Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6386 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 438-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесі бекітілсін.
      2. «Кедендiк бақылаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 201 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2276 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден басталған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 356 бұйрығымен  
бекітілген     

Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн
жүргiзу ережесi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Зияткерлік меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесi «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 438-бабына сәйкес әзiрлендi және Зияткерлік меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн (бұдан әрi – ЗМО кедендік тізілімі) жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

2. ЗМО кедендік тiзiлiмін жүргiзу

      2. Зияткерлiк меншiк объектiлерi «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінiң 439-бабымен белгіленген шарттар сақталған кезде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешiм шығарғаннан кейiн ЗМО кедендік тiзiлiміне енгiзуге жатады.
      3. ЗМО кедендік тiзiлiмі осы ереженің қосымшасына сәйкес, нысан бойынша электронды түрде жүргiзiледi.
      4. ЗМО кедендік тiзiлiміне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
      ЗМО кедендік тізілімі бойынша тіркеу нөмірі;
      зияткерлік меншік объектісінің түрі (түрі, сипаттамасы, бейнесі);
      қорғау құжатына сәйкес тауарлар мен қызметтер көрсетудің халықаралық жіктемесі бойынша тауарлар сыныбы, тауарлардың атауы, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша алғашқы алты белгісі деңгейіндегі тауарлардың коды;
      құқық иеленушi туралы мәліметтер (ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы);
      қорғау құжатының атауы, нөмірі және берілген күні;
      зияткерлік меншік объектісіне қорғау мерзімі;
      құқық иеленушінің оның мүдделерін сенімхат бойынша немесе лицензиялық шарттың негізінде білдіретін сенімді тұлғалары туралы мәліметтер (ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы);
      зияткерлік меншік объектісін ЗМО кедендік тiзiлiміне енгізу туралы кеден органдарына жіберілген хаттың нөмірі және күні;
      зияткерлік меншік объектісін ЗМО кедендік тізілімінен шығару туралы бұйрықтың нөмірі және күні.
      5. ЗМО кедендік тізілімі бойынша тіркеу нөмірі мынадай түрде қалыптастырылады:
      00000/ХХ-ККААЖЖ,
      мұнда: 00000 – оның түріне қарамастан зияткерлік меншік объектісіне берілетін жазбаның бес таңбалы реттік нөмірі;
      XX - зияткерлік меншік объектісінің түрі;
      АҚ - авторлық құқық объектісі;
      СҚ - сабақтас құқық объектісі;
      ТБ - тауар белгісі (қызмет көрсету таңбасы);
      ЖА - тауарлар шығарылған жерінің атауы;
      ЖЖККАА - зияткерлік меншік объектісін кедендік тізілімге енгізу жылының күні, айы, соңғы цифрлары.
      6. Зияткелік меншiк объектiсі ЗМО кедендік тiзiлiмге енгiзілгеннен кейiн кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мәлімдеушіге, сондай-ақ аумақтық кеден органдарына Қазақстан Республикасының кеден органдарының қорғалуына жататын зияткерлік меншік объектісін ЗМО кедендік тізілімге енгізу туралы жазбаша нысанда үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
      7. Зияткерлік меншік объектісі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 439-бабының 7-тармағына сәйкес ЗМО кедендік тізілімнен шығарылған жағдайда, орталық кеден органы, үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге және кеден органдарына зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімінен шығару туралы жазбаша хабарлайды.

Зияткерлiк меншiк      
объектiлерiнің кедендік  
тiзiлiмiн жүргiзу ережесiне
қосымша          

Нысаны

Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмі

ЗМО кедендік тізілім бойынша тіркеу нөмірі

Зияткерлік меншік объектісінің атауы, (түрі, сипаттамасы, бейнесі)

Тауардың атауы, ТҚХС бойынша тауарлардың сыныбы /СЭҚ ТН бойыншатауардың коды

Құқық иеленушi туралы мәліметтер

Қорғау құжатының атауы, нөмірі және берілген күні

Зияткерлік меншік объектісінің қорғау мерзімі

Құқық иеленушінің сенімді тұлғалары туралы мәліметтер

Зияткерлік меншік объектісін ЗМО кедендік тiзiлiміне енгізу туралы кеден органдарына жіберілген хаттың нөмірі және күні

Зияткерлік меншік объектісін ЗМО кедендік тізілімінен шығару туралы бұйрықтың нөмірі және күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9