Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6463 болып енгізілді

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес және жолаушылардың, багаждың және жүктердің тасымалдарын жүзеге асыру үшін халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру және беруден бас тарту тәртібін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру және беруден бас тарту ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          Д. Көтербеков

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация министрі
міндетін атқарушының     
2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 
бұйрығына 1-қосымша    

Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздер (бұдан әрі – Ереже) жолаушылардың, багаждың және жүктердің тасымалдарын жүзеге асыру үшін халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тарту негіздері тәртібін  белгілейді.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) авиациялық маршрут (авиамаршрут) – авиатасымалдар пункттері арасындағы олардың үстінен әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер бетiнiң географиялық сипаттамасы немесе географиялық сипаттамаларының комбинациясы. Ауданында ұшу/бару әуеайлағы орналасқан аудандардағы елді мекендер авиатасымалдар пункттері болып табылады;
      2) жүк құжаттамасы - жүкті тасымалдау шарттары, жөнелтілетін салмақ, жөнелту және тағайындау пункттері көрсетілген тасымалдаушының маршруты бойынша жүкті тасымалдаудағы жүкті жөнелтуші мен тасымалдаушының арасындағы келісімшартты растау үшін қолданылатын, алдын ала сәйкестендіріліп басылған тасымалдаушының құжаты. Нақты рейс орындайтын әуе кемесінің бортына жүкті тиеуді жүзеге асыратын кез келген қону пункті (алғашқы немесе маршруттағы) жөнелту пункті болып табылады, ал жүкті түсіретін бірінші тиісті пункт белгіленген пункт болып табылады (тасымал қай жерде басталғанына және соңында бұл тасымал жүк қағазына сәйкес қайда аяқталатына байланысты емес);
      3) шартты авиабағыт - авиабағыт куәлігі бар Қазақстан Республикасының тағайындалған тасымалдаушылары тұрақты ұшулар орындайтын халықаралық авиамаршрут;
      4) тұрақты емес ұшуды орындауға өтінім – тұрақты емес ұшуды орындауға құқық беретін рұқсатты алу үшін қажетті мәліметтері бар құжат;
      5) көмек көрсетуге арналған тасымалдар - табиғи апат немесе төтенше жағдайларда (апат, эпидемия және т.б.) көмек көрсету мақсатында персоналды және керек-жарақтарды тасымалдау үшін гуманитарлық мақсатта орындалатын тұрақты емес рейстер, санитарлық рейстер, сондай-ақ, қалпына келтіру апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты жасалатын ұшулар;
      6) туристік чартерлі рейс – тұрақты емес рейс болып табылады және ол авиакомпаниямен фрахталау туралы шарт негізінде туроператордың (фрахта алушының) өтінімі бойынша құрылады, осыған сәйкес фрахта беруші фрахта алушыға бір немесе бірнеше рейсте шарттық желілер бойынша жолаушыларды, жүкті және багажды тасымалдауға арналған бір немесе бірнеше әуе кеменің толық немесе жартылай сыйымдылығын төлеуі тиіс;
      7) жеке мақсатында немесе қызметтік сапардағы чартерлік рейс - бұл жолаушыларды және/немесе жүкті тасымалдау үшін өз мақсатында жеке немесе заңды тұлғамен тығыз байланыста болатын және тура немесе қосымша жеке немесе заңды тұлғаларға бөлінбейтін шығыстары толығымен осы жеке немесе заңды тұлғамен жабылатын, тұрақты рейс емес;
      8) чартерлік жүк рейстер бағдарламасы - бір ғана пайдаланушының әуе кемелерімен бір бағыт бойынша жүйелі орындалатын тұрақты емес жүк авиатасымалдары;
      9) тұрақты емес ұшуларды біржақты орындау - қазақстандық авиакомпаниялар отыз күнде екіден аз жиілікпен тұрақты емес ұшуларды орындайтын авиациялық маршруттар бойынша жолаушыларды және/немесе жүкті коммерциялық тасымалдау мақсатында азаматтық әуе кемелерінің шетел пайдаланушыларының тұрақты емес ұшуларын орындауы.

2-тарау. Қазақстандық пайдаланушыларын азаматтық әуе кемелерімен халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған шарттары және келісу тәртібі

      3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ екіұдай мақсаттағы өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесін пайдаланушының халықаралық ұшуына жол берілмейді. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өз кезегінде осы ұшуды сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын органмен оның құзыреті шегінде келісуді жүзеге асырады.
      4. Азаматтық авиация комитеті шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ екі мақсатқа арналған өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесінің қазақстандық пайдаланушыларының халықаралық ұшуын жүзеге асыруды азаматтық әуе кемесінің қазақстандық пайдаланушысының немесе оның өкілінің Азаматтық авиация комитетіне жіберген өтінімнің негізінде келіседі, онда мынадай деректер болуы тиіс:
      пайдаланушының атауы;
      Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – ХААҰ) үш әріпті коды және рейс нөмірі;
      ұшу күні;
      әуе кемесінің үлгісі;
      ұшудың толық авиабағыты;
      фрахта ұйымының атауы көрсетілген ұшу мақсаты және тасымалданатын жүктің тізбесі;
      жіберуші жақ және (немесе) жүк жөнелтуші (толық атауы, мекен жайы, телефоны);
      қарсы алушы жақ және (немесе) жүк қабылдаушы (толық атауы, мекен жайы, телефон);
      лауазымдық тұлғаның қолы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.04.28 N 234 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      5. Қазақстандық пайдаланушы немесе оның уәкілетті өкілі келісу үшін жолдаған өтінімді Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағында (АІР) жарияланған белгіленген арналар бойынша Азаматтық авиация комитетіне ұшуды орындау күніне дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуы тиіс.

3-тарау. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел пайдаланушылары азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауына рұқсаттарды берудің талаптары мен тәртібі

      6. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел пайдаланушылары азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес ұшулар Азаматтық авиация комитетінің рұқсаттарында белгіленген шарттармен орындалады.
      7. Азаматтық авиация комитетінің халықаралық тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыруға арналған рұқсаттары шетел мемлекеттерінің тиісті авиациялық әкімшілігі немесе олардың уәкілетті органдары не тікелей азаматтық әуе кемелерін шетел пайдаланушылары немесе Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген сенімхат немесе делдалдық қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес олардың өкілдері жолдаған өтінімге сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Егер шетел пайдаланушысы және оның өкілі бір күнде бір рейсті орындауға өтінім берген болса, рұқсаттар пайдаланушыдан алынған өтінім негізінде беріледі.
      Өзара байланысты бірнеше тұрақты емес ұшулардың (төрт немесе бес ұшулар) серияларын орындауға Азаматтық авиация комитетінің рұқсаты алғашқы ұшу орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн мерзімге дейін беріледі.
      9. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік пайдаланушысының азаматтық әуе кемесінің халықаралық тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыруға арналған өтінім Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағында (АIP) жарияланған белгіленген арналар бойынша Азаматтық авиация комитетіне жолданады.
      10. Шетелдік пайдаланушысының азаматтық әуе кемесінің тұрақты емес ұшуын жүзеге асыруға арналған өтінімде мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      пайдаланушының атауы және толық пошталық мекен-жайы;
      ХААҰ коды және рейс нөмірі;
      әуе кемесінің типі, тіркеу нөмірі және радио арқылы шақыруы;
      әуе кемесінің тіркелген мемлекеті;
      әуе кемесі командирінің (негізгі және резервтік) тегі, экипаж мүшелерінің саны және олардың азаматтығы;
      ұшу мақсаты;
      жолаушылардың/жүктердің болуы және олардың саны;
      жолаушыларды/жүктерді жөнелту және жеткізу пункттері және аралық отырғызу пункттері;
      жүк жөнелтуші (толық атауы, мекен-жайы, телефон);
      жүк алушы (толық атауы, мекен-жайы, телефон);
      навигациялық және байланыс құралдарының түрі;
      бортта шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасының бар болуы;
      әуежай және аэронавигация қызметі үшін болжамды төлем ақы формасы;
      лауазымды тұлғаның қолы, телефоны.
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұшу бағытындағы әуе трассаларын, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне/кеңістігінен кіру/шығу нүктелерін көрсете отырып, әуе кемесі қозғалысының күні, толық бағыты және кестесі;
      11. Өтінімдегі мәліметтерді растау үшін Қазақстан Республикасы аумағына қонбайтын халықаралық ұшуды орындауға байланысты өтінімді қоспағанда егер өтінім, егер пайдаланушының тіркеуші мемлекеті Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының мүшесі болса, белгіленген байланыс арналары арқылы мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет:
      пайдаланушы куәлігі (болған жағдайда);
      әуе кемесінің тіркелгені туралы куәлік;
      әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәлік;
      үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисі;
      жүк құжаттамасының (Азаматтық авиация комитетінің жеке сұрау салуы бойынша беріледі) көшірмесі.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.04.28 N 234 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      12. Біріккен ұлттар ұйымы тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізбесі "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар" ХААҰ Doc. 9284-AN/905 басылымымен (бұдан әрі Техникалық нұсқаулар) анықталған бортында қауіпті жүкпен тұрақты емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде пайдаланушы қосымша төменде көрсетілген құжаттарды ұсынады:
      әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатын;
      ХААҰ-ның белгіленген нормалары мен ережелеріне сәйкес жүктің байлануы және таңбалануы туралы пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің кепілдік хаты.
      13. Азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын, өтінімде көрсетілген белгіленген байланыс арналары арқылы рейсті жалға алу туроператорлық қызмет көрсетуге лицензия көшірмесін беруі қажет.
      14. Шетелдік пайдаланушының өтінімі бірнеше өзара байланысты халықаралық тұрақты емес ұшудың (төрт және одан да көп ұшулар) серияларын орындау үшін бірінші ұшуды орындауға дейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.04.28 N 234 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      15. Егер бұрын шетелдік пайдаланушы Қазақстан Республикасына халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындаған кезде осы Ереженің 11-тармағында көзделген құжаттар көшірмесін ұсынған болса және олардың пайдаланылу уақыты ұшуларды орындаудың жоспарланған күнінен асып кетпесе, жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей өтінімнің келіп түскен мерзімі қысқартылуы мүмкін.
      16. Азаматтық авиация комитеті шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесінің тұрақты емес ұшуды жүзеге асыруға келіп түскен тиісті өтінімі бойынша өтінімнің дұрыс рәсімделуін және берілген құжаттардың осы Ереженің 11-13-тармақтарына сәйкес толық болуын тексереді, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының әуежайларымен қону, ұшу, әуе кемесін қабылдау және қызмет көрсету шарттарын, метеорологиялық қамтамасыз ету, сондай-ақ аэронавигация ұйымы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемесіне аэронавигациялық қызмет көрсетудің төлем шарттарын жүргізеді.
      17. Қажетті мәліметтер толық көрсетілмеген (дәл емес) немесе осы Ережеде белгіленген мерзімдерді сақтамай өтінімдер берген немесе өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар ұсынылмаған және (немесе) толық емес ұсынылған кезде өтінім берушіге қараусыз қайтарылады.

4-тарау. Шетелдік пайдаланушыларының азаматтық әуе кемесінің тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсат беруден бас тарту үшін арналған негіздемелер

      18. Қазақстандық немесе шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесін тұрақты емес ұшуды орындауға Азаматтық авиация Комитеті рұқсат беруден бас тарту үшін арналған негіздемелер мыналар болады:
      1) келісілген авиабағыт бойынша халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға өтінім беру, тұрақты емес ұшулардың келесі түрлерін қоспағанда:
      көмек көрсету үшін тасымалдауды;
      жеке мақсаттарында немесе қызметтік сапарда пайдалану чартерлік рейстерді;
      салон түріндегі әуе кемелерінде орындалатын бір жолғы ұшулар.
      2) жеке мақсаттардағы немесе қызметтік сапарда не көмек көрсету үшін орындалатын тасымалдарды қоспағанда, егер пайдаланушысы үшінші мемлекетте тіркелген әуе кемесінде бағыты бойынша басқа бір мемлекеттен Қазақстан Республикасына жолаушыларды коммерциялық тасымалдау мақсатында тұрақты емес ұшу жоспарланса және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардағы ережелерде мұндай ұшуларды орындау құқығы көрсетілмеген жағдайда;
      3) алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010.11.08 N 504 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      4) көмек көрсету және жеке мақсаттардағы немесе қызметтік сапарлар үшін чартерлік рейстерді орындауды қоспағанда, егер пайдаланушысы үшінші мемлекетте тіркелген әуе кемесінде бағыты бойынша басқа бір мемлекеттен Қазақстан Республикасына жолаушыларды коммерциялық тасымалдау мақсатында тұрақты емес ұшу жоспарланса және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардағы ережелерде мұндай ұшуларды орындау құқығы көрсетілмеген жағдайда;
      5) алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010.11.08 N 504 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      6) Шетелдік пайдаланушы әуе кемесінің тұрақты емес ұшуы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, көмек көрсету немесе жеке мақсатында орындау үшін тасымалдауды немесе Чартерлік рейсті қоспағанда пункттер арасында коммерциялық тасымалдау мақсатында орындалады.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010.11.08 N 504 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.

5-тарау. Рұқсатты рәсімдеу
және олардың мүдделі ұйымдарға берілуін қамтамасыз ету

      19. Шетелдік пайдаланушылардың әуе кемелерінде тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді және оны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы немесе оның орынбасары, басқарма бастығы бекітеді.
      Рұқсат нөмірі осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесін пайдаланушының тіркеу мемлекетінің реттік кодын иелену арқылы, авиациялық әкімшіліктің ағылшын тіліндегі аббревиатурасынан, рұқсаттың реттік нөмірінен және берілген күнінен құралады.
      20. Бекітілген рұқсат орнатылған байланыс арналары бойынша өтінім берушінің мекен жайына, сондай-ақ "Қазаэронавигация" РМК және ұшу/қону әуежайларына жіберіледі.
      Пайдаланушының немесе оның өкілінің өтініші бойынша рұқсат қосымша ағылшын тілінде рәсімделеді.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      21. Халықаралық тұрақты емес (чартерлік) рейстер үшін шетелдік авиакомпаниялары рұқсат алуға беретін құжаттар рейсті орындау күнінен бастап 3 (үш) ай ішінде сақталады.
      22. Халықаралық тұрақты емес (чартерлік) ұшуларды орындауға шетелдік авиакомпанялардан берілетін өтінімдер және халықаралық тұрақты емес (чартерлік) ұшуларға берілген рұқсаттар 1 (бір) жыл ішінде сақталады.

Халықаралық тұрақты емес    
ұшуларды орындауға арналған 
рұқсаттарды беру және беруден
бас тарту ережесіне 1-қосымша

Нысан

Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсат

      _____ жылғы " ___ " ___________ № ___ шығыс құжатқа

      Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат берілді:

____________________________________________________________________
    (рейстер нөмірі, пайдаланушының атауы, әуе кемесінің типі
                        (негізгі және резервтік),

____________________________________________________________________
      әуе кемесінің тіркеу нөмірі (негізгі және резервтік),
              ұшудың күні, толық маршруты,

____________________________________________________________________
       әуе кеңістігіне/нен кіру мен шығудың нүктелері және уақыты)

      Рұқсат № ______________________
        (рұқсттың нөмірі көрсетіледі)
      Ұшудың мақсаты _______________
      Ерекше жағдайлар _____________________________________________
                        (әуежайлық пен аэронавигациялық алымдарды
                         төлеудің әдісі мен нысаны көрсетіледі)

      Уәкілетті органның басшысы
      __________________________
               (қолы)
      2010 жылғы "____" _____________

                                          М.О.

Халықаралық тұрақты емес    
ұшуларды орындауға арналған 
рұқсаттарды беру және беруден
бас тарту ережесіне 2-қосымша

Шетел әуе кемелерімен халықаралық тұрақты емес авиатасымалдауға берілетін рұқсаттардағы беру кезінде қолданылатын мемлекеттер тізімі және олардың реттік нөмірлері 

код

Мемлекет

код

Мемлекет

001

Австралия

033

Греция

002

Австрия

034

Гонконг

003

Әзірбайжан

035

Дания

004

Алжир

036

Джибути

005

Албания

037

Заир

006

Ангола

038

Замбия

007

Египет

039

Зимбабве

008

Аргентина

040

Израиль

009

Армения

041

Үндістан

010

Ауғаныстан

042

Индонезия

011

Бангладеш

043

Иордания

012

Бахрейн

044

Ирак

013

Беларусь

045

Иран

014

Бельгия

046

Ирландия

015

Бенин

047

Исландия

016

Піл Сүйекті Жаға

048

Испания

017

Бирма

049

Италия

018

Болгария

050

Йемен

019

Боливия

051

Камерун

020

Бразилия

052

Кампучия

021

Буркина-Фасо

053

Канада

022

Бурунди

054

Катар

023

Ұлыбритания

055

Кения

024

Венгрия

056

Кипр

025

Венесуэла

057

ҚХР

026

Вьетнам

058

КХДР

027

Габон

059

Колумбия

028

Гана

060

Конго

029

Гайана

061

Куба

030

Гвинея Бисау

062

Кырғызстан

031

Грузия

063

Кувейт

032

Босния және Герцеговина

064

Лаос

065

Латвия

105

Сирия

066

Либерия

106

Словения

067

Ливан

107

Сейшелы

068

Ливия

108

Судан

069

Литва

109

Суринам

070

Люксембург

110

АҚШ

071

Мадагаскар

111

Сьерра-Леоне

072

Малайзия

112

Тәжікістан

073

Мали

113

Таиланд

074

Мальта

114

Танзания

075

Марокко

115

Того

076

Мавритания

116

Тунис

077

Македония

117

Түркия

078

Мексика

118

Түрікменістан

079

Мозамбик

119

Уганда

080

Монғолия

120

Өзбекістан

081

Намибия

121

Уругвай

082

Непал

122

Украина

083

Нигер

123

Филиппины

084

Нигерия

124

Финляндия

085

Нидерланды

125

Франция

086

Никарагуа

126

ГФР

087

Норвегия

127

Чад

088

Новая Зеландия

128

Чили

089

БАӘ

129

Чехия, Словакия

090

Оман

130

Швейцария

091

БҰҰ

131

Швеция

092

Парагвай

132

Шри-Ланка

093

Пакістан

133

Эквадор

094

Палестина

134

Эстония

095

Перу

135

Эфиопия

096

Польша

136

Оңтүстік Корея

097

Португалия

137

Югославия

098

Ресей

138

Ямайка

099

Руанда

139

Япония

100

Румыния

140

Лихтенштейн

101

Сауд Аравиясы

141

Молдова

102

Сенегал

142

Резерв

103

Сомали

143

Резерв

104

Сингапур

144

Резерв

      Ескертпе: резерв осы тізбеге кірмеген мемлекетке кодты беруді көздейді.

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация министрі
міндетін атқарушының    
2010 жылғы 13 тамыздағы № 359
бұйрығына 2-қосымша    

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізілімі

      1. "Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздер" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2558 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2003 ж., № 43-48, 895-құжат жарияланған);
      2. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздерге өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 3 тамыздағы № 139 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3029 болып тіркелген);
      3. "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3439 болып тіркелген, 2005 жылғы 21 қазанда № 195-196 (929-930) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
      4. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы № 28 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4130 болып тіркелген, 2006 жылғы 7 сәуірде № 61-62 (1041-1042) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
      5. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 3 шілдедегі № 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4316 болып тіркелген, 2006 жылғы 11 тамызда № 147 (1127), 2006 жылғы 8 қыркүйекте № 162 (1142) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
      6. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007 жылғы 27 наурыздағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4621 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2007 ж., № 5, 258-құжат жарияланған);
      7. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 440 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5336 болып тіркелген, 2008 жылғы 31 қазанда № 166 (1566) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
      8. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы № 80 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5583 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірде № 49 (1646) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
      9. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2009 жылғы 18 мамырдағы № 238 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5698 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымда № 92 (1689) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
      10. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 173 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6216 болып тіркелген).