«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің «Біліктілік емтиханын қабылдау және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 16 наурыздағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6837 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 07.04.2011 ж. № 134-137 (26539) жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біліктілік емтиханын қабылдау және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру жөніндегі Нұсқаулықта:
2-тармақ келесі редакцияда берілсін:
«2. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына үміткер адам біліктілік емтиханын тапсыру үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органына келесі құжаттарды ұсынады:
1) жеке куәлік көшірмесін;
2) еркін нысандағы арызын;
3) жоғары білімі туралы дипломның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмесін (ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болған жағдайда - дипломдардың көшірмелерін);
4) арнайы кәсіби даярлығының нәтижесі жөніндегі тәлімгердің жазбаша пікірін;
5) арнайы кәсіби даярлықтан өткендігі жөніндегі есебін;
6) өмірбаянын;
7) екі фотосуретін (көлемі – 3х4);
8) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы аумақтық бөлімшесі басшысының ұсынымын»;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу Ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 16 наурыздағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік Тізілімде тіркелді № 6836, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587)):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу Ережесіне:
5-тармақ келесі редакцияда берілсін:
«5. Сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын сот сарапшылары комиссияға:
1) өмірбаянын;
2) жоғары білімі туралы дипломның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмесін (ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болған жағдайда дипломдардың көшірмесін);
3) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін біліктілік куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмесін (оған қосымшалардың);
4) сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмесін ұсынады.
5) соңғы бес жыл ішіндегі сарапшы қорытындыларына рецензиялар».
2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет Министрі Р. Түсіпбеков