Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 1 маусымда № 6988 тіркелді

Жаңартылған

      «Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2011 жылғы 19 мамырда   
№ 256 бұйрығымен     
бекітілген        

Нысан

Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою
туралы хабарлама

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

20__ жылғы «___» __________                                 № _______
____________________________________________________________________
               (мемлекеттік кірістер органының атауы)

«Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы
15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сізге
_____________________________________________________________________
    (салық төлеушінің аты-жөні бар болған жағдайда немесе атауы)
ЖСН (БСН)____________________________
      (болған кезде толтыруға жатады)
биоотын айналымы саласында 20___жылдың «___»______
анықталған бұзушылықтар туралы ______________________________________
                                   (бұзушылықтың мазмұны)
_________________________________________________________ хабарлайды.

      Осы хабарламаны берілген күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс
күн ішінде орындамаған жағдайда Сіздің банк шоттарыңыз бойынша
аталған мерзімнен кейін 5 жұмыс күні өткен соң шығыс операциялары
тоқтата тұрылатын болады.
      Салық кодексінің 686-бабына сәйкес жоғарыда аталған
хабарламамен келіспеген жағдайда салық төлеушінің немесе оның
уәкілетті өкілінің жоғары тұрған мемекеттік кірістер комитетіне
немесе сотқа мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығы бар.
      Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы бар қосымша ___ парақта.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(Басшысының орынбасары)____________________________ _________________
                    (Аты-жөні, бар болған жағдайда)       (қолы)
М.О.
Хабарламаны алдым ___________________________________________________
                         (салық төлеушінің аты-жөні, бар болған
                                   жағдайда қолы, күні)
Хабарлама салық төлеушіге тапсырылды
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының аты-жөні бар
                  болған жағдайда, қолы, күні)
Хабарлама салық төлеушіге жіберілді _________________________________
(жіберу және алу фактісі туралы растайтын құжат)