"Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 599 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 ақпанда № 10224 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 109 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2018 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 438-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6386 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2010 жылғы 25 тамызда № 224 (26285) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Зияткерлік меншік объектілері Кодексінің 439-бабымен бекітілген шарттар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) шешім қабылдағаннан кейін ЗМО кедендік тізілімге енгізуге жатады.";

      4-тармақта:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "тауардың атауы, қорғау құжатына сәйкес, тауарлардың және қызметтердің халықаралық сыныптамасы бойынша тауарлардың классы, Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша бірінші алты таңба деңгейіндегі тауарлар коды;";

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комитеттің аумақтық органдарына зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізіліміне енгізілгені туралы хаттың нөмірі мен күні;";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Зияткерлік меншік объектісін ЗМО кедендік тізіліміне енгізгеннен кейін, Комитет жазбаша нысанда үш жұмыс күні ішінде мәлімдеушіні, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарын ЗМО кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектісі енгізілгені туралы хабардар етеді.

      7. Зияткерлік меншік объектісі "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 439-бабының 7-тармағына сәйкес ЗМО кедендік тізілімінен шығарылған жағдайда Комитет үш жұмыс күні ішінде мәлімдеушіге, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарын зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізілімінен шығарылғаны туралы жазбаша хабардар етеді.";

      Көрсетілген қағидаға қосымшада:

      3-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарлардың атауы, ТҚХС бойынша тауарлардың классы/ КО СЭҚ ТН тауарлардың коды";

      8-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комитеттің аумақтық органдарына зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізіліміне енгізілгені туралы хаттың нөмірі мен күні".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов