Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің Статистика комитеті төрағасының м.а. 20.01.2016 № 13 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.11.2017 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің Статистика комитеті төрағасының м.а. 20.01.2016 № 13 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Ә. Смайылов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкi iстер министрi
С. Баймағанбетов ________
2010 жылғы 20 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрi
Ж. Досқалиев _____________
2010 жылғы 1 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі
Ә. Исекешев ______________
2010 жылғы "____" ________
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау министрі
Н. Әшімов ______________
2010 жылғы 6 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Күрішбаев _____________
2010 жылғы 27 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрі
Г. Әбдіқалықова ___________
2010 жылғы 30 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Жәмішев ______________
2010 жылғы 10 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
агенттiгiнің төрағасы
Ө. Өзібеков______________
2010 жылғы 9 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және
сауда министрі
Ж. Айтжанова _____________
2010 жылғы 22 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі
С. Мыңбаев ______________
2010 жылғы 30 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі төрағасы
Г. Марченко ______________
2010 жылғы 12 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнің
міндетін атқарушы
Б.Н. Садықов ______________
2010 жылғы 5 тамыз
Қазақстан Республикасы статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 174 бұйрығымен бекітілген |
Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.12.2019 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Статистика туралы Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және алғашқы статистикалық деректерді алу немесе тіркеу үшін арналған жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік статистика органдарына таратылады.
3. Осы Қағидаларда Статистика туралы Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтама пайдаланылады:
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын және оған жүктелген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту тәртібі
4. Мемлекеттік статистика органдарының жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын әзірлеуі (қайта қарауға) немесе бекітуі үшін:
1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары;
2) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы өзгерту;
3) статистикалық әдіснаманы әзірлеуге (қайта қарауға) негіздеме болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгерту негіздеме болып табылады.
5. Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды (бұдан әрі – ведомстволық нысан) мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – МО және ҰБ) әзірлейді.
6. МО және ҰБ әзірлеген ведомстволық нысан жобаларын алдын-ала келісу және әрі қарай бекіту үшін жаңа ведомстволық нысанды әзірлеу, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қолданыстағы ведомстволық нысанға өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды енгізу үшін негіздемені қоса ведомствоға жоспарланатын жылдың алдындағы жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде жолдайды.
7. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды ведомство әзірлейді және бекітеді.
8. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қолданыстағы статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды (бұдан әрі – жалпымемлекеттік нысан) жаңадан әзірлеу немесе қайта қарау кезінде ведомство мүдделі мемлекеттік органдардың және "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің, сондай-ақ өз еркімен қатысуға ұсыныс білдірген респонденттердің қатысуымен жоспарланатын жылдың алдындағы жылғы 5 мамырға дейінгі мерзімде жұмыс отырысын (бұдан әрі – жұмыс отырысы) өткізеді.
Ведомство аумақтық органдарының және жұмыс тобы отырысының ұсыныстарын ескере отырып жаңа немесе қайта қаралған жалпымемлекеттік нысандарды жоспарланатын жылдың алдындағы жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде келіседі және бекітеді.
9. МО және ҰБ әзірлеген (қайта қараған) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды ведомство "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде бекітеді.
3-тарау. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды ресімдеу
10. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар (бұдан әрі – статистикалық нысан) келесі құрылымды қамтиды:
1) титулдық бет;
2) негізгі бөлігі;
3) қосымша (қажет болған жағдайда).
4) толтыру жөніндегі нұсқаулық
11. Статистикалық нысандарының титулдық беті мынадай деректемелерді ескере отырып, осы Қағидаларға 2 және 4-қосымшаларға сәйкес ресімделеді:
1) статистикалық нысанды бекітетін бұйрықтың күні және нөміріне арналған орын;
2) статистикалық байқаудың түрі;
3) статистикалық нысан ұсынылатын мемлекеттік статистика органының атауы;
4) статистикалық нысанның индексі;
5) статистикалық нысанның атауы және оның есепті кезеңі;
6) статистикалық байқауды өткізу кезеңділігі (біржолғы, күн сайынғы, апта сайынғы, онкүндік, айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық, жылына бір рет, екі жылда бір рет, үш жылда бір рет, бес жылда бір рет, жылына екі рет, жылына үш рет, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық органының сұратуы бойынша);
7) есеп беретін респонденттер тобы;
8) статистикалық нысан бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімі;
9) есепке алу бірлігінің сәйкестендіру коды:
заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге арналған бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
жеке тұлғаларға, соның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге арналған жеке сәйкестендіру нөмірі.
Титулдық бетте көрсетілген статистикалық нысанның деректемелерін мемлекеттік статистика органдары қолданады және ведомство дербес және (немесе) статистикалық нысандарды қайта қарау жолымен МО және ҰБ ұсынысы бойынша өзгертеді.
12. Статистикалық нысанның негізгі бөлігі осы Қағидаларға 3 және 5-қосымшаларға сәйкес әзірленеді, алғашқы статистикалық деректерді жинауға арналған көрсеткіштер және (немесе) сұрақтар тізбесін, статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт (жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша – міндетті, ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша – МО және ҰБ қарауына) және типтік мекенжай бөлігін қамтиды.
13. Статистикалық нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулық осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес әзірленеді.
Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларына 1-қосымша |
Жаңа ведомстволық статистикалық нысанын әзірлеуге, қолданыстағы ведомстволық статистикалық нысанға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіздеме
р/с № | "Ведомстволық статистикалық нысанның атауы" (индексі, ведомстволық статистикалық нысанның кезеңділігі) | |
---|---|---|
1 | Негіздеме | |
2 | Байқаудың мақсаты | |
3 | Респонденттердің саны | |
4 | Ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мерзімі | |
5 | Ведомстволық статистикалық нысанды ұсыну түрі | |
6 | Жарияланымдар (анықтамалық, бюллетень, кесте, есеп және тағы басқа) |
Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларына 2-қосымша |
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы | |||||||||||||||||
Приложение __ к приказу Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от "__" ________ 20__ года № __ | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Статистикалық нысанның индексі |
Кезеңділік |
Есепті кезең |
жыл | |||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
код БИН | ||||||||||||||||||
ЖСН коды код ИИН |
Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларына 3-қосымша |
Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар үшін негізгі бөлігі
Кестенің атауы
Жолдар коды (шифры) | Бағандар атауы | ||||||
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
Жолдардың атауы | |||||||
Сандық, әріптік және графикалық деректер | |||||||
Ескертпе:
Кестенің атауында кестенің негізгі мазмұны қысқаша және нақты көрсетіледі. Бағандардың атауында – кезең, классификация, жолдардың атауында – зерделенетін объектілер, жекелеген бірліктер, оң жақ бөлігінде зерделенетін объектілерді сипаттайтын көрсеткіштер көрсетіледі.
Өлшем бірліктері егер зерделенетін объектілер кестесінің барлық көрсеткіштеріне қатысты болса, кестенің атауында, басқа жағдайларда бағандардың немесе жолдардың атауларында көрсетіледі.
Кестенің жолдары кодтармен немесе шифрлармен белгіленеді. Кестенің деректерге арналған оң бөлігінің бағандары, реттік нөмірлермен нөмірленеді. Зерделенетін объектілер жолдардың коды немесе шифры орналасатын кестенің сол бөлігінің бағандары "А", "Б" әріптерімен және тағы сол сияқты белгіленеді.
Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақытты көрсетіңіз, сағатпен (қажеттісін қоршаңыз)
Укажите время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)
1 сағатқа дейін | 1-2 | 2-4 | 4-8 | 8-40 | 40 сағаттан артық |
---|---|---|---|---|---|
до 1 часа | более 40 часов |
Типтік мекенжай бөлігі Типовая адресная часть
Атауы Мекенжайы(респонденттің)
Наименование _______________________ Адрес (респондента) ___________________
Телефоны (респонденттің)
Телефон (респондента) ______________________ _______________________________
стационарлық ұялы
стационарный мобильный
Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)
Адрес электронной почты (респондента) _______________________________________
Орындаушы
Исполнитель ___________________________________ ___________________________
тегі, аты және әкесінің аты қолы,
телефоны (бар болған жағдайда) (орындаушының)
фамилия, имя и отчество подпись, телефон (исполнителя)
(при его наличии)
Бас бухгалтер немесе
оның міндетін атқарушы
Главный бухгалтер или лицо,
исполняющее его обязанности ________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты қолы
(бар болған жағдайда) подпись
фамилия, имя и отчество
(при его наличии)
Басшы немесе оның
міндетін атқарушы
Руководитель или лицо,
исполняющее его обязанности ________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты қолы
(бар болған жағдайда) подпись
фамилия, имя и отчество
(при его наличии)
Ескертпе:
Примечание:
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.
Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".
Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларына 4-қосымша |
Ақпаратты алушы органдар құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы | |||||||||||||||||||
Приложение __ к приказу Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от "__" ________ 20__ года № __ | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Статистикалық нысанның индексі |
Кезеңділік |
Есепті кезең |
жыл | |||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Ұсыну мерзімі | ||||||||||||||||||||
код БИН | ||||||||||||||||||||
ЖСН коды код ИИН |
Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларына 5-қосымша |
Ведомстволық статистикалық байқаулар үшін негізгі бөлігі
Кестенің атауы
Жолдар коды (шифры) | Бағандар атауы | ||||||
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
Жолдардың атауы | |||||||
Сандық, әріптік және графикалық деректер | |||||||
Ескертпе:
Кестенің атауында кестенің негізгі мазмұны қысқаша және нақты көрсетіледі. Бағандардың атауында – кезең, классификация, жолдардың атауында – зерделенетін объектілер, жекелеген бірліктер, оң жақ бөлігінде зерделенетін объектілерді сипаттайтын көрсеткіштер көрсетіледі.
Өлшем бірліктері егер зерделенетін объектілер кестесінің барлық көрсеткіштеріне қатысты болса, кестенің атауында, басқа жағдайларда бағандардың немесе жолдардың атауларында көрсетіледі.
Кестенің жолдары кодтармен немесе шифрлармен белгіленеді. Кестенің деректерге арналған оң бөлігінің бағандары, реттік нөмірлермен нөмірленеді. Зерделенетін объектілер жолдардың коды немесе шифры орналасатын кестенің сол бөлігінің бағандары "А", "Б" әріптерімен және тағы сол сияқты белгіленеді.
Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақытты көрсетіңіз, сағатпен (қажеттісін қоршаңыз)
Укажите время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)
1 сағатқа дейін | 1-2 | 2-4 | 4-8 | 8-40 | 40 сағаттан артық |
до 1 часа | более 40 часов |
Типтік мекенжай бөлігі Типовая адресная часть
Атауы Мекенжайы (респонденттің)
Наименование ______________________ Адрес (респондента) __________________
Телефоны (респонденттің)__________________________ ________________________
Телефон (респондента) стационарлық ұялы
стационарный мобильный
Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келісеміз Согласны на распространение первичных статистических данных | Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келіспейміз Не согласны на распространение первичных статистических данных |
Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)
Адрес электронной почты (респондента) __________________________________
Орындаушы
Исполнитель _________________________________ ____________________________
тегі, аты және әкесінің аты қолы, телефоны
(бар болған жағдайда) (орындаушының)
фамилия, имя и отчество подпись, телефон
(при его наличии) (исполнителя)
Бас бухгалтер немесе
оның міндетін атқарушы тұлға
Главный бухгалтер или лицо,
исполняющее его обязанности ________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты қолы
(бар болған жағдайда) подпись
фамилия, имя и отчество
(при его наличии)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
Руководитель или лицо,
исполняющее его обязанности ________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты қолы
(бар болған жағдайда) подпись
фамилия, имя и отчество
(при его наличии)
Ескертпе:
Примечание:
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.
Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".
"Статистикалық нысанның атауы" (статистикалық нысанның индексі, статистикалық байқауды өткізу кезеңділігі) жалпымемлекеттік немесе ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
Статистикалық нысанда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар
Әдіснамалық түсіндірмелер
Арифметикалық-логикалық бақылау