Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2018 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 208-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Жәмішев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 415 бұйрығымен бекітілген |
Нысан
Үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) №
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. __________________________________________________________________
(қарауды жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының атауы)
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30
маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 208-бабының 5-тармағына
сәйкес үй-жайлар мен аумақтарға қарау жүргізілсін
2. __________________________________________________________________
(қаралатын субъектінің атауы, (ЖСН), заңды және нақты мекенжайы)
3. __________________________________________________________________
(қарауды өткізудің мақсаты)
4. __________________________________________________________________
(лауазымы, қарауды жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кірістер
органдары лауазымды адамдарының Т.А.Ж. бар болған жағдайда)
5. __________________________________________________________________
(қарауды өткізудің мерзімі)
6. __________________________________________________________________
(үй-жайлар мен аумақтарды қарау актісінің нөмірі (қарау өткізілген
нәтижесі бойынша толтырылады)
Аумақтық мемлекеттік кірістер органы
басшысының қолы ______________________
М.О.