2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерінде:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қағидалар тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Осы Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жолаушылардың, багаждың және жүктердің тасымалдарын жүзеге асыру үшін Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің тәртібін белгілейді.".
6-тармаққа өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
10-тармақтың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бортта қауіпті жүктің, әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасының бар болуы;";
мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
"5-1-тарау. Қонбай орындалатын ұшуды орындауға алдын ала хабарлама беру тәртібі
20-1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел пайдаланушылары азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес Қазақстан Республикасы аумағында қонуды жүзеге асырмайтын ұшулар әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына ұшуды орындау туралы алдын ала хабарламаны ұсынған кезде орындалады.
20-2. Қонуды жүзеге асырмайтын ұшуларды орындау туралы алдын ала хабарлама ұшуды орындау күніне дейін 1 күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ұйымына аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған белгіленген байланыс арналары бойынша жіберіледі.
20-3. Ұшуларды орындау туралы алдын ала хабарлама мынадай деректерді қамтиды:
пайдаланушының атауы, толық пошталық мекенжайы және байланыс деректері;
ИКАО коды және рейс нөмірі;
әуе кемесінің типі және тіркеу нөмірі;
әуе кемесінің ең ауыр ұшу салмағы;
әуе кемесінің тіркелген мемлекеті;
ұшу мақсаты;
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұшу бағытындағы әуе трассаларын, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне/кеңістігінен кіру/шығу нүктелерін көрсете отырып, әуе кемесі қозғалысының күні, толық бағыты және кестесі;
бортта қауіпті жүктің, әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасының бар болуы;
аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерді төлеудің болжамды нысаны.";
мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:
"23. Қонуды жүзеге асырмайтын ұшуларды орындау туралы ұсынылатын алдын ала хабарламалар 1 (бір) жыл ішінде сақталады.".
Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
Шетел әуе кемелерімен халықаралық тұрақты емес ұшуларға берілетін рұқсаттардағы беру кезінде қолданылатын мемлекеттердің тізбесі және олардың реттік нөмірлері
код | Мемлекет | код | Мемлекет | код | Мемлекет | ||
001 | Аустралия | 067 | Камбоджа | 133 | Румыния | ||
002 | Аустрия | 068 | Камерун | 134 | Сальвадор | ||
003 | Әзербайжан | 069 | Канада | 135 | Самоа | ||
004 | Албания | 070 | Қатар | 136 | Сан-Марино | ||
005 | Алжир | 071 | Кения | 137 | Сан-Томе және Принсипи | ||
006 | Ангола | 072 | Кипр | 138 | Сауд Арабия | ||
007 | Андорра | 073 | Кирибати | 139 | Свазиленд | ||
008 | Антигуа және Барбуда | 074 | Қытай | 140 | Сейшел Аралдары | ||
009 | Аргентина | 075 | Колумбия | 141 | Сенегал | ||
010 | Армения | 076 | Комора Аралдары | 142 | Сент-Винсент және Гренадины | ||
011 | Ауғанстан | 077 | Конго | 143 | Сент-Китс және Невис | ||
012 | Багама Аралдары | 078 | Солтүстік Корея | 144 | Сент-Люсия | ||
013 | Бангладеш | 079 | Коста-Рика | 145 | Сербия | ||
014 | Барбадос | 080 | Кот-д'Ивуар | 146 | Сингапур | ||
015 | Бахрейн | 081 | Куба | 147 | Сирия | ||
016 | Беларусь | 082 | Кувейт | 148 | Словакия | ||
017 | Белиз | 083 | Қырғызстан | 149 | Словения | ||
018 | Бельгия | 084 | Лаос | 150 | Ұлыбритания | ||
019 | Бенин | 085 | Латвия | 151 | Америка Құрама Штаттары | ||
020 | Болгария | 086 | Лесото | 152 | Соломон Аралдары | ||
021 | Боливия | 087 | Либерия | 153 | Сомали | ||
022 | Босния және Герцеговина | 088 | Ливан | 154 | Судан | ||
023 | Ботсвана | 089 | Ливия | 155 | Суринам | ||
024 | Бразилия | 090 | Литва | 156 | Сьерра-Леоне | ||
025 | Бруней | 091 | Люксембург | 157 | Тәжікстан | ||
026 | Буркина-Фасо | 092 | Маврикий | 158 | Таиланд | ||
027 | Бурунди | 093 | Мавритания | 159 | Тимор-Лешти | ||
028 | Бутан | 094 | Мадагаскар | 160 | Того | ||
029 | Македония | 095 | Малави | 161 | Тонга | ||
030 | Вануату | 096 | Малайзия | 162 | Тринидад және Тобаго | ||
031 | Мажарстан | 097 | Мали | 163 | Тунис | ||
032 | Венесуэла | 098 | Мальдивтер | 164 | Түрікменстан | ||
033 | Вьетнам | 099 | Мальта | 165 | Түркия | ||
034 | Габон | 100 | Марокко | 166 | Уганда | ||
035 | Гаити | 101 | Маршаллов Аралдары | 167 | Өзбекстан | ||
036 | Гайана | 102 | Мексика | 168 | Украина | ||
037 | Гамбия | 103 | Микронезия (Федеративті Штаттары) | 169 | Уругвай | ||
038 | Гана | 104 | Мозамбик | 170 | Фиджи | ||
039 | Гватемала | 105 | Монако | 171 | Филиппиндер | ||
040 | Гвинея | 106 | Моңғолия | 172 | Финляндия | ||
041 | Гвинея-Бисау | 107 | Мьянма | 173 | Франция | ||
042 | Германия | 108 | Намибия | 174 | Хорватия | ||
043 | Гондурас | 109 | Науру | 175 | Орталық Африка Республикасы | ||
044 | Гренада | 110 | Непал | 176 | Чад | ||
045 | Грекия | 111 | Нигер | 177 | Черногория | ||
046 | Грузия | 112 | Нигерия | 178 | Чехия | ||
047 | Гонконг | 113 | Нидерланды | 179 | Чили | ||
048 | Дания | 114 | Никарагуа | 180 | Швейцария | ||
049 | Конго | 115 | Жаңа Зеландия | 181 | Швеция | ||
050 | Джибути | 116 | Норвегия | 182 | Шри-Ланка | ||
051 | Доминикан | 117 | Танзания | 183 | Эквадор | ||
052 | Мысыр | 118 | Біріккен Араб Әмірліктері | 184 | Экваторлық Гвинея | ||
053 | Замбия | 119 | Оман | 185 | Эритрея | ||
054 | Зимбабве | 120 | Кука Аралдары | 186 | Эстония | ||
055 | Израиль | 121 | Пәкістан | 187 | Эфиопия | ||
056 | Үндістан | 122 | Палау | 188 | Оңтүстік Африка | ||
057 | Индонезия | 123 | Панама | 189 | Оңтүстік Судан | ||
058 | Иордания | 124 | Папуа-Жаңа Гвинея | 190 | Ямайка | ||
059 | Ирак | 125 | Парагвай | 191 | Жапония | ||
060 | Иран | 126 | Перу | ||||
061 | Ирландия | 127 | Польша | ||||
062 | Исландия | 128 | Португалия | ||||
063 | Испания | 129 | Оңтүстік Корея | ||||
064 | Италия | 130 | Молдова | ||||
065 | Кабо-Верде | 131 | Ресей | ||||
066 | Йемен | 132 | Руанда |