Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 наурызда № 6836 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 27.02.2015 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу Ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысын аттестаттау Ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 127 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6209 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 11.11.2010 ж. № 506-512 (26355) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2011 жылғы 16 наурыздағы
№ 114 бұйрығымен   
бекітілген      

Қазақстан Респубикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) сот сарапшыларының аттестаттауын жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензия негiзiнде сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын адамдар олардың кәсiптiк даярлығының деңгейiн анықтау мақсатында бес жылда бiр рет Комиссия жүргiзетiн аттестаттаудан өтедi.
      3. Аттестаттауға жататын сот сарапшыларының тізімі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Аттестаттаудан өту кестесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының басшысы бекітеді.
      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сот сарапшысы аттестаттаудан өту үшін, Комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:
      1) кәсіптік даярлығының деңгейін, іскерлік және адамгершілік сипатын көрсететін, сот сарапшысына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы органының басшысының немесе аймақтық бөлімінің бастығы берген мінездеме;
      2) жоғары білімі туралы дипломның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы органының кадрлық қамтамасыз ету қызметімен куәландырылған көшірмесі (ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болған жағдайда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы органының кадрлық қамтамасыз ету қызметімен куәландырылған көшірмелері);
      3) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін біліктілік куәлігінің (оған қосымшалардың) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы органының кадрлық қамтамасыз ету қызметімен куәландырылған көшірмесі;
      4) соңғы бес жыл ішіндегі сарапшы қорытындыларына рецензиялар;
      5) соңғы бес жыл ішіндегі көтермелеулер мен тәртіптік жазалаулар (олар болған жағдайда) туралы бұйрықтардың көшірмелері.
      5. Сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын сот сарапшылары комиссияға:
      1) өмірбаянын;
      2) жоғары білімі туралы дипломның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмесін (ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болған жағдайда дипломдардың көшірмесін);
      3) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін біліктілік куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмесін (оған қосымшалардың);
      4) сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмесін ұсынады.
      5) соңғы бес жыл ішіндегі сарапшы қорытындыларына рецензиялар.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.01.12 № 5 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы аттестатталушы сот сарапшыларын аттестаттаудан өткізу мерзімдері туралы оның өткізілуінің басталуына дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етеді.
      7. Аттестаттауға жататын сот сарапшылары аттестаттау материалдарын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы басшысы бекіткен тізімге сәйкес Комиссияға, оның отырысы басталғанға дейін 10 күнтізбелік күнінен кешіктірмей жолдайды.

2. Аттестаттауды жүргізу тәртібі

      8. Аттестаттау, сот сарапшысының таңдауымен мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіліп, 2 кезеңнен тұрады:
      1) қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік құқықтары, криминалистика, әкімшілік құқық, Заң бойынша сұрақтар кіретін компьютерлік тестілеу;
      2) белгілі бір сарапшылық мамандық бойынша біліміне тексеру жүргізілетін әңгімелесу.
      9. Тестілеуден өту кезінде аттестаттауға жататын сот сарапшысының көмекші құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиеттерді), сондай-ақ аудиожазбалар мен байланыс құралдарын пайдалануына жол берілмейді.
      10. Тестілеуден өтуінің шекті мәні болып ұсынылған тестілік сұрақтардың 70% дұрыс жауаптар құрайды.
      11. Егер тестілеудің нәтижесі тестілеуден өтудің шекті мәнінен кем болса, сот сарапшысы аттестаттаудың келесі кезеңіне жіберілмейді.
      12. Әңгімелесу белгілі бір сарапшылық мамандық бойынша жүргізіледі.
      13. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған құжаттарды және тестілеудің нәтижесін зерделеп әңгімелесу өткізеді, одан кейін келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
      1) аттестатталды;
      2) аттестатталмады.
      14. Алғашқы аттестаттауда аттестатталмаған сот сарапшысы бір рет қана қайта аттестатталуға жатады.
      15. Қайта аттестаттау осы Ереженің 8-тармағымен белгіленген тәртіппен алғашқы аттестаттау өткен күннен бастап үш ай өткен соң өткізіледі. Қайта аттестаттау кезінде алғашқы аттестаттаудың тестілеуінен өту кезінде шекті мәннен артық баға алған сот сарапшысы қайта тестілеуден өтпей-ақ әңгімелесуге жіберіледі.
      Аттестаттау комиссиясы, сот сарапшысы қайта аттестаттаудан өткен кезде, келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
      1) аттестатталды;
      2) аттестатталмады.
      16. Аттестаттаудың нәтижесі, Осы Ереженің № 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамада көрсетіледі.
      17. Комиссия шешімі, осы Ереженің № 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия Қорытындысы түрінде 2 данада толтырылады.
      18. Комиссия Қорытындысы сот сарапшысына Комиссия отырысы өткен күннен бастап бір ай ішінде, бес жыл мерзімге беріледі.
      19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысын аттестаттауды өткізу кезінде туындайтын даулар, сот тәртібімен қаралады.

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрлігінің   
аттестаттау комиссиясының
сот сарапшысының        
аттестаттауын жүргізу   
Ережесіне № 1-қосымша   

Нысан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының 20__ жылғы «__» __________ отырысының
№ ____ хаттамасы

      _____________________ қаласы

      Төраға _______________________________________________________

      Комиссия мүшелері ____________________________________________

      Хатшы ________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 20__ жылғы «__»_______ № ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін аттестаттау комиссиясының қарауына _____________________________________________
                              (тегі, аты, әкесінің аты)
аттестаттау материалдары ұсынылды.

____________________________________________________________________
      (сот сарапшысына ұсыным, кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ, өмірбаян, мінездеме, дипломдардың көшірмесі; сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігі (оған қосымшалар); сарапшы қорытындыларына рецензия, көтермелеулер мен тәртіптік жазалаулар (егер олар болса) туралы бұйрықтардың көшірмелері)

      1 кезеңнің нәтижесі (компьютерлік тестілеуді жүргізу):
      ______ балл, 2 кезеңге «жіберіледі»/ «жіберілмейді»
                              (қажеттісін сызу керек)
      Өткізілген әңгімелесудің қысқаша мазмұны
      1. ___________________________________________________________
      2. ___________________________________________________________
      3. ___________________________________________________________
      Шешім қабылдау бойынша аттестаттау комиссиясы мүшелерінің дауыс беру нәтижелері: «қолдаған» ______, «қарсы» _______ дауыс
      Аттестаттау комиссиясы былай деп шешті:
      1) ___________________________________ аттестатталды
                       (Т.А.Ә.)
      2) ___________________________________ аттестатталмады
                       (Т.А.Ә.)

      Комиссия төрағасы: _________ _________________________________
                           (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)

      Комиссия мүшелері: _________ _________________________________
                           (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)
                         _________ _________________________________
                           (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)
                         _________ _________________________________
                           (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)

      Хатшы:             _________ _________________________________
                           (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрлігінің   
аттестаттау комиссиясының
сот сарапшысының        
аттестаттауын жүргізу   
Ережесіне № 2-қосымша   

Нысан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының 20__ жылғы «__» __________
қорытындысы

____________________ қаласы

Комиссия төрағасы ___________________________________________

комиссия мүшелері ___________________________________________
                  ___________________________________________
                  ___________________________________________
хатшы             ___________________________________________

құрамындағы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 20__ жылғы «__»_______ № ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін аттестаттау комиссиясы__________________________________________________________
                   (Тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы )
_________________________________ аттестаттау ісін қарастырып,      

Шешті:
      ______________________________ аттестатталсын
               (Т.А.Ә.)
      ______________________________ аттестатталмасын
               (Т.А.Ә.)
 

      Комиссия төрағасы: _________ _________________________________
                           (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)

      Комиссия мүшелері: _________ _________________________________
                           (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)
                         _________ _________________________________
                           (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)
                         _________ _________________________________
                           (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)

      Хатшы:             _________ _________________________________
                           (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)