"Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қазанда № 8846 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.07.2015 № 552 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 133-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жер қойнауын геологиялық зерттеуді, кен орындарын кешенді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу мақсатында мемлекеттік кадастрды жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізеді.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов