«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 70 қаулыcымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы
қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе
Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық
бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы
қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны,
сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну
қағидалары
Осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, сондай-ақ депозитарлық қолхаттарды және базалық активі Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабарландыру тәртібін, оларды орналастыру туралы есепті беру шарттары мен тәртібін белгілейді.
1. Шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасының
резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға және
(немесе) орналастыруға рұқсат беру тәртібі мен шарттары
1. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы Заңның 22-1-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды, сондай-ақ Қағидаларды сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) тиiстi рұқсаты болған кезде ғана шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды, сондай-ақ бастамасы бойынша немесе қатысуымен шығарылатын және базалық активі шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының борыштық бағалы қағаздары болып табылатын эмиссиялық туынды бағалы қағаздарды шығаруды Қағидалардың 1-тармағының талаптарын сақтаған жағдайда, сондай-ақ мына барлық шарттарын сақтаған кезде жүзеге асырады:
айналыстағы (оның ішінде сыйақы төлеуге немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу бойынша міндеттемелер) бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) шығару шарттарын өз уақытында орындаған немесе орындамаған жағдайлардың болмауы;
айналыстағы эмиссиялық бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистингі жағдайларының болмауы;
борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының резиденті–ұйымының левередж шамасы (банктерді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) екіден аспайды;
Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы шығарылымы уәкілетті органмен тіркелген облигациялар өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тiзiмiнiң «рейтингтік бағасы бар (ең жоғары санаты) борыштық бағалы қағаздар» санатының «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгiзiлген жағдайда ғана осы облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген облигациялар өз қызметін осы облигацияларды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тiзiмiнiң «рейтингтік бағасы бар (ең жоғары санаты) борыштық бағалы қағаздар» санатының «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізуге келісім алған кезде, осы облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырады.
Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар шет мемлекеттің аумағында шығарылған және (немесе) орналастырылған жағдайда осы тармақта белгіленген левередж шамасына қойылатын талаптар меншігінде осы заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) сондай-ақ осы заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша кепілгер (банктерді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) болып шығатын елу және одан көп пайызы бар Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымына (банктерді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) белгіленеді.
Қазақстан Республикасының резиденті-банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы осы тармақтың талаптарын сақтаған, левередж бойынша талаптарды қоспағанда және шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне, сондай-ақ құжаттарды беру күніне дейінгі үш ай ішіндегі кезеңде қаржы ұйымдарының пруденциалдық нормативтерді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген өзге де нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы үлестік эмиссиялық бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының бастамасы бойынша немесе қатысуымен шығарылатын және базалық активі осы Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының үлестік бағалы қағаздары болып табылатын үлестік эмиссиялық туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруды мына:
1) Қағидалардың 1-тармағының талабын сақтаған;
2) Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы бұрын шығарған бағалы қағаздар проспектілерінде орналастырылған үлестік эмиссиялық бағалы қағаздар санының он және одан да көп пайыз үлестік эмиссиялық бағалы қағаздардың меншік иелері болып табылатын тұлғалардың тізімі өзгерген кезде Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы шығарған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушыларында осы борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын өтеуді және (немесе) сатып алуды талап ету құқығы туындауы үшін негіздеме болып табылатын талаптар (ковенанттың) болмаған жағдайда жүзеге асырады;
3) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тiзiмiнiң «акциялар» секторының бiрiншi (ең жоғары) немесе екінші (ең жоғары) санатына осы акцияларды енгізу шартымен Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы акцияларды, сондай-ақ акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе қатысуымен шығарылатын және базалық активі осы акционерлік қоғамының акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырады.
Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тiзiмiнiң «акциялар» секторының бiрiншi (ең жоғары) немесе екінші (ең жоғары) санатына акцияларды енгізу мүмкін болмаса, Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен және базалық активі осы акционерлік қоғамның акциялары болып табылатын акцияларды, сондай-ақ туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне «акциялар» секторының үшінші (ең жоғарыдан кейінгі) санатына енгізген жағдайда жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда өзге эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруды және орналастыруды мына жағдайларда жүзеге асырады:
1) Қағидалардың 1-тармағының талаптарын сақтаған;
2) осы бағалы қағаздарды қор биржасының тізіміне енгізуге қор биржасының келісімі болғанда.
Осы бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы осы бағалы қағаздарды қор биржасының тізіміне енгізуге келісімі туралы қор биржасының анықтамасын және Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну.
5. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға (бұдан әрі – шығаруға рұқсат) және (немесе) шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруға (бұдан әрі – орналастыруға рұқсат) рұқсат алу үшін уәкілетті органға құжаттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы өзге эмиссиялық бағалы қағаздары уәкілетті органның осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға көрсетілген рұқсаты негізінде шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында сауда-саттық жүргізілетін бағалы қағаздар тізіміне енгізіледі және (немесе) онда болады.
6. Қазақстан Республикасы резидентi-ұйымының шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшiн Қазақстан Республикасы резидентi-ұйымының органы тиiстi шешiмдi қабылдағаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) айналымдағы бағалы қағаздар (борыштық бағалы қағаздар үшін) шығару шарттарын (оның iшiнде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) уақтылы орындамаған немесе орындамаған фактілері болмаған, сондай-ақ айналымдағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмағаны туралы ақпаратты көрсете отырып, Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру туралы еркiн нысанда жасалған өтiнiшті;
2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару және (немесе) орналастыру туралы Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының органы шешімінің көшірмесін, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
резидент-ұйымның толық атауы;
эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару және (немесе) орналастыру аумағында (немесе заңнамасына сәйкес) жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы және орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауы, оған сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы және (немесе) орналастырылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы;
шығарылатын және (немесе) орналастырылатын бағалы қағаздардың түрі, кепілгерді көрсетумен қамтамасыз етудің және кепілдіктердің болуы мен түрі, номиналды құны немесе орналастыру бағасы және сәйкестендіру коды (бар болса);
шығарылымның болжалған көлемі және валютасы;
осы бағалы қағазбен берілетін құқықтар;
осы бағалы қағаздар бойынша кірісті есептеу және төлеу тәртібі, төлеу мерзімділігі және Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының көзқарасы бойынша маңызды басқа мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының Заңның 22-1-бабының 1-тармағы 1), 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын сақталуын растайтын Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының анықтамасы;
4) борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды (оның ішінде туынды) шығару кезінде левередж шамасы есебінің қосымшасымен, облигациялар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық (шоғырландырылған) есептілік;
5) үлестік, оның ішінде туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару кезінде орналастырылған үлестік бағалы қағаздары санынан үлестік бағалы қағаздардың он және одан да көп пайызының меншік иесі болып табылатын тұлғалар тізімі өзгерген кезде борыштық бағалы қағаздар ұстаушыларында осы борыштық бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын өтеуді және (немесе) сатып алуды талап ету құқығы туындау үшін негіздеме болып табылатын бұрын шығарылған бағалы қағаздар проспектілерінде талаптардың (ковенанттың) жоқ екенін растайтын құжат.
Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымы Заңның 22-1-бабында және Қағидаларда белгіленген шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру кезінде көзделген талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымы бір мезгілде шығару және орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттар ұсынады.
7. Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат алуға құжаттарды ұсыну күніне шығарылымы тіркелген шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мәліметтерді ұсынады.
Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымы оның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен және базалық активі осы Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымы орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, тиісті шешім қабылданғаннан кейін отыз күн ішінде уәкілетті органға базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының шет мемлекеттегі бағалы қағаздары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған күндегі жағдай бойынша базалық активі болып табылатын орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуы жүзеге асырылатын бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде ашылған Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының жеке шотының жай-күйі туралы тіркеушінің анықтамасын ұсынады.
8. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы рұқсат алу үшiн ұсынған құжаттарын уәкiлеттi орган олар ұсынылған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымы рұқсат алуға ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымына Қағидалардың 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат береді.
2. Депозитарлық қолхаттар мен базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттері–ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару туралы хабарлама, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есеп берудің тәртібі және талаптары
9. Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының (бұдан әрі – эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушысы) эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы депозитарлық қолхаттарды және (немесе) базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының акциялары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару талабын белгілейтін құжатқа қосу туралы құжатына акционердің қол қою жолымен бағалы қағаздардың қайталама нарығында Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының бағалы қағаздарын өткізуді жоспарлап отырған тұлға тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға мыналарды көрсете отырып, ерікті нысанда жасалған хабарламаны ұсынады:
1) эмиссиялық бағалы қағаздары шығаруға жоспарланған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының атауы;
2) шығаруға жоспарланған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың (хабарлама ұсынған күннің алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында осы эмиссиялық бағалы қағаздарының түрі, ұлттық сәйкестендіру нөмірі, саны, бағасы) базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары туралы мәліметтер;
3) шығаруға жоспарланған депозитарлық қолхаттар немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздар (түрі, шығару мерзімі, заңнамаға сәйкес шығаруы жоспарланған мемлекет, шығарылым валютасы, шығарылым андеррайтерлері және эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушысы хабарлауға қажет деп санайтын шығарылымның өзге маңызды талаптары) туралы мәліметтер.
10. Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген хабарламасына мыналар қоса беріледі:
эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушысы органының депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару туралы шешімінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
шығару туралы шешім қабылданған күндегі жағдай бойынша шығаруға жоспарланған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарының болуы туралы бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде не номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді-көшірме;
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аударманың нотариат куәландырған қосымшасын қоса бере отырып, депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялы бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару талаптарын белгілейтін құжаттың көшірмесі (егер осы құжат бұрын эмиссиялық бағалы қағаздары депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымымен уәкілетті органға берілмеген болса).
11. Уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушысына депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару туралы хабарламаны қарау нәтижелері туралы хат жібереді.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушысы ол депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару талаптарын белгілейтін құжатқа қосу туралы құжатқа қол қойған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аударманың нотариат куәландырған қосымшасын қоса бере отырып, қосу туралы осы құжаттың көшірмесін береді.
12. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы резиденті емес ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды аяқтау күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденті емес ұйымының Заңның 22-1-бабының 1-тармағындағы 2) тармақшасы және 5)тармақшасының үшінші абзацы талаптарын орындауын растайтын қор биржасының анықтамасын ұсынады.
13. Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру қорытындылары туралы есепті Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
3. Қорытынды ережелер
14. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы құжаттардың түпнұсқаларын немесе олардың көшірмелерін ұсынады, бұл ретте көшірмелер бірінші басшының қойылған қолымен және мөр бедерлемесімен куәландырылады. Құжаттың парақтары көп болған жағдайда әр парағы расталады не құжат тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Бірінші басшының қолы және мөр бедерлемесі жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына түсуі тиіс.
15. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымына рұқсат беруден мынадай жағдайда бас тартады:
1) Заңда және Қағидаларда көзделген талаптарды орындамағанда;
2) Қағидаларда көрсетілген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылғанда;
3) ұсынылған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмегенде.
Қазақстан Республикасының
резиденті-ұйымның эмиссиялық
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің
аумағында шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,
депозитарлық қолхаттардың
немесе Қазақстан Республикасының
резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық
бағалы қағаздары базалық активі
болып табылатын өзге бағалы
қағаздардың шығарылымы туралы
хабарламаны, сондай-ақ оларды
орналастыру туралы есепті ұсыну
қағидаларына
1–қосымша
Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы
қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға
рұқсат алу үшін мәліметтер
1. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының ұйымдық құқықтық нысаны көрсетілген атауы.
2. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының және оның бағалы қағаздарының рейтингтік бағасы туралы мәліметтер.
3. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздардың оларды шығарған елдердегі және басқа елдердегі сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда алаңдарында айналыста болуы туралы мәліметтер (биржаның атауы, листингтің санаты, Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздардың параметрлері).
4. Нөмірі мен тіркеу күнін көрсете отырып Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеген органның атауы.
5. Аумағында (немесе заңнамасына сәйкес) Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуы жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы.
6. Қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы жүргізілген және орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттықты ұйымдастырушылардың атауы.
7. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы.
8. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі.
9. Сәйкестендіру коды (бар болса).
10. Шығарылым валютасы және нысаны.
11. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының жалпы көлемі, номиналды құны (бар болса).
12. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру құнын айқындау шарттары айналысқа жіберу және орналастыру мерзімі.
13. Осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары ұсынатын құқықтары.
14. Қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша қамтамасыз етудің түрін көрсету қажет (эмитенттің міндеттемесі қамтамасыз етілген эмитенттің кепіл мүлігі, кепілгерді көрсете отырып үшінші тұлғалардың кепілдіктері).
15. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша сыйақыны есептеу және төлеу тәртібі, облигацияларды ұстаушылар өкілінің, төлем агентінің болуы, төлемнің мөлшері және мерзімділігі, сондай-ақ облигацияны ұстаушылар өздеріне тиесілі сыйақыны алатын мекен-жайлар, облигацияны өтеу тәртібі, оларды болжамды өтеу мерзімі.
16. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмитенттің қаржылық есептілігін ұсыну тәртібі.
17. Инвесторлар үшін маңызды болып табылатын өзге де мәліметтер (осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы бойынша міндеттемелерді өзіне алатын тұлғаны көрсетумен эмитентті көрсету мүмкіндігі, кіріс қандай валютада төленеді, осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге қойылған шектеулері бар Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеу туралы мәліметтер).
18. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым талаптары туралы ақпаратты алуға арналған мекенжайлар, дереккөздер, байланыс деректемелері.
Резидент-ұйымының
басшысы
(басшының орынбасары) (қолы)
Бірінші басшысы (ол болмаған кезде құжаттарға қол қойған адам) уәкілетті органға ұсынған құжаттардағы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
резиденті-ұйымның эмиссиялық
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің
аумағында шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,
депозитарлық қолхаттардың
немесе Қазақстан Республикасының
резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық
бағалы қағаздары базалық активі
болып табылатын өзге бағалы
қағаздардың шығарылымы туралы
хабарламаны, сондай-ақ оларды
орналастыру туралы есепті ұсыну
қағидаларына
2–қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға
рұқсат
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының
________________________________________ эмиссиялық бағалы қағаздарын
(резиденті ұйымының толық атауы және орналасқан жері)
___________________________________________________________ аумағында
(шет мемлекеттің, сауда-саттықты ұйымдастырушының атауы)
мынадай түрлерін ____________________________________________________
(бағалы қағаздардың түрлері, жалпы шығарылу көлемі,
бағалы қағаздардың сәйкестендіру коды (бар болса))
орналастыруға рұқсат береді.
Уәкілетті органның
басшысы
(басшының орынбасары) (қолы)
Қазақстан Республикасының
резиденті-ұйымның эмиссиялық
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің
аумағында шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,
депозитарлық қолхаттардың
немесе Қазақстан Республикасының
резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық
бағалы қағаздары базалық активі
болып табылатын өзге бағалы
қағаздардың шығарылымы туралы
хабарламаны, сондай-ақ оларды
орналастыру туралы есепті ұсыну
қағидаларына
3–қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының шет мемлекеттің
аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға
рұқсат
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының
____________________________________ эмиссиялық бағалы қағаздарын
(резиденті ұйымының толық атауы және орналасқан жері)
_________________________________________________________ аумағында
(шет мемлекеттің, сауда-саттықты ұйымдастырушының атауы)
мынадай түрлерін __________________________________________________
(бағалы қағаздардың түрлері, жалпы шығарылу көлемі, бағалы қағаздардың сәйкестендіру коды (бар болса))
шығаруға рұқсат береді.
Уәкілетті органның
басшысы
(басшының орынбасары) (қолы)
Қазақстан Республикасының
резиденті-ұйымның эмиссиялық
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің
аумағында шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,
депозитарлық қолхаттардың
немесе Қазақстан Республикасының
резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық
бағалы қағаздары базалық активі
болып табылатын өзге бағалы
қағаздардың шығарылымы туралы
хабарламаны, сондай-ақ оларды
орналастыру туралы есепті ұсыну
қағидаларына
4–қосымша
Нысан
Акционерлік қоғамының бастамасы бойынша немесе
оның қатысуымен және базалық активі Қазақстан Республикасы
резиденті–ұйымы орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары
болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды
шет мемлекеттің аумағында орналастыруға
рұқсат беру
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының
______________________________________ эмиссиялық бағалы қағаздарын
(резиденті ұйымының толық атауы және орналасқан жері)
___________________________________________________________ аумағында
(шет мемлекеттің, сауда-саттықты ұйымдастырушының атауы)
мынадай түрлерін ____________________________________________________
(бағалы қағаздардың түрлері, жалпы шығарылу көлемі, бағалы қағаздардың сәйкестендіру коды (бар болса)),
Туынды бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаздардың түрі:
1) бағалы қағаздардың түрі _________________________________________
2) бағалы қағаздар шығарылымы тіркелді _____________________________
____________________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы, тіркелген күні, айы, жылы)
___________________________________________________________________;
3) ұлттық сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
орналастыруға рұқсат береді.
Уәкілетті орган басшысы
(басшының орынбасары) (қолы)
Қазақстан Республикасының
резиденті-ұйымның эмиссиялық
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің
аумағында шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,
депозитарлық қолхаттардың
немесе Қазақстан Республикасының
резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық
бағалы қағаздары базалық активі
болып табылатын өзге бағалы
қағаздардың шығарылымы туралы
хабарламаны, сондай-ақ оларды
орналастыру туралы есепті ұсыну
қағидаларына
5–қосымша
Нысан
Резидент-ұйымының бастамасы бойынша немесе
оның қатысуымен және базалық активі Қазақстан Республикасы
резиденті–ұйымы орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары
болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды
шет мемлекеттің аумағында шығаруға
рұқсат беру
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының
______________________________________ эмиссиялық бағалы қағаздарын
(резиденті ұйымының толық атауы және орналасқан жері)
___________________________________________________________ аумағында
(шет мемлекеттің, сауда-саттықты ұйымдастырушының атауы)
мынадай түрлерін ____________________________________________________
(бағалы қағаздардың түрлері, жалпы шығарылу көлемі, бағалы қағаздардың сәйкестендіру коды (бар болса)),
Туынды бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаздардың түрі:
1) бағалы қағаздардың түрі __________________________________________
2) бағалы қағаздар шығарылымы тіркелді ______________________________
_____________________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы, тіркелген күні, айы, жылы)
___________________________________________________________________;
3) ұлттық сәйкестендіру нөмірі (бар болса)___________________________
шығаруға рұқсат береді.
Уәкілетті орган
басшысы
(басшының орынбасары) (қолы)
Қазақстан Республикасының
резиденті-ұйымның эмиссиялық
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің
аумағында шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,
депозитарлық қолхаттардың
немесе Қазақстан Республикасының
резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық
бағалы қағаздары базалық активі
болып табылатын өзге бағалы
қағаздардың шығарылымы туралы
хабарламаны, сондай-ақ оларды
орналастыру туралы есепті ұсыну
қағидаларына
6–қосымша
Нысан
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру
қорытындысы бойынша ақпарат
1. Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының ұйымдық құқықтық нысаны көрсетілген атауы.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, орналастырылған бағалы қағаздардың саны, тартылған ақша көлемі.
3. Бағалы қағаздарды орналастыру кезеңі.
4. Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында орналастыру үшін ұсынылған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны және орналастыру бағасы, сыйақы мөлшерлемесі.
5. Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны және орналастыру бағасы, сыйақы мөлшерлемесі, тартылған ақша көлемі.
6. Бағалы қағаздардың түрі және саны, базалық активі болып табылатын бағалы қағаздар эмитентінің атауы (туынды бағалы қағаздарды шығарған кезде).
7. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды бастаған күніне және аяқтаған күніне левередж шамасын есептеу.
Резидент-ұйымының
басшысы
(басшының орынбасары) (қолы)
Бірінші басшысы (ол болмаған кезде құжаттарға қол қойған адам) уәкілетті органға ұсынған құжаттардағы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
резиденті-ұйымның эмиссиялық
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің
аумағында шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,
депозитарлық қолхаттардың
немесе Қазақстан Республикасының
резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық
бағалы қағаздары базалық активі
болып табылатын өзге бағалы
қағаздардың шығарылымы туралы
хабарламаны, сондай-ақ оларды
орналастыру туралы есепті ұсыну
қағидаларына
7–қосымша
Нысан
Депозитарлық қолхаттарды немесе Қазақстан Республикасының
резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі
болып табылатын өзге бағалы қағаздарды орналастыру
қорытындылары туралы есеп
1. Ұйымдық құқықтық нысаны, орналасқан жері және тіркеу деректері көрсетілген резидент-ұйымының атауы.
2. Шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алған күн не уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі.
3. Бағалы қағаздар туралы мәліметтер:
депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздарды жалпы саны және түрі, номиналды құны және (немесе) орналастыру бағасы, купон және (немесе) дисконттың мөлшері (борыштық бағалы қағаздар үшін);
базалық активі болып табылатын орналастырылған өзге бағалы қағаздардың жалпы саны және түрі, олардың номиналды құны және (немесе) орналастыру бағасы (үлестік бағалы қағаздар үшін).
4. Есеп берілетін орналастыру мерзімі басталған күн және аяқталған күн.
5. Шет мемлекеттің аумағында орналастырылған бағалы қағаздардың саны, оның ішінде бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында орналастыру туралы ақпарат (сауда-саттықты ұйымдастырушы тізімінің санаты, облигацияларды орналастыру аяқталған күніне бағалы қағаздардың нарықтық құны, сауда-саттықтардағы ең жоғары баға әрі алғашқы және соңғы сауда-саттықтар күні, орналастырылған бағалы қағаздардың саны және тартылған ақшалардың сомасы).
6. Бағалы қағаздар шығарылымының андеррайтерлері туралы ақпарат (эмиссиялық консорциумдар).
7. Депозитарлық қолхаттарды немесе Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздарды орналастыруға құқықтарын растауды жүзеге асыратын есептік ұйымының атауы.
Есепке Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және мөр бедерімен расталады. Есептің әрбір данасы бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күніне бағалы қағаздарды есепке алуды жүргізуші берген бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінің көшірмесімен бірге тігіледі. Мөр бедерінің бір бөлігі қағаз пломбаға, бір бөлігі құжат парағында қойылады, бірінші басшының немесе оның орнындағы тұлғаның қолымен куәландырылады. Бірінші басшысы (ол болмаған кезде құжаттарға қол қойған адам) уәкілетті органға ұсынған құжаттардағы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Есепке резидент ұйымның бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және мөр бедерімен расталады. Есептің әр данасы бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күніне бағалы қағаздарды есепке алуды жүргізуші берген бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінің көшірмесімен бірге тігіледі. Мөр бедерінің бір бөлігі қағаз пломбаға, бір бөлігі құжат парағында қойылады, бірінші басшының немесе оның орнындағы тұлғаның қолымен куәландырылады. Бірінші басшысы (ол болмаған кезде құжатқа қол қойған адам) уәкілетті органға ұсынған құжаттардағы ақпараттың шынайылығына жауап береді.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 70 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 75 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4659 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 270 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3827 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 2 желтоқсанда № 224-225 (958-959) жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 75 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 170 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5533 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 7 шілдедегі № 142 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5738 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 4 қыркүйекте № 134 (1731) жарияланған) 2-тармағы.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 18 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6134 тіркелген) 2 және 3-тармақтары.