Ақтөбе қаласы мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Ақтөбе қалалық әкімиятының 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 785 қаулысы. Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 16 мамырда N 3-1-50 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 968 қаулысымен

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының (бұдан әрi - Заң)  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мiсhаеl Wilson аnd Partners, Ltd." компаниясы 2006 жылға "Судима Тайм ЛТД" және "Қазақстан Девелопмент Корпорейшн Лимитед" компанияларымен дауда Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар заң қызметтерiн көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен заң қызметтерiн мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ Заңның 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі