БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 174 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6460 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468 (26311) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистик комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы |
Н. Айдапкелов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т.Қ. Дүйсенова ______________
2017 жылғы 23 қараша
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж.М. Қасымбек ______________
2017 жылғы 25 желтоқсан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Т. Сұлтанов ____________
2017 жылғы 28 қараша
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы __________
2017 жылғы 5 желтоқсан
"КЕЛIСIЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов _______
2017 жылғы 29 қараша
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің төрағасы
Д.Т. Ақышев ______________
2017 жылғы 20 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 179 бұйрығына қосымша |
Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін
статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік статистика органдарына таратылады.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар олардың Заңда көрсетілген мағынасында қолданылады.
2. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту тәртібі
4. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту тәртібі оларды әзірлеу немесе қайта қарау, келісу және бекітуді қамтиды.
5. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) бекітеді.
6. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын әзірлеуге немесе қайта қарауға негіздемелер:
1) мемлекеттік статистиканың тиісті органдарының стратегиялық жоспарлары;
2) мемлекеттік статистиканың тиісті органдарының операциялық жоспарлары;
3) мемлекеттік және салалық даму бағдарламалары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары;
5) статистикалық әдіснаманы халықаралық стандарттарға сәйкестікке келтіру;
6) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандардың көрсеткіштерімен қайталанатын жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық нысандардың көрсеткіштерінің болуы болып табылады.
7. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды Комитет "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді, қайта қарайды және бекітеді және келесі құрылымды қамтиды:
1) титулдық бет;
2) негізгі бөлігі;
3) қосымша (қажет болған жағдайда).
8. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық нысандардың титулдық беті мынадай деректемелерді есепке ала отырып, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес ресімделеді:
1) статистикалық нысанды бекітетін бұйрықтың күні және нөміріне арналған орын;
2) статистикалық байқаудың түрі;
3) статистикалық нысан ұсынылатын мемлекеттік статистика органының атауы;
4) статистикалық нысанды электронды түрде интернет-ресурста орналастыру мекенжайы;
5) анық емес деректерді ұсынғаны және алғашқы статистикалық деректерді ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары;
6) Комитет беретін статистикалық нысанның коды;
7) статистикалық нысанның индексі;
8) статистикалық нысанның атауы және оның есепті кезеңі;
9) статистикалық байқауды өткізу кезеңділігі (біржолғы, күн сайынғы, апта сайынғы, онкүндік, айына 2 рет, айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық, жылына бір рет, екі жылда бір рет, үш жылда бір рет, бес жылда бір рет, маусымдық);
10) есеп беретін респонденттер тобы;
11) статистикалық нысан бойынша статистикалық деректерді ұсыну мерзімі;
12) есепке алу бірлігінің сәйкестендіру коды - заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкерлерге арналған бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлғаларға, соның iшiнде қызметiн жеке кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкерлерге арналған жеке сәйкестендіру нөмірі;
13) статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт (Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша – міндетті, ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы және Ұлттық банктің қарауына).
Титулдық бетте көрсетілген статистикалық нысанның деректемелерін мемлекеттік статистика органдары қолданады және Комитет өздігінен немесе жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды қайта қарау жолымен мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ұсынысы бойынша өзгертіледі.
9. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленетін жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысанның негізгі бөлігі алғашқы статистикалық деректерді жинауға арналған көрсеткіштер және (немесе) сұрақтар тізбесін және типтік мекенжай бөлігін қамтиды.
10. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
11. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулық әзірлеу немесе жоспарланатын жылдың алдындағы жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде қайта қарау және ішкі келісу рәсімдерінен өтеді.
12. Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар жоспарланатын жылдың алдындағы жылғы 1 сәуірге дейін Комитетке келісу және кейіннен бекіту үшін ұсынылады.
13. Статистикалық нысандарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген немесе күші жойылған жағдайда осы Қағидаларға 5 қосымшасына сәйкес әзірлеуші ведомствоға негіздемені және салыстырмалы кестені тапсырады.
14. Комитет респонденттерге жүктемені төмендету мақсатында жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларына ерікті негізде тестілеу өткізеді.
Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі | ||||||||||||||||
Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны |
Приложение __ | ||||||||||||||||
Аумақтық статистика органына ұсынылады |
| ||||||||||||||||
Статистикалық нысан www.stat.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған | |||||||||||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады | |||||||||||||||||
Статистикалық нысанның коды |
Статистикалық нысанның атауы | ||||||||||||||||
Статистикалық нысанның индексі | |||||||||||||||||
Кезеңділік |
Есепті кезең | ||||||||||||||||
Респонденттер тобы | |||||||||||||||||
Ұсыну мерзімі | |||||||||||||||||
БСН коды | |||||||||||||||||
ЖСН коды |
Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Ақпаратты алушы органдар құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі | ||
Ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны |
Приложение __ | ||
Мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне ұсынылады | |||
Статистикалық нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсына орналастырылған | |||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады | |||
Статистикалық нысанның коды |
Статистикалық нысанның атауы | ||
Статистикалық нысанның индексі | |||
Кезеңділік |
Есепті кезең | ||
Респонденттер тобы | |||
Ұсыну мерзімі | |||
БСН коды | |||
ЖСН коды |
Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Статистикалық нысанның негізгі бөлімі Основная часть статистической формы
Кестенің атауы
Наименование таблицы
Жолдар коды (шифры) |
Бағандар атауы | ||||||
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
Жолдардың атауы | |||||||
Сандық, әріптік және графикалық деректер | |||||||
Ескертпе:
Кестенің атауында кестенің негізі мазмұны қысқа және нақты көрсетіледі. Бағандардың атауында – кезең, жіктеу, жолдардың атауында – зерттелетін объектілер, жекелеген бірліктер, оң жақ бөлігінде зерттелетін объектілерді сипаттайтын көрсеткіштер көрсетіледі.
Өлшем бірліктері егер зерттелетін объектілер кестесінің барлық көрсеткіштеріне қатысты болса, кестенің атауында, басқа жағдайларда бағандардың немесе жолдардың атауларында көрсетіледі.
Кестенің жолдары кодтармен немесе шифрлармен белгіленеді. Кестенің деректерге арналған оң бөлігінің бағандары, реттік нөмірлермен нөмірленеді. Зерттелетін бірліктер жолдардың коды немесе шифры орналасатын кестенің сол бөлігінің бағандары "А", "Б" әріптерімен және тағы сол сияқты белгіленеді.
Примечание:
В наименование таблицы кратко и точно отражается основное содержание таблицы. В наименовании граф указываются, период, классификации, наименовании строк – изучаемые объекты, отдельные единицы, в правой части – показатели, характеризующие изучаемые объекты.
Единицы измерения указываются в наименовании таблицы, если относятся ко всем показателям таблицы изучаемых объектов, в других случаях – в наименованиях граф или строк. Строки таблицы обозначаются кодами или шифрами. Графы правой части таблицы, предназначенные для данных, нумеруются порядковыми номерами. Графы левой части таблицы, в которой находятся изучаемые объекты, код или шифр строк, обозначаются буквами "А", "Б" и так далее.
Типтік мекенжай бөлігі Типовая адресная часть
Атауы Мекенжайы
Наименование _______________________ Адрес____________________________
____________________________________ __________________________________
Телефоны
Телефон __________________________________
Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)
Адрес электронной почты (респондента) ______________________________________
Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келісеміз1 Согласны на распространение первичных статистических данных1 | Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келіспейміз1 Не согласны на распространение первичных статистических данных1 |
Орындаушы
Исполнитель _________________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон
Бас бухгалтер
Главный бухгалтер ___________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
Руководитель или лицо исполняющий его обязанности
_________________________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Мөрдің орны
(бар болған жағдайда)
Место для печати (при наличии)
Ескертпе:
Примечание:
1Аталған тармақ "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес толтырылады
1Данный пункт заполняется согласно пункту 5 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике"
"Статистикалық нысанның атауы" (коды, статистикалық нысанның индексі, статистикалық байқауды өткізу кезеңділігі) жалпымемлекеттік немесе ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
Статистикалық нысанда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар
Әдіснамалық түсіндірмелер
Арифметикалық-логикалық бақылау
Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Ведомстволық статистикалық байқаудың жаңа статистикалық нысанын әзірлеуге, қолданыстағы нысанына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіздеме
р/с | "Статистикалық нысанның атауы" (коды, индексі, статистикалық нысанның кезеңділігі) |
1 | Негіздеме |
2 | Байқаудың мақсаты |
3 | Респонденттердің саны |
4 | Шығыс ақпараттың мерзімі |
5 | Статистикалық нысанды ұсыну түрі |
6 | Жарияланымдар |