«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 208-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 17 тамыздағы
№ 415 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) №
1. _____________________________________________________________
(қарауды жүзеге асырушы кеден органының атауы)
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 208-бабының 5-тармағына сәйкес үй-жайлар мен аумақтарға қарау жүргізілсін
2. ______________________________________________________________
(қаралатын субъектінің атауы, СТН, (ЖСН), заңды және нақты мекенжайы)
3. ______________________________________________________________
(қарауды өткізудің мақсаты)
4. ______________________________________________________________
(лауазымы, қарауды жүргізуге уәкілетті кеден органдары лауазымды адамдарының Т.А.Ж.)
5. ______________________________________________________________
(қарауды өткізудің мерзімі)
6. ______________________________________________________________
(үй-жайлар мен аумақтарды қарау актісінің нөмірі (қарау өткізілген нәтижесі бойынша толтырылады)
Аумақтық кеден органы
басшысының қолы ______________________
М.О.