындаудан уәкілетті органның шеттетуі туралы деректердің бар болуы.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
 (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға
(сайлауға) келісімді кері қайтарып алу үшін негіздеме және осындай
      шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетілсін).

      16. Қаржы ұйымының, холдингтің қызметінің мәселелері бойынша басшысы ретінде сот қарауында жауапкер ретінде тартылды ма:

   (иә (жоқ), күні, қаржы ұйымының, холдингтің, сот қарауында жауап
   берушінің атауы, қаралатын мәселе және соттың шешімі көрсетілсін)

      Осы ақпаратты өзім тексердім және дәйекті және толық екендігін растаймын.
      Тегі, аты бар болса - әкесінің аты
__________________________________________________________________
                        (баспа әріптерімен)

Қаржы ұйымының, холдингтің тәуелсіз директорының лауазымына үміткер толтырады:
Мен, _____________________________________________________________
                  (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)
__________________________________________________________________
тәуелсіз директоры лауазымына тағайындау (сайлау) үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігімді растаймын.

Күні ________________________________
Қолы ________________________________

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына 
және (немесе) сақтандыру холдингіне  
еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге,
ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға
рұқсат беру, сондай-ақ еншiлес    
ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның   
капиталына қомақты қатысуға берiлген  
рұқсатты керi қайтарып алу қағидаларына
4-қосымша               

Нысан

сурет үшін орын

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру
холдингі қомақты қатысатын ұйымның басшы қызметкерлері немесе
басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін
ұсынылатын үміткерлер туралы ақпарат

__________________________________________________________________
   (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру
            холдингі қомақты қатысатын ұйымның атауы)
__________________________________________________________________
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі
  қомақты қатысатын ұйымдағы, холдингтегі басшы қызметкердің немесе
               тағайындалатын үміткердің лауазымы
__________________________________________________________________
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі
  қомақты қатысатын ұйымдағы басшы қызметкердің немесе тағайындау
    немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткердің тегі, аты, бар болса
                     әкесінің аты көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні мен жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берген)

      2. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)
____________________________________________________________________

      3. Жұмыс орындарының мекенжайы (мекенжайлары), байланыс телефоны
____________________________________________________________________

      4. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күнi - аяқтаған күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктілігі

Оқу орнының орналасқан жері

1.

      5. Зайыбы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және қайын жұрты (зайыбының (жұбайының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты,
бар болса әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) сақтандыру холдингінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысатын немесе акцияларын иемденетін ұйымның басшы қызметкерiнің немесе басшы қызметкерлері лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткердің қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе үміткерге тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына ара қатынасы (пайызбен)

1.

      7. Соңғы үш жылда өткен біліктілігін арттыру семинарлары, курстары туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізу күні мен орны

Сертификаттың деректемелері (нөмірі, берілген күні)

1.

      8. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
      Осы тармақта сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) сақтандыру холдингінде өз еңбек қызметінде қомақты қатысқан ұйымның басшы қызметкері немесе басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткер өз еңбек қызметінде қызмет атқарған (атқаратын) лауазымдары, оның ішінде уәкілетті органға келісу туралы өтініш ұсынған қаржы ұйымдарындағы, холдингтегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың бар болуы

Лауазымнан босатылу себептері

1.

      9. Қаржы ұйымдарының аудитіне қомақты қатысуы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) сақтандыру холдингінде ұйымның басшы қызметкерінің немесе басшы қызметкері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткердің жүргізуі туралы мәліметтер:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
 (қаржы ұйымының атауы, үміткердің аудиторлық есепке аудитор -
         орындаушы ретінде қол қойған күні көрсетілсін).

      10. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы директорлар кеңесінде және инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі
(күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келісу күні, (талап етілген болса)

Лауазымынан босатылу себептері

1.

      11. Бар жариялымдар, ғылыми әзірлемелер және басқа да жетістіктер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (иә (жоқ) бар болған жағдайда күні, қай басылымдарда екендігі
                           көрсетілсін)

      12. Өтелмеген немесе алынбаған сотталуы туралы мәлiметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

Заңнама актісінің үміткер қылмыстық жауапкершілікке тартылған бабы

Соттың процессуалдық шешім қабылдаған күні

1.

      13. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелерді орындамау фактсінің бар болуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә (жоқ), көрсетілген фактілер бар болған жағдайда, ұйымның атауын
                және міндеттеме сомасын көрсету қажет)

      14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдағы басшы қызметкер немесе тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, банк холдингін консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын (атқарушы органның) директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, жеке тұлға – ірі қатысушы, қаржы ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының (банктік немесе сақтандыру холдингінің) бірінші басшысы болғандығы туралы мәліметтер.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
        (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)

      15. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы және қаржы ұйымының, холдингтің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметтік міндеттемелерін орындаудан уәкілетті органның шеттетуі туралы деректердің бар болуы.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
 (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға
(сайлауға) келісімді кері қайтарып алу үшін негіздеме және осындай
      шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетілсін).

      16. Қаржы ұйымының, холдингтің қызметінің мәселелері бойынша басшысы ретінде сот қарауында жауапкер ретінде тартылды ма:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
 (иә (жоқ), күні, қаржы ұйымының, холдингтің, сот қарауында жауап
  берушінің атауы, қаралатын мәселе және соттың шешімі көрсетілсін.

      Осы ақпаратты өзім тексердім және дәйекті және толық екендігін растаймын.
      Тегі, аты, бар болса әкесінің аты
__________________________________________________________________
                      (баспа әріптерімен)

Қаржы ұйымының, холдингтің тәуелсіз директорының лауазымына үміткер толтырады:
Мен, _____________________________________________________________
               (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)
__________________________________________________________________
тәуелсіз директоры лауазымына тағайындау (сайлау) үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігімді растаймын.

      Күні ________________________________
      Қолы ________________________________

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 26 наурыздағы 
№ 129 қаулысына      
қосымша         

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 50 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4171 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық келісімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 76 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4670 тіркелген) 11-тармағы.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5141 тіркелген) 2-тармағы.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 50 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 186 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5468 тіркелген).
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 184 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6766 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың 2011 жылғы № 7 актілер жинағында жарияланған) 3-тармағы.