Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 наурызда № 7467 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 116-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары бекітілсін.
      2. Әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті осы бұйрықты Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің назарына жеткізсін.
      3. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықты аумақтық органдардың назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы 
Қоршаған ортаны қорғау 
министрінің      
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 41-ө бұйрығымен   
бекітілген      

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның
мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік
қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық
бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 116-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімге (бұдан әрі – Тізілім) сәйкес әзірленген және мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің және оның аумақтық органдарының лауазымды адамдарына жатқызу тәртібін айқындайды.
      2. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің және оның аумақтық органдарының лауазымды адамдарына санаттарды жатқызу мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам тағайындалған кезде анықталады.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның
мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік
қызметшілерінің санаттарын жатқызу

      3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:
      Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы (С-2 санаты).
      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бастығы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары (С-4 санаты).
      Комитеттің Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары (С-5 санаты) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылады, Комитеттің төрағасы тағайындайды.
      Комитеттің Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары (С-6 санаты) Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылады, Комитеттің төрағасы тағайындайды.
      Аумақтық экология департаменттері бастықтарының орынбасарлары (С-О-2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылады, Қоршаған ортаны қорғау министрінің келісімімен Комитеттің төрағасы тағайындайды.
      Аумақтық экология департаменттері мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімдерінің бастықтары (С-О-4 санаты) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылады, Экология департаментінің директоры тағайындайды.
      Аумақтық экология департаменттері мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімдерінің бас мамандары (С-О-5 санаты) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылады, Экология департаментінің директоры тағайындайды.
      Аумақтық экология департаменттері мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімдерінің жетекші мамандары (С-О-6 санаты) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылады, Экология департаментінің директоры тағайындайды.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012.10.11 № 304-Ө (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.