Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 11 ақпандағы № 55 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 37 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 6803 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 293 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 160/НҚ бірлескен бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 23.07.2013 № 293 және ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 26.07.2013 № 160/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1315–баптарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (1-қосымша);
      2) білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны (2-қосымша) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.К. Орынханов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрінің     Экономикалық даму және
      міндетін атқарушы                сауда министрі
      __________С. Ырсалиев            __________ Ж. Айтжанова
      2011 жылғы 11 ақпан              2011 жылғы 16 ақпан

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының    
2011 жылғы 11 ақпандағы № 55
және Қазақстан Республикасы 
Экономикалық даму және    
сауда министрінің     
2011 жылғы 16 ақпандағы № 37
бірлескен бұйрығына    
1-қосымша         

Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) білім беру ұйымдарында жоспарлы тексеру жүргізу үшін әзірленді.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел – азаматтардың білім саласындағы конституциялық құқығы мен бостандығының бұзылуына алып келетін білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметі сапасының төмендеу ықтималдығы;
      2) бақылау субъектілері – бастауыш, негізгі орта, орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру); орта білімнен кейінгі; жоғары; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
      3) өлшеу коэффициенті – тәуекел дәрежесін бағалау үшін критерийдің сапалы көрсеткішіне байланысты берілетін коэффициент.
      3. Білім беру ұйымдарын білім беру саласындағы тәуекел дәрежесіне жатқызу олардың Критерийлерге кіретін қызметінің мәліметтеріне, тексеру нәтижелеріне байланысты жинаған балдары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, білім беру ұйымдары тәуекел дәрежелеріне төмендегідей түрде бөлінеді:
      1) 10-нан 40-қа дейін балл жинаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдары жоғары тәуекел дәрежесіне, 41-ден 70-ке дейін орташа тәуекел дәрежесіне, 71-ден 100-ге дейін төмен тәуекел дәрежесіне жатады;
      2) 10-нан 20-ға дейін балл жинаған техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі білім беру қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдары жоғары тәуекел дәрежесіне, 21-ден 40-қа дейін орташа тәуекел дәрежесіне, 41-ден 100-ге дейін төмен тәуекел дәрежесіне жатады;
      3) 10-нан 25-ке дейін балл жинаған бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдары жоғары тәуекел дәрежесіне, 26-дан 40-қа дейін орташа тәуекел дәрежесіне, 41-ден 100-ге дейін төмен тәуекел дәрежесіне жатады.
      4. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін осы Критерийдің 12 және 3-қосымшасында көрсетілген критерийлер қолданылады.
      5. і критерийінің балдық мағынасы Пі формуласымен анықталады:
                     Пі = Ді х Кij               (1)
      онда Ді - олардың жалпы көрсеткішінен і критерийінің үлесі (балмен),
      Кij - i критерийіне арналған өлшеу коэффициенті, онда Кij = 0,1; 0,5; 1,0 (j = 1; 2; 3 болғандағы)
      k білім беру ұйымының тәуекелділік деңгейін бағалауға арналған Pk жиынтық көрсеткіші мына формула бойынша анықталады:

    (2)

      Ең жоғарғы балл 100 балды құрайды, ең төменгі — 10 балл.
      Pk жиынтық көрсеткіші бойынша k ұйымы үшін тәуекелдік аймағы анықталады.
      6. Әр білім беру деңгейі үшін тәуекел дәрежесінің аймағы осы Критерийдің 4-қосымшасына сәйкес анықталады.

Білім беру жүйесіне тексеру
жүргізу бойынша жеке      
кәсіпкерлік саласындағы   
тәуекел дәрежесін бағалау 
критерийлеріне       
1-қосымша          

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдары үшін

Тәуекел дәрежесін бағалау критерийінің атауы (Пі)

Көрсеткіштің жалпы жиынтығының критерий үлесі (балмен), Ді

Өлшеу коэффициентін анықтаудың сапалы көрсеткіштері

Салмақ коэффициенті, Кіj

1

Білім беру ұйымында аккредиттеудің болуы (П1)

16

Ұлттық институционалдық және халықаралық аккредиттеу

1

Мамандандырылған ұлттық аккредиттеу

0,5

Қатыспау

0,1

2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын сақтау (П2)

14

Талаптарды сақтау

1

Болмашы бұзушылық (30%-дан төмен)

0,5

Едәуір бұзушылық (30%-дан жоғары)

0,1

3

Штаттағы оқытушылардың олардың жалпы санына шаққандағы үлесі, олардың дәрежеленуі (П3)

10

Біліктілік талаптарына сәйкес

1

1-көрсеткіштің болмашы сәйкессіздігі

0,5

Екі көрсеткіш бойынша сәйкессіздік

0,1

4

Оқу процесінің оқу-зертханалық жабдықтармен жарақтандырылуы (П4)

9

Талаптарға сәйкес келеді

1

Моральдық тұрғыдан ескірген жабдық

0,5

Жоқ немесе талаптарға сәйкес емес

0,1

5

Кітапхана қоры (П5)

9

Біліктілік талаптарына сәйкес келеді

1

Әдебиеттерді жаңартуға қойылатын талаптар орындалмайды

0,5

Біліктілік талаптарына сәйкес емес

0,1

6

Мемлекеттік аралық бақылау нәтижелері (өтпеген мамандықтар пайызы) (П6)

8

9 % және төмен

1

Шегінде (10-24 %)

0,5

25 % және жоғары

0,1

7

Жоғары оқу орнына қабылдау кезіндегі студенттердің сапалық құрамы (Ұлттық бірыңғай тестілеу мен комплексті тестілеудің орташа балы) (П7)

7

Орташа балл 80-100

1

Орташа балл 51-79

0,5

Орташа балл 45-50

0,1

8

Жоғары оқу орнының бір студентті оқытуға жұмсайтын шығыны (П8)

6

Оқуға жұмсалатын шығыс 100% сәйкес келеді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген нормадан жоғары

1

Оқуға жұмсалатын шығыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген норманың 91-99%-ы шегінде

0,5

Шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген норманың 90%-ынан кем

0,1

9

Білім саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдары мен қаулыларын сақтау (П9)

6

Талаптарды сақтау

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының талаптарын сақтамау

0,5

Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтамау

0,1

10

Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушы студенттердің үлесі (П10)

6

61-100 %

1

31-60 %

0,5

0-30 %

0,1

11

Күндізгі нысанда білім алушы студенттердің үлесі (күндізгі/(күндізгі+сырттай+кешкі) (П11)

5

75 % және жоғары

1

51-74 % шегінде

0,5

50 % және төмен

0,1

12

Жоғары оқу орнының қызмет ету мерзімі (П12)

4

25 жыл және жоғары

1

16-24 жыл

0,5

1-15 жыл

0,1

Білім беру жүйесіне тексеру
жүргізу бойынша жеке      
кәсіпкерлік саласындағы   
тәуекел дәрежесін бағалау 
критерийлеріне        
2-қосымша          

Техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі білім беру қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдары үшін

Тәуекел дәрежесін бағалау критерийінің атауы (Пі)

Көрсеткіштің жалпы жиынтығының критерий үлесі (балмен), Ді

Өлшеу коэффициентін анықтаудың сапалы көрсеткіштері

Салмақ коэффициенті, Кіj

1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын сақтау (П2)

16

Талаптарды сақтау

1

Болмашы бұзушылық (30%-дан төмен)

0,5

Едәуір бұзушылық (30%-дан жоғары

0,1

2

Штаттағы оқытушылардың олардың жалпы санына шаққандағы үлесі, олардың дәрежеленуі (П3)

14

Біліктілік талаптарын сақтау

1

1-көрсеткіштің болмашы сәйкессіздігі

0,5

Екі көрсеткіш бойынша сәйкессіздік

0,1

3

Оқу процесінің оқу-зертханалық жабдықтармен жарақтандырылуы (П3)

13

Талаптарға сәйкес келеді

1

Жарым жартылай моральдық тұрғыдан ескірген жабдықтың болуы

0,5

Болмауы немесе талаптарға сәйкес емес

0,1

4

Кітапхана қоры (П4)

12

Біліктілік талаптарына сәйкес келеді

1

Әдебиеттерді жаңартуға қойылатын талаптар орындалмайды

0,5

Біліктілік талаптарына сәйкес емес

0,1

5

Білім саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдары мен қаулыларын сақтау (П5)

11

Бұзушылықтың болмауы

1

Талаптардың 30 %-дан кем сақталмауы

0,5

Талаптардың 30%-дан аса сақталмауы

0,1

6

Бір білім алушыны оқытуға жұмсалатын шығын (П6)

10

Оқуға жұмсалатын шығыс 100% сәйкес келеді және белгіленген нормадан жоғары

1

Оқуға жұмсалатын шығыс белгіленген норманың 91-99%-ы шегінде

0,5

Шығыстар белгіленген норманың 90%-ынан кем

0,1

7

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың үлесі(П7)

9

61-100 %

1

31-60 %

0,5

0-30 %

0,1

8

Күндізгі нысанда білім алушы студенттердің үлесі(күндізгі/(күндізгі+сырттай+кешкі) (П8)

8

75 % және жоғары

1

51-74 % шегінде

0,5

50 % және төмен

0,1

9

Білім беру ұйымының қызмет ету мерзімі (П9)

7

25 жыл және жоғары

1

16-24 жыл

0,5

1-15 жыл

0,1

Білім беру жүйесіне тексеру
жүргізу бойынша жеке      
кәсіпкерлік саласындағы   
тәуекел дәрежесін бағалау 
критерийлеріне        
3-қосымша           

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдары үшін

Тәуекел дәрежесін бағалау критерийінің атауы (Пі)

Көрсеткіштің жалпы жиынтығының критерий үлесі (балмен), Ді

Өлшеу коэффициентін анықтаудың сапалы көрсеткіштері

Салмақ коэффициенті, Кіj

1

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және біліктілік талаптарын сақтау (П1)

20

Бұзушылықтың болмауы

1

Талаптардың 30 %-дан кем сақталмауы

0,5

Талаптардың 30 %-дан аса сақталмауы

0,1

2

Жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі (П2)

17

Біліктілік талаптарына сәйкес келеді

1

Бір санат бойынша сәйкес емес

0,5

Екі санат бойынша сәйкес емес

0,1

3

Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы (П3)

15

Орташа балл 80-100

1

Орташа балл 51-79

0,5

Орташа балл 45-50

0,1

4

Республикалық, халықаралық конкурстардың, олимпиадалардың жүлдегер-қатысушыларының, «Алтын белгі» белгі иегерлерінің болуы (П4)

14

Халықаралық конкурстардың, олимпиадалардың жүлдегерлері, «Алтын белгі» белгісінің иегерлері

1

Республикалық конкурстардың, олимпиадалардың жүлдегерлері

0,5

Болмауы

0,1

5

Кітапхана қоры (П5)

13

Біліктілік талаптарына сәйкес келеді

1

Әдебиеттерді жаңартуға қойылатын талаптар орындалмайды

0,5

Біліктілік талаптарына сәйкес емес

0,1

6

Мемлекеттік аралық бақылау нәтижелері(П6)

11

МАБ-ты 100%-ға тапсырды

1

Оқушылардың 93-99%-ы МАБ-ы тапсырды

0,5

Бастапқы деңгейден өтпеді

0,1

7

Оқушылар санының нормадан ауытқуы (П7)

10

Оқушылар санының нормадан 10%-ға дейін ауытқуы

1

Оқушылар санының нормадан 10%-дан 50%-ға дейін ауытқуы

0,5

Оқушылар санының нормадан 50%-дан аса ауытқуы

0,1

Білім беру жүйесіне тексеру
жүргізу бойынша жеке      
кәсіпкерлік саласындағы   
тәуекел дәрежесін бағалау 
критерийлеріне        
4-қосымша          

Білім берудің әр деңгейі үшін тәуекел дәрежесінің аймағы

Тәуекел дәрежесінің аймақтары

Рk, балл

ЖОО-дары

1

Жоғары дәрежелі тәуекел аймағы

10-40 балл (33,3 %)

2

Орташа дәрежелі тәуекел аймағы

41-70 балл (33,3 %)

3

Төмен дәрежелі тәуекел аймағы

71-100 балл (33,3 %)

Колледждер мен кәсіптік лицейлер

1

Жоғары дәрежелі тәуекел аймағы

10-20 балл (11,1 %)

2

Орташа дәрежелі тәуекел аймағы

21-40 балл (22,2 %)

3

Төмен дәрежелі тәуекел аймағы

41-100 балл (66,7 %)

Мектептер

1

Жоғары дәрежелі тәуекел аймағы

ауылдық мектептер үшін: 10-15 балл (5,6%);
қалалық мектептер үшін: 10-25 балл (16,7%)

2

Орташа дәрежелі тәуекел аймағы

ауылдық мектептер үшін: 16-25 балл (11,1%);
қалалық мектептер үшін: 26-40 бал (16,7%)

3

Төмен дәрежелі тәуекел аймағы

ауылдық мектептер үшін: 26-100 балл (83,3%);
қалалық мектептер үшін: 41-100 бал (67,7%).

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының    
2011 жылғы 11 ақпандағы № 55
және Қазақстан Республикасы 
Экономикалық даму және    
сауда министрінің     
2011 жылғы 16 ақпандағы № 37
бірлескен бұйрығына    
2-қосымша        

Нысан

Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

1. Тексеруді тағайындаған ұйым атауы:
____________________________________________________________
2. Бақылау субъектісінің атауы:
____________________________________________________________
3. Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы, телефон, электронды адресі):
____________________________________________________________
4. СТН (БИН):
____________________________________________________________
5. Тексеру негізі (тексеру тағайындау туралы актінің нөмірі)
20 __ жылғы «__»_____№ ____

Білім беру қызметіне қойылатын талаптар

Б

БЖ

ІБЖ

ҚБ

ҚТЖ

1

1.1. Білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдау ережелерінің
сақталуы (білім беру деңгейлері
бойынша)






2

2.1. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау тәртібінің сақталуы (білім беру деңгейлері бойынша)






3

3.1. Штаттағы оқытушылардың олардың жалпы санынан үлесі






3.2. Штаттағы ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар ПОҚ-ның олардың жалпы санындағы үлесі, соның ішінде МЖМБС-ның базалық және бейінді пәндері бойынша






3.3. Қазақстан Республикасының құрметті атағы, әскери академия, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, өртті сөндіру саласы бойынша университеттерді бітіргені туралы дипломдары бар, жедел бөлімдерде әскери қызмет атқарған полковниктен төмен емес әскери атағы бар, «спорт шебері» және одан жоғары атағы бар оқытушылардың штаттағы оқытушылар санынан үлесі, оның ішінде МЖМБС-ның базалық және бейінді пәндері бойынша






3.4. Әрбір ғылыми дайындық мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес штаттағы ғылым докторларының, философия докторы (PhD) және бейіні бойынша докторлардың саны. Шетелдік ғылыми дәрежесі бар философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктордың болуы






3.5. Жоғары және бірінші санатты оқытушылардың және/немесе магистрлардың, ғылым кандидаттарының, докторларының, философия докторларының (PhD), бейіні бойынша докторлардың, ғылыми атағы бар оқытушылардың олардың жалпы санынан үлесі






4

4.1. Білім алушылар контингентіне қатысты оқудың толық циклін қамтитын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет қорының болуы. Оқитын тіліне сәйкес қазақ және орыс баспаларының үйлесімділігі.






4.2. Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің электрондық және магнитті таспада белгіленген көлемде болуы






4.3. Әлеуметтік-гуманитарлық сала бойынша соңғы 5 жыл ішіндегі жаратылыстану, техникалық, ауылшаруашылық және басқа да пәндер бойынша соңғы 10 жыл ішіндегі негізгі оқу әдебиетінің болуы.






5

5.1. Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы жекеменшік материалды және материалды емес активтердің болуы






5.2. Бір білім алушыға оқу ауданының сәйкестігі






5.3. Компьютерлік сыныптармен, оқу-зертханалық және оқытудың техникалық жабдықтарымен, приборлармен, қорлық материалдармен қамтамасыз етілуі






6

6.1. Бір білім алушыға ең аз шығынның осы оқу жылында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекіткен мамандарды даярлаудың мемлекеттік тапсырысындағы көрсеткішпен сәйкес келуі






7

7.1. Тәжірибе базасы ретіндегі ұйымдармен келісім-шарттың болуы






8

8.1. Білім алушылардың медициналық көмек алуын және тамақтануын қамтамасыз ететін нысандардың болуы






9

9.1. Профессор, доцент, аға оқытушылардың дәріс оқуы






9.2. Кафедраның жабдықталуы






9.3. Кафедраның ғылыми дәрежеленуі






10

10.1. Ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті жүргізу, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау






11

11.1. Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі






12

12.1. Білім алушылар контингентінің бір оқытушыға шаққандағы 5.03.008-2009 жылғы «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Білім алушылар контингенті. Негізгі ережелері» МЖМБС-на сәйкестігі






12.2. Оқу ауданы мен сыныптардың санитарлық нормалар мен ережелерге сай толықтырылуы






13

13.1. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі оқу бағдармаларының іске асуы: жоғары білім мамандығының 1-2 топтары бойынша – институттар, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім мамандығының 1-2 топтары бойынша - академиялар, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім мамандығының 3 және одан көп топтары бойынша – университеттер






Ескертпе: Б - бұзушылықтар бар
БЖ – бұзушылықтар жоқ
ІБЖ – іс барысында жойылды
ҚБ – қайта бұзушылық
ҚТЖ – қайта тексеру барысында жойылды
ПОҚ – профессорлық-оқытушылық құрам
МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
PhD – философия докторы

Лауазымды тұлға:
___________________________  ___________  20__ жылғы «__» _________
          (Т.А.Ә.)             (қолы)

Тексерілу субъектісінің өкілі:
___________________________  ___________  20__ жылғы «__» _________
          (Т.А.Ә.)             (қолы)