Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 25.09.2013 № 227 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес өткізілетін іс-шараларды реттеу және деңгейін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 381 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 25.09.2013 № 227 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Құл-Мұхаммед |
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 31 наурыздағы 2011 жылғы № 56 бұйрығымен бекітілген |
Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 25.09.2013 № 227 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы (бұдан әрі – Үлгілік қағида) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) ұйымдастыратын республикалық конкурстар мен фестивальдерді (бұдан әрі – конкурстар мен (немесе) фестивальдер) өткізу тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 381 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Үлгілік қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2) конкурс – жеңіске аса үздік үміткерді (үміткерлерді) айқындау мақсатында өткізілетін қоғамдық-мәдени, көркемдік-шығармашылық іс-шара;
3) мәдениет саласындағы уәкілетті орган – мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) фестиваль – мәдени-бұқаралық іс-шара, музыка, театр, цирк, эстрада, кино және басқа да өнер түрлерінің жетістіктерін көрсету (байқау), оның ішінде конкурстық көрсету.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 381 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Конкурстардың және (немесе) фестивальдердің мақсаттары мен міндеттері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Конкурстар мен (немесе) фестивальдердің мақсаттары мен міндеттері:
1) өнердің шығармашылық жетістіктерін анықтау және талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау;
2) барлық жас топтарындағы дарынды адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
3) ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, оның қатысушыларының кәсіби шеберлігін арттыру;
4) халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;
5) шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;
6) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
7) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
8) азаматтардың эстетикалық тәрбиесіне жағдайлар жасау;
9) мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
10) жастардың ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету.
3-тарау. Фестивальдерді және (немесе) байқауларды өткізу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы республикалық конкурстар және (немесе) фестивальдерді ұйымдастыру уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
5. Жергілікті атқарушы орган уәкілетті органның келісімі бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастырады. Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізуді келісу үшін жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға қолдаухат жолдайды.
6. Уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган осы Үлгілік қағида негізінде әрбір конкурс және (немесе) фестивальға жеке Конкурс және (немесе) фестивальді өткізудің қағидасын бекітеді (бұдан әрі - Қағида).
7. Қағидада конкурсты және (немесе) фестивальді өткізудің мерзімдері мен өткізілетін орны көрсетіледі.
8. Мерзімдері, мақсаттары мен міндеттері басқа конкурстардың және (немесе) фестивальдердің мерзімдерін, мақсаттары мен міндеттерін қайталайтын конкурсты және (немесе) фестивальді өткізуге жол берілмейді.
9. Республикалық конкурстарда және (немесе) фестивальдерде Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің өкілдері қатысуы қажет.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 381 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Ұйымдастыру комитеті
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган конкурсты және (немесе) фестивальді өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрамын бекітеді.
11. Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік органдар мен конкурсты және (немесе) фестивальді өткізуге қатысушы мәдениет ұйымдары өкілдерінен құралады. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.
12. Ұйымдастыру комитеті конкурсты және (немесе) фестивальді дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
13. Ұйымдастыру комитеті конкурсты және (немесе) фестивальді дайындау және өткізу мәселелері жөнінде мүдделі органдармен өзара
іс-қимылды жүзеге асырады.
14. Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
15. Ұйымдастыру комитеті конкурсты және (немесе) фестивальді дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
5-тарау. Конкурстың және (немесе) фестивальдің қазылар алқасы
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Конкурс және (немесе) фестиваль қатысушыларының өнерін бағалау, сондай-ақ, қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы органмен бекітіледі.
17. Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс.
18. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелері қол қояды.
19. Қазылар алқасы бағаларының критерийлері:
1) орындаудың сапалық деңгейі;
2) орындаушылық шеберлігі (орындаушының, аранжировкаларының дербестігі);
3) жұмыстағы жаңашылдық деңгейі мен инновациялық көзқарасы.
Конкурстар және (немесе) фестивальдер шығармашылық қызметтің түрлі салаларында өткізілетін болғандықтан Қағидада қосымша критерийлер көзделуі мүмкін.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 25.09.2013 № 227 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).