Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6386 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 109 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2018 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 438-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесі бекітілсін.

      2. "Кедендiк бақылаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 201 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2276 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсiн.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден басталған қатынастарға қолданылады.

Министр

Б. Жәмішев


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 356 бұйрығымен
бекітілген

Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн
жүргiзу ережесi
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Зияткерлік меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесi "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 438-бабына сәйкес әзiрлендi және Зияткерлік меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн (бұдан әрi – ЗМО кедендік тізілімі) жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

2. ЗМО кедендік тiзiлiмін жүргiзу

      2. Зияткерлік меншік объектілері Кодексінің 439-бабымен бекітілген шарттар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) шешім қабылдағаннан кейін ЗМО кедендік тізілімге енгізуге жатады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 30.12.2014 № 599 бұйрығымен.

      3. ЗМО кедендік тiзiлiмі осы ереженің қосымшасына сәйкес, нысан бойынша электронды түрде жүргiзiледi.

      4. ЗМО кедендік тiзiлiміне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:

      ЗМО кедендік тізілімі бойынша тіркеу нөмірі;

      зияткерлік меншік объектісінің түрі (түрі, сипаттамасы, бейнесі);

      тауардың атауы, қорғау құжатына сәйкес, тауарлардың және қызметтердің халықаралық сыныптамасы бойынша тауарлардың классы, Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша бірінші алты таңба деңгейіндегі тауарлар коды;

      құқық иеленушi туралы мәліметтер (ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы);

      қорғау құжатының атауы, нөмірі және берілген күні;

      зияткерлік меншік объектісіне қорғау мерзімі;

      құқық иеленушінің оның мүдделерін сенімхат бойынша немесе лицензиялық шарттың негізінде білдіретін сенімді тұлғалары туралы мәліметтер (ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы);

      Комитеттің аумақтық органдарына зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізіліміне енгізілгені туралы хаттың нөмірі мен күні;

      зияткерлік меншік объектісін ЗМО кедендік тізілімінен шығару туралы бұйрықтың нөмірі және күні.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 30.12.2014 № 599 бұйрығымен.

      5. ЗМО кедендік тізілімі бойынша тіркеу нөмірі мынадай түрде қалыптастырылады:

      00000/ХХ-ККААЖЖ,

      мұнда: 00000 – оның түріне қарамастан зияткерлік меншік объектісіне берілетін жазбаның бес таңбалы реттік нөмірі;

      XX - зияткерлік меншік объектісінің түрі;

      АҚ - авторлық құқық объектісі;

      СҚ - сабақтас құқық объектісі;

      ТБ - тауар белгісі (қызмет көрсету таңбасы);

      ЖА - тауарлар шығарылған жерінің атауы;

      ЖЖККАА - зияткерлік меншік объектісін кедендік тізілімге енгізу жылының күні, айы, соңғы цифрлары.

      6. Зияткерлік меншік объектісін ЗМО кедендік тізіліміне енгізгеннен кейін, Комитет жазбаша нысанда үш жұмыс күні ішінде мәлімдеушіні, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарын ЗМО кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектісі енгізілгені туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 30.12.2014 № 599 бұйрығымен.

      7. Зияткерлік меншік объектісі "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 439-бабының 7-тармағына сәйкес ЗМО кедендік тізілімінен шығарылған жағдайда Комитет үш жұмыс күні ішінде мәлімдеушіге, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарын зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізілімінен шығарылғаны туралы жазбаша хабардар етеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 30.12.2014 № 599 бұйрығымен.

  Зияткерлiк меншiк
объектiлерiнің кедендік
тiзiлiмiн жүргiзу ережесiне
қосымша
Нысаны

Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмі

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 30.12.2014 № 599 бұйрығымен.

ЗМО кедендік тізілім бойынша тіркеу нөмірі

Зияткерлік меншік объектісінің атауы, (түрі, сипаттамасы, бейнесі)

Тауарлардың атауы, ТҚХС бойынша тауарлардың классы/ КО СЭҚ ТН тауарлардың коды

Құқық иеленушi туралы мәліметтер

Қорғау құжатының атауы, нөмірі және берілген күні

Зияткерлік меншік объектісінің қорғау мерзімі

Құқық иеленушінің сенімді тұлғалары туралы мәліметтер

Комитеттің аумақтық органдарына зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізіліміне енгізілгені туралы хаттың нөмірі мен күні

Зияткерлік меншік объектісін ЗМО кедендік тізілімінен шығару туралы бұйрықтың нөмірі және күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9