Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі N 174 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6460 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің Статистика комитеті төрағасының м.а. 20.01.2016 № 13 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің Статистика комитеті төрағасының м.а. 20.01.2016 № 13 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                Ә. Смайылов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкi iстер министрi
      С. Баймағанбетов ________
      2010 жылғы 20 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрi
      Ж. Досқалиев _____________
      2010 жылғы 1 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі
      Ә. Исекешев ______________
      2010 жылғы «____» ________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қоршаған ортаны қорғау министрі
      Н. Әшімов ______________
      2010 жылғы 6 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А. Күрішбаев _____________
      2010 жылғы 27 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтiк
      қорғау министрі
      Г. Әбдіқалықова ___________
      2010 жылғы 30 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      Б. Жәмішев ______________
      2010 жылғы 10 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
      агенттiгiнің төрағасы
      Ө. Өзібеков______________
      2010 жылғы 9 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Экономикалық даму және
      сауда министрі
      Ж. Айтжанова _____________
      2010 жылғы 22 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрі
      С. Мыңбаев ______________
      2010 жылғы 30 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі төрағасы
      Г. Марченко ______________
      2010 жылғы 12 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрiнің
      міндетін атқарушы
      Б.Н. Садықов ______________
      2010 жылғы 5 тамыз

Қазақстан Республикасы     
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 9 шілдедегі № 174 
бұйрығымен бекітілген     

Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің Статистика комитеті төрағасының м.а. 20.01.2016 № 13 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту тәртібін айқындайды.
      2. Қағидалар жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік статистика органдарына таратылады.
      3. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар өздері Заңда көрсетілгендей мәнде пайдаланылады, сондай-ақ келесі анықтамалар қолданылады:
      1) интервьюер – статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу үшін субъектілерден пікіртерім жүргізетін адам (аумақтық статистика органдарының ақылы қызмет көрсету шарты бойынша жұмысқа тартылған қызметкер);
      2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство).

2. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту тәртібі

      4. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту тәртібі оларды әзірлеу немесе қайта қарау, келісу және бекітуді білдіреді.
      5. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды ведомство «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес бекітеді.
      6. Статистикалық нысандарды әзірлеу немесе қайта қарау үшін негіздемелер:
      1) мемлекеттік статистиканың тиісті органдарының стратегиялық жоспарлары;
      2) мемлекеттік статистиканың тиісті органдарының операциялық жоспарлары;
      3) мемлекеттік және салалық даму бағдарламалары;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары;
      5) статистикалық әдіснаманың халықаралық стандарттарға сәйкестігі болып табылады.
      7. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды ведомство мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді, қайта қарайды және бекітеді және мынадай құрылымы болады:
      1) титулдық бет;
      2) бланкі;
      3) оны толтыру жөніндегі нұсқаулық;
      4) қосымшалар.
      8. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық нысандардың титулдық беті мынадай деректелерді есепке ала отырып, осы Қағидаларға
1 және 2-қосымшаларға сәйкес ресімделеді:
      1) статистикалық нысанды бекітетін бұйрықтың күні және нөміріне арналған орын;
      2) статистикалық байқаудың түрі;
      3) статистикалық нысан ұсынылатын мемлекеттік статистика органының атауы;
      4) статистикалық нысанды электронды түрде интернет-ресурста орналастыру мекенжайы;
      5) анық емес деректерді ұсынғаны және алғашқы статистикалық деректерді ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары;
      6) статистикалық байқаудың типі;
      7) статистикалық нысанның уәкілетті орган беретін коды;
      8) статистикалық нысанның индексі;
      9) статистикалық нысанның атауы және оның есепті кезеңі;
      10) статистикалық байқауды өткізу кезеңділігі (біржолғы, күн сайынғы, апта сайынғы, онкүндік, айына 2 рет, айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық, жылына бір рет, екі жылда бір рет, үш жылда бір рет, бес жылда бір рет, маусымдық);
      11) есеп беретін респонденттер тобы;
      12) статистикалық нысан бойынша статистикалық деректерді ұсыну мерзімі;
      13) есепке алу бірлігінің сәйкестендіру коды - заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкерлерге арналған бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
      14) есепке алу бірлігінің сәйкестендіру коды – жеке тұлғаларға, соның iшiнде қызметiн жеке кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкерлерге арналған жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
      15) статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт.
      Титулдық бетте көрсетілген статистикалық нысанның деректемелері мемлекеттік статистика органдарымен қолданылады және статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды қайта қарау арқылы ведомствомен немесе мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынысы бойынша өзгертіледі.
      9. Қосымшаларды қоса алғанда әрбiр бет бірінші парақтан бастап үстiңгi жағынан нөмiрленеді, бiрiншi парақтан басталады. Бірінші бет нөмірленбейді. Беттерді нөмірлеу «WORD for WINDOWS» мәтіндік редакторын қолдана отырып, сол жақ шет сызығы - 2,5 см, оң жақ шет сызығы - 1,5 см, колонтитулдар - 2,5 см, қарiп – «Times New Roman» № 10 мөлшерi, абзацтық бос жері 1,25 см (бiрiншi жолдың бос жері) ескере отырып, парақ сызығының ортасынан тізбекті болып есептеледі.
      10. Статистикалық нысан бланкісі алғашқы статистикалық деректерді жинауға арналған көрсеткіштер және (немесе) сұрақтар тізбесін және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес статистикалық нысан бойынша типтік мекенжай бөлігін қамтиды.
      11. Статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
      12. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды келісу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) алдағы күнтізбелік жылға Статистикалық жұмыстар жоспарының жобасын қалыптастыру мақсатында жоспарланған жылдың алдындағы жылдың қаңтарында ведомство мүдделі мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, сондай-ақ аумақтық органдарға жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу үшін қайта қарауды талап ететін жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды жібереді;
      2) жоспарланған жылдың алдындағы жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар әзірлеу немесе қайта қарау және ішкі келісу ресімдерінен өтеді.
      13. Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды ведомство мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолдайды.
      14. Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар жоспарланатын жылдың алдындағы жылғы 1 сәуірге дейін ведомствоға келісу және кейіннен бекіту үшін ұсынылады.
      15. Статистикалық нысандарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген немесе күші жойылған жағдайда осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес әзірлеуші ведомствоға негіздемені және салыстырмалы кестені тапсырады.
      16. Ведомство респонденттерге жүктемені төмендету мақсатында жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарға ведомствоның арнайы оқшауланған үй-жайында алдын ала тестілеу рәсімін іріктеп өткізеді.

Жалпымемлекеттік және ведомстволық  
статистикалық байқаулар жүргізу үшін 
статистикалық нысандарды, оларды   
толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына 1-қосымша       

Нысан

Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының
201__ жылғы «__» __________
№ ___ бұйрығына __-қосымша

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны
Статистическая форма ведомственного статистического наблюдения

Приложение __ к приказу Председателя
Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от «__» ________ 201__ года № __

Аумақтық статистика органына тапсырылады
Представляется территориальному органу статистики

Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады
Статистическую форму можно получить на сайте www.stat.gov.kz

Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағат (қажеттiсiн қоршаңыз)
Время, затраченное на заполнение статистической формы, час (нужное обвести)

1 сағ. дейiн
до 1

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағ. артық
более 40

Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес деректерді ұсыну және алғашқы статистикалық деректерді ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.
Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».

Статистикалық нысанның коды
Код статистической формы

Статистикалық нысанның атауы
Наименование статистической формы

Статистикалық байқаудың типі
Тип статистического наблюдения

Статистикалық нысанның индексі
Индекс статистической формы

Есепті кезең
Отчетный период

Кезеңділік
Периодичность


Респонденттер тобы
Круг респондентов

Тапсыру мерзімі
Срок представления

БСН коды
код БИН













ЖСН коды
код ИИН













Жалпымемлекеттік және ведомстволық  
статистикалық байқаулар жүргізу үшін 
статистикалық нысандарды, оларды   
толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына 2-қосымша       

Нысан

Ақпаратты алушы органдар
құпиялылығына кепілдік береді
Конфиденциальность гарантируется
органами получателями информации

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 201__ жылғы «__» __________
№ ___ бұйрығына __-қосымша

Ведомстволық статистикалық
байқаудың статистикалық нысаны
Статистическая форма ведомственного
статистического наблюдения

Приложение __ к приказу Председателя
Комитета по статистике Министерства
национальной экономики Республики
Казахстан от «__» ________ 201__ года
№ __

Мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне тапсырылады
Представляется государственным органам и Национальному Банку Республики Казахстан

Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz
сайтынан алуға болады
Статистическую форму можно получить на сайте
www.stat.gov.kz

Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес деректерді ұсыну және алғашқы статистикалық деректерді ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.
Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».

Статистикалық нысанның коды
Код статистической формы

Статистикалық нысанның атауы
Наименование статистической формы

Статистикалық нысанның индексі
Индекс статистической формы

Есепті кезең
Отчетный период

Кезеңділік
Периодичность


Респонденттер тобы
Круг респондентов

Тапсыру мерзімі
Срок представления

БСН коды
код БИН













ЖСН коды
код ИИН













Жалпымемлекеттік және ведомстволық  
статистикалық байқаулар жүргізу үшін 
статистикалық нысандарды, оларды   
толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына 3-қосымша       

Нысан

Статистикалық нысан бланкісі
Бланк статистической формы

Кестенің атауы
Наименование таблицы


Жолдар коды (шифры) Код (шифр) строк Бағандар атауы
Наименование граф

А

Б

1

2

3

4

5

6

Жолдардың атауы
Наименование строк















Сандық, әріптік және графикалық деректер
Числовые, буквенные и графические данные














      Ескертпе:
      Кестенің атауында кестенің негізі мазмұны қысқа және нақты көрсетіледі. Бағандардың атауында - кезең, жіктеу, жолдардың атауында - зерттелетін объектілер, жекелеген бірліктер, оң жақ бөлігінде зерттелетін объектілерді сипаттайтын көрсеткіштер көрсетіледі.
      Өлшем бірліктері егер зерттелетін объектілер кестесінің барлық көрсеткіштеріне қатысты болса, кестенің атауында, басқа жағдайларда бағандардың немесе жолдардың атауларында көрсетіледі.
      Кестенің жолдары кодтармен немесе шифрлармен белгіленеді. Кестенің деректерге арналған оң бөлігінің бағандары, реттік нөмірлермен нөмірленеді. Зерттелетін бірліктер жолдардың коды немесе шифры орналасатын кестенің сол бөлігінің бағандары «А», «Б» әріптерімен және тағы сол сияқты белгіленеді.
      Примечание:
      В наименование таблицы кратко и точно отражается основное содержание таблицы. В наименовании граф указываются, период, классификации, наименовании строк – изучаемые объекты, отдельные единицы, в правой части – показатели, характеризующие изучаемые объекты.
      Единицы измерения указываются в наименовании таблицы, если относятся ко всем показателям таблицы изучаемых объектов, в других случаях – в наименованиях граф или строк.
      Строки таблицы обозначаются кодами или шифрами. Графы правой части таблицы, предназначенные для данных, нумеруются порядковыми номерами. Графы левой части таблицы, в которой находятся изучаемые объекты, код или шифр строк, обозначаются буквами «А», «Б» и так далее.

Типтік мекенжай бөлігі
Типовая адресная часть

Атауы                              Мекенжайы
Наименование _________________________ Адрес ________________________
______________________________________ ______________________________

Телефоны ______________________________________

Электрондық пошта мекенжайы
Адрес электронной почты __________________________

Алғашқы деректерді
жариялауға келісеміз
Согласны на опубликование
первичных данных

Алғашқы деректерді жариялауға келіспейміз
Не согласны на опубликование первичных данных

Орындаушы
Исполнитель _______________________________________ _________________
   тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)   телефоны
         фамилия, имя и отчество (при его наличии)

Бас бухгалтер __________________________________________ ____________ Главный            тегі, аты және әкесінің аты           қолы
бухгалтер             (бар болған жағдайда)            подпись
              фамилия, имя и отчество (при его наличии)

Басшы
Руководитель ___________________________________________ ____________
                  тегі, аты және әкесінің аты         қолы
                       (бар болған жағдайда)         подпись
              фамилия, имя и отчество (при его наличии)

Интервьюер1_____________________________________________ ____________
                  тегі, аты және әкесінің аты         қолы
                      (бар болған жағдайда)           подпись
                 фамилия, имя и отчество (при его наличии)

                              Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
                                    Место для печати (при наличии)

      Ескертпе:
      1Егер статистикалық нысан бланкісі интервьюер толтырған жағдайда мекенжай бөлігінің осы жолы қолданылады.

Жалпымемлекеттік және ведомстволық  
статистикалық байқаулар жүргізу үшін 
статистикалық нысандарды, оларды   
толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына 4-қосымша       

Нысан          

Қазақстан Республикасы      
Ұлттық экономика министрлігінің 
Статистика комитеті төрағасының 
201__ жылғы «__» __________   
№ ___ бұйрығына __-қосымша   

«Статистикалық нысанның атауы» (коды, статистикалық нысанның индексі, статистикалық байқауды өткізу кезеңділігі) жалпымемлекеттік (ведомстволық) статистикалық байқауының статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

Статистикалық нысанда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар

Әдіснамалық түсіндірмелер

Арифметикалық-логикалық бақылау

Жалпымемлекеттік және ведомстволық  
статистикалық байқаулар жүргізу үшін 
статистикалық нысандарды, оларды   
толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына 5-қосымша       

Нысан

Жаңа статистикалық нысанды әзірлеуге, қолданыстағыларына өзгерістер және (немесе) толтырулар енгізуге немесе күшін жоюға арналған негіздеме

р/с №

«Статистикалық нысанның атауы» (коды, индексі, статистикалық нысанның кезеңділігі)

1

Негіздеме


2

Байқаудың мақсаты


3

Байқаудың типі


4

Респонденттердің саны


5

Шығыс ақпараттың мерзімі


6

Статистикалық нысанды ұсыну түрі


7

Жарияланымдар


      Ескертпе:
      Статистикалық нысанның күші жойылған жағдайда 2-7-жолдар толтыруға жатпайды

Жалпымемлекеттік және ведомстволық  
статистикалық байқаулар жүргізу үшін 
статистикалық нысандарды, оларды   
толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына 6-қосымша       

Нысан                     

Салыстырмалы кесте

р/с №

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Түзетулер енгізу қажеттілігінің негіздемесі

«Статистикалық нысанның атауы»
(коды, индексі, статистикалық нысанның кезеңділігі)

1.