Ақтөбе қаласы белгіленген санаттағы тұлғалары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 968 қаулысы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 сәуірде № 3-1-132 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2011.04.25 № 966 (бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Белгіленген санаттағы тұлғаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес  қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2011.04.25 № 966 (бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1. Ақтөбе қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орнының жалпы санынан жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
      мүгедектер үшін 3 % көлемінде;
      бас бостандығынан айыру жерінен босап шыққан тұлғалар және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін 0,3% көлемінде.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2011.04.25 № 966 (бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 785 «Ақтөбе қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізбесінде 2006 жылдың 16 мамырында № 3-1-50 болып тіркелінген, № 67 «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.М.Қалдығұловаға жүктелсін.
      4. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

     Қала әкімі                                 А.Мұхамбетов