«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г.Марченко
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Министр Б. Жәмішев
2012 жылғы 31 наурыз
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 72 қаулысымен
бекітілген
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының
интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты,
қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру
қағидалары
Осы Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қағидалар «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және:
акционерлік қоғамы қаржылық есептілік депозитарийінің (бұдан әрі – қаржылық есептілік депозитарийі) интернет-ресурсында Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, акционерлік қоғамының жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді;
қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне эмитент шығарған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ақпаратқа қосымша ретiнде жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiктi, аудиторлық есептердi және тiзбесi Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында айқындалған ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
1. Осы Қағидаларының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым – Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық есептілік депозитарийін жүргізу жөніндегі қызметті жүргізуге уәкілетті «Ақпараттық-оқу орталығы» акционерлік қоғамы;
2) бағдарламалық қамтамасыз ету – қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым әзірлеген және шаблондар түрінде бағдарламалық қамтамасыз етуінде ұсынылған есептіліктің және ақпараттың әр түрлі нысандарын дайындауға арналған «Есептілікті берудің бірыңғай жүйесі» (ЕББЖ) бағдарламалық қамтамасыз ету;
3) электрондық цифрлық қол қою (бұдан әрi - ЭЦҚҚ) - бұл электрондық цифрлық қол қою құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық символдардың жиынтығы;
4) электрондық есеп - ұлттық куәландырушы орталығы берген ЭЦҚҚ қол қоятын осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген ақпаратпен жылдық және (немесе) тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктің нысандарымен қамтамасыз етудің толтырылған тиісті шаблоны;
5) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсы - «www.dfo.kz» адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы;
6) қор биржасының интернет-ресурсы - «www.dfo.kz» адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы.
2. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыру мақсатында қаржылық ұйымы және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын акционерлік қоғамы есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамыздан кешіктірмейтін мерзімде қаржылық есептілік депозитарийге Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452) (бұдан әрі - № 422 бұйрығы) бекітілген тізбесі мен нысандарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында қаржылық ұйымы және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамыздан кешіктірмей қаржылық есептiлiк депозитарийге және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасына № 422 бұйрығымен бекітілген тізбесі мен нысандарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті ұсынады.
Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын акционерлік қоғамы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамыздан кешіктірмей қаржылық есептiлiк депозитарийге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Арнайы қаржы компаниясының және ислам арнайы қаржы компаниясының жылдық қаржылық есептілігінің нысандарын бекіту туралы» 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 44 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6992) (бұдан әрі - № 44 қаулысы) бекітілген тізбесі мен нысандарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ бар болса аудиторлық есепті ұсынады.
Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамыздан кешіктірмей қаржылық есептiлiк депозитарийге және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасына № 44 бұйырығымен бекітілген тізбесі мен нысандарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ бар болса аудиторлық есепті ұсынады.
3. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыру мақсатында қаржылық ұйымы және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы болып табылатын акционерлік қоғамы жыл сайын қаржылық есептілік депозитарийге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдері және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 84 қаулысында (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5801) (бұдан әрі - № 84-қаулы) белгіленген мерзімдерде аудиторлық ұйымымен расталған жылдық қаржылық есептілікті (болған жағдайда еншілес ұйымы (ұйымдары)) - шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне эмитент шығарған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында бағалы қағаздары қаржылық ұйымы және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы болып табылатын қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитент жыл сайын қаржылық есептiлiк депозитарийге және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасына № 84 қаулысымен белгілеген мерзімдерде аудиторлық ұйымымен расталған жылдық қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда) - шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ бар болса аудиторлық есепті № 84 қаулысымен белгіленген мерзімде ұсынады.
Аудиторлық ұйымы жеке жылдық қаржылық есептілікті растау бойынша талаптар акционерлік қоғамға және еншілес ұйымы (ұйымдары) бар және қаржы ұйымдары және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы болып табылатын қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитентке 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
4. Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне эмитент шығарған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент қаржылық есептiлiк депозитарийге, тізіміне шығарылған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасына, тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейін айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және мыналарды қамтитын өзге ақпаратты ұсынады:
1) қаржы ұйымы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын қор биржасының тізіміне бағалы қағаздары енгізілген эмитенті үшін - № 422 бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларында белгіленген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен шығындар туралы есеп;
2) екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда қаржы ұйымы болып табылатын қор биржасының тізіміне бағалы қағаздары енгізілген эмитенті үшін - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6890) белгіленген қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкi» акционерлік қоғамының қаржылық есептiлiгiнiң тiзбесi, нысандары және ұсыну мерзiмдерi туралы нұсқаулықтың 7 және 8-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жасалған бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп;
3) бағалы қағаздары екінші деңгейдегі банк болып табылатын қор биржасының тізіміне енгізілген эмитенті үшін - Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3750) қосымшасымен белгіленген нысанға сәйкес жасалған банктің баланстағы және баланстан тыс шоттардағы қалдықтары туралы есеп;
4) арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын қор биржасының тізіміне бағалы қағаздары енгізілген эмитенті үшін - № 44 қаулысының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп.
5. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруға тиісті жылдық қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына сәйкес ұсынылады.
6. Тізіміне шығарылған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыруға тиісті жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті эмитент Microsoft Office Excel форматта электрондық тасымалдауышта ұсынады.
2012 жылғы 1 шілдеден бастап қаржылық есептiлiк қор биржасының ережелерімен айқындалатын форматта ұсынылатын деректердiң конфиденциалдылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзудiң тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, электрондық түрде қор биржасына ұсынылады.
Аудиторлық есеп қор биржасына PDF, TIFF немесе JPEG форматтарда ұсынылады (қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі).
7. Акционерлік қоғам осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жасалған тізбесі Акционерлік қоғамдар туралы заңның 79-бабының 1-тармағында белгіленген корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыру үшін қаржылық есептілікті депозитарийге олар туындаған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде ұсынады.
Акционерлік қоғам қаржылық есептілік депозитарийге сотта корпоративтік дау бойынша iс қозғалғаны туралы ақпаратты соттың корпоративтік дау жөнiндегi азаматтық iс бойынша тиiстi хабарламасын (шақыруын) қоғам алған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде береді.
8. Қор биржасының тізіміне бағалы қағаздары енгізілген эмитент қаржылық есептілік депозитарийге және тізіміне шығарылған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жасалған Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында көзделген бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын эмитенттің қызметінде өзгерістері туралы ақпаратты интернет-ресурсында орналастыру үшін олар туындаған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде ұсынады.
9. Осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ ақпарат құрастырушысының бастамасы бойынша ағылшын тілінде жасалады және мынадай тәртіпте қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымға ұсынылады:
1) корпоративтік оқиғалар, жылдық немесе тоқсан сайынғы қаржылық есептілік үшін арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің тиісті шаблоны толтырылады. Акционерлік қоғам және эмитент қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның өңірлік бөлімшелерінде (электрондық ақпарат тасымалдауыштарда) немесе қаржылық есептілік депозитарийдің интернет-ресурсында бағдарламалық қамтамасыз етуді алады;
2) шаблонды толтыру нәтижесінде ЭЦҚҚ қол қоюға қажетті электрондық есеп қалыптастырылады;
3) электрондық есепке қол қойғанға дейін оған:
жылдық қаржылық есептілікті орналастырған кезде - акционерлердің жалпы жиналысының «Аcrobat Reader» электрондық форматында жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті бекіту туралы сканирленген шешімдері (қол қойылған және аудиторлық ұйымының мөрімен расталған қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі);
осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көзделген ақпаратты орналастырған кезде - «Аcrobat Reader» электрондық форматында акционерлік қоғамының сканирленген өтінімі (қазақ және орыс тілдерінде бағдарламалық қамтамасыз ету шаблонда ақпараттық хабарламаның мәтінін теру нәтижесінде басып шығарылған, бірінші басшысы қол қойған және мөрімен расталған қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі) қоса тіркеледі;
Акционерлік қоғамдар туралы заңның және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның талаптарына сәйкес немесе қаржылық есептілік депозитарийдің интернет-ресурсында акционерлік қоғамының «электрондық досье» қосымша бетінде орналастыратын өзінің бастамасы бойынша жарияланатын «Аcrobat Reader» электрондық форматында сканирленген құжаттар;
4) депозитарий құрылымына есепті жіберу және енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуде бар сервисті пайдалана отырып, қаржылық есептілік депозитарий серверіне (эмитентте интернетке шығу болған кезде) немесе қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымының өңірлік бөлімшелеріне (электрондық ақпарат тасымалдауышта) электрондық есепті жібереді.
10. Қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым акционерлік қоғамының электрондық есеп түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде акционерлік қоғамының оның ЭЦҚҚ көрсетілген электрондық адресіне электрондық есепті қаржылық есептілік депозитарийге енгізу және оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы электронды хабарлама жібереді.
11. Қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымының қол қойылған ЭЦҚҚ электронды хабарламасы басып шығарылу, бірінші басшы, бас бухгалтер және корпоративтік хатшысы (корпоративтік оқиғаларды орналастырған кезде) қол қою және акционерлік қоғамда сақталу тиіс.
12. Акционерлік қоғамының осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымының қаржылық есептілікті қабылдауынан бас тартуына негіз болып табылады.
13. Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылатын ақпарат және қаржылық есептілік әрбір акционерлік қоғам және қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент бойынша бөлігінде қалыптасады.
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын эмитенттің қызметінде өзгерістері не акционерлік қоғамның бұрын болған корпоративтік оқиғалардың, оның ішінде ұзақ сипаты бар салдарлары туралы ақпаратты ұсынған кезде бірыңғай ақпараттық хабарлама мәтінінде сол сияқты бұрын орналастырылған ақпарат көрсетіледі.
14. Акционерлік қоғамы және қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент қаржылық есептiлiк депозитарийге және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасына жылдық және тоқсан сайынғы есептілікті, аудиторлық есептерді, корпоративтік оқиғалар туралы және қозғайтын эмитенттің қызметінде өзгерістері туралы ақпаратты, қаржылық есептiлiк депозитарий және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасы оларды алған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде орналастырады.
15. Қаржылық есептілік, аудиторлық есептер және қаржылық есептілік депозитарийінің және қор биржасының интернет-ресурсында орналастыруға жататын өзге ақпарат осы Қағидаларында белгіленген тәртіпте орналастырған күннен бұрын бұқаралық ақпарат құралдарының басқа дерек көзі арқылы жариялауға (орналастыруға) жатпайды.
Қаржылық есептілік депозитарийінің,
қор биржасының интернет-ресурсында
корпоративтік оқиғалар туралы
ақпаратты, қаржылық есептілікті және
аудиторлық есептерді орналастыру
қағидаларына 1-қосымша
Қаржылық есептілік депозитарийінің және тiзiмiне шығарылған
бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында
орналастырылатын акционерлік қоғамының корпоративтік оқиғалар
туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар
р/с № |
Ақпарат түрі |
Ақпарат мазмұны |
1 |
2 |
3 |
1. |
Ақпаратты акционерлік қоғам акционерлерге және инвесторларға жіберетін ішкі құжаттарына сәйкес мәселелердің тізбесі бойынша акционерлердің жалпы жиналасында және директорлар кеңесімен қабылданған шешімдер туралы ақпарат |
1) Эмитенттің толық атауы мен орналасқан жері; |
2. |
Акционерлік қоғамының акцияларды және басқа бағалы қағаздарды шығару туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) акционерлік ақпараты бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, қоғамның бағалы қағаздарын өтеу, қоғамның бағалы қағаздары шығарылымын жою қорытындылары туралы есептерді бекіту туралы ақпарат |
1) бағалы қағаздарды мемлекеттік шығаруды жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу күні; |
3. |
Акционерлік қоғамы ірі мәмілелерді жасағаны және оны жасағанда қоғамның мүдделілігі бар мәмілелерді жасағаны туралы ақпарат |
1) Акционерлік қоғамы органының мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдау күні; |
4. |
Акционерлік қоғамының мүлігін осы қоғамның активтерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын сомасына кепілге беру |
1) Эмитент органымен мәміле (қарыз бойынша) жасау туралы шешім қабылдау күні; |
5. |
Акционерлік қоғамы қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерде заемды алу туралы ақпарат |
1) акционерлік қоғамы органының заемды алу туралы шешімді қабылдаған күні; |
6. |
Акционерлік қоғамның қандай да бір түрдегі қызметті жүзеге асыруға, қоғамның қызметтің қандай да бір түрін жүзеге асыруға бұрын алған лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ақпарат |
1) лицензия берген, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы; |
7. |
Заңды тұлғаның мекемесінде акционерлік қоғамның қатысуы туралы ақпарат |
1) Акционерлік қоғамының заңды тұлғаны құру (мекемеде акционерлік қоғамының қатысуы туралы) туралы шешім қабылдаған акционерлік қоғамы органының атауы, күні және нөмірі; |
8. |
Акционерлік қоғамының мүлкіне тыйым салу туралы ақпарат |
1) акционерлік қоғамының мүлкіне тыйым салу туралы шешім қабылданған күн, нөмірі, қоғамының мүлкіне тыйым салу туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, тыйым салудың негіздемесі; |
9. |
Баланстық құны қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан астам пайызды құрайтын нәтижесінде акционерлік қоғамның мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлар туралы ақпарат |
1) төтенше сипаттағы жағдайлар басталуына байланысты жойылған акционерлік қоғамы мүлігінің атауы; |
10. |
Акционерлік қоғамын және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ақпарат |
1) Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған мемлекеттік органның атауы; |
11. |
Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалуы туралы ақпарат |
1) корпоративтік дау бойынша талапкердің, жауапкердің толық атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты; заңды тұлғаның орналасқан жері); |
12. |
Акционерлік қоғамды мәжбүрлеп қайта құру туралы шешімі туралы ақпарат |
1) Акционерлік қоғамды қайта құру, тарату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, қайта құрылатын заңды тұлғалардың орналасқан жері, атауы, қайта құрудың басқа талаптары; |
13. |
Акционерлік қоғамының жарғысына, сондай-ақ акционерлік қоғамының бағалы қағаздардың шығарылым проспектісіне сәйкес акционерлік қоғамның акционерлерiнiң және инвесторларының мүддесiне қатысты өзге ақпараттары туралы ақпарат |
акционерлік қоғамының жарғысына, сондай-ақ акционерлік қоғамының бағалы қағаздардың шығарылым проспектісіне сәйкес акционерлік қоғамның акционерлерiнiң және инвесторларының мүддесiне қатысты өзге мәліметтер. |
Қаржылық есептілік депозитарийінің,
қор биржасының интернет-ресурсында
корпоративтік оқиғалар туралы
ақпаратты, қаржылық есептілікті және
аудиторлық есептерді орналастыру
қағидаларына 2-қосымша
Қаржылық есептілік депозитарийінің және тiзiмiне шығарылған
бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында
орналастырылатын қор биржасының бағалы қағаздарды ұстаушылардың
мүддесін қозғайтын тізіміне бағалы қағаздары енгізілген
эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттың мазмұнына
қойылатын талаптар
р/с № |
Ақпарат түрі |
Ақпарат мазмұны |
1 |
2 |
3 |
1. |
Эмитент органдарының құрамын өзгерту туралы ақпарат |
1) шешім қабылдаған эмитент органының атауын көрсете отырып эмитент органының құрамын өзгерту туралы шешімді қабылдаған күн; |
2. |
Эмитенттің дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлері (қатысушылар) құрамын өзгерту туралы ақпарат |
1) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер (қатысушылар) құрамын өзгерткен күн (бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілім жүйесінде немесе номиналды ұстаушыларды есепке алу жүйесінде өзгерістерді тіркеу күні); |
3. |
Эмитенттің оның еншілес ұйымдарының және тәуелді акционерлік қоғамдарының қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы туралы ақпарат |
1) мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда - эмитенттің, оның еншілес ұйымдарының және тәуелді акционерлік қоғамдарының қайта ұйымдастырылуы, таратылуы туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы (қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын заңды тұлғаның орналасқан жерін, атауын көрсетумен), осындай шешім қабылданған күн және шешім қабылдаудың негіздемесі, қайта ұйымдастырудың өзге талаптары; |
4. |
Эмитенттің мүлкіне тыйым салу туралы ақпарат |
1) Тыйым салу туралы шешім қабылданған күн, нөмірі, эмитенттің мүлкіне тыйым салу туралы шешім қабылданған мемлекеттік органның атауы, тыйым салудың негіздемесі; |
5. |
Осы эмитент активтерінің бес және одан да артық пайыздарын құрайтын сомадағы эмитент мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) жөніндегі ақпарат |
1) эмитент органының эмитенттің мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешім қабылдаған күн; |
6. |
Эмитенттің лицензияны алуы, оның қолданысын тоқтата тұру немесе айыру туралы ақпарат |
1) лицензияны берген, лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы; |
7. |
Эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімдері туралы ақпарат |
1) эмитенттің толық атауы және орналасқан жері; |
8. |
Эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының он және одан астам пайызына ие (үлесі, пайлары) болатын ұйымдардың тізіміне өзгерту туралы ақпарат |
1) ұйымның толық атауы, олардың орналасқан жері, олар жүзеге асыратын қызмет түрлері; |
9. |
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіндегі өзгертулер туралы ақпарат |
1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылатын эмитент органының шешім қабылдаған күні, шешім қабылдаған органның атауы; |
10. |
Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылу проспектісімен көзделген талаптарды орындамауы, осы эмитент жіберген дефолт фактілері туралы ақпарат |
1) эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылу проспектісімен көзделген талаптарды орындамауы туралы ақпарат көрсетіледі; |