«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес өткізілетін іс-шараларды реттеу және деңгейін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Құл-Мұхаммед
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
31 наурыздағы 2011 жылғы
№ 56 бұйрығымен бекітілген
Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің
үлгілік ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы (бұдан әрі - Үлгілік қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) ұйымдастыратын республикалық конкурстар мен фестивальдердің (бұдан әрі – конкурстармен (немесе) фестивальдер) өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Үлгілік қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) конкурс - жеңіске аса үздік үміткерді (үміткерлерді) айқындау мақсатында өткізілетін қоғамдық-мәдени, көркемдік-шығармашылық іс-шара.
2) мәдениет саласындағы уәкілетті орган - мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырушы орталық атқарушы орган;
3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
4) фестиваль - музыка, театр, цирк, эстрада, кино және басқа да өнер түрлерінің жетістіктерін көрсету (байқау), көпшілік қатысатын мереке. Фестиваль сондай-ақ, қатысушылары алдын ала іріктеу нәтижесінде арнайы қазылар алқасымен белгіленетін жарыс болып табылады.
2. Конкурстар мен (немесе) фестивальдердің
мақсаттары мен міндеттері
3. Конкурстар мен (немесе) фестивальдердің мақсаттары мен міндеттері:
1) өнердің шығармашылық жетістіктерін анықтау және талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау;
2) барлық жас топтарындағы дарынды адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
3) ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, оның қатысушыларының кәсіби шеберлігін арттыру;
4) халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;
5) шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;
6) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
7) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
8) азаматтардың эстетикалық тәрбиесіне жағдайлар жасау;
9) мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
10) жастардың ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету.
3. Конкурстар мен (немесе) фестивальдерді өткізудің
тәртібі және шарттары
4. Шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы республикалық конкурстар және (немесе) фестивальдерді ұйымдастыру уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
5. Жергілікті атқарушы орган уәкілетті органның келісімі бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастырады. Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізуді келісу үшін жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға қолдаухат жолдайды.
6. Уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган осы Үлгілік қағида негізінде әрбір конкурс және (немесе) фестивальға жеке Конкурс және (немесе) фестивальді өткізудің қағидасын бекітеді (бұдан әрі - Қағида).
7. Қағидада конкурсты және (немесе) фестивальді өткізудің мерзімдері мен өткізілетін орны көрсетіледі.
8. Мерзімдері, мақсаттары мен міндеттері басқа конкурстардың және (немесе) фестивальдердің мерзімдерін, мақсаттары мен міндеттерін қайталайтын конкурсты және (немесе) фестивальді өткізуге жол берілмейді.
9. Республикалық конкурстарда және (немесе) фестивальдердеоблыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астана деңгейлеріндегі конкурстардың және (немесе) фестивальдердің жеңімпазы болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің өкілдері қатысуы қажет.
4. Ұйымдастыру комитеті
10. Уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган конкурсты және (немесе) фестивальді өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрамын бекітеді.
11. Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік органдар мен конкурсты және (немесе) фестивальді өткізуге қатысушы мәдениет ұйымдары өкілдерінен құралады. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.
12. Ұйымдастыру комитеті конкурсты және (немесе) фестивальді дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
13. Ұйымдастыру комитеті конкурсты және (немесе) фестивальді дайындау және өткізу мәселелері жөнінде мүдделі органдармен өзара
іс-қимылды жүзеге асырады.
14. Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
15. Ұйымдастыру комитеті конкурсты және (немесе) фестивальді дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
5. Конкурстың және (немесе) фестивальдің қазылар алқасы
16. Конкурс және (немесе) фестиваль қатысушыларының өнерін бағалау, сондай-ақ, қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы органмен бекітіледі.
17. Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс.
18. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелері қол қояды.
19. Қазылар алқасы бағаларының критерийлері:
1) сапалы деңгейі;
2) орындаушылық шеберлігі (орындаушының, аранжировкаларының дербестігі);
3) жұмыстағы жаңашылдық деңгейі мен инновациялық көзқарасы.
Конкурстар және (немесе) фестивальдер шығармашылық қызметтің түрлі салаларында өткізілетін болғандықтан қосымша критерийлер көзделуі мүмкін.