"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 545 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 8186 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 16 маусымдағы № 283 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 16.06.2023 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7106 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 360-367 және "Қазақстанская правда" газетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 253-257 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-қосымшада:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау рейтингін соңғы 5 жылдағы мәліметтердің негізінде айқындайды. Соңғы 5 жылдағы мәліметтерді ұсыну туралы талаптар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде құрылған субъектілерге қолданылмайды. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің халықаралық шарттарға жататыны халықаралық шартта анықталған субъекті мен атқарушы орган арасындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға арналған Келісім (шарт, келісім-шарт) түрінде расталады.".

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

М. Орынханов