"Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 421 қаулысын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 733 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2573. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2011.07.15 № 309 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 421  қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. 1-3, 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу туралы нұсқаулық, мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу үшін қарауға ұсынылатын мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау туралы құжаттардың үлгі нысандары мен куәлік бекітілсін.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 457   бұйрығымен .
      2. Ғылым департаменті (В.Могильный) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Н.Бектұрғановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2003 жылғы 7 қарашадағы   
N 733 бұйрығымен бекітілген 
N 1 қосымша         

  Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды
аккредитациядан өткізу туралы
Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу туралы осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қараңыз.Z110407 мен "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 421 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді.

      2. Нұсқаулық мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізуді нақтылайды (бұдан әрі - Аккредитация).

      3. Аккредитацияны Жарғысында негізгі қызмет түрлерінің бірі ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы жұмыстарды жүзеге асыру болып бекітілген мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар ала алады.

      4. Тіркелген мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды және тізілім жүргізуді ғылыми ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштерінің тізбесі бойынша аккредитацияланушы ғылыми ұйымның қызметін бағалау негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Аккредиттеу органы) жүзеге асырады (бұйрыққа 2-қосымша).
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.10.30 N 496 (қолданысқы енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       5. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау мәселелерін алқалы әрі жариялы түрде қарау үшін Аккредитациялаушы орган консультативтік-кеңесшілік орган - Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
      Комиссия туралы ережені Аккредитациялаушы орган әзірлейді және бекітеді (нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес).

  2. Аккредитацияны өткізу тәртібі

      6. Мемлекеттік емес ғылыми ұйым аккредитация алу үшін Аккредитациялық органға мынадай құжаттарды:
      1) Аккредитациялық орган бекіткен нысан бойынша өтінішті (бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес);
      2) ұйым жарғысының нотариалды расталған көшірмесін;
      3) заңды тұлға ретінде ұйымның мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.

      7. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар ұсынған құжаттарды қарау құжаттарды берген күнінен бастап үш айлық мерзімнен кешіктірілмей Комиссия отырыстарында жүзеге асырады.

      8. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдардың құжаттарын зерделеудің қорытындылары бойынша Аккредитациялаушы орган оларды аккредитациялау (немесе аккредитациялаудан бас тарту) және 5 жыл мерзімге аккредитациялау туралы куәлік беру (немесе беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      Куәліктің нысанын Аккредитациялаушы орган бекітеді.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 457 бұйрығымен.  

      9. Аккредитациялау туралы куәлік немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешім мемлекеттік емес ғылыми ұйымға аккредитациялау немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айлық мерзімде беріледі.

      10. Аккредитациялау туралы куәлік беруден мына себептерге байланысты бас тартылады:
      1) осы Нұсқаулықтың 6-тармағына сәйкес талап етілген құжаттар түгел берілмеген;
      2) мемлекеттік емес ғылыми ұйым оның жарғысында бекітілген қызметтің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асырса;
      Мемлекеттік емес ғылыми ұйым көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда аккредитациялау туралы өтініш жалпы негізде қаралады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.10.30 N 496 (қолданысқы енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

   3. Куәліктің іс-әрекетін тоқтата тұру және тоқтату

      11. Мемлекеттік емес ғылыми ұйым өзінің Жарғысында бекітілген қызметтің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметпен айналысқан жағдайда Аккредитациялаушы орган өзінің шешімімен алты айға дейінгі мерзімге оларға берілген аккредитациялау туралы куәліктің іс-әрекетін тоқтата тұрады.

      12. Аккредитациялау туралы куәлік өзінің іс-әрекетін мынадай жағдайларда тоқтатады:
      заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы;
      куәліктің іс-әрекетін тоқтату себептерінің жойылмауы;
      мемлекеттік емес ғылыми ұйымның куәліктің іс-әрекетін тоқтату туралы ұсынымы;
      оның қолдану мерзімі аяқталғанда.

      13. Аккредитациялау туралы куәлік алған немесе куәліктерінің іс-әрекеті тоқтатылған мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар туралы ақпаратты Аккредитациялаушы орган мерзімді баспасөзде жариялайды.

Мемлекеттік емес ғылыми  
ұйымдарды аккредитациядан 
өткізу туралы нұсқаулыққа 
1 қосымша          

  Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау
жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 421  қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау мәселелерін алқалы және жариялы түрде қарау үшін Аккредитациялық орган консультативтік-кеңесшілік орган-мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

      3. Комиссия мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар аккредитациялау туралы куәлік беру, сондай-ақ қайтарып алу, іс-әрекетін тоқтата тұру немесе аккредитациялау туралы куәлік беруден бас тарту жөнінде ұсынған материалдарды қарау үшін құрылады.

      4. Комиссияның құрамына орталық атқарушы органдар мен ғылыми ұйымдардың өкілдері енеді.

      5. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

  2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      6. Комиссия:
      1) аккредитациялау үшін мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар ұсынған құжаттарды;
      2) аккредитациялау туралы куәлікті қайтарып алу және іс-әрекетін тоқтата тұру мәселелерін;
      3) білім беру ұйымдарының аккредитациялау мәселелері бойынша арыздарын, өтініштері мен ұсыныстарын.

  3. Комиссияның құқықтары

      7. Комиссия:
      1) мемлекеттік емес ғылыми ұйымды аккредитациялауға;
      2) заңнамада көзделген жағдайларда мемлекеттік емес ғылыми ұйымды аккредитациялаудан бас тартуға;
      3) заңнамада көзделген жағдайларда аккредитациялау туралы куәліктің іс-әрекетін тоқтата тұруға және (немесе) қайтарып алуға;
      4) Аккредитация алу үшін ұсынылған құжаттарды зерделеуге ғылым және ғылыми-техникалық қызмет жүйесінің қызметкерлерін тартуға ұсыным жасауға құқылы.

  4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      8. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар аккредитациялауға ұсынған құжаттарды қарау үшін Комиссия қажетіне қарай, бірақ та кемінде үш айда бір рет шақырылады.

      9. Комиссия мәжілісі Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3-сі жиналған жағдайда өткізіледі.

      10. Аккредитациялау туралы куәлікті беру, бас тарту, қайтарып алу немесе іс-әрекетін тоқтата тұру мәселелерін жариялы түрде қарау үшін Комиссия мәжілістері оларға бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ аккредитацияланған мемлекеттік емес ғылыми ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып, өткізілуі мүмкін.     

      11. Комиссия ашық дауыс беру арқылы (әдеттегі көпшілік дауыспен) мемлекеттік емес ғылыми ұйымды аккредитациялау, аккредитациялаудан бас тарту, мемлекеттік аккредитациялау туралы куәлігін қайтарып алу, іс-әрекетін тоқтата тұру туралы ұсынымдық сипаттағы ұсыныстар енгізеді.

      12. Комиссияның ұсынымдары аккредитациялау туралы куәлікті беру, беруден бас тарту, іс-әрекетін тоқтата тұру немесе қайтарып алу туралы шешімдерді дайындау үшін Аккредиттеу органына беріледі, олар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрықтары шыққаннан кейін күшіне енеді.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.10.30 N 496 (қолданысқы енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Комиссия мәжілісінің хаттамасын Комиссияның жауапты хатшысы жүргізеді.

      14. Комиссияның жауапты хатшысы іс жүргізуді, құжаттарды, анықтамаларды (актілерді), хаттамалар мен шешімдерді дайындауды жүзеге асырады, Комиссия мүшелерін мәжіліс өтетін орын мен уақыт туралы хабардар етеді, қабылданған шешімдердің орындалуын жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2003 жылғы 7 қарашадағы   
N 733 бұйрығымен       
N 2 қосымша бекітілген    

Мемлекеттік емес ғылыми ұйым
қызметінің негізгі көрсеткіштерінің
ТІЗБЕСІ Ұйым туралы мәліметтер

1.1. Ұйымның толық атауы __________________________________________
___________________________________________________________________
1.2. Ұйымның заңды мекен-жайы _____________________________________
___________________________________________________________________
            (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй N)
___________________________________________________________________
1.3. Меншік нысаны ________________________________________________
___________________________________________________________________
1.4. Құрылған жылы ________________________________________________
1.5. Банк реквизиттері ____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
1.6. Ұйымның филиалдары бар ма
___________________________________________________________________
олар бар болған жағдайда уәкілетті органға филиалдардың әрқайсысы
            бойынша және жиынтық нысандар беріледі

Ұйымның кадрлық әлеуеті туралы мәліметтер

1.7. Ұйымның негізгі қызметкерлерінің штаттық кестесі (аккредитациялау жылына):
___________________________________________________________________
Р/с |Лауазымы |Тегі, аты, |Білімі,  |Орташа |Ставка   |Төленетін
    |         | әкесінің  |ғылыми   |еңбек- |проценті | орташа
    |         |    аты    |дәрежесі |ақысы  |         |еңбекақысы
___________________________________________________________________
1      2          3        4       5       6           7

1.8. Шақырылған қызметкерлердің штаттық кестесі:

1.9. Кадрлық құрамның статистикасы (аккредитациялау жылына):
___________________________________________________________________
Р/с |              Көрсеткіштің атауы               | Саны, сомасы
___________________________________________________________________
1                         2                               3
___________________________________________________________________
1.  Жұмыс істеушілердің саны:      а) негізгі құрамы
                                   б) шақырылғандар
2.  1 жұмыс істеушінің орташа      а) негізгі құрамы
    еңбекақысы                     б) шақырылғандар
3.  Ғылым докторларының саны       а) негізгі құрамы 
                                   б) шақырылғандар
4.  Ғылым докторларының саны (35 жасқа дейін)
    (негізгі құрамы)
5.  Ғылым кандидаттарының саны     а) негізгі құрамы
                                   б) шақырылғандар 
6.  Ғылым кандидаттарының саны (35 жасқа дейін)
    (негізгі құрамы)
7.  Жоғары білімді қызметкерлердің саны
8.  Орта білімді қызметкерлердің саны
9.  Докторанттар мен ғылым докторы ғылыми дәрежесінің
    ізденушілерінің саны
10. Аспирантура бітіргеннен кейін бір жылдың ішінде,
    аккредитациялудың алдындағы соңғы үш жылда
    диссертация қорғаған аспиранттардың саны
___________________________________________________________________

       Ғылыми және инженер-техник қызметкерлерді аттестаттау туралы мәліметтер
      1.10. Ғылыми қызметкерлер қорғаған - докторлық (саны) және кандидаттық (саны) диссертациялардың саны.
      1.11. Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар штаттағы ғылыми қызметкерлердің орташа жасы (жас шамасы).
      1.12. Аттестатталған және аттестатталмаған ғылыми және инженер-техник қызметкерлердің саны.
      1.13. Жас мамандармен (саны) жасалған еңбек шарттарының саны.
      1.14. Біліктілік курстарынан өткен ғылыми қызметкерлердің саны.

       Ғылыми, ғылыми-техникалық және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері
      1.15. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет (аккредитациялау жылына және соңғы үш жылға).
      Аталған тармақ бойынша берiлген мәлiметтер тиiстi құжаттардың көшiрмелерiмен расталуы қажет.
___________________________________________________________________
Р/с|                Көрсеткіштер               | өлшем | 3 | 2 | 1
   |                                           |бірлігі|жыл|жыл|жыл
___________________________________________________________________
1. Орындалатын бағдарламалар   Республикалық
   мен жобалардың саны         бюджет           саны
                               Бюджеттен тыс
                               қаражаттар       саны
2. Жалпы көлемі                Республикалық    мың
                               бюджет           теңге
   ҒЗЖ-ны қаржыландыру         Бюджеттен тыс    мың
                               қаражаттар       теңге
3. Алынған нәтижелердің экономикалық            мың
   тиімділігі (құжаттамамен расталған)          теңге
4. Алынған авторлық куәліктердің
   (өнертабыстардың) патенттердің саны          саны
5. Ғылыми жарияланымдардың (мақалалар,
   конференцияларда жасалған баяндамалар,
   шығармалар жинақтары, монографиялар)
   - шетелдік басылымдардағы;
   - ЖАК тізбесіне енгізілген республикалық
   басылымдардағы.                              саны
6. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім
   мамандықтарының, оның ішінде аспирантура
   мен докторантура саны.                       саны
7. Әлемдік және жергілікті рынокта бәсекеге     мың
   қабілетті өнім шығару                        теңге
8. Ұйымның қаржылық-экономикалық                мың теңге
   жағдайы
___________________________________________________________________
       Ескерту: 1.15-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 457   бұйрығымен .

       Материалдық-техникалық және әлеуметтік қамтамасыз етілуі
      1.16. Ғимараттар мен құрылыстар:
___________________________________________________________________
Р/с |            Атауы           |   Пайдалануға  | Баланстық құны
    |                            | берілетін жылы |
___________________________________________________________________
  1               2                       3                 4
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     Жиыны: 
___________________________________________________________________
      Аталған тармақ бойынша берiлген мәлiметтер тиiстi құжаттардың көшiрмелерiмен расталуы қажет.
       Ескерту: 1.16-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 457   бұйрығымен .      

      1.17. Көлік құралдары:
___________________________________________________________________
Р/с |            Атауы           |   Пайдалануға  | Баланстық құны
    |                            | берілетін жылы |
___________________________________________________________________
  1               2                       3                 4
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     Жиыны: 
___________________________________________________________________

      1.18. Машиналар, құрал-жабдықтар, станоктар, байланыс құралдары, ЭБЖ және басқалар:

___________________________________________________________________
Р/с |            Атауы           |   Пайдалануға  | Баланстық құны
    |                            | берілетін жылы |
___________________________________________________________________
  1               2                       3                 4
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     Жиыны: 
___________________________________________________________________

      1.19. Ұйымдастыру техникасы мен кеңсе жабдығы:
___________________________________________________________________
Р/с |            Атауы           |   Пайдалануға  | Баланстық құны
    |                            | берілетін жылы |
___________________________________________________________________
  1               2                       3                 4
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     Жиыны: 
___________________________________________________________________

      1.20. Компьютерлердің жалпы саны және ІNTERNET-ке қосылған компьютерлер (саны).
      1.21. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жүргізуге арналған пайдалану алаңы (шаршы метр).
      1.22. Жобалау-конструкторлық бөлімдердің саны.
      1.23. Тәжірибелік өндірістер мен сынақ полигондарының саны.
      1.24. Станок паркінің саны.

200_ж. "___"_________

      Ұйым
      басшысы ________________________________________________
               (мөрдің орны) (Қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты)

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2003 жылғы 7 қарашадағы   
N 733 бұйрығымен       
N 3 қосымша бекітілген    

       Ескерту: 3-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 457   бұйрығымен

Қазақстан Республикасының                        
Білім және ғылым министрлігіне                   
_______________________________________________  
(заңды тұлғаның толық атауы, бұдан әрі - ұйым)  
_______________________________________________  
_______________________________________________  

Ө Т І Н І Ш

      Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы жұмыстарды
жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы бюджетінің қаражаты
есебінен ______________________ аккредитациядан өткізуді сұраймын
            (ұйымның атауы)

      Қосымшалар
___________________________________________________________________
Р/с|                 Құжаттардың атауы             |Барлығы туралы
   |                                               |    белгі
___________________________________________________________________
1.  Ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштерінің тізбесі
2.  Ұйымның заңды тұлға ретінде тіркелгені туралы
    куәліктің нотариалдық расталған көшірмесі.
3.  Ұйым Жарғысының нотариалдық расталған көшірмесі.
___________________________________________________________________

200_ж. "__"_________

      Ұйым
      басшысы _________________________________________________
               (мөрдің орны)  (Қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты)

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2003 жылғы 7 қарашадағы   
N 733 бұйрығымен       
N 4 қосымша бекітілген    

      Ескерту: 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 457   бұйрығымен .

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2003 жылғы 7 қарашадағы   
N 733 бұйрығымен       
N 5 қосымша бекітілген   

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.10.30 N 496 (қолданысқы енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

Мемлекеттік емес ғылыми ұйымды
аккредитациялау туралы
К У Ә Л І К
N____________

   Астана қаласы                        200__ жылғы "__"_______

Заңды тұлғаның атауы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Заңды мекен-жайы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Аккредитациялаушы органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қаражаты есебінен ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы жұмыстарды өткізуге құқық береді.

      (200__жылғы "__"___________ N_____ бұйрық)

      Куәлік 200__ жылғы "__"___________ дейін жарамды.

      Аккредиттеу органының басшысы

      М.О.

      Серия                           N______________