Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.05.2017 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, жолаушылардың, багаждың және жүктердің тасымалдарын жүзеге асыру үшін халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру және беруден бас тарту тәртібін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 08.04.2020 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.05.2017 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Министрдің міндетін атқарушы | Д. Көтербеков |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығымен бекітілген |
Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 08.04.2020 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) авиациялық маршрут (авиамаршрут) - авиатасымалдар пункттері арасындағы олардың үстінен әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер бетiнiң географиялық сипаттамасы немесе географиялық сипаттамаларының комбинациясы. Ауданында ұшу/бару әуеайлағы орналасқан аудандардағы елді мекендер авиатасымалдар пункттері болып табылады;
2) жүк құжаттамасы - жүкті тасымалдау шарттары, жөнелтілетін салмақ, жөнелту және тағайындау пункттері көрсетілген тасымалдаушының маршруты бойынша жүкті тасымалдаудағы жүкті жөнелтуші мен тасымалдаушының арасындағы келісімшартты растау үшін қолданылатын, алдын ала сәйкестендіріліп басылған тасымалдаушының құжаты. Нақты рейс орындайтын әуе кемесінің бортына жүкті тиеуді жүзеге асыратын кез келген қону пункті (алғашқы немесе маршруттағы) жөнелту пункті болып табылады, ал жүкті түсіретін бірінші тиісті пункт белгіленген пункт болып табылады (тасымал қай жерде басталғанына және соңында бұл тасымал жүк қағазына сәйкес қайда аяқталатына байланысты емес);
3) шартты авиабағыт - авиабағыт куәлігі бар Қазақстан Республикасының тағайындалған тасымалдаушылары тұрақты ұшулар орындайтын халықаралық авиамаршрут;
4) көмек көрсетуге арналған тасымалдар - табиғи апат немесе төтенше жағдайларда (апат, эпидемия және т.б.) көмек көрсету мақсатында персоналды және керек-жарақтарды тасымалдау үшін гуманитарлық мақсатта орындалатын тұрақты емес рейстер, санитарлық рейстер, сондай-ақ, қалпына келтіру апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты жасалатын ұшулар;
5) туристік чартерлі рейс - тұрақты емес рейс болып табылады және ол авиакомпаниямен фрахталау туралы шарт негізінде туроператордың (фрахта алушының) өтінімі бойынша құрылады, осыған сәйкес фрахта беруші фрахта алушыға бір немесе бірнеше рейсте шарттық желілер бойынша жолаушыларды, жүкті және багажды тасымалдауға арналған бір немесе бірнеше әуе кеменің толық немесе жартылай сыйымдылығын төлеуі тиіс;
6) жеке мақсатында немесе қызметтік сапардағы чартерлік рейс - бұл жолаушыларды және/немесе жүкті тасымалдау үшін өз мақсатында жеке немесе заңды тұлғамен тығыз байланыста болатын және тура немесе қосымша жеке немесе заңды тұлғаларға бөлінбейтін шығыстары толығымен осы жеке немесе заңды тұлғамен жабылатын, тұрақты рейс емес;
7) чартерлік жүк рейстер бағдарламасы - бір ғана пайдаланушының әуе кемелерімен бір бағыт бойынша жүйелі орындалатын тұрақты емес жүк авиатасымалдары;
8) тұрақты емес ұшуларды біржақты орындау - қазақстандық авиакомпаниялар отыз күнде екіден аз жиілікпен тұрақты емес ұшуларды орындайтын авиациялық маршруттар бойынша жолаушыларды және/немесе жүкті коммерциялық тасымалдау мақсатында азаматтық әуе кемелерінің шетел пайдаланушыларының тұрақты емес ұшуларын орындауы.
3. "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.
2-тарау. Қазақстандық пайдаланушыларын азаматтық әуе кемелерімен халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған шарттары және келісу тәртібі
4. Көрсетілетін қызмет берушінің келісімінсіз шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ екіұдай мақсаттағы өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесін пайдаланушының халықаралық ұшуына жол берілмейді. Көрсетілетін қызмет беруші өз кезегінде осы ұшуды сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын органмен оның құзыреті шегінде келісуді жүзеге асырады.
5. Көрсетілетін қызмет беруші шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ екі мақсатқа арналған өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесінің қазақстандық пайдаланушыларының халықаралық ұшуын жүзеге асыруды азаматтық әуе кемесінің қазақстандық пайдаланушысының немесе оның өкілінің Азаматтық авиация комитетіне жіберген өтінімнің негізінде келіседі, онда мынадай деректер болуы тиіс:
пайдаланушының атауы;
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі - ХААҰ) үш әріпті коды және рейс нөмірі;
ұшу күні;
әуе кемесінің үлгісі;
ұшудың толық авиабағыты;
фрахта ұйымының атауы көрсетілген ұшу мақсаты және тасымалданатын жүктің тізбесі;
жіберуші жақ және (немесе) жүк жөнелтуші (толық атауы, мекен жайы, телефоны);
қарсы алушы жақ және (немесе) жүк қабылдаушы (толық атауы, мекен жайы, телефон);
лауазымдық тұлғаның қолы.
6. Қазақстандық пайдаланушы немесе оның уәкілетті өкілі келісу үшін жолдаған өтінімді Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағында (АІР) жарияланған (бұдан әрі - аэронавигациялық ақпарат жинағында) белгіленген арналар бойынша Азаматтық авиация комитетіне ұшуды орындау күніне дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуы тиіс.
3-тарау. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел пайдаланушылары азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауына рұқсаттарды берудің талаптары мен тәртібі
7. Заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - қызмет алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет берушіге аэронавигациялық ұйымына аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары бойынша ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсатты алуға өтінімді (бұдан әрі - өтінім):
2) пайдаланушы куәлігінің (болған жағдайда) электронды көшірмесі;
3) әуе кемесінің тіркелгені туралы куәліктің электронды көшірмесі;
4) әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәліктің электронды көшірмесі;
5) үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисінің электронды көшірмесі;
6) жүк құжаттамасының (Азаматтық авиация комитетінің жеке сұрау салуы бойынша беріледі) электронды көшірмесі.
Біріккен ұлттар ұйымы тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізбесі "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар" ХААҰ Doc. 9284-AN/905 басылымымен анықталған бортында қауіпті жүкпен тұрақты емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде қызмет алушы қосымша төменде көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін ұсынады:
әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатын;
ХААҰ-ның белгіленген нормалары мен ережелеріне сәйкес жүктің байлануы және таңбалануы туралы пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің кепілдік хаты.
Азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын, өтінімде көрсетілген белгіленген байланыс арналары арқылы рейсті жалға алу туроператорлық қызмет көрсетуге лицензияның электронды көшірмесін беруі қажет.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін негізгі талаптардың тізімі, соның ішінде рәсімнің сипаттамасы, көрсетудің нысаны, мазмұны және нәтижесі, сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескеретін басқа да ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру" мемлекеттік қызметінің стандартында (бұдан әрі - стандарт) мазмұндалған.
9. Көрсетілетін қызметті беруші стандарттың 7 тармағында құжаттарды олардың келген күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызмет берушінің жауапты қызметкері өтінімді тіркеген мезеттен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде осы қағидалардың 6 тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетулетін қызмет алушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызмет беруші осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде, өтінімді қарастырудан дәлелді бас тарту бойынша жауап қайтарады.
Көрсетілетін қызмет берушінің өтінімді қабылдау бойынша дәлелді бас тартуы көрстілетін қызмет алушыға аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған белгіленген арналар арқылы жіберіледі.
10. Құжаттарды қарау мен мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну мерзімі 5 (бес) жұмыс күнді құрайды.
11. Көрсетілетін қызмет беруші тиісті өтінімі бойынша өтінімнің дұрыс рәсімделуін және берілген құжаттардың осы Қағиданың 7-тармағында сәйкес толық болуын тексереді, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының әуежайларымен қону, ұшу, әуе кемесін қабылдау және қызмет көрсету шарттарын, метеорологиялық қамтамасыз ету, сондай-ақ аэронавигация ұйымы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемесіне аэронавигациялық қызмет көрсетудің төлем шарттарын жүргізеді.
12. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген толық құжаттардың топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызмет беруші, 3 (үш) жұмыс күн ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексереді, оң қорытынды болған кезде осы қағидаларға 3-қосымшадағы нысанға сәйкес Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсатты рәсімдейді және аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жолдайды, не кері қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап қайтарады.
13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болып келесі саналады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарға сәйкес келмеуі.
14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
15. Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсат көрсетілетін қызмет алушыға оның әрекет ету күнінен бастап 72 сағат мерзімге беріледі.
16. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
17. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының шешімі нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сот тәртібінде шағымдана алады.
18. Мемлекеттік қызметті алу шарттары:
1) келісілген авиабағыт бойынша халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға өтінім беру, тұрақты емес ұшулардың келесі түрлерін қоспағанда:
көмек көрсету үшін тасымалдауды;
жеке мақсаттарында немесе қызметтік сапарда пайдалану чартерлік рейстерді;
салон түріндегі әуе кемелерінде орындалатын бір жолғы ұшуларға жол берілмейді;
2) жеке мақсаттардағы немесе қызметтік сапарда не көмек көрсету үшін орындалатын тасымалдарды қоспағанда, егер пайдаланушысы үшінші мемлекетте тіркелген әуе кемесінде бағыты бойынша басқа бір мемлекеттен Қазақстан Республикасына жолаушыларды коммерциялық тасымалдау мақсатында тұрақты емес ұшу жоспарланса және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардағы ережелерде мұндай ұшуларды орындау құқығы көрсетілмеген жағдайда тұрақты емес рейс орындауға жол берілмейді;
3) егер шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесінің чартерлі рейсі Қазақстан Республикасының аумағында құралатын жолаушылар тобын коммерциялық тасымалдаумен байланысты жоспарланатын болса, мыналарды қоспағанда:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының күзетілудегі және басқа да лауазымдық тұлғаларды тасымалдауды;
көмек көрсетуге арналған тасымалдауларды;
жеке мақсаттардағы немесе қызметтік сапардағы чартерлі рейстерді;
Қазақстан Республикасының авиациялық билік органдары мен шет мемлекеттің авиациялық билік органдары арасындағы жазба уағдаластықтар шеңберінде орындалатын ұшуларды;
қазақстандық авиакомпаниялардың чартерлік ұшуларды орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда;
шетелдік авиакомпания Қазақстан Республикасының авиакомпанияларына шектеулер бар мемлекеттерге чартерлік рейсті орындау өтінімін берген жағдайда, тұрақты емес рейс орындауға жол берілмейді;
4) көмек көрсету және жеке мақсаттардағы немесе қызметтік сапарлар үшін чартерлік рейстерді орындауды қоспағанда, егер пайдаланушысы үшінші мемлекетте тіркелген әуе кемесінде бағыты бойынша басқа бір мемлекеттен Қазақстан Республикасына жолаушыларды коммерциялық тасымалдау мақсатында тұрақты емес ұшу жоспарланса және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардағы ережелерде мұндай ұшуларды орындау құқығы көрсетілмеген жағдайда тұрақты емес рейс орындауға жол берілмейді;
5) көмек көрсету немесе жеке мақсатында орындау үшін тасымалдауды немесе Чартерлік рейсті қоспағанда егер шетелдік пайдаланушы әуе кемесінің тұрақты емес ұшуы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды/жүкті коммерциялық тасымалдау мақсатында жүзеге асырылса және мұндай рейсті орындау құқығы Қазақстан Республикасы Қатысушы болып табылатын халықаралық шарттың ережелерінде көзделмеген болса тұрақты емес рейс орындауға жол берілмейді;
6) бірнеше өзара байланысты халықаралық тұрақты емес ұшудың (төрт және одан да көп ұшулар) серияларын орындау үшін өтінім бірінші ұшуды орындауға дейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей түсуі қажет;
7) егер шетел пайдаланушысы және оның өкілі бір күнде бір рейсті орындауға өтінім берген болса, рұқсаттар пайдаланушыдан алынған өтінім негізінде беріледі;
8) өзара байланысты бірнеше тұрақты емес ұшулардың (төрт немесе бес ұшулар) серияларын мемтекеттік қызмет алғашқы ұшу орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн мерзімге дейін беріледі;
9) шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасының аумағында қалыптастырылатын коммерциялық әуе тасымалына байланысты халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға мемтекеттік қызмет алты айдан артық емес мерзімге беріледі.
4-тарау. Рұқсатты рәсімдеу және олардың мүдделі ұйымдарға берілуін қамтамасыз ету
19. Шетелдік пайдаланушылардың әуе кемелерінде тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді және оны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы немесе оның орынбасары, басқарма бастығы бекітеді.
Рұқсат нөмірі осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес әуе кемесін пайдаланушының тіркеу мемлекетінің реттік кодын иелену арқылы, авиациялық әкімшіліктің ағылшын тіліндегі аббревиатурасынан, рұқсаттың реттік нөмірінен және берілген күнінен құралады.
20. Бекітілген рұқсат орнатылған байланыс арналары бойынша өтінім берушінің мекен жайына, сондай-ақ "Қазаэронавигация" РМК және ұшу/қону әуежайларына жіберіледі.
Пайдаланушының немесе оның өкілінің өтініші бойынша рұқсат қосымша ағылшын тілінде рәсімделеді.
5-тарау. Қонбай орындалатын ұшуды орындауға алдын ала хабарлама беру тәртібі
20-1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел пайдаланушылары азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес Қазақстан Республикасы аумағында қонуды жүзеге асырмайтын ұшулар әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына ұшуды орындау туралы алдын ала хабарламаны ұсынған кезде орындалады.
20-2. Қонуды жүзеге асырмайтын ұшуларды орындау туралы алдын ала хабарлама ұшуды орындау күніне дейін 1 күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ұйымына аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған белгіленген байланыс арналары бойынша жіберіледі.
20-3. Ұшуларды орындау туралы алдын ала хабарлама мынадай деректерді қамтиды:
пайдаланушының атауы, толық пошталық мекенжайы және байланыс деректері;
ИКАО коды және рейс нөмірі;
әуе кемесінің типі және тіркеу нөмірі;
әуе кемесінің ең ауыр ұшу салмағы;
әуе кемесінің тіркелген мемлекеті;
ұшу мақсаты;
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұшу бағытындағы әуе трассаларын, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне/кеңістігінен кіру/шығу нүктелерін көрсете отырып, әуе кемесі қозғалысының күні, толық бағыты және кестесі;
бортта қауіпті жүктің, әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасының бар болуы;
аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерді төлеудің болжамды нысаны.
6-тарау. Қорытынды ережелер
21. Халықаралық тұрақты емес (чартерлік) рейстер үшін шетелдік авиакомпаниялары рұқсат алуға беретін құжаттар рейсті орындау күнінен бастап 3 (үш) ай ішінде сақталады.
22. Халықаралық тұрақты емес (чартерлік) ұшуларды орындауға шетелдік авиакомпанялардан берілетін өтінімдер және халықаралық тұрақты емес (чартерлік) ұшуларға берілген рұқсаттар 1 (бір) жыл ішінде сақталады.
23. Қонуды жүзеге асырмайтын ұшуларды орындау туралы ұсынылатын алдын ала хабарламалар 1 (бір) жыл ішінде сақталады.
Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларына 1-қосымша |
Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат алуға өтінім
1. Пайдаланушының атауы және толық пошталық мекенжайы:
_______________________________________________________________________________.
2. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) коды және рейс нөмірі:
_______________________________________________________________________________.
3. Әуе кемесінің типі, тіркеу нөмірі және радио арқылы шақыруы:
_______________________________________________________________________________.
4. әуе кемесі тіркелген мемлекет: ____________________________________________.
5. әуе кемесі командирінің (негізгі және резервтік) тегі, экипаж мүшелерінің саны және
олардың азаматтығы: _____________________________________________________________.
6. Ұшу мақсаты:
_______________________________________________________________________________.
7. Жолаушылардың (жүктердің) болуы және олардың саны: ______________________.
8. Жолаушыларды (жүктерді) жөнелту және жеткізу пункттері және аралық отырғызу
пункттері: ______________________________________________________________________.
9. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұшу бағытындағы әуе трассаларын,
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне (кеңістігінен) кіру (шығу) нүктелерін көрсете
отырып, әуе кемесі қозғалысының күні, толық авиамаршруты және кестесі:
________________________________________________________________________________
10. Жүк жөнелтуші (толық атауы, мекенжайы, телефоны):
_______________________________________________________________________________.
11. Жүкті алушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны):
_______________________________________________________________________________.
12. Навигациялық және байланыс жабдығының типі: ____________________________.
13. Бортта шет мемлекеттердің әскери құралымдарының, қару-жарағының және әскери
техникасының болуы: ____________________________________________________________.
14. Әуежайлар және аэронавигация қызметтері үшін болжамды төлем нысандары:
_______________________________________________________________________________.
15. Лауазымды адамның қолы, телефоны: ______________________________________.
Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларына 2-қосымша |
"Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру" мемлекеттік қызметінің стандарты
1 | Мемлекеттік қызметтің атауы | Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру |
2 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті |
3 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары) | Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінімдерді қабылдау көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі немесе аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күн |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | қағаз |
6 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қвзмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | тегін |
8 | Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс істеу кестесі | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін |
9 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылады: |
10 | Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде қызмет беруші көрсетілетін қвзмет алушыға бас тарту себебі көрсетілен жауапты жолдайды: |
11 |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, |
12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.miid.gov.kz ("Азаматтық авиация комитетi" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" кiшi бөлiмiнде) интернет-ресурсында орналастырылған. |
Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларына 3-қосымша |
Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсат
_____ жылғы "___" ___________ № ___ шығыс құжатқа
Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат берілді:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(рейстер нөмірі, пайдаланушының атауы, әуе кемесінің типі
(негізгі және резервтік),
________________________________________________________________________________
әуе кемесінің тіркеу нөмірі (негізгі және резервтік), ұшудың күні, толық маршруты,
________________________________________________________________________________
әуе кеңістігіне/нен кіру мен шығудың нүктелері және уақыты)
Рұқсат № ______________________
(рұқсттың нөмірі көрсетіледі)
Ұшудың мақсаты _______________
Ерекше жағдайлар _________________________________________________________
(әуежайлық пен аэронавигациялық алымдарды төлеудің әдісі мен нысаны көрсетіледі)
Уәкілетті органның басшысы
__________________________
(қолы)
____ жылғы "____" _____________ М.О. (болған кезде)
Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларына 4-қосымша |
Шетел әуе кемелерімен халықаралық тұрақты емес ұшуларға берілетін рұқсаттардағы беру кезінде қолданылатын мемлекеттердің тізбесі және олардың реттік нөмірлері
код | Мемлекет | код | Мемлекет | код | Мемлекет | ||
001 | Аустралия | 067 | Камбоджа | 133 | Румыния | ||
002 | Аустрия | 068 | Камерун | 134 | Сальвадор | ||
003 | Әзербайжан | 069 | Канада | 135 | Самоа | ||
004 | Албания | 070 | Қатар | 136 | Сан-Марино | ||
005 | Алжир | 071 | Кения | 137 | Сан-Томе және Принсипи | ||
006 | Ангола | 072 | Кипр | 138 | Сауд Арабия | ||
007 | Андорра | 073 | Кирибати | 139 | Свазиленд | ||
008 | Антигуа және Барбуда | 074 | Қытай | 140 | Сейшел Аралдары | ||
009 | Аргентина | 075 | Колумбия | 141 | Сенегал | ||
010 | Армения | 076 | Комора Аралдары | 142 | Сент-Винсент және Гренадины | ||
011 | Ауғанстан | 077 | Конго | 143 | Сент-Китс және Невис | ||
012 | Багама Аралдары | 078 | Солтүстік Корея | 144 | Сент-Люсия | ||
013 | Бангладеш | 079 | Коста-Рика | 145 | Сербия | ||
014 | Барбадос | 080 | Кот-д'Ивуар | 146 | Сингапур | ||
015 | Бахрейн | 081 | Куба | 147 | Сирия | ||
016 | Беларусь | 082 | Кувейт | 148 | Словакия | ||
017 | Белиз | 083 | Қырғызстан | 149 | Словения | ||
018 | Бельгия | 084 | Лаос | 150 | Ұлыбритания | ||
019 | Бенин | 085 | Латвия | 151 | Америка Құрама Штаттары | ||
020 | Болгария | 086 | Лесото | 152 | Соломон Аралдары | ||
021 | Боливия | 087 | Либерия | 153 | Сомали | ||
022 | Босния және Герцеговина | 088 | Ливан | 154 | Судан | ||
023 | Ботсвана | 089 | Ливия | 155 | Суринам | ||
024 | Бразилия | 090 | Литва | 156 | Сьерра-Леоне | ||
025 | Бруней | 091 | Люксембург | 157 | Тәжікстан | ||
026 | Буркина-Фасо | 092 | Маврикий | 158 | Таиланд | ||
027 | Бурунди | 093 | Мавритания | 159 | Тимор-Лешти | ||
028 | Бутан | 094 | Мадагаскар | 160 | Того | ||
029 | Македония | 095 | Малави | 161 | Тонга | ||
030 | Вануату | 096 | Малайзия | 162 | Тринидад және Тобаго | ||
031 | Мажарстан | 097 | Мали | 163 | Тунис | ||
032 | Венесуэла | 098 | Мальдивтер | 164 | Түрікменстан | ||
033 | Вьетнам | 099 | Мальта | 165 | Түркия | ||
034 | Габон | 100 | Марокко | 166 | Уганда | ||
035 | Гаити | 101 | Маршаллов Аралдары | 167 | Өзбекстан | ||
036 | Гайана | 102 | Мексика | 168 | Украина | ||
037 | Гамбия | 103 | Микронезия (Федеративті Штаттары) | 169 | Уругвай | ||
038 | Гана | 104 | Мозамбик | 170 | Фиджи | ||
039 | Гватемала | 105 | Монако | 171 | Филиппиндер | ||
040 | Гвинея | 106 | Моңғолия | 172 | Финляндия | ||
041 | Гвинея-Бисау | 107 | Мьянма | 173 | Франция | ||
042 | Германия | 108 | Намибия | 174 | Хорватия | ||
043 | Гондурас | 109 | Науру | 175 | Орталық Африка Республикасы | ||
044 | Гренада | 110 | Непал | 176 | Чад | ||
045 | Грекия | 111 | Нигер | 177 | Черногория | ||
046 | Грузия | 112 | Нигерия | 178 | Чехия | ||
047 | Гонконг | 113 | Нидерланды | 179 | Чили | ||
048 | Дания | 114 | Никарагуа | 180 | Швейцария | ||
049 | Конго | 115 | Жаңа Зеландия | 181 | Швеция | ||
050 | Джибути | 116 | Норвегия | 182 | Шри-Ланка | ||
051 | Доминикан | 117 | Танзания | 183 | Эквадор | ||
052 | Мысыр | 118 | Біріккен Араб Әмірліктері | 184 | Экваторлық Гвинея | ||
053 | Замбия | 119 | Оман | 185 | Эритрея | ||
054 | Зимбабве | 120 | Кука Аралдары | 186 | Эстония | ||
055 | Израиль | 121 | Пәкістан | 187 | Эфиопия | ||
056 | Үндістан | 122 | Палау | 188 | Оңтүстік Африка | ||
057 | Индонезия | 123 | Панама | 189 | Оңтүстік Судан | ||
058 | Иордания | 124 | Папуа-Жаңа Гвинея | 190 | Ямайка | ||
059 | Ирак | 125 | Парагвай | 191 | Жапония | ||
060 | Иран | 126 | Перу | ||||
061 | Ирландия | 127 | Польша | ||||
062 | Исландия | 128 | Португалия | ||||
063 | Испания | 129 | Оңтүстік Корея | ||||
064 | Италия | 130 | Молдова | ||||
065 | Кабо-Верде | 131 | Ресей | ||||
066 | Йемен | 132 | Руанда |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізілімі
1. "Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздер" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2558 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2003 ж., № 43-48, 895-құжат жарияланған);
2. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздерге өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 3 тамыздағы № 139 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3029 болып тіркелген);
3. "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3439 болып тіркелген, 2005 жылғы 21 қазанда № 195-196 (929-930) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
4. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы № 28 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4130 болып тіркелген, 2006 жылғы 7 сәуірде № 61-62 (1041-1042) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
5. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 3 шілдедегі № 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4316 болып тіркелген, 2006 жылғы 11 тамызда № 147 (1127), 2006 жылғы 8 қыркүйекте № 162 (1142) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
6. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007 жылғы 27 наурыздағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4621 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2007 ж., № 5, 258-құжат жарияланған);
7. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 440 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5336 болып тіркелген, 2008 жылғы 31 қазанда № 166 (1566) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
8. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы № 80 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5583 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірде № 49 (1646) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
9. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2009 жылғы 18 мамырдағы № 238 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5698 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымда № 92 (1689) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
10. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 173 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6216 болып тіркелген).