Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 сәуірде № 6929 тіркелді.

Жаңартылған

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 30) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже бекітілсін.

      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Б.С. Әбдірәсіловке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Жұмағұлов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 126 бұйрығымен
бекітілген

Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 09.03.2021 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Үлгі ереже) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 30) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Министрлік туралы ереже) 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Үлгі ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) диссертациялық кеңестер – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) жанындағы алқалы органдар;

      2) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор – ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәрежелер.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Диссертациялық кеңестердің қызметін ұйымдастыру

      3. ЖЖОКБҰ-да диссертациялық кеңестер күнтізбелік 3 (үш) жылға құрылады және докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары бойынша:

      1) докторантура бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша;

      2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабының 2-тармағына сәйкес соңғы 3 (үш) жылда Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізіліміндегі докторантураның білім беру бағдарламалары;

      3) кемінде 3 (үш) жыл мерзімге аккредиттелген және Министрлік туралы ереженің 15-тармағының 21) тармақшасына сәйкес Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген докторантураның білім беру бағдарламалары;

      4) Министрлік туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес оқытудың 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші)-жылына даярлау бағыты бойынша бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың контингенті болған жағдайда жұмыс істейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 бұйрығымен (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3-1. Консорциалдық келісім болған жағдайда ЖЖОКБҰ-ның (бұдан әрі – әріптес ЖЖОКБҰ) мыналары бар:

      1)ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелуі;

      2)әріптес ЖЖОКБҰ докторанттары қатысатын мемлекеттік бюджеттен бағдарламалық-нысаналы немесе гранттық қаржыландыру шеңберінде соңғы 3 (үш) жылда докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары бойынша орындалып жатқан немесе орындалған жобалары;

      3) осы Үлгі ереженің 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген халықаралық рецензияланатын басылымдарда жарияланымдары бар, даярлау бағыты бойынша кемінде 3 (үш) ғалымы;

      4) тиісті немесе аралас даярлау бағыты бойынша әріптес ЖЖОКБҰ-ның білім беру процесіне қатысатын кемінде 3 (үш) ғалымы ғылыми ұйымдармен бірлесіп, диссертациялық кеңестер құруына жол беріледі.

      Ескерту. 2-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 09.01.2023 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ларда диссертациялық кеңестерді құру туралы өтінімді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) ЖЖОКБҰ-дан мынадай құжаттарды алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды:

      1) ілеспе хат;

      2) Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізілімінде соңғы 3 (үш) жылда докторантураның білім беру бағдарламаларының болуы (әскери, арнайы оқу орындарын (бұдан әрі – ӘАОО) қоспағанда);

      3) докторантураның тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар контингентінің болуы туралы мәлімет (ӘАОО-ларды қоспағанда);

      4) осы Үлгі ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелігіне үміткерлер туралы ақпарат;

      5) қолданыс мерзімдерін көрсете отырып, мәтінді пайдалануды анықтаудың, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша лицензиялық жүйесінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі (ӘАОО-лар үшін Плагиатқа тексеру жөнінде комиссия құру туралы мәлімет);

      6) докторантураның білім беру бағдарламасының кем дегенде 3 (үш) жыл мерзімге аккредиттелгені және Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілгені туралы мәлімет (ӘАОО-ларды қоспағанда).

      Ғылыми ұйыммен бірлескен диссертациялық кеңес құру туралы өтінімді әріптес ЖЖОКБҰ береді. Комитеттің диссертациялық кеңестің қызметін ұйымдастыру туралы шешімі қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Диссертациялық кеңестің құрамы 7 (жеті) адамнан аспауы тиіс. Диссертациялық кеңестің барлық мүшелерінде ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар.

      Диссертациялық кеңестің кемінде 3 (үш) мүшесі басқа ЖЖОКБҰ-лардың, ғылыми және (немесе) басқа да ұйымдардың өкілдері болып табылады.

      Диссертациялық кеңестің құрамында диссертациялық кеңестің 4 (төрт) мүшесі, оның ішінде төраға, төраға орынбасары және ғалым хатшы тұрақты мүшелер болып табылады.

      Диссертациялық кеңестің құрамында диссертациялық кеңестің 3 (үш) мүшесі докторлық зерттеу саласына байланысты докторанттың қорғау кезеңіне уақытша тағайындалады.

      Бұл ретте 8D01 Педагогикалық ғылымдар, 8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар білім беру салалалары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының 6-тармағына сәйкес халықаралық рецензияланатын басылымдарда мақаласы жоқ докторант қорғайтын жағдайда, диссертациялық кеңестің уақытша құрамына докторанттың диссертациялық жұмысына пікір беретін 1 (бір) шетелдік ғалым тартылады. Шетелдік ғалым келесі талаптардың біріне сәйкес келеді:

      1) шетелдік ғалымның жұмыс орны Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкинг оф Ворлд Юниверситиес) немесе Times Higher Education World University Rankings (Таймс Хайер Едукейшн Ворлд Юниверсити Ранкинг) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) халықаралық рейтингінің топ-500 (бес жүз) құрамына кіретін университет болып табылады;

      2) шетелдік ғалым соңғы 5 (бес) жылда Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базаларында индекстелетін журналдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу жариялаған;

      3) шетелдік ғалымда Elsevier (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли және Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Peter Lang (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) баспаларында (бұдан әрі – сенімді баспалар) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 (жүз) рейтингіндегі университет баспасында шығарылған монографиясы бар.

      Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері ретінде докторанттың ғылыми кеңесшілері, сондай-ақ докторантпен немесе оның ғылыми кеңесшісімен үлестес тұлғалар:

      1) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

      2) диссертация орындалған және (немесе) докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген ЖЖОКБҰ-ның және (немесе) ғылыми ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және қызметкерлері;

      3) соңғы 3 (үш) жыл ішінде бірге жариялаған мақалалардың және шолулардың тең авторлары;

      4) соңғы 3 (үш) жылда диссертацияның мазмұны бойынша Комитеттің теріс шешімін алған диссертациялар бойынша оң қорытынды берген ғылыми кеңесшілер немесе ресми рецензенттер болған мамандар тағайындалмайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарында құрылған диссертациялық кеңестерде мүшелерінің кемінде 1/3-ін (үштен бірін) басқа ЖЖОКБҰ-ның, ғылыми және басқа да ұйымдардың өкілдері құрайды, қалғандары штаттық қызметкерлер болып табылады. Докторлық зерттеу тақырыбына байланысты докторанттың қорғау кезеңіне диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін тағайындауға рұқсат беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-1. Әріптес ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйым арасында ғылыми кадрлар даярлау жөніндегі консорциумдық келісім болған кезде диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің кемінде үштен бірі ғылыми ұйымнан тағайындалады. Мұндай жағдайда диссертациялық кеңестің отырыстары әріптес ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйым базасында келісім бойынша өткізіледі.

      Ескерту. 2-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 09.01.2023 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      7. Диссертациялық кеңестің құрамына:

      1) диссертациялық кеңес құрылған ЖЖОКБҰ-ның ректоры;

      2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері;

      3) соңғы 5 (бес) жылда диссертацияның мазмұны бойынша Комитеттің теріс шешімін алған диссертациялар бойынша ғылыми консультанттар, жетекшілер болған мамандар кірмейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. ЖЖОКБҰ жанындағы диссертациялық кеңестердің құрамында кеңес мүшелерінің бірі шетелдік ғалым (ӘАОО-ны қоспағанда) болып табылады. Диссертациялық кеңес мүшелерінің жарияланымдарына қойылатын талаптарды ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ дербес белгілейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. ЖЖОКБҰ жанындағы диссертациялық кеңестің кемінде 4 (төрт) мүшесінде халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдары болады:

      1) 8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, 8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, 8D08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, 8D09 Ветеринария, 8D10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина), 8D11 Қызмет көрсетулер білім беру салалары бойынша соңғы 5 (бес) жылда Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында Сitescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын басылымдарда кадрлар даярлау бағыттарына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша кемінде 3 (үш) жарияланым;

      2) басқа білім беру салалары үшін соңғы 5 (бес) жылда Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index бөлімдері (Aртс энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) деректер базасында индекстелетін және Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректеріне сәйкес алғашқы үш квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында Сitescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын басылымдарда кадрлар даярлау бағыттарына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша кемінде 2 (екі) жарияланым.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақала ретінде соңғы 5 (бес) жылда – сенімді баспаларда немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 (жүз) рейтингіндегі университет баспасында шығарылған монография ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген монографияда тарау болған жағдайда (ізденушіге кемінде 3 (үш) баспа табағы тиесілі) ол халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір) мақала ретінде есепке алынады.

      ӘАОО жанындағы диссертациялық кеңестерде 3 (үш) мүшесінің соңғы 5 (бес) жылда Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) енгізілген журналдарда кемінде 10 (он) жарияланымы болады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 бұйрығымен (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      10. Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы және ондағы өзгерістер, сондай-ақ кеңестің төрағасы, төраға орынбасары және ғалым хатшысы ЖЖОКБҰ-ның Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ректордың бұйрығымен бекітіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-да диссертациялық кеңестер осы Үлгі ереженің 3 немесе 3-1-тармақтарының талаптарына сәйкестігі туралы Комитетті хабардар ете отырып, 3 (үш) жұмыс күні ішінде дербес құрылады. Диссертациялық кеңес құру туралы ақпарат ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысының бұйрығы шыққан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Жолданым/шағым болған жағдайда Комитет тиісті диссертациялық жұмысты және диссертациялық кеңесте өткен қорғау рәсімін тексереді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. ЖЖОКБҰ:

      1) диссертациялық кеңестің отырыстарын және диссертацияларды ашық түрде қорғауды өткізу үшін қажетті жағдайлармен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалану арқылы;

      2) диссертациялардың мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінде, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша тексерілуін қамтамасыз етеді. ӘАОО-лар Плагиатқа тексеру жөніндегі комиссияның болуын қамтамасыз етеді;

      3) диссертациялық кеңестің қызметіне байланысты шығыстарды, оның ішінде диссертациялық кеңес мүшелерінің іссапар шығыстарын төлеуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. ЖЖОКБҰ-дағы нақты кадрларды даярлау бағыты (мамандық) бойынша диссертациялық кеңестің жабылуына мыналар негіз болады:

      1) Комитеттің докторантқа дәреже беруден бас тартуға немесе қайта қорғауға жіберуге негіз болған осы кеңесте қорғалған диссертациялар бойынша 3 (үш) және одан да көп шешімі (ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ларды қоспағанда);

      2) докторантураның тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру қызметімен айналысуға берілген лицензиясынан айыру;

      3) докторантураның білім беру бағдарламасының аккредиттеу мерзімінің аяқталуы немесе аккредиттеуді кері қайтарып алу (ӘАОО-ларды қоспағанда);

      4) осы Үлгі ереже талаптарының бұзылуы анықталған 5 (бес) қорғауды өткізуі.

      Диссертациялық кеңес жабылғаннан кейін осы кеңесті білім беру бағдарламалары бойынша құру туралы өтінім 1 (бір) жылдан кейін беріледі.

      Диссертациялық кеңестің осы Үлгі ережеде белгіленген талаптарды бұзуы диссертациялық кеңестің тұрақты құрамын ауыстыруға негіз болады (3 (үш) қорғау бұзушылықтармен өткен жағдайда).

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 бұйрығымен (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Диссертациялық кеңестің функциялары

      14. Осы Үлгі ережеге сәйкес ЖЖОКБҰ-лар ЖЖОКБҰ-ның диссертациялық кеңесі туралы ережені әзірлейді және бекітеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Диссертациялық кеңестің функциялары:

      1) диссертацияны қорғауға құжаттарды қабылдау;

      2) диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін, қорғау күнін және ресми рецензенттерді тағайындау;

      3) диссертациялық кеңес мүшелерінің құрамынан докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын (плагиат) тексеру үшін комиссия (бұдан әрі – Диссертациялық кеңестің комиссиясы) құру;

      4) диссертацияның ашық түрде қорғауды өткізу;

      5) диссертация бойынша шешім қабылдау.

      15-1. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысының функциялары:

      1) қорғауға қабылдау және қорғауды өткізу рәсімдерін ұйымдастыру;

      2) диссертацияны "Антиплагиат" жүйесі бойынша тексеруге, ЖЖОКБҰ кітапханасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына, ресми рецензенттерге жіберу;

      3) диссертациялық кеңестің қызметі бойынша хат-хабарды жолдау;

      4) диссертациялық кеңестің сайтында материалдар мен ақпаратты орналастыру;

      5) диссертациялық кеңестің отырысын, оның ішінде бағдарламалық және техникалық құралдарды дайындау;

      6) диссертациялық кеңестің құжаттарын ресімдеу;

      7) Комитетке жолдау үшін құжаттар топтамасын дайындау (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-лар үшін).

      Хат-хабарлар ғалым хатшының ресми корпоративтік поштасынан жолданады. Ғалым хатшының міндеттерін басқа адамдарға, оның ішінде докторантқа жүктеуге жол берілмейді.

      Ескерту. 3-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Диссертациялық кеңестің мүшелері:

      1) объективті, толық және дәйекті мәліметтерді ұсынады;

      2) диссертация қорғауға қатысты деректерді жасыруға жол бермейді;

      3) ғылыми этиканың бұзылу фактілеріне ден қояды;

      4) шешім қабылдағанда қоғамдық пікірдің, тараптардың бірінің немесе үшінші тараптың әсеріне тәуелді болмайды;

      5) мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша шаралар қабылдайды;

      6) қызмет бабында кеңестің басқа мүшелерінің, докторанттардың, ғылыми кеңесшілер мен ресми рецензенттердің ары мен абыройына нұқсан келтіретін дөрекі, қорлайтын сөздерді, айыптауларды пайдаланбайды.

      Осы тармақта көрсетілген талаптардың орындалмау фактілері анықталған жағдайда диссертациялық кеңестің мүшесі оның құрамынан шығарылады.

      17. Күнтізбелік жыл аяқталған соң диссертациялық кеңес осы Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитетке диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп береді.

      18. Диссертациялық кеңес докторанттың диссертациялық жұмыс немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) бекітілген Дәрежелер беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5-1-тармағының талаптарына сәйкес жарияланған мақалалар сериясы нысанында ұсынған диссертациясын қорғауды өткізеді.

      19. Докторант оқыған ЖЖОКБҰ қорғауға құжаттарды қабылдауға дейін ЖЖОКБҰ бейінді бөлімшенің не құрылымдық бөлімшесінің ғылыми (академиялық) кеңесінің кеңейтілген отырысында (бұдан әрі – кеңейтілген отырыс) диссертацияны алдын ала талқылауды өткізеді.

      Кеңейтілген отырыс өткізуден 1 (бір) ай бұрын диссертация докторанттың ғылыми зерттеу саласы бойынша ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 2 (екі) маманға рецензияға жолданады.

      Кеңейтілген отырысқа бейінді (құрылымдық) бөлімше мүшелерінің кемінде 2/3-сі (үштен екісі), рецензенттер, құрылымдық бөлімшенің ғылыми немесе академиялық кеңесінің мүшелері, ғылыми кеңесшілер, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ның аралас (мәндес) кафедраларының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің, ғылыми және басқа да ұйымдардың өкілдері, практик мамандар (қолданбалы сипаттағы диссертациялар үшін) қатысады. Диссертацияны қорғауға ұсыну туралы шешім жай көпшілік дауыспен қабылданады. Егер диссертация Дәрежелер беру қағидаларының 4, 5 және (немесе) 6-тармақтарына сәйкес келмесе, диссертация қорғауға жіберілмейді.

      Қорғауға ұсынылған диссертацияға берілген ескертулермен келіскен жағдайда, докторант оларды диссертациясын диссертациялық кеңеске тапсырғанға дейін жояды.

      Кеңесшілер болмаған кезде отырыста докторант диссертациясы бойынша олардың пікірлерін төрағалық етуші немесе хатшы оқиды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Кеңейтілген отырыстың оң қорытындысын алғаннан кейін докторант өзі оқитын ЖЖОКБҰ басшысына қорғайтын диссертациялық кеңесті таңдау туралы өтініш береді.

      Егер докторант басқа ЖЖОКБҰ-ның диссертациялық кеңесін көрсетсе, онда докторант оқыған ЖЖОКБҰ 10 (он) жұмыс күні ішінде оның құжаттарын диссертациялық кеңеске жібереді. Докторант қорғау үшін таңдаған ЖЖОКБҰ-да ЖЖОКБҰ дербес бекіткен тәртіппен кеңейтілген отырыс өткізуге жол беріледі.

      ӘАОО-дағы докторант үшін тиісті мамандық (кадрлар даярлау бағыты) бойынша басқа ӘАОО-дағы диссертациялық кеңесті таңдауға жол беріледі.

      Диссертациялық кеңеске мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің пікірлері (ӘАОО-лар үшін отандық кеңесшілердің пікірлері);

      2) кеңейтілген отырыстың оң қорытындысы;

      3) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы диссертациялық жұмыс (егер диссертация диссертациялық жұмыс нысанында қорғалатын болса);

      4) қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аннотация. Аннотацияда қорғауға шығарылатын диссертациялық зерттеудің тақырыбы, мақсаты, зерттеу міндеттері, зерттеу әдістері, негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар), зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы, алынған нәтижелердің жаңашылдығы мен маңыздылығының негіздемесі, ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі, докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы жазылады;

      5) ғылыми еңбектердің тізімі және олардың көшірмелері;

      6) докторант оқыған ЖЖОКБҰ-ның Әдеп комиссиясының зерттеу объектілерінің (тірі табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі бұзушылықтардың болмауы туралы қорытындысы.

      Диссертациялық жұмыс қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды тіркеуді диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы жүзеге асырады және оларды 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде диссертациялық кеңеске ұсынады.

      Диссертацияны қорғауға қабылдау жөніндегі диссертациялық кеңестің отырысында кеңестің тұрақты құрамы осы Үлгі ереженің 5-тармағының талаптарына сәйкес диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін тағайындайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Құжаттар қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей диссертациялық кеңес диссертацияны қорғау күнін белгілейді және ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 2 (екі) ресми рецензентті тағайындайды. Рецензенттерде докторанттың зерттеу саласы бойынша Комитеттің Басылымдар тізбесіне және/немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) немесе Scopus (Скопус), деректер базасына енгізілген журналдарда және /немесе шетелдік рецензияланатын басылымдарда 5 (бес) ғылыми мақаласы немесе 1 (бір) монографиясы (жеке жазылған) бар.

      Диссертацияны қорғау күні диссертацияны қорғау күнін белгілеу күнінен 3 (үш) айдан аспауға тиіс. Қорғау күнін белгілеу кезінде докторанттар құжаттарының түсу кезегі сақталады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Диссертациялық кеңес ресми рецензенттерді тағайындау кезінде рецензенттердің, ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелді болмау принципін басшылыққа алады.

      Мыналар ресми рецензент бола алмайды:

      1) Комитет қызметкерлері;

      2) докторанттың диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының тең авторлары;

      3) диссертация орындалған және (немесе) докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген ЖЖОКБҰ-ның және (немесе) ғылыми ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және қызметкерлері;

      4) соңғы 3 (үш) жылда диссертацияның мазмұны бойынша Комитеттің теріс шешімін алған диссертациялар бойынша оң қорытынды берген ғылыми кеңесшілер немесе ресми рецензенттер болған мамандар;

      5) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Диссертациялық кеңес ЖЖОКБҰ интернет-ресурсында докторанттардың қорғауы және кеңес қызметі туралы мынадай материалдарды (мемлекеттік құпияларды немесе қызметтік пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын материалдар мен диссертациялардан басқа) орналастырады:

      1) докторант, диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері және ресми рецензенттер туралы ақпаратты, диссертацияны ұсыну нысанын, мекенжайын, күні мен уақытын (белгіленген қорғау күніне дейін 1 (бір) ай бұрын, тұрақты негізде қолжетімді болады) көрсете отырып, алдағы қорғау туралы хабарлама;

      2) диссертация (қорғаудың белгіленген күніне дейін 1 (бір) ай бұрын), сондай-ақ оның диссертациялық кеңестің ескертулері бойынша титул парағында тиісті белгілері бар пысықталған барлық нұсқалары (тұрақты негізде қолжетімді);

      3) қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аннотация (белгіленген қорғау күніне дейін 1 (бір) ай бұрын), аннотация көлемін ЖЖОКБҰ өз бетінше анықтайды;

      4) докторант жарияланымдарының тізімі (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

      5) ғылыми консультанттардың қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде қолжетімді болатын пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

      6) ресми рецензенттердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 5 (бес) жұмыс күні бұрын);

      7) қорғаудың толық көлемдегі бейнежазбасы, монтажға жол берілмейді (қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін 5 (бес) ай бойы қолжетімді);

      8) диссертациялық кеңестің диссертациялық жұмысты пысықтауға, қайта қорғауға жіберу туралы немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы қорытындысы (қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

      9) апелляциялық комиссияның шешімі (болған жағдайда, шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және шешім қабылдағаннан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

      10) осы Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп (күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады);

      11) осы Үлгі ережеге 3-қосымшаға сәйкес диссертациялық кеңестердің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру (беруден бас тарту) жөніндегі шешімдері туралы тоқсандық есеп (ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңестер үшін). Тоқсандық есеп тоқсан аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде орналастырылады және диссертациялық кеңестің қызметі мерзімінде қолжетімді;

      12) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломды беруді ұйымдастыру жөніндегі мәліметтер (ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңестер үшін);

      13) қорғаулар өткізу күнінің, уақытының, орнының өзгеруі және ресми рецензенттердің ауысуы туралы хабарландыру (болған жағдайда);

      14) диссертациялық кеңестің құрамы туралы ақпарат және диссертациялық кеңес қызметінің тәртібі;

      15) қолданыс мерзімдерін көрсете отырып, мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінің, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша лицензиялық жүйелерінің бар болуы туралы ақпарат;

      16) докторант оқыған ЖЖОКБҰ-ның жанындағы Әдеп комиссиясының зерттеу объектілерінің (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі бұзушылықтардың болмауы туралы қорытындысы (осы Үлгі ережеге 4-қосымшаға сәйкес);

      17) диссертациялық кеңестің бейнеконференция нысанындағы online (онлайн) отырысын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ақпарат.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Диссертациялық жұмыс ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсында орналастырылғаннан және (немесе) диссертация қабылдағаннан кейін (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын материалдары бар диссертациялар қорғалған жағдайда) оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Диссертациялық жұмыс пысықталған жағдайда оның соңғы нұсқасы философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы шешім қабылданғаннан кейін ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсында "Диссертациялық жұмыстың соңғы нұсқасы" деген белгімен орналастырылады.

      ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсында диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді орналастыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, кейін олар қорғауда ұсынылады. Авторын белгiлеу мүмкiн емес және автордың электрондық поштасы көрсетілмеген бейресми пікірлер қорғауда ұсынылмайды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Алдағы қорғау туралы хабарламаны диссертациялық кеңес қорғауға қабылдау күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитетке жолдайды.

      Ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңестердегі қорғаулар бойынша хабарламалар Комитеттің интернет-ресурсында түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын материалдар мен диссертациялардан басқа).

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Қорғауға қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңес докторанттың отандық және халықаралық деректер базалары бойынша плагиатты пайдалануын тексеру үшін диссертацияны "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ҰМҒТСО) жібереді. Титул беті және пайдаланылған әдебиеттер тізімі плагиатқа тексерілмейді.

      ҰМҒТСО диссертация түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оның мәтінін ашық қолжетімді түрде өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Диссертация тұрақты күйде қолжетімді болады.

      Мемлекеттік құпиялары немесе қызмет бабында пайдалануы үшін мәліметтері бар диссертацияларда докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдалануы ҰМҒТСО-да немесе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарында және (немесе) ғылыми ұйымдарында комиссия негізінде тексеріледі.

      27. Диссертацияның қағаз және (немесе) электронды тасымалдағыштағы данасы ЖЖОКБҰ-ның кітапханасына беріледі. Қорғағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы диссертацияның электронды тасымалдағыштағы даналарын Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына береді (мемлекеттік құпияларды және қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялардан басқа).

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Ресми рецензенттер диссертация мен жарияланған жұмыстарды зерделеу негізінде диссертациялық кеңеске осы Үлгі ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысанда жазбаша пікірлерін ұсынады.

      Егер диссертация мақалалар сериясы нысанында қорғалатын болса, ресми рецензенттер докторанттың зерттеу тақырыбы бойынша әр мақаланың ғылыми деңгейін зерделейді. Егер мақаланың 2/3 (үштен екі) және одан көп бөлігінің докторанттың зерттеу тақырыбымен байланысы болмаса, оны ресми рецензент ескермейді.

      Ресми рецензенттер пікірлерінде мына шешімдердің бірін көрсетеді:

      1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру (ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда) немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке ұсыныс жасау (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда);

      2) егер диссертация Қағидалардың 4 және (немесе) 6-тармақтарына сәйкес келмесе және (немесе) Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қағидаттарға (академиялық адалдық қағидатын қоспағанда) ішінара сәйкес келсе және (немесе) онда түзетуді талап ететін ескертулер болса, диссертацияны пысықтауға жіберу. Диссертация мақалалар сериясы нысанында қорғалатын жағдайда диссертация пысықтауға жіберілмейді;

      3) егер академиялық адалдық қағидаты бұзылған немесе ғылыми жаңашылдық, ішкі бірлік және дәйектілік қағидаттарына сәйкес келмеген болса, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту.

      Ресми рецензенттер пікірлерінің көшірмелері докторантқа диссертацияны қорғауға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      Ресми рецензенттер жазбаша түрде бас тартқан немесе рецензиялауға мүмкіндік болмаған жағдайда ауыстырылады. Егер ресми рецензентті ауыстыру туралы шешім 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктіріліп қабылданса, қорғау күні ауыстырылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. ҰМҒТСО анықтамасында, ресми рецензенттердің пікірлерінде және ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсындағы бейресми пікірлерде көрсетілген плагиат фактілері болған кезде Диссертациялық кеңес комиссиясы диссертацияны плагиатқа тексереді. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды диссертациялық кеңеске диссертация қорғауға дейін 8 (сегіз) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Диссертациялық кеңес Диссертациялық кеңес комиссиясының қорытындысы негізінде (қорғауға дейін кемінде 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей) докторантты қорғауға жіберу туралы шешім қабылдайды немесе диссертацияны қорғаудан алып тастайды. Диссертациялық кеңес қабылданған шешім туралы докторантқа 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлайды, сондай-ақ тиісті ақпарат ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсында орналастырылады (мемлекеттік құпиялары бар және қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертацияларды қорғау жағдайынан басқа).

      Докторанттың диссертациясын қорғауға дейін 7 (жеті) күннен кешіктірмей қорғаудан алып тастауға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Диссертациялық кеңестің төрағасы, төраға орынбасары және ғалым хатшысы докторанттың ғылыми кеңесшілері болып табылған жағдайда, диссертацияны қарау кезінде диссертациялық кеңестің отырысында өз міндеттерін орындай алмайды. Диссертациялық кеңес төрағасының міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен төраға орынбасарына, төраға орынбасары мен ғалым хатшының міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен оның мүшелеріне жүктеледі.

      Төраға, төраға орынбасары мен ғалым хатшы бір мезгілде болмаған жағдайда диссертациялық кеңестің отырысы өткізілмейді.

      Диссертациялық кеңес диссертация қорғалуының толық көлемде бейнежазбаға түсірілуін қамтамасыз етеді, монтажға жол берілмейді.

      32. Диссертациялық кеңестің отырысы егер оның жұмысына мүшелерінің кемінде 2/3-і (үштен екісі) қатысқанда заңды болып саналады. Ресми рецензенттердің және диссертациялық кеңестің уақытша тағайындалған мүшелерінің отырысқа қатысуы міндетті болып табылады.

      Диссертациялық кеңес мүшелері және ресми рецензенттер қорғауға бейнеконференция нысанында қатыса алады.

      Диссертацияны ашық қорғау интернет желісінде тікелей онлайн трансляция режимінде өтеді. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялар қорғалатын жағдайда диссертациялық кеңес мүшелері мен ресми рецензенттердің бейнеконференция нысанында қатысуына, сондай-ақ интернетте трансляциялауға жол берілмейді.

      Отырысқа практикалық саланың шақырылған мамандарының қатысуына жол беріледі (диссертация қолданбалы сипатта болса).

      Диссертациялық кеңес докторантқа, диссертациялық кеңес мүшелеріне, ресми рецензенттерге диссертациялық кеңес отырысын бейнеконференция нысанында өткізетіні туралы электрондық пошта және кеңестің сайтында хабарлама беру арқылы диссертация қорғауға кем дегенде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда хабарлайды.

      Диссертациялық кеңес отырысты бейнеконференция нысанында өткізгенде:

      отырысқа қатысатындардың визуалды идентификациясы;

      интернет желісінде отырысқа қатысушылар сөздерінің үздіксіз бейне- және аудио трансляциясы;

      отырыстың бейне- және аудиожазбасы;

      диссертациялық кеңес мүшелерінің жасырын дауыс беруі қамтамасыз етіледі.

      33. Диссертациялық кеңес келесі шешімдердің біреуін қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді:

      1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру (ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда) немесе Комитет алдында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке ұсыныс жасау (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда);

      2) диссертацияны пысықтауға жіберу (диссертация диссертациялық жұмыс нысанында қорғалған жағдайда ғана);

      3) диссертацияны қайта қорғауға жіберу;

      4) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруден не Комитет алдында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке ұсыныс жасаудан бас тарту (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда).

      Диссертациялық жұмыс егер оны түзету жұмыстың мәнін өзгертпей, мәтін бойынша елеусіз ескертулер болған жағдайда пысықтауға ұсынылады. Егер диссертация Қағидалардың 4 және (немесе) 6-тармағына сәйкес келмесе және (немесе) Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қағидаттарға (академиялық адалдық қағидатын қоспағанда) ішінара сәйкес келсе, онда ол қайта қорғауға жіберіледі. Академиялық адалдық қағидаты бұзылған немесе ғылыми жаңалық, ішкі бірлік, дәйектілік қағидаттарына сәйкес келмеген жағдайда диссертация философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Докторанттың ғылым консультанты, тікелей басшысы немесе жақын туысы болып есептелетін диссертациялық кеңестің мүшелері, сондай-ақ шақырылған мамандар дауыс беруге қатыспайды.

      Жасырын дауыс беруде ресми рецензенттер қатысады, олардың дауыстары диссертациялық кеңес мүшелерінің дауыстарына тең.

      Кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы шешімі, егер оған дауыс беруге қатысқандардың 3/4 (төрттен үші) және одан көбі дауыс берсе, қабылданды деп саналады.

      Кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту, диссертацияны пысықтауға не қайта қорғауға жолдау туралы шешімі, егер дауыс беруге қатысқандардың 2/3 (үштен екісі) және одан көбі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Егер дауыстар көрсетілген санға жетпесе, қайта дауыс беру өткізіледі, онда диссертацияны пысықтауға не, егер оған отырысқа қатысып отырған кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, қайта қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады.

      35. Қайта қорғауға жіберу немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанда диссертациялық кеңес диссертацияның осы Үлгі ереженің, Қағидаларының қандай талаптарына сәйкес келмейтіндігі көрсетілген қорытынды жасайды.

      Диссертациялық жұмысты қайта қорғау алдындағы қорғаудан 6 айдан кем емес уақыт өткенде осы Үлгі ережеде белгіленген тәртіппен өткізіледі. Диссертациялық кеңестің уақытша құрамы және ресми рецензенттер сақталады. Диссертация қайта қорғауға 2 (екі) реттен артық жіберілмейді.

      36. Диссертацияны пысықтауға жіберу туралы шешім қабылданғанда диссертациялық кеңес диссертациялық жұмыс бойынша нақты ескертулер қамтылған қорытынды шығарады.

      Пысықталған диссертациялық жұмыс диссертациялық кеңеске үш айлық мерзімде ұсынылады, оны 3 (үш) айдан артық мерзімге ұзартуға болмайды. Пысықтау мерзімін ұзарту туралы шешімді диссертациялық кеңес докторанттың өтініші негізінде қабылдайды. Егер пысықталған диссертациялық жұмыс белгіленген уақытта ұсынылмаса, докторант қайта қорғаудан өтеді.

      Докторант диссертациялық кеңестің ескертулерімен толық не жартылай келіспейтін жағдайда ол берілген ескертулерге дәйектелген жауаптарын ұсынады.

      Пысықталған диссертация ҰМҒТСО-ға плагиатқа тексеруге жіберіледі. ҰМҒТСО анықтамасын алғаннан кейін диссертациялық кеңес ресми рецензенттермен бірге пысықталған диссертациялық жұмысты және диссертациялық кеңестің ескертулерін жою мәніне ескертулерге жауаптарды (болған жағдайда) талқылау жөнінде отырыс өткізеді. Отырыс осы Үлгі ереженің 32-тармағында белгіленген тәртіппен өткізіледі. Бұл ретте интернетте онлайн трансляциясыз отырыстың бейнежазбасы жүргізіледі.

      Талқылаудан кейін жай көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы дәреже беру немесе қайта қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады.

      37. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ның жанындағы) диссертациялық кеңесте докторлық диссертация қорғалғаннан кейін докторанттың аттестациялық ісін жинақтайды, ол Комитетке күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жіберіледі. Докторанттың аттестаттау ісінде мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) диссертацияның ҰМҒТСО-ға жіберілген күні көрсетіле отырып, диссертациялық кеңес төрағасының қол қоюымен диссертациялық кеңес құрылған ЖЖОКБҰ бланкісіндегі ілеспе қолдаухаты (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялардан басқа);

      2) электронды тасымалдағыштағы диссертация. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын диссертация да қағаз тасымалдағышта беріледі;

      3) диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдар тізімі мен көшірмелері;

      4) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) ҰМҒТСО-ның диссертацияны плагиатқа тексергені туралы анықтамасы. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертация бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарындағы және (немесе) ғылыми ұйымдардағы комиссияның диссертацияны плагиатқа тексергені туралы анықтамасы ұсынылады;

      6) осы Үлгі ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;

      7) диссертацияны қорғау жөніндегі және пысықталған диссертациялық жұмысты талқылау бойынша (қажет болғанда) диссертациялық кеңес отырысының толық көлемдегі бейнежазбасы және төраға мен ғалым хатшы қол қойған хаттамасы;

      8) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскриптің көшірмесі;

      9) осы Үлгі ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша докторант туралы мәлімет.

      1), 3), 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Комитетке "пдф (pdf)" файлы форматында сканерленген түрде ұсынылады (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын аттестаттау істерінен басқа).

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Комитеттің немесе диссертациялық кеңестің теріс шешімі қабылданған диссертация қайта қорғауға осы Үлгі ереженің 3-тарауында белгіленген тәртіппен ұсынылады.

      Диссертация қайта қорғауға ұсынылған кезде диссертациялық кеңес диссертацияда бұдан бұрын орын алған бұзушылықтардың жойылуы туралы қорытынды жасау үшін диссертациялық кеңес мүшелерінен 3 (үш) адамды тағайындайды. Қорытынды ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсында диссертацияны қорғауға дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын орналастырылады және оны қорғауда есепке алынады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Диссертациялық кеңестің теріс шешіміне апелляцияны докторант диссертация қорғалған ЖЖОКБҰ шешім шығарған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде ерікті нысанда береді.

      Апелляцияны өткізу тәртібін ЖЖОКБҰ өз бетінше бекітеді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Апелляция ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ жанындағы диссертациялық кеңестің шешіміне берілген жағдайда, апелляциялық комиссияның оң қорытындысы және диссертация соңғы шешім қабылдау үшін күнтізбелік 15 (он бес) күннің ішінде Комитетке жіберіледі.";

      Апелляциялық комиссияның шешімі оны қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде докторантқа хабарланады және ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсына орналастырылады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Осы Үлгі ережемен реттелмейтін, оның ішінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруден, апелляцияға беру мерзімін қалпына келтіруден бас тарту мәселелері бойынша даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібінде шешіледі.

  Диссертациялық
кеңес туралы үлгі ережеге
1-қосымша
  Нысан

Диссертациялық кеңес мүшелеріне үміткерлер туралы ақпарат

Т.А.Ә. (болған жағдайда) (мемлекеттік немесе орыс және ағылшын тілдерінде)

Дәрежесі, ғылыми атағы

Негізгі жұмыс орны

Азаматтығы

Халықаралық ақпараттық Web of science (Вэб оф Сайнс) және Scopus (Скопус) базаларының деректері бойынша Хирш индексі

Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша бірінші үш квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын басылымдарда жарияланымдар

Басылымдар тізбесіндегі журналдардағы жарияланымдар

1

2

3

4

5

6

7

8

















  Диссертациялық
кеңес туралы үлгі ережеге
2-қосымша
  Нысан

Диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _________________________________________________________ жанындағы

      (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы

      (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ)

      _______________________ кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңес.

      Есеп мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1. Өткізілген отырыстар саны туралы деректер.

      2. Отырыстардың жартысынан азына қатысқан диссертациялық кеңес мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

      3. ЖЖОКБҰ көрсетілген докторанттар тізімі.

      4. Мынадай бөлімдерді қамти отырып, есепті жылдың ішінде кеңесте қаралған диссертацияларға қысқаша талдау:

      1) қаралған жұмыстардың тақырыптарын талдау;

      2) диссертация тақырыбының "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындаған ғылымды дамытудың басым бағыттарымен және (немесе) мемлекеттік бағдарламалармен байланысы;

      3) диссертациялар нәтижелерінің практикалық қызметке ену деңгейін талдау.

      5. Ресми рецензенттердің жұмысын талдау (мейлінше сапасыз пікірлерді мысалға ала отырып).

      6. Ғылыми кадрларды даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.

      7. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға арналған диссертациялардың кадрларды даярлау бағыты бөлінісіндегі саны:

      1) қорғауға қабылданған диссертациялар (оның ішінде басқа ЖЖОКБҰ докторанттарының);

      2) қараудан алып тасталған диссертациялар (оның ішінде басқа ЖЖОКБҰ докторанттарының);

      3) ресми рецензенттердің теріс пікірін алған диссертациялар (оның ішінде басқа ЖЖОКБҰ докторанттарының);

      4) қорғау нәтижелері бойынша теріс шешім алған диссертациялар (оның ішінде басқа ЖЖОКБҰ докторанттарының);

      5) пысықтауға жіберілген диссертациялар (оның ішінде басқа ЖЖОКБҰ докторанттарының);

      6) қайта қорғауға жіберілген диссертациялар (оның ішінде басқа ЖЖОКБҰ докторанттарының).

      Диссертациялық кеңестің төрағасы _________________________________

      ________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы ___________________________

      ________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Мөр, күні 20___ жылғы "____" ___________.

  Диссертациялық
кеңес туралы үлгі ережеге
3-қосымша
  Нысан

Диссертациялық кеңестердің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру (беруден бас тарту) жөнінде қабылдаған шешімдері туралы тоқсандық есеп

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Докторанттың Т.А.Ә. (болған жағдайда))

Туған жылы

Докторантурада оқыған кезеңі

Докторант оқыған ЖЖОКБҰ

Диссертация тақырыбы

Ғылыми кеңесшілері (Т.А.Ә. (болған жағдайда, дәрежесі, жұмыс орны)

Ресми рецензенттер (Т.А.Ә. (болған жағдайда), дәрежесі, жұмыс орны)

Қорғау күні

Диссертациялық кеңес және апелляциялық комиссия (болған жағдайда) қабылдаған шешім

Диплом №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Мамандық (кадрларды даярлау бағыты) бойынша диссертациялық кеңес












  Диссертациялық
кеңес туралы үлгі ережеге
4-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.08.2024 № 425 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Әдеп комиссиясының қорытындысы ______________________________

      ___________________________________________________________________

      ЖЖОКБҰ-ның атауы

1.

Докторанттың Т.А.Ә.


2.

Докторантура мамандығы (білім беру бағдарламасы)


3.

Докторантурада оқу кезеңі


4.

Диссертация тақырыбы, бекіту мерзімі


5.

Ғылыми кеңесшілер туралы деректер – Т.А.Ә. (болған жағдайда), жұмыс орны және лауазымы, ғылыми дәрежелері, азаматтығы


6.

Зерттеу объектілері


7.

Ғылыми зерттеулерді жоспарлау, бағалау, іріктеу және жүргізу процесіндегі бұзушылықтар

Бұзушылықтар анықталды немесе анықталмады. Анықталған жағдайда оларды көрсету қажет

8.

Ғылыми зерттеу нәтижелерін тарату процесіндегі бұзушылықтар

Бұзушылықтар анықталды немесе анықталмады. Анықталған жағдайда оларды көрсету қажет

9.

Зерттеу объектілерінің (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері болғанда) құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғау қалай жүргізілді?


      Әдеп комиссиясының төрағасы __________________________________

      ___________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Әдеп комиссиясының хатшысы __________________________________

      ___________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

  Диссертациялық кеңес
туралы үлгі ережеге
5-қосымша

      Нысан

Ресми рецензенттің жазбаша пікірі

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/н №

Өлшемшарттар

Өлшемшарттарға сәйкестігі (жауап нұсқаларының бірін сызу)

Ресми рецензенттің ұстанымына негіздеме (ескертуді курсивпен көрсету)

1.

Диссертация тақырыбының (бекіту күніне) ғылымның даму бағыттарына және/немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес болуы

1.1 Ғылымды дамытудың басым бағыттарына және/немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі:
1) диссертация мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын жобаның немесе нысаналы бағдарламаның аясында орындалған (жобаның немесе бағдарламаның атауы мен нөмірін көрсету);
2) диссертация басқа мемлекеттік бағдарлама аясында орындалған (бағдарламаның атауын көрсету);
3) диссертация Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия бекіткен ғылым дамуының басым бағытына сәйкес (бағытын көрсету) келеді.


2.

Ғылым үшін маңыздылығы

Жұмыс ғылымға елеулі үлесін қосады/қоспайды, ал оның маңыздылығы ашылған/ашылмаған.


3.

Өзі жазу принципі

Өзі жазу деңгейі:
1) жоғары;
2) орташа;
3) төмен;
4) өзі жазбаған.


4.

Ішкі бірлік принципі

4.1 Диссертация өзектілігінің негіздемесі:
1) негізделген;
2) ішінара негізделген;
3) негізделмеген.


4.2 Диссертация мазмұны диссертация тақырыбын айқындайды:
1) айқындайды;
2) ішінара айқындайды;
3) айқындамайды.


4.3. Мақсаты мен міндеттері диссертация тақырыбына сәйкес келеді:
1) сәйкес келеді;
2) ішінара сәйкес келеді;
3) сәйкес келмейді.


4.4. Диссертацияның барлық бөлімдері мен ережелері логикалық байланысқан:
1) толық байланысқан;
2) ішінара байланысқан;
3) байланыс жоқ.


4.5 Автор ұсынған жаңа шешімдер (қағидаттар, әдістер) дәлелденіп, бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырылып бағаланған:
1) сыни талдау бар;
2) талдау ішінара жүргізілген;
3) талдау өз пікіріне емес, басқа авторлардың сілтемелеріне негізделген;
4) талдау жоқ.


5.

Ғылыми жаңашылдық принципі

5.1 Ғылыми нәтижелер мен ережелер жаңа ма?
1) толығымен жаңа;
2) ішінара жаңа (25-75% жаңа);
3) жаңа емес (жаңасы 25%-дан кем).


5.2 Диссертацияның қорытындылары жаңа ма?
1) толығымен жаңа;
2) ішінара жаңа (25-75% жаңа);
3) жаңа емес (жаңасы 25%-дан кем).


5.3 Техникалық, технологиялық, экономикалық немесе басқару шешімдері жаңа және негізделген бе?
1) толығымен жаңа;
2) ішінара жаңа (25-75% жаңа);
3) жаңа емес (жаңасы 25%-дан кем).


6.

Негізгі қорытындылардың негізділігі

Барлық негізгі қорытындылар ғылыми тұрғыдан қарағанда ауқымды дәлелдемелерде негізделген/негізделмеген (qualitative research (куолитатив ресеч) және өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша даярлық бағыттары үшін).


7.

Қорғауға шығарылған негізгі ережелер

Әрбір ереже бойынша келесі сұрақтарға жеке жауап беру қажет:
7.1 Ереже дәлелденді ме?
1) дәлелденді;
2) шамамен дәлелденді;
3) шамамен дәлелденбеді;
4) дәлелденбеді;
5) бұл тұжырымда ереженің дәлелденгенін тексеру мүмкін емес.
7.2 Тривиалды ма?
1) ия;
2) жоқ;
3) бұл тұжырымда ереженің тривиалды екенін тексеру мүмкін емес.
7.3 Жаңа ма?
1) ия;
2) жоқ;
3) бұл тұжырымда ереженің жаңашылдығын тексеру мүмкін емес.
7.4 Қолдану деңгейі:
1) тар;
2) орташа;
3) кең
4) бұл тұжырымда ереженің қолдану деңгейін тексеру мүмкін емес.
7.5 Мақалада дәлелденген бе?
1) ия;
2) жоқ
3) бұл тұжырымда мақаладағы ереженің дәлелденгенін тексеру мүмкін емес.


8.

Дәйектілік қағидаты.
Дереккөздер мен ұсынылған ақпараттың дәйектілігі

8.1 Әдіснаманы таңдау – негізделген немесе әдіснама нақты жазылған:
1) ия;
2) жоқ.


8.2 Диссертация жұмысының нәтижелері компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістері мен деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістемелерін пайдалана отырып алынған:
1) ия;
2) жоқ.


8.3 Теориялық қорытындылар, модельдер, анықталған өзара байланыстар және заңдылықтар эксперименттік зерттеулермен дәлелденген және расталған (педагогикалық ғылымдар бойынша даярлау бағыттары үшін нәтижелер педагогикалық эксперимент негізінде дәлелденеді):
1) ия;
2) жоқ.


8.4 Маңызды мәлімдемелер нақты және сенімді ғылыми әдебиеттерге сілтемелермен расталған / ішінара расталған / расталмаған.


8.5 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі әдеби шолуға жеткілікті/жеткіліксіз.


9

Практикалық құндылық қағидаты

9.1 Диссертацияның теориялық маңызы:
1) бар;
2) жоқ.


9.2 Диссертацияның практикалық маңызы бар және алынған нәтижелерді практикада қолдану мүмкіндігі жоғары:
1) ия;
2) жоқ.


9.3 Практикалық ұсыныстар жаңа ма?
1) толығымен жаңа;
2) ішінара жаңа (25-75% жаңа);
3) жаңа емес (жаңасы 25%-дан кем).


10.

Жазу және ресімдеу сапасы

Академиялық жазу сапасы:
1) жоғары;
2) орташа;
3) орташадан төмен;
4) төмен.


11.

Диссертацияға ескертулер



12.

Докторант мақалаларының зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми деңгейі (диссертация мақалалар сериясы нысанында қорғалған жағдайда ресми рецензенттер докторанттың зерттеу тақырыбы бойынша әр мақаласының ғылыми деңгейін зерделейді)



13.

Ресми рецензенттің шешімі (осы Үлгі ереженің 28-тармағына сәйкес)



  Диссертациялық
кеңес туралы үлгі ережеге
6-қосымша
  Нысан

Диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы

      20__ жылғы "__"_______ диссертациялық кеңестің отырысы, хаттама № __

      Докторант __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      _____________________ кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациясын қорғауы

Диссертациялық кеңес мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Дәрежесі

Отырысқа қатысуы (қолы)

1

2

3




      Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы _____________________________________

                                          (қолы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)

  Диссертациялық
кеңес туралы үлгі ережеге
7-қосымша
  Нысан

Докторант туралы мәлімет ______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))



1

Туған күні және жері, азаматтығы, ұлты


2

Докторантурада оқығаны туралы мәлімет (ЖОО және оқу мерзімі)


3

Докторантура мамандығы


4

Диссертацияның қорғалған орны және күні


5

Диссертацияның тақырыбы және жазылған тілі


6

Ғылыми консультанттар (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, азаматтығы)


7

Ресми рецензенттер (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, азаматтығы)


8

Жарияланымдар саны, барлығы, оның ішінде:


Басылымдар тізбесіндегі басылымдарда


Web of science (Вэб оф Сайнс) және Scopus (Скопус) базасындағы шетелдік басылымда


халықаралық конференция материалдарында, оның ішінде:


шетелдік конференция материалдарында


9

Еңбек жолы

Қабылдау мерзімі

Босату мерзімі

Жұмыс орны, лауазымы

Мекеменің мекен-жайы













10

Мекен-жайы, байланыс деректері


      Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы _____________________________________

      (қолы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)

      Мөр, мерзімі 20__ жылғы "__"_______

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 126 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізімі

      1. "Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2139 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 15, 840-бап).

      2. "Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 796 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2617 болып тіркелген).

      3. "Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3552 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 14, 73-бап).

      4. "Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 486 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 қарашада "Заң" газетінің № 184 (1213) жарияланған).

      5. "Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 446 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6476 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қыркүйектегі "Егемен Қазақстан" газетінің № 382-385 (26228) жарияланған).