Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 16.06.2023 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасының 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық акпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.К. Орынхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | М. Орынханов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына 1-қосымша |
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің
қызметін бағалау әдістемесі (заңды тұлғалар үшін)
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2012.12.07 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 25.06.2013 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Субъектілер) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыратын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметтерін аккредиттеуден өткізу кезінде Субъектілер қызметінің тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге арналған.
Субъектілердің әрбір қызмет түрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген субъектінің рейтингтік парағында көрсетілген белгілі бір блокқа кіреді және 1 мен 20 балл шегінде бағаланады.
Уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау рейтингін соңғы 5 жылдағы мәліметтердің негізінде айқындайды. Егер субъектінің қызмет кезеңі 5 жылдан аспайтын болса, онда бағалау рейтингі барлық кезең бойынша айқындалады.
Әр блоктың көрсеткіштерінің мәні 0,1 ден 0,3 аралығындағы (Кn) салмақтық коэффициенттермен реттеледі.
1-блок. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет (ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламаларына сәйкес) К1 - 0,30 салмақтық коэффициентімен;
2-блок. Ғылыми әлеуеттің сапалық және сандық көрсеткіштері, К2 - 0,20 салмақтық коэффициентімен;
3-блок. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері, КЗ -0,20 салмақтық коэффициентімен;
4-блок. Нормативтік - құқықтық актілерді әзірлеу, К4 - 0,10 салмақтық коэффициентімен;
5-блок. Қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары, К5 - 0,10 салмақтық коэффициентімен;
6-блок. Қоғамдық іс-шаралар мен БАҚ-қа қатысу, К6 - 0,10 салмақтық коэффициентімен;
7-блок. Алыс және жақын шетелдердің ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастық, К7 - 0,10 салмақтық коэффициентімен анықталады.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің сапасы субъекті қол жеткізген көрсеткіштермен бағаланған жай балдарды қосу жолымен анықталады.
Субъектінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін бағалаудың интегралдық өлшемдері (ИӨ) мына формула бойынша анықталады:
ИӨ = К1 х Q1 + К2 х Q2 +......+Кn х Qn
Мұндағы: ИӨ - Субъектінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін бағалаудың интегралдық өлшемдері;
К1.....Кn - салмақтық коэффициенттер;
Q1.....Qn- бағалау өлшемдерінің тиісті блогындағы балдардың жалпы саны.
Әрбір өлшемнің балдық жүйесі сол және басқа да көрсеткіштердің маңыздылығына байланысты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізімі
1."Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 ж. 7 қарашадағы № 732 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелді № 2572, жариялануы: Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2003 ж., № 37-42. 882 бет).
2. "Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы № 732 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 447 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелді № 5820, жариялануы: "Заң газеті" 2009 жылғы 6 қараша, № 170 (1593)).
3. "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 ж. 7 қарашадағы № 733 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелді № 2573, жариялануы: Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2003 ж., № 37-42. 881 бет)).
4. № 2573 тіркелген "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.03 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы № 733 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы № 457 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелді № 2897, жариялануы: Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2005 ж. № 9-13, 51 бет).
5. "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы № 733 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009 жылғы 30 қазандағы № 496 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелді № 5861, жариялануы: "Заң газеті" 2009 жылғы 29 желтоқсан, № 197 (1790).