2003 жылғы 13 қарашада N 2558 Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде тіркелген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығымен бекітілген Тұрақты емес ұ

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 3 тамыздағы N 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3029. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiн қайта ұйымдастыру туралы" 2004 жылғы 9 маусымдағы N 1382  Жарлығына  сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат, 2003 ж., N 12, 132-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      аталған Жарлықтың 1-қосымшасында:

      "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды
      peттeу және бәсекелестiкті қорғау жөнiндегі агенттiгi     573
      оның iшiнде аумақтық органдар                             408"

      деген жол алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігінің мәселелерi" туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141  Жарлығының  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2003 ж., N 27, 250-құжат; N 41, 427-құжат; 2004 ж., N 21, 267-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті