Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 1 маусымда № 6988 тіркелді

Қолданыстағы

      «Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы Министрінің    
2011 жылғы 19 мамырда  
№ 256 бұйрығымен     
бекітілген        

Нысан

Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою
туралы хабарлама

20__ жылғы «___» __________ № ______
_____________________________________________________________________
                       (салық органының атауы)

      «Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сізге _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
             (салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы)

СТН ___________________________ ЖСН (БСН)____________________________
                                      (болған кезде толтыруға жатады)

      биоотын айналымы саласында 20___жылдың «___» ______ анықталған бұзушылықтар туралы__________________________________________________
                                (бұзушылықтың мазмұны)
__________________________________________________________хабарлайды.

      Осы хабарламаны берілген күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде орындамаған жағдайда Сіздің банк шоттарыңыз бойынша аталған мерзімнен кейін 5 жұмыс күні өткен соң шығыс операциялары тоқтата тұрылатын болады.
      Салық кодексінің 686-бабына сәйкес жоғарыда аталған хабарламамен келіспеген жағдайда салық төлеушінің немесе оның уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығы бар.
      Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы бар қосымша ____парақта.

      Салық органының басшысы
      (Басшысының орынбасары)____________________________ ___________
                                    (Аты-жөні)               (қолы)

      М.О.

      Хабарламаны алдым _____________________________________________
                           (салық төлеушінің аты-жөні, қолы, күні)
      Хабарлама салық төлеушіге тапсырылды
      _______________________________________________________________            (салық қызметі органының лауазымды тұлғасының аты-жөні,
                             қолы, күні)
      Хабарлама салық төлеушіге жіберілді____________________________
                    (жіберу және алу фактісі туралы растайтын құжат)