Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы N 638 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5420 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 231 Бұйрығымен

      "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Металл кремнийін өндіретін зауыт салу" инвестициялық жобасы бойынша "Silicium Kazakhstan" (Силициум Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін:
      1) корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 (сегіз) жыл;
      2) мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 (бес) жыл;
      3) жер салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 (бес) жыл.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов