Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 968 "Ақтөбе қаласы мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 966 қаулысы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 мамырда № 3-1-155 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 3260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 22.08.2016 № 3260 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 968 "Ақтөбе қаласы мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 27 сәуірде № 3-1-132 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 мамырдағы № 57-58 "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулының атауындағы "мүгедектері" сөзі "белгіленген санаттағы тұлғалары" сөзімен ауыстырылсын,
      қаулының кіріспесіндегі:
      "мүгедектерді" сөзі "белгіленген санаттағы тұлғаларды" сөзімен ауыстырылсын;
      "5-2) тармақшасына" саны мен сөзі "5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына" сандары мен сөзіне ауыстырылсын;
      "және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 326 "Халықты жұмыспен қамтуды көмек көрсету бойынша қосымша шаралар туралы" қаулысына сәйкес" сөзі алынып тасталсын;
      1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Ақтөбе қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орнының жалпы санынан жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
      мүгедектер үшін 3 % көлемінде;
      бас бостандығынан айыру жерінен босап шыққан тұлғалар және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін 0,3% көлемінде".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.М.Қалдығұловаға жүктелсін.
      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Қала әкімі А.Мұхамбетов