Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 651 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5111 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 Бұйрығымен

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы  32-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) саны 1749507 (бір миллион жеті жүз қырық тоғыз мың бес жүз жеті) дана билік етуі шектелген жарияланған акцияларын 1749507000 (бір миллиард жеті жүз қырық тоғыз миллион бес жүз жеті мың) теңге сомасына оларды мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп алып қою арқылы Қоғамның салықтық берешегін өтеу есебіне орналастырсын;
      2) акцияларға мемлекеттік меншік құқығын Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тіркеуді қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі