"Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын және нысанды киім (погонсыз) үлгілерін бекіту тур

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 304-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қарашада № 8079 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 775 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.12.2022 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 116-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн;

      2) Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын;

      3) Нысанды киім (погонсыз) үлгілері бекітілсін.

      2. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.03.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Қаппаров


  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 11 қазандағы
№ 304-ө бұйрығымен бекітілген

Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 05.02.2016 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары.

      3. Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары.

      4. Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының басшысы және бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары.

      5. Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары.

      6. Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары.

      7. Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары.

      8. Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары.

      9. Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары.

      10. Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.

      11. Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің бас мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.

      12. Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.

      13. Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.

  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 11 қазандағы
№ 304-Ө бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидалары Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымдық адамдар Комитеттің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымдық адамдар, қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім киеді (погонсыз).

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік экологиялық инспекторлардың нысанды киімді кию құқығы олар нысанды киімді кию көзделмеген басқа лауазымдарға ауысқанда немесе Комитеттен және оның аумақтық органдарынан босатылған кезінде жойылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға нысанды киімді (погонсыз) беру Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) тізіміне осы Қағидалардың (1-қосымшасы) және Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға нысанды киімді (погонсыз) беру нормаларына осы Қағидалардың (2-қосымшасы) сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киімдерінің (погонсыз) айыру белгілері Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киімдерінің (погонсыз) айыру белгілерінің табеліне, осы Қағидалардың (3-қосымшасына) сәйкес тағайындалады.

      Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нысанды киімдерінің (погонсыз) айыру белгілері, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нысанды киімдерінің (погонсыз) айыру белгілерінің Табеліне (3-қосымша) осы Қағидаға сәйкес тағайындалады.

      6. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қызметтік міндеттерін атқару кезінде Мемлекеттік экологиялық инспекторлардың атрибуттарына сәйкес, омыраулы белгі (жетон), арнайы мөр және қызметтік куәлікті осы Қағидалардың (4-қосымшасы)өзімен бірге алып жүреді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Нысанды киімді (погонсыз) кию мынадай жағдайларда көзделеді:

      1) салтанатты – мемлекеттік наградалар алғанда, мереке күндері салтанатты, мерейтойлық отырыстарда, ресми қабылдауларда, алқа мәжілісінің отырыстарында, ведомствоаралық комиссияларда;

      2) күнделікті – қызметтік міндеттерін орындауда;

      3) арнайы (далалық) – шаруашылық субъектілерімен табиғат қорғау заңнамасын сақтауына тексерістерді жүргізуге байланысты ерекше жағдайларда қызметтік міндеттерін орындауда.

      8. Жол берілмейді:

      1) осындай құқық берілмеген тұлғаларға нысанды киімді және айырым белгілерін киюге;

      2) жазғы және қысқы, салтанатты, күнделікті және далалық нысанды киім заттарын, сондай-ақ нысанды және азаматтық киімдерді араластыруға;

      3) үлгісі белгіленбеген нысанды киімді және айырым белгілерін киюге;

      4) салтанатты нысандағы жейделердің (блузка) ақ түстен басқа өзге түстерін киюге;

      5) нысанды киімнің сыртқы келбетін бұзатын, ірі заттарды қалтаға салуға.

      9. Мемлекеттік экологиялық инспекторларды нысанды киіммен жабдықтау мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыландырылады.

  Мемлекеттік экологиялық
бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдардың
нысанды киім
(погонсыз) киіп жүру
қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киімдерінің (погонсыз) тізбесі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ерлерге арналған нысанды киім:

      1) күнделiктi:

      жазғы:

      костюм (пенжек және шалбар);

      фуражка;

      шалбарға арналған белдік;

      жейде;

      туфли;

      галстук;

      қысқы:

      костюм (пенжек және шалбар);

      бөрік;

      шалбарға арналған белдік;

      жейде;

      жеңсіз көйлек;

      жүні бар бәтеңке;

      галстук;

      пальто;

      мойын орамал;

      қолғап;

      2) салтанатты:

      костюм (пенжек және шалбар);

      бас киiм;

      шалбарға арналған белдік;

      жейде;

      туфли;

      галстук;

      3) арнайы (далалық):

      жазғы:

      кеудеше;

      шалбар;

      көкірекше;

      жейде;

      футболка;

      бәтең;

      кепка;

      қысқы:

      кеудеше;

      шалбар;

      көкірекше;

      тоқыма көйлек

      бәтеңке;

      жүні бар кепка;

      2. Әйелдерге арналған нысанды киiм:

      1) күнделiктi:

      жазғы:

      костюм (бешпет және юбка);

      пилотка;

      блузка;

      галстук;

      туфли;

      қысқы:

      костюм (бешпет және юбка);

      бөрік;

      блузка;

      жеңсіз көйлек;

      шалбарға арналған белдік;

      галстук;

      пальто;

      мойын орамал;

      қолғап;

      жүні бар етiк;

      2) салтанатты:

      костюм (бешпет және юбка);

      блузка;

      пилотка;

      галстук;

      туфли;

      3) арнайы (далалық):

      жазғы:

      кеудеше;

      шалбар;

      блузка;

      футболка;

      бәтеңке;

      көкірекше;

      кепка;

      қысқы:

      кеудеше;

      шалбар;

      тоқыма көйлек;

      көкірекше;

      бәтеңке;

      жүні бар кепка.

  "Мемлекеттік экологиялық
бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдардың
нысанды киім
(погонсыз) киіп жүру
қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киімді (погонсыз) беру нормалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с

Нысанды киім-кешек
заттарының атауы

Заттардың саны, данасы

Кию мерзімі

1

Күнделікті қысқы костюм (ерлердің, әйелдердің)

1 жиынтық

3 жыл

2

Күнделікті жазғы костюм (ерлердің, әйелдердің)

1 жиынтық

3 жыл

3

Арнайы (далалық) қысқы костюм (ерлердің, әйелдердің)

1 жиынтық

3 жыл

4

Арнайы (далалық) жазғы костюм (ерлердің, әйелдердің)

1 жиынтық

3 жыл

5

Салтанатты костюм (ерлердің, әйелдердің)

1 жиынтық

3 жыл

6

Ер жейдесі (күнделікті (жазғы, қысқы); салтанатты, далалық)

4 дана

2 жыл

7

Әйел блузкасы (күнделікті (жаздық, қыстық);салтанатты, далалық)

4 дана

2 жыл

8

Галстук (ерлердің, әйелдердің)

1 дана

3 жыл

9

Футболка (ерлердің, әйелдердің)

1 дана

2 жыл

10

Жеңсіз көйлек (ерлердің, әйелдердің)

1 дана

3 жыл

11

Тоқыма көйлек (ерлердің, әйелдердің)

1 дана

3 жыл

12

Пальто (ерлердің, әйелдердің)

1 дана

5 жыл

13

Жазғы бас киім (әйелдердің пилоткасы)

1 дана

3 жыл

14

Жазғы бас киім (ерлердің фуражкасы)

1 дана

3 жыл

15

Қысқы бас киім (ерлердің, әйелдердің)

1 дана

5 жыл

16

Мойын орамал (ерлердің, әйелдердің)

1 дана

5 жыл

17

Қолғап (ерлердің, әйелдердің)

1 жұп

2 жыл

18

Белдік (ерлердің, әйелдердің)

1 дана

5 жыл

19

маусымдық аяқ киім (ердің, әйелдің)

1 жұп

2 жыл

20

Жүні бар бәтеңке (қысқы ерлердің)

1 жұп

2 жыл

21

Жүні бар етік (қысқы әйелдердің)

1 жұп

2 жыл

22

Далалық бәтеңке (қысқы ерлерің, әйелдердің)

1 жұп

2 жыл

23

Далалық бәтеңке (жазғы ерлердің, әйелдердің)

1 жұп

2 жыл

24

Кокарда, эмблема

қажеттілігі бойынша

-

25

Жеңдегi жапсырма, көкірек жапсырмасы

қажеттілігі бойынша

-

  "Мемлекеттік экологиялық
бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдардың
нысанды киім
(погонсыз) киіп жүру
қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киімдеріндегі (погонсыз) айырым белгілерінің табелі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Лауазымдар санаты

Таралғылар мен жеңдегi жапсырмалардың айырым белгiлерi

Айыру белгілері

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы

1. Жеңдегi айырым белгiсi алтын түстi оқадан, латынның V әріпі пішінді, бұрышы 120 градусты құрайды. Оқа біреу, ені 2,5 см, әрбiр жақтың ұзындығы 7 см.

2. Түймелерi алтын түстi ортасында Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – ҚР) елтаңбасы орналасқан, диаметрi 2,2 см.





Қазақстан Республикасы

Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары

1. Жеңдегi айырым белгiсi алтын түстi оқадан, латынның V әріпі пішінді, бұрышы 120 градусты құрайды. Оқа екеу, ені 1,5 см, әрбiр жақтың ұзындығы 7 см.

2. Түймелерi алтын түстi ортасында ҚР елтаңбасы орналасқан, диаметрi 1,8 см.





Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары

1. Жеңдегi айырым белгiсi алтын түстi оқадан, латынның V әріпі пішінді, бұрышы 120 градусты құрайды. Оқа екеу, ені 1 см, әрбiр жақтың ұзындығы 7 см.

2. Түймелерi алтын түстi ортасында ҚР елтаңбасы орналасқан, диаметрi 1,5 см.





Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары

1. Жеңдегi айырым белгiсi алтын түстi оқадан, латынның V әріпі пішінді, бұрышы 120 градусты құрайды. Оқа төртеу, ені 1 см, әрбiр жақтың ұзындығы 7 см.

2. Түймелерi алтын түстi ортасында ҚР елтаңбасы орналасқан, диаметрi 1,5 см.





Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары

1. Жеңдегi айырым белгiсi күміс түстi оқадан, латынның V әріпі пішінді, бұрышы 120 градусты құрайды. Оқа біреу, ені 2,5 см, әрбiр жақтың ұзындығы 7 см.

2. Түймелерi күміс түстi ортасында ҚР елтаңбасы орналасқан, диаметрi 2,2 см.





Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары

1. Жеңдегi айырым белгiсi бар қалып күміс түстi оқадан, латынның V әріпі пішінді, бұрышы 120 градусты құрайды. Оқа төртеу, ені 1 см, әрбiр жақтың ұзындығы 7 см.

2. Түймелерi күміс түстi ортасында ҚР елтаңбасы орналасқан, диаметрi 1,5 см.





Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары

1. Жеңдегi айырым белгiсi күміс түстi оқадан, латынның V әріпі пішінді, бұрышы 120 градусты құрайды. Оқа төртеу, ені 1 см, әрбiр жақтың ұзындығы 7 см.

2. Түймелерi күміс түстi ортасында ҚР елтаңбасы орналасқан, диаметрi 1,5 см.






      Ескертпе: Жеңдегі жапсырма сол жаққа тігіледі. Нысанды киімнің жеңдегі белгісі (шеврон) бейнелі-сопақ түрінде, 100х83х80 миллиметр (бұдан әрі - мм) өлшемінде, көк түсті, тоқыма әдісімен дайындалады. Алтын түсті бидайлы масақпен жиектелген көк түсті қалқан түрінде көрсетілген. Шевронның жоғарғы жағында "ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ", төменгі жағында – "МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ" жазуы. Жеңдегі белгінің шеті ақ түсті кестемен жиектелген. Жеңдегі белгі жоғарғы киімнің сол жақ жеңнің сыртқы жағына жеңнің жоғарғы жағынан 120 мм қашықтықта зерленеді.

      Бас киімнің эмблемасы алтын түсті Алқагүлмен тысталған (қысқы киім түрі – бөрік және жазғы киім түрі – фуражка, пилотка және кепи). Бас киімнің кокардасы алтын түстес біртұтас метал қорытпасынан әзірленеді. Кокарда екі жағынан да симметриялы үш тармақпен жиектеледі. Жиектелген кокарданың өлшемі – биіктігінен 40 мм, енінен 70 мм. Айналым жағынан екі металл найза дәнекерленген. Кокарда бас киімнің алдында, орта кезінде орналастырылады.



  "Мемлекеттік экологиялық
бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдардың
нысанды киім
(погонсыз) киіп жүру
қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 21.12.2015 № 731 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мемлекеттік экологиялық инспекторлардың нышандары

      Мемлекеттік экологиялық инспекторлардың нышандары мыналар: омырау белгісі (жетон), арнайы мөр және қызметтік куәлік.

1. Мемлекеттік экологиялық инспекторлардың омырау белгісі (жетон)

      1. Мемлекеттік экологиялық инспекторлардың омырау белгісі (жетон) (бұдан әрі – омырау белгісі) көлемі 78х59 мм қалқан түрінде құйылу әдісімен жасалған жасыл реңді болады. Омырау белгісінің долбары бедерлі әдіспен жасалған және кейін алтын түсті гальван жалатылған, ені 4 миллиметр (бұдан әрі – мм).

      2. Қалқанның үстіңгі бөлігінің ортасында диаметрі 15 мм құрайтын бедерлі әдіспен одан әрі алтын түсті гальван жалатылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы орналасқан.

      3. Қалқанның төменгі бөлігінде жасыл түсті Қазақстан картасының шеткі сызбасының бейнесі, ал картаның астында шарықтаған бүркіт орналасқан.

      4. Елтаңба мен картаның арасында үш сызық орналасқан, сызықтардың долбары бедерлі әдіспен жасалған және кейін алтын түсті гальван жалатылған, ені 2 мм.

      5. Төменгі сызық қызыл түсті, ені 14 мм "МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОРЫ" деген алтын түсті жазуы бар. Әріптердің биіктігі 5 мм, ені 1 мм. Төменгі сызықтың төменгі бедері қалқанның оң жақтың жоғарғы шетінен 40 мм, сол жақтан 20 мм орналасқан.

      6. Ортаңғы сызық жасыл түсті, ені 7 мм, "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ" деген алтын түсті жазуы бар.

      7. Жоғарғы сызық алтын түсті, ені 5 мм, биіктігі 5 мм, ұзындығы 20 мм омырау белгісінің реттік нөмері көрсетілген, бедерлі әдіспен жасалған ені 1 мм, ұзындығы 5 мм.

      8. Омырау белгісінің артқы жағында бұрандалы бекіткіш бар.

      9. Омырау белгісі мемлекеттік экологиялық инспекторлардың арнайы киімінің сол жақ омырауында немесе қызметтік куәлігінің мұқабасында орналасады.

2. Мемлекеттік экологиялық инспекторлардың арнайы мөрі

      10. Мемлекеттік экологиялық инспекторының арнайы мөрі (бұдан әрі – мөр) инспекторды қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкілетті органының белгілері мен нышандарына куәландыратын құрал болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

      11. Мөрдің диаметірі 30 мм дөңгелек түрінде, ішкі жағында 1 шеңбер орналасқан. Шеңдерде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторы" деген сөздер, ортасында тіркеу нөмірі орналасқан.

      12. Мемлекеттік экологиялық инспектор мөрді өз құзыреті шегінде бақылау-инспекциялық қызмет құжаттарын бекіту үшін қолданады.

      13. Мемлекеттік экологиялық инспектор мөрді өкілеттігі мерзімінде ғана қолданады.

      14. Мөрді алған мемлекеттік экологиялық инспектор оны белгіленген мақсатта пайдаланады және заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылады.

3. Мемлекеттік экологиялық инспекторлардың қызметтік куәлігі

      15. Мемлекеттiк экологиялық инспектордың бірыңғай үлгідегі қызметтiк куәлiгi (бұдан әрi - куәлiк) лауазымды адамның қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға тиесілігін куәландыратын ресми құжат.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Куәлiктiң мұқабасы қызыл түстi табиғи былғарыдан жасалады, куәлiктiң жабық түрдегi өлшемi 95х66 мм, жоғарғы бөлiгiнiң ортасында Қазақстан Республикасы мемлекеттiк елтаңбасының суретi, төменгі бөлігінде "КУӘЛІК" жазуы орналасқан, әріптердің биiктiгi 11 мм құрайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы және жазулар алтын түстi.

      17. Куәліктің ішкі жағының оң және сол беттерінде қорғау сызығынан жоғары баспаханалық шрифтпен жоғарғы қырдан 7 мм қашықтықта тангирлік торшалар шегінде "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" деген сөздері бар қорғау жолы (микрошрифт) орналасқан.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Куәлiктiң ішкі сол жағында беттің сол жақ бөлігінің жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы, беттің оң бөлiгiнде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторы" деген жазу орналасқан, төменгі бөлігінде куәлікті берген күні көрсетілген.

      19. Куәлiктiң ішкі оң жағының сол жақ бұрышында фотосуретке (ақ бұрышсыз өлшемi 30х40 мм түрлi түстi фотосурет (анфас), мөрге арналған орын, беттiң оң жақ бөлiгiнде куәлiктің нөмiрі, иесінің аты-жөні және лауазымы үшін орын, беттің төменгі жағында кіші шрифтпен құжатқа қол қоюшының лауазымы, аты-жөні және қол қоятын орны көрсетілген.

      20. Экологиялық инспекциялардың мемлекеттік инпекторлары үшін куәліктің бірінші бетінде (сол жағы) "Қоршаған ортаны қорғау Қазақстан Республикасының мемлекеттік инспекторы" деген жазудың орнына экологиялық инспекцияның атауымен "мемлекеттік инспектор" деген жазуы бар.

      21. Куәлікке жапсырма түріндегі (өлшемі 95х66 мм құрайтын ламинатталған бет) Комитеттің елтаңбалы мөрімен куәландырылған, сақтау тангирімен қамтылған мемлекеттік тілде мемлекеттік экологиялық инспекторлардың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінен үзінді - көшірме қоса беріледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.12.2015 № 731 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      22. Куәліктің екі беті мен жапсырмасы көгілдір түсті фонмен безендірілген, долбары бойында көркем рамасы бар. Ішкі жақтары ламинатталған.

      23. Куәліктің қолдану мерзімі 3 жылға белгіленеді. Куәлік тек көрсетілген мерзімде ғана қолданылады.

      24. Ашық түрінде мұқабасы 110х80 мм құрайды. Мұқабаның ішкі жағында куәлік пен жапсырманы салуға арналған мөлдір полиэтилен орамасы тігілген. Мұқабаның ішкі жағының оң жақ бөлігінде омырау белгіге арналған бұрандалы бекіткіш орналасқан.

      25. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы орынбасарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік инспекторларының куәліктеріне Комитеттің төрағасы қол қояды.

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторларының куәліктеріне облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдары мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелерінің басшысы қол қояды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.12.2015 № 731 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің 2012 жылғы 11
қазандағы № 304-Ө бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды (погонсыз) киімдерінің үлгісі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар үшін ер адамның нысанды киімдері (погонсыз) (салтанатты, күнделікті жазғы және күнделікті қысқы)

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Салтанатты костюм

Күнделікті жазғы костюм

Күнделікті қысқы костюм

Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар үшін ер адамның нысанды киімдері (погонсыз) (арнайы далалық жазғы және арнайы далалық қысқы)

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Далалық костюм (жазғы)

Далалық костюм (қысқы)

Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар үшін әйел адамның нысанды киімдері (погонсыз) (салтанатты, күнделікті жазғы және күнделікті қысқы)

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Салтанатты костюм

Күнделікті жазғы костюм

Күнделікті қысқы костюм

Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар үшін әйел адамның нысанды киімдері (погонсыз) (арнайы далалық жазғы және арнайы далалық қысқы)

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2017 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Далалық костюм (жазғы)

Далалық костюм (қысқы)

Бас киімдер


Фуражка


Пилотка


Кепи

      Ескертпе: Ер адамның нысанды киімі жазғы және қысқы болып бөлінеді.

      1. Ер адамның нысанды киімінің жинағы:

      костюм пиджак және шалбардан тұрады, ақ жейдемен және галстукпен киіледі, жүнді костюмді маталардан әзірленеді, қою сұр түсті (ылғалды асфальт) жартылай жабысып тұратын, жеңдері втачитетілген ілме өңірлі пиджак. Жабысуы кесінді жақтың өсебінен жүзеге асады. Қалдырылған жаға мәнерлі қайырмалармен, ілгегі қайырманың майыстыруына дейін екі формалы түймесіне дейін. Клапандары бар сөрелер алдыңғы қыштаулы тігісі қиық қалталарға дейін. Сол сөре листочкасымен жоғарғы қалта. Арқа тігісі ортасында. Екі тігісті жеңдерінің төменгі жағында екі формалы түймелері бар. Борттарда, қайырмаларда, жағада және пиджактың астымен 0,2-0,3 см жиегінен өңдеу тігісі салынған. Пиджак астарланған. Бұйымның борты дөңгелектенген;

      костюмның сол жеңінің жіліншегінен 10 см төмен жерде белгіленген үлгідегі жеңдік жапсырма тігіледі;

      шалбардың алдыңғы бөліктерінің белінде бір бүкпесі және екі жағында қалталары бар. Шалбардың артыңғы бөліктерінің белінде 2 қыштаулы тігісі (әр бөлікте бір-бірден) бар. Оң жақ артыңғы бөлігі рамка түрінде қалтасымен, ол бір түйме мен ілгекке тиектеледі. Шалбары притачты белбеуімен. Белінде белбеуді өткізу үшін 6 тігісі бар. Алдыңғы жартысында молния түрінде ілгекпен өңделеді, белі 1 түймеге салынады. Шалбары манжетсыз, астыңғы ені 25 см-ден аспайды;

      үстіңгі жейде ақ (сұр және көгілдір) түсті, жейденің төменгі жағында бүйір тігістері төрт қатар резинкамен тартылып, сырып тігіледі. Жағасы втачитетілген жолымен 1 түймелі ілгегі бар. Жеңі ұзын, манжетімен. Манжеттің бұрышы домаланған, ортасында түймеге және ілгекке салынады. Шлицасында түйме және ілгек бар. Сөре ілгегі 6 түймеге және ілгекке арналған. Сөре бұрышы домаланған 2 қалтадан және 2 түйме мен ілгек клапаннан тұрады. Жейде жеңіл жейдеге арналған матадан әзірленеді;

      шалбардың белбеуі қара түсті, теріден жасалады;

      галстук костюмнің түсіндей, жібектен әзірлененеді;

      бас киімі костюмнің түсіндей, жартылай жүндік матадан жасалып, алдыңғы жағының ортасында белгіленген үлгідей эмблема мен кокарда жабыстырылады;

      күзгі туфли қара түсті, өкшесінің биіктігі 2 см-ден аспайды;

      кәжекей жартылай жүнді қою көк (қою сұр) түсті. 32/2 иірілген жіптен. Трикотаждан, түзу силуэтті. Трикотажы тегіс, мойыны V түрінде. Мойыны 4 см енді құрайтын екі қабатталған. Кеудешенің асты созылымдылық тоқымадан, белі екі қабатты тоқымадан тоқылады;

      пальто жартылай жабысып тұратын, жеңдері втачитетілген ілме өңірлі. Драптан әзірленеді. Ерлердің пальтосына жартылай жүндік мақталы астарымен ілігеді және қара түсті цигейка терісінен жасалған жаға ілігеді. Ілгегі қайырманың майыстыруына дейін үш формалы түймеге салынады. Сөрелері екі жақты алдыңғы листочкасымен қалталары бар. Арқасы кесілген шетпен, тігісі ортасында. Жеңдері екі тігісті втачитетілген, төменде жеңдердің жоғарғы бөлігінде алтын түсті оқамен айырылатын қалыптар тігіледі. Жеңнің төменгі жағы мен қалыптың төменгі шеті 9,5 см қашықтықта (дайын түрде). Борттарда, қайырмаларда, жағада 0,4-1 см жиегінен өңдеу тігісі салынған. Сөрелерінің үстіңгі матадан рамка түрінде қалтасымен астары алдыңғы вытачкалары қиық қалталарға дейін.

      пальтоның сол жеңінің жіліншегінен 10 см төмен жерде белгіленген үлгідегі жеңдік жапсырма тігіледі;

      құлақшын бөрік формалы сырып тігілген мақталы астарымен, ол төрт сыналы қалпақтан, козыректан, желкелікке қара түсті цигейка жүнінен тұтас тігілген құлақшыннан тұрады. Құлақшындардың шетіне тоқыма бауы тігілген. Козыректың шетінде белгіленген үлгідегі эмблема жапсырылады;

      құлақшын бөріктің барлық бөлшектері козырек пен желкеліктің ортаңғы сызығына қарсы орналасқан қалпақтың ортаңғы тігістері симметриялы орналасқан;

      бәтеңкелер қара түсті, жылы теріден, өкшесінің биіктігі 2 см-ден аспайды;

      кашне (шарф) қою көк үсті, тоқылған, 100х20 см шамасында, шеттерінде ұзындығы 2 см құрайтын шашағы бар;

      қолғап бес бармақты, жартылай жүнді трикотажды, тығыз тоқымадан, көк түсті болады. Қолында трикотажды тоқылған резеңкесі бар;

      2. Ер адамның нысанды далалы (арнайы жазғы және арнайы қысқы) киімі:

      костюмі кеудешеден, шалбардан, желеткеден және кепкадан тұрады, қою сұр түсті синтетикалық маталардан әзірленеді;

      кеудешесі еркін түрде, түзу, ілгегінде "молния". Жағасы тік қалдырылған. Сөрелері екі үлкен үстіңгі клапанды қалталардан және екі жағында екі қапталған қалталарынан тұрады;

      кеудешенің сол жағында (экологиялық инспекция) көкірек жапсырмасы тігіледі;

      шалбардың алдыңғы бөліктерінің белінде бір бүкпесі және екі жағында қалталары бар. Шалбардың беліндегі бүйірлі тігістерінен жоғары екі тікбұрышты түрдегі белдік және алты шлевок орналасқан. Белдік түймеге ілгек тағу арқылы жабылады, ол белінде реттеледі. Шалбар молния түрінде ілгекпен және белінде 1 түймеге салынады;

      желетке қой сұр түсті синтетикалық матадан әзірленеді;

      кепка үш қабатты, ортаңғы және екі жақты бөліктерден, кекілдірік пен козыректан тұрады. Кепканың ортасында белгіленген үлгідегі эмблема орналасқан;

      жейде тік нұсқада мойыны V түрінде, жеңіл трикотажды матадан әзірленеді, жеңі қысқа;

      футболка мақта-матадан, тік нұсқада, қою сұр түсті. Жеңіл трикотажды матадан әзірленеді, жеңі қысқа;

      далалы бәтеңкелер қара түсті, жылы теріден, өкшесінің биіктігі 2 см-ден аспайды;

      желетке қой сұр түсті синтетикалық матадан әзірленеді;

      кепка жылы астары бар, қой жүнімен қапталған, үш қабатты, ортаңғы және екі жақты бөліктерден, кекілдірік, құлақтардан мен козыректан тұрады, түсі костюмның түсіндей.

      кепканың ортасында белгіленген үлгідегі эмблема орналасқан;

      жемпір мақталы трикотажды матадан, тік нұсқада, мойыны V түрінде, жеңі бір тігісті ұзын;

      бәтеңкелер қара түсті, жылы теріден, өкшесінің биіктігі 2 см-ден аспайды.

      3. Әйел адамның нысанды киімінің жинағы:

      костюм жакеттен және белдемшеден тұрады, ақ жейдемен және галстукпен киіледі, жүнді костюмді маталардан әзірленеді, қою сұр түсті (ылғалды асфальт);

      жакет жартылай жабысып тұратын нұсқада, жеңдері втачитетілген ілме өңірлі, жағасы қалдырылған мәнерлі қайырмалармен. Жакет ілгегі қайырманың майыстыруына дейін екі формалы түймесіне жабылады. Сөрелер алдыңғы қыштаулы тігістері қиық қалталарға дейін. Арқасы кескінді бүйірімен, ортасында тігісі орналасқан. Екі тігісті жеңдерінің төменгі жағында екі формалы түймелері бар. Борттарда, қайырмаларда, жағада және пиджактың астымен 0,2-0,3 см жиегінен өңдеу тігісі салынған. Жакет астарланған. Бұйымның борты дөңгелектенген;

      жакеттің сол жеңінің жіліншегінен 10 см төмен жерде белгіленген үлгідегі жеңдік жапсырма тігіледі;

      жакеттің сол жағында белгіленген үлгідегі белгішік тағылады;

      белдемшесі екі тігісті. Алдыңғы ен белінен екі қыштаулы тігіспен, артыңғы ен белінен екі қыштаулы тігіспен және ортасында шлицасымен. Ілгегі ортаңғы тігісте молнияға жабылады. Белдемшенің белбеуі бір ілгекпен, бір түймеге ілігеді. Белдемшенің ұзындығы тізеден төмен. Белдемше астарланған;

      жейде ақ (сұр және көгілдір) түсті, жартылай жабысып тұратын нысанда, оны белдемшеге шығарып не салып киеді. Жағасы тұратын тігіспен, 1 түймеге тағылады. Жеңі ұзын манжетпен. Манжет домаланған бұрыштарымен, ортасында түйме мен ілгегі бар. Шлицасы түйме мен ілгегіпен. Сөре ілгегі 6 түймеге және ілгекке арналған. Сөре бұрышы домаланған 2 қалтадан және 2 түйме мен ілгек клапаннан тұрады.

      Жейденің шеттерінде кішкентай қиық бар. Жейде жеңіл жейдеге арналған матадан әзірленеді;

      галстук костюмнің түсіндей, жібектен әзірленеді;

      пилоткасы стандартты;

      пилоткада алтын түсті лавр жапырақтарымен оралған бас киімге арналған белгіленген үлгідегі эмблема жабыстырылады,

      күзгі туфли қара түсті, терісі, өкшесінің биіктігі 5 см-ден аспайды;

      жейде сұр түсті, жартылай жабысып тұратын нысанда, оны белдемшеге шығарып не салып киеді. Жағасы тұратын тігіспен, 1 түймеге тағылады. Жеңі ұзын манжетпен. Манжет домаланған бұрыштарымен, ортасында түйме мен ілгегі бар. Шлицасы түйме мен ілгегіпен. Сөре ілгегі 6 түймеге және ілгекке арналған. Сөре бұрышы домаланған 2 қалтадан және 2 түйме мен ілгек клапаннан тұрады. Жейденің шеттерінде кішкентай қиық бар. Жейде тығыз жейдеге арналған матадан әзірленеді;

      кәжекей жартылай жүнді қою көк (қою сұр) түсті. 32/2 иірілген жіптен. Трикотаждан, түзу силуэтті. Трикотажы тегіс, мойыны V түрінде. Мойыны 4 см енді құрайтын екі қабатталған. Кеудешенің асты созылымдылық тоқымадан, белі екі қабатты тоқымадан тоқылады;

      пальто жартылай жабысып тұратын, жеңдері втачитетілген ілме өңірлі. Драптан әзірленеді. Әйелдердің пальтосына жартылай жүндік мақталы астары ілігеді және қара түсті цигейка терісінен жасалған жаға ілігеді. Ілгегі қайырманың майыстыруына дейін төрт формалы түймеге салынады. Сөрелері екі жақты алдыңғы листочкасымен қалталары бар. Арқасы кесілген шетпен, тігісі ортасында. Жеңдері екі тігісті втачитетілген, төменде жеңдердің жоғарғы бөлігінде алтын түсті оқамен айырылатын қалыптар тігіледі. Жеңнің төменгі жағы мен қалыптың төменгі шеті 9,5 см қашықтықта (дайын түрде). Жаға мен борттары таза шеттермен оралған. Борттарда, қайырмаларда, жағада 0,7-1 см жиегінен өңдеу тігісі салынған. Сөрелерінің үстінгі матадан рамка түрінде қалтасымен астары алдыңғы вытачкалары қиық қалталарға дейін.

      пальтоның сол жеңінің жіліншегінен 10 см төмен жерде белгіленген үлгідегі жеңдік жапсырма тігіледі;

      құлақшын бөрік формалы сырып тігілген мақталы астарымен, ол төрт сыналы қалпақтан, козыректан, желкелікке қара түсті цигейка жүнінен тұтас тігілген құлақшыннан тұрады. Құлақшындардың шетіне тоқыма бауы тігілген. Козыректың шетінде белгіленген үлгідегі эмблема жапсырылады;

      құлақшын бөріктің барлық бөлшектері козырек пен желкеліктің ортаңғы сызығына қарсы орналасқан қалпақтың ортаңғы тігістері симметриялы орналасқан;

      етігі қара түсті, жылы теріден, өкшесінің биіктігі 5 см-ден аспайды;

      кашне (шарф) қою көк үсті, тоқылған, 100х20 см шамасында, шеттерінде ұзындығы 2 см құрайтын шашағы бар;

      қолғап бес бармақты, жартылай жүнді трикотажды, тығыз тоқымадан, көк түсті болады. Қолында трикотажды тоқылған резеңкесі бар;

      4. Әйел адамның нысанды далалы (арнайы жазғы және арнайы қысқы) киімі:

      костюмі кеудешеден, шалбардан, желеткеден және кепкадан тұрады, қою сұр түсті синтетикалық маталардан әзірленеді;

      кеудешесі еркін түрде, түзу, ілгегінде "молния", астары жоқ. Жағасы тік қалдырылған. Сөрелері екі үлкен үстіңгі клапанды қалталардан және екі жағында екі қапталған қалталарынан тұрады. Сол сөренің шетімен жағаның үстінен астына дейін дайын түрде 5 см планка тігілген. Арқасының ортасында тігісі бар, арқада белінің бойында және сөреде кулиск орналасқан. Жеңдері ұзын бір тігісті астында манжетімен, манжеттердің шеттерінде кескіндері бар. Үстінде кескін екі көлденең тігіспен ұсталған, олардың арасындағы қашықтық 0,5 см тең. Манжет тігісінің үстіңгі бөлігінде екі бүкпесі бар. Манжеттері бір формалы түйме мен ілгекке тағылады. Үстіне жабыстылыратын қалталар, проймалы жаға, манжеттері еттен 0,5 см қашықтықта тігілген;

      шалбар белдікпен алдыңғы бөліктерінің екі жағында қалталары бар. Шалбардың беліндегі бүйірлі тігістерінен жоғары екі тікбұрышты түрдегі белдік және алты шлевок орналасқан. Белдік түймеге ілгек тағу арқылы жабылады, ол белінде реттеледі. Шалбар молния түрінде ілгекпен және белінде 1 түймеге салынады;

      желетке қой сұр түсті синтетикалық матадан әзірленеді. Көкірек белгісі желеткенің сол жағына тағылады;

      кепканың астары тігілген, үш қабатты, ортаңғы және екі жақты бөліктерден, кекілдірік, құлақтар мен козыректан тұрады, түсі костюмның түсіндей. Кепканың ортасында белгіленген үлгідегі эмблема орналасқан;

      жейде жартылай жабысып тұратын нысанда, домалақ мойынды, жеңіл трикотаж материалынан әзірленеді, жеңі қысқа;

      футболка мақта-матадан, тік нұсқада, қою сұр түсті. Жеңіл трикотажды матадан әзірленеді, жеңі қысқа;

      бәтеңкелер қара түсті, жылы теріден, өкшесінің биіктігі 5 см-ден аспайды;

      жемпір мақталы трикотажды матадан, тік нұсқада, мойыны домалақ түрінде, жеңі бір тігісті ұзын.