Ақтөбе қаласы мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 968 қаулысы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 сәуірде № 3-1-132 тіркелді

Қолданыстағы

      Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 326 «Халықты жұмыспен қамтуда көмек көрсету бойынша қосымша шаралар туралы» қаулысы негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмысшылар саны елу адамнан асатын Ақтөбе қаласының жұмыс берушілері жалпы жұмыс орнының үш пайызы көлемінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
      2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 785 «Ақтөбе қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізбесінде 2006 жылдың 16 мамырында № 3-1-50 болып тіркелінген, № 67 «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.М.Қалдығұловаға жүктелсін.
      4. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

     Қала әкімі                                 А.Мұхамбетов