Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6380 болып енгізілді

Жаңартылған

      «Азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1887 қаулысының 3-тармағының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Емделуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (Ермекбаев Қ.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 860 бұйрығының
(Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5978 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған, 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 9 том) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтаудың вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 3 шілдедегі   
№ 492 бұйрығымен      
бекітілген         

Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) білікті, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған және медициналық-әлеуметтік стационарлық көмек алуға жоспарлы тәртіпте науқастарды емдеуге жатқызуды ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды реттейді.
      Жоғары мамандандырылған көмек (бұдан әрі - ЖММК) стационарлық және стационарды алмастыратын, сондай-ақ консультациялық-диагностикалық нысанда көмек түрінде республикалық деңгейде көрсетіледі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      2. Емдеуге жатқызу Порталы (бұдан әрі - Портал) пациенттердің жоспарлы емделуге жатқызу жолдамасын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) емдеуге жатқызуды бірыңғай электронды жүйеде тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтау мәселелерін ұйымдастырады.
      3. Осы Нұсқаулықта баяндалған талаптар медицина ұйымын өз еркімен таңдау, қолжетімділігі, ТМККК емдеуге жатқызу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету бөлігінде пациенттердің құқығын қорғауға, сондай-ақ жоспарлы емдеуге жатқызу үдерісі қатысушылары арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатына бағытталған.
      4. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жоспарланған емделуге жатқызу (бұдан әрі – стационар) ТМККК шеңберінде медицина ұйымын еркін таңдауға пациенттің құқығын және емделуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санын ескере отырып жүзеге асырылады.
      5. Нысан бойынша Стационар нысандары күн сайын бейіндер бойынша бос төсектер туралы мәліметтерді қалыптастырады және осы нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес сағат 9.30 сағатқа дейін Порталда орналасқан бос төсектерді есепке алу парағына енгізеді.
      6. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның статистикалық қызмет бөлімінің маманы бос төсектер туралы ақпаратты қағаз түрінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның барлық бейін мамандарына ұсынады.
      7. Емдеуші дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, немесе пациентті стационарлық емдеу үшін медициналық айғақтарын есепке ала отырып, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп, емделуге жатқызу қажеттігі туралы шешім шығарады, ол амбулаториялық науқастың медициналық картасына белгіленеді.
      8. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның емдеуші дәрігері пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауын ескере отырып, бейінді төсекті көрсете отырып, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама жазып береді.
      9. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы жолдаманың электронды үлгісіне тиісті жолдарды толтыру арқылы Порталға жолдаманы тіркейді.
      10. Стационарлардың мамандары күн сайын сағат 11.00 сағат, 13.00. және 17.00 сағатта осы стационарға жоспарланған емдеуге жатқызуға бағытталған пациенттердің тізімін қарайды және емхана белгілеген жоспарланған емдеуге жатқызу күнін қояды, пациенттерді емдеуге жатқызу жүргізілмеген жағдайда емдеуге жатқызу жүргізілмеген күн мен себептері ұсынылады.
      Стационардың маманы белгілеген жоспарлы емдеуге жатқызу күні осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым пациентке берілетін Жоспарлы емдеуге жатқызу талонына автоматты түрде енгізіледі.
      Жоспарлы емдеуге жатқызу талоны стационар қойған жоспарлы емдеуге жатқызу күнінен, автоматты туындатылған Жоспарлы емдеуге жатқызу коды мен пациент туралы мәліметтерден тұрады.
      Жоспарлы емдеуге жатқызу фактілерін Порталға тіркеу кезінде стационардың маманы емдеуге жатқызу үлгісін көрсетеді: осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емдеуге жатқызудан шеттетілген және науқастарды есепке алу журналына тіркеледі.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      11. Күн сайын сағат 12.00-де, 15.00-де және 17.30-да амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның мамандары медициналық ұйымдарда ЖММК және біліктілікті, мамандандырылған медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үшін, нысан бойынша Күту парағын осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес қарап  шығады және стационар белгілеген жоспарланған емдеуге жатқызу күнін бақылайды.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      12. Білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік және медициналық мекмелерде ЖММК көрсету үшін жолдаманы тіркеген кезде бос төсектер болмаса, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы Күту парағында пациенттердің кезегін талдайды және емделуге жатқызудың мүмкін болатын күнін хабарлайды.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      13. Егер пациент білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік және медициналық мекемелерде ЖММК көрсету үшін медициналық ұйымды бастапқы таңдаудан бас тартса, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы пациентке бос төсектері бар басқа медициналық ұйымды таңдауды ұсынады немесе барынша ерте емделуге жатқызу мүмкіндігін қарастырады.
      Пациент медициналық мекемелерде ЖММК көрсету үшін медициналық ұйымды бастапқы таңдаудан бас тартқан жағдайда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы пациентке бос төсектері бар болса басқа медициналық ұйымды таңдауды ұсынады немесе барынша ерте емделуге жатқызу мүмкіндігін қарастырады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      14. Егер пациент білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік және медициналық мекемелерде ЖММК көрсету үшін медициналық ұйымды бастапқы таңдауды өзгертсе, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы бос төсектерді есепке алу парағындағы өзекті деректерді талдауды ескере отырып пациенттің нақты таңдауына сәйкес келетін медициналық ұйымның атауын енгізеді.
      Егер пациент білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік және өңірлік медициналық ұйымдарда ЖММК көрсету үшін медициналық ұйымды бастапқы таңдауды өзгертсе, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы бос төсектерді есепке алу парағындағы өзекті деректерді талдауды ескере отырып пациенттің нақты таңдауына сәйкес келетін медициналық ұйымның атауын енгізеді.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      15. Емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңдегі медициналық мекемеге жатпастан бұрын қайтыс болған жағдайда, пациент жазбаша түрде емделуден бас тартқан жағдайда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым маманы Порталдағы Күту парағына тиісті себеп бойынша бас тартуды тіркеу үшін стационарға бұл туралы ақпарат енгізу мақсатында хабарлайды.
      16. Пациент жоспарланған емдеуге жатқызудың белгіленген мерзіміне сәйкес Жоспарлы емдеуге жатқызу талонында көрсетілген медициналық ұйымға емдеуге жатқызылады.
      17. Пациентті стационарға емделуге жатқызған кезде маман Порталға емдеуге жатқызудың нақты күнін қояды, пациентті емдеуге жатқызған стационардың бөлімшесі және ауру тарихының нөмірі көрсетеді.
      18. Пациент емдеуге жатқызылмаған жағдайда стационардың маманы Порталдағы Күту парағына емдеуге жатқызудан бас тартқан күні мен себебін көрсетеді.
      18-1. Осы Нұсқаулықтың 18-2-тармағына сәйкес ЖММК көрсететін медициналық мекемелерде ЖММК көрсету үшін жоспарлы емдеуге ТМККК шеңберінде медициналық ұйымды еркін таңдауға пациенттің құқықтарын және емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санын ескере отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      18-2. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы медициналық мекемелерде ЖММК көрсету үшін жолдаманың электронды үлгісіне тиісті жолдарды толтыру арқылы Порталға жолдаманы тіркейді және автоматты қалыптасқан емдеуге жатқызу кодымен басылып шыққан жолдаманы пациентке береді.
      Ескерту. 18-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      18-3. Республикалық медициналық ұйымда пациентке мамандандырылған немесе ЖММК көрсету үшін айғақтары болған жағдайда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы бөлімше меңгерушісімен немесе амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 986 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 6711 тіркелген) бекітілген Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесіне (бұдан әрі – ЖММК ережесі) сәйкес пациенттің құжаттар пакетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтауды жергілікті басқару органдарының ЖММК бойынша комиссиясының (бұдан әрі – ЖММК комиссиясы) қарауына ұсынады.
      Ескерту. 18-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      18-4. Жергілікті медициналық мекемелерде көрсетіле алмайтын көмек мамандырылған немесе ЖММК көмек көрсететін республикалық медициналық ұйымға емдеуге жатқызу, өңірлік комиссияның шешімімен және емдеуге жатқызудың жобаланған санымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 18-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      18-5. Стационардың емдеуші дәрігері бөлімшесінің меңгерушісімен немесе бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп пациентке республикалық медициналық ұйымдарда мамандандырылған немесе ЖММК көрсету үшін медициналық айғақтары болса пациенттің тұратын жері бойынша ЖММК комиссияның қарауына стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмені факсимальдық байланыс арқылы жібереді.
      Ескерту. 18-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      18-6. Осы Нұсқаулыққа 2-қосымшасына сәйкес ЖММК комиссиясы мамандандырылған немесе ЖММК көрсету туралы оң шешім қабылдау кезінде жолдаманы Порталда тіркейді және жіберген амбулаториялық-емханалық ұйымға автоматты қалыптасқан емдеуге жатқызу кодымен басылып шыққан жолдаманы жібереді.
      Ескерту. 18-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      18-7. Өңірлік медициналық ұйымның стационарындағы пациент мамандандырылған және ЖММК көрсету туралы оң шешім қабылдаған жағдайды ЖММК комиссияның жолдаманы Порталда тіркейді және пациент жатқан стационарға емдеуге жатқызудың автоматты қалыптастырылған кодымен ЖММК үшін емдеуге жатқызуға арналған жолдаманы факсимальдық байланыс арқылы береді.
      Ескерту. 18-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      18-8. Өңірлік деңгейде ЖММК көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы пациенті республикалық медициналық ұйымға емдеуге жатқызу мәселесін шешу үшін ЖММК комиссияның қарауына құжаттардың пакетін жібереді.
      Ескерту. 18-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      18-9. ЖММК көрсету кезінде ЖММК көрсететін медициналық ұйымда стационарлық деңгейде диагностика мен емдеудің барлық бар әдістері пайдаланылған емдеуде пациентке оң әсері болмаған жағдайда, ал республикалық медициналық ұйымда диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістер қолданылады, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы факсимальдық байланыс арқылы стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмені ЖММК комиссияның қарауына жібереді.
      Ескерту. 18-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      18-10. Пациентке ЖММК көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда ЖММК комиссия бас тартуды Порталда тіркейді және уәждемеленген бас тартумен қоса құжаттардың пакетін жіберген медициналық ұйымға қайтарады.
      Ескерту. 18-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      18-11. Мамандандырылған және ЖММК көрсететін республикалық медициналық ұйым денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көрсету тәртібіне сәйкес пациентті өз бетінше емдеуге жатқызуға құқылы.
      Ескерту. 18-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      18-12. Республикалық медициналық ұйым мамандандырылған және ЖММК көрсету үшін емдеуге жатқызу туралы өз бетінше шешім қабылдау кезінде республикалық медициналық ұйым жолдаманы осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Порталда тіркейді, емдеуге жатқызудың автоматты қалыптастырылған кодымен жолдаманы басып шығарады және оны пациенттің медициналық картасына қосады.
      Ескерту. 18-12-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      18-13. Консультациялық-диагностикалық көмек нысанында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін айғақтары болған жағдайда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы пациенттің құжаттар пакетін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібіне сәйкес республикалық медициналық ұйымға жіберу мәселесін шешу үшін ЖММК комиссияның қарауына жібереді.
      Республикалық медициналық ұйымда Пациентке консультациялық-диагностикалық көмек нысанында ЖММК туралы оң шешім қабылданған жағдайда ЖММК комиссия жолдаманы Порталда тіркейді және құжаттардың пакетін автоматты қалыптастырылған кодымен осы Нұсқаулыққа бекітілген нысанға сәйкес нысан бойынша басылып шыққан жолдамамен жіберген амбулаториялық-емханалық ұйымға беріледі.
      Пациентке консультациялық-диагностикалық көмек нысанында жоғары мамандандырылған көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібіне сәйкес ЖММК комиссия жолдаманы Емдеуге жатқызу порталына тіркейді және уәждемеленген бас тартумен қоса құжаттардың пакетін жіберген медициналық ұйымға қайтарады.
      Ескерту. 18-13-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

2. Емдеуге жатқызу бюросының Порталы арқылы жоспарланған емдеуге жатқызуды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына қойылатын талаптар

      19. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары:
      1) Порталға жолдаманы тіркеген кезде енгізілетін деректердің толықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді;
      2) Порталға жолдаманы тіркеген сәтте пациентке берілген ақпараттың дұрыстығына жауапкершілікті қамтамасыз етеді;
      3) жоспарлы емдеуге жатқызу күні туралы пациентті уақтылы ақпараттандыруды және қажет болған жағдайда Жоспарлы емдеуге жатқызу талонын беруді жүзеге асырады;
      4) бос төсектерді есепке алу парағын қарайды;
      5) күту парағын қарайды;
      6) деректерді электрондық түрде тіркейді және Порталға енгізеді.
      20. Емдеуге жатқызу бюросының маманы күнде:
      1) Күту парағында мыналарды берудің уақтылы мониторингін қамтамасыз етеді:
      стационар белгілеген жоспарлы емдеуге жатқызу күнін;
      нақты емдеуге жатқызу немесе емдеуге жатқызудан бас тарту күнін;
      осы Нұсқаулықтың 23-тармағының 5-тармақшасында сипатталған емдеуге жатқызу бюросы белгілеген жоспарлы емдеуге жатқызу күнін қамтамасыз етеді;
      2) Күту парағында жоспарлы емдеуге жатқызу деңгейіне және мерзімдеріне мониторинг жүргізеді;
      3) www.riacmz.kz сайтына орналастыру үшін уақтылы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;
      4) жоспарлы емдеуге жатқызу мәселесі бойынша ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
      21. Стационар мамандары:
      1) бос төсектер туралы ұсынылған ақпараттың дұрыстығы мен уақтылығын қамтамасыз етеді;
      2) емдеуге жатқызу фактісін тіркегенде Порталға енгізілген деректердің толықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді;
      3) емдеуге жатқызудың жоспарланған нақты күнін ұсынады;
      4) Күту парағында бос төсектер туралы деректерді қосады немесе редакциялайды;
      5) емдеуге жатқызудың нақты күнін тіркейді;
      6) емдеуге жатқызудан бас тартқан күндері мен себептерін тіркейді;
      7) жоспарланған емделуге жатқызу күнін белгілейді;
      8) Күту парағында нақты емдеуге жатқызу күні бойынша жіберілген пациентті емдеуге жатқызуды бақылайды.
      22. Жоспарланған емдеуге жатқызу үдерісіндегі циклділік пен пациенттердің стационар белгілеген жоспарланған емделуге жатқызу күні ұзақ күтуін болдырмау мақсатында бір рет қойылады және редакциялау үшін мүмкіндік жоқ.

3. Маманның күту парағын толтыру тәртібі

      23. Күту парағында жатқызу күндерін белгілеу үшін 5 жол бар:
      1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымы белгілеген жоспарлы емдеуге жатқызу күнін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы стационарлардағы бос орындар туралы өзекті мәліметтер мен пациенттің таңдауы негізінде қояды;
      2) стационар белгілеген жоспарлы емдеуге жатқызу күнін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым белгілеген жоспарлы емдеуге жатқызу күніне барынша жақындата отырып, стационар маманы қояды;
      3) пациентті емдеуге жатқызу фактісін тіркеу кезінде стационар маманы емдеуге жатқызудың нақты күнін қояды;
      4) стационардың маманы емдеуге жатқызудан бас тартқан күні мен емделуге жатқызылмаған жағдайда емделуге жатқызылмаған жағдайда себептерін тіркейді;
      5) емдеуге жатқызу бюросы белгілеген жоспарлы емдеуге жатқызу күнін мына жағдайларда емделуге жатқызу бюросының маманы белгілейді:
      пациенттерден шағым түскен кезде;
      Порталда жолдаманы тіркеген сәттен бастап екі күннің ішінде стационар белгілеген жоспарлы емдеуге жатқызу күні болмағанда;
      стационар белгілеген жоспарлы емдеуге жатқызу күні болған жағдайда үш күннен артық нақты емдеуге жатқызу күні болмағанда.
      ЖММК көрсету жөніндегі ЖММК комиссиясының шешімі бойынша емдеуге жатқызу жолдамасын тіркегенде, медициналық ұйым белгілеген емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін стационарлардағы бос төсектер туралы өзекті деректердің негізінде ЖММК комиссия ұсынады.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы
тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемі шеңберінде стационарға
жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша  

нысан

Бос төсектерді тіркеу парағы
Лист учета свободных коек

Облыс/Қала ___________________        Күні ____________________
Область/Город ________________        Дата ____________________

Облыс коды

КОД области

Медициналық
ұйым коды

Код медицинской организации

Медициналық
ұйым атауы

Наименование медицинской организации

Төсек бағытының коды

КОД профиля койки

Төсек бағытының атауы

Наименование профиля койки

Сметалық төсек саны

Количество сметных коек

Бос төсектер туралы мәліметтер

Сведения о свободных койках

Ағымдағы күн (кк.аа.жжжж)

Текущий день (дд.мм.гг)

Бос

Свободные

Күтуде

Ожидают

Барлығы

Всего

Олардың ішінде
әйелдің

Из них женских

Барлығы

Всего

Олардың ішінде
әйелдің

Из них женских

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





















кестенің жалғасы

Бос төсектер туралы мәліметтер

Сведения о свободных койках

2 күн (кк.аа.жжжж)

2 день (дд.мм.гг)

3 күн (кк.аа.жжжж)

3 день (дд.мм.гг)

Бос

Свободные

Күтуде

Ожидают

Бос

Свободные

Күтуде

Ожидают

Барлығы

Всего

Олардың ішінде әйелдің

Из них женских

Барлығы

Всего

Олардың ішінде әйелдің

Из них женских

Барлығы

Всего

Олардың ішінде әйелдің

Из них женских

Барлығы

Всего

Олардың ішінде әйелдің

Из них женских

11

12

13

14

15

16

17

18

















Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы
тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемі шеңберінде стационарға
жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша  

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

нысан

КҰЖЖ бойынша ұйым коды
Код организации по ОКПО __________

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

Министерство здравоохранения Республики Казахстан


Медициналық құжаттама

Ұйымның атауы
Наименование организации

Медицинская документация

ЖОЛДАМА
НАПРАВЛЕНИЕ

Код_____________________________________________

Жіберуші медициналық ұйымының атауы (наименование направляющей медицинской организации*)

Жіберілді (Направляется в)___________________________________________
                    МҰ, бөлiмшенiң атауы (наименование МО, отделение)
Азамат (Гр-н (ка))___________________________________________________
                    (тегi, аты, әкесiнiң аты /фамилия имя отчество)
Туған күнi (Дата рождения)___________________________________________

Амбулатория науқастың медициналық картасының №/
Стационарлық науқастың медициналық картасыны №_______________________
№ медицинской карты амбулаторного пациента
или № медицинской карты стационарного больного)______________________
Мекен-жайы (Домашний адрес)__________________________________________
Жұмыс немесе оқу орны (Место работы или учебы)_______________________
_____________________________________________________________________

Диагноз______________________________________________________________

ХАЖ коды (код по МКБ)________________________________________________

                                      Дата планируемой госпитализации
Тіркеу күні (Дата регистрации)________(Жоспарлы емдеуге жатқызу күні) _______________

Дәрiгер (Врач)_________________ Т.А.Ә., дәрiгердiң коды (Ф.И.О., код
               қолы (подпись)
врача) врача)___________________

* Стационарға науқасты жоспарлы емделуге жатқызуға медициналық ұйымдардың өз бетінше жіберуге құқығы бар (на плановую госпитализацию больных в стационар имеют право направлять самостоятельные медицинские организации)

«Стационарды таңдаумен келісемін»
«С выбором стационара согласен»

Науқастын қолы                            Подпись больного

Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы
тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемі шеңберінде стационарға
жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша  

нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ЖОСПАРЛЫ ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТАЛОНЫ

ТАЛОН ПЛАНОВОЙ ГОСПИТАЛИЗАЦИИ

№ ______________________________

                                    ________________________________
Құжат қалыптастырылған күн  |                          |
Дата формирования документа |__________________________|

                                     ________________________________
Құжат қалыптастырылған уақыт |                         |
Время формирования документа |_________________________|

                 ______________________________________________
ТАӘ (толық)     |                                              |
ФИО (полностью) |______________________________________________|

               ______________            __________________
Туған жылы    |              |   Жынысы |                  |
Дата рождения |______________|   Пол    |__________________|

                ____________________________________________________
Жіберіледі     |                                                    |
Направляется в |____________________________________________________|

                ____________________________________________________
Төсек бағыты   |                                                    |
Профиль койки  |____________________________________________________|

                                ___________________________________
Емхана айқындаған жоспарлы     |                                   |
емдеуге жатқызу күні           |                                   |
Дата планируемой               |                                   |
госпитализации определенная    |                                   |
поликлиникой                   |___________________________________|

                                ___________________________________
Стационар айқындаған жоспарлы  |                                   |
емдеуге жатқызу күні           |                                   |
Дата планируемой               |                                   |
госпитализации определенная    |                                   |
стационаром                    |___________________________________|




























хх.ххх.ххх.ххххх

Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы
тегін медициналық көмектің кепілдік 
берілген көлемі шеңберінде стационарға
жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша   

нысан

Емдеуге жатқызудан шеттетілген және науқастарды есепке алу
ЖУРНАЛЫ
ЖУРНАЛ
учета приема больных и отказов в госпитализации

№ р/с

Жіберілген күні (кк.аа.жжжж)

Емдеуге жатқызу Бюросы анықтаған емдеуге жатқызу кодының нөмірі

Науқастың аты-жөні, әкесінің аты (толық)

Науқастың бірегейленді коды

Науқастың туған күні (кк.аа.жжжж)

Мекен-жайы (байлансу телефондары)

Жіберген ұйымның диагнозы

Амбулаториялық картаның №

Науқас жолданған ЕААҰ, бөлімше

№ п/п

Дата направления (дд.мм.гггг)

Номер кода госпитализации определенный Бюро госпитализации

Фамилия, имя, отчество больного (полностью)

Идентификационный код больного

Дата рождения больного (дд.мм.гггг)

Домашний адрес (контактный телефон)

Диагноз направившей организации

№ амбулаторной карты

ЛПО, отделение в которое направлен больной

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы
тегін медициналық көмектің кепілдік 
берілген көлемі шеңберінде стационарға
жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша  

нысан

Күту парағы Лист ожидания

Облыс/Қала ___________________        Күні ____________________
Область/Город ________________        Дата ____________________

№ р/с
 

Пациентті жіберу кодының №

№ Кода направления пациента

Науқастың тегі, аты, әкесінің аты (толық)

Жынысы (еркек-1, әйел-2)

Өңір (қала-1, село-2)

Науқастың туған жылы

Науқастың мекен- жайы
және байланыс телефоны

Науқасты емдеуге жатқызуға жіберген МҰ

Науқасты жіберген облыс коды

Науқастың жіберілген МҰ коды

Төсек
бағытының коды

Пациенттің реттік
нөмірі

№ п/п

Код области, откуда направлен больной

Код МО, куда направляется больной

Код профиля койки

Порядковый номер пациента

Фамилия, имя, отчество больного (полностью)

Пол (муж-1, жен-2)

Регион (город-1, село-2)

Дата рождения больного

Домашний адрес и контактные телефоны больного

МО, направившего больного на госпитализацию

1

2

3

4

5

6

7

8












Кестенің жалғасы

Жолдама берген ұйым диагнозы (ХАЖ 10 КОДы)

Науқас жіберілген МҰ

Төсек бағытының атауы

Өтінім тіркелген күн (күні, айы, жылы)

Емхана айқындаған емдеуге жатқызу күні

Стационар айқындаған емдеуге жатқызу күні

Емдеуге жатқызу бюросы айқындаған емдеуге жатқызу күні

Нақты емдеуге жатқызылған күні (күні, айы, жылы)

Емдеуге жатқызуға жіберлген дәрігердің аты-жөні

Емдеуге жатқызу болмау қалған немесе бас тарту күні және себебі

Диагноз направившей организации (КОД МКБ 10)

МО, в которое направлен больной

Наименование профиля койки

Дата регистрации заявки (число, месяц, год)

Дата госпитализации определенная поликлиникой

Дата госпитализации определенная стационаром

Дата госпитализации определенная бюро госпитализации

Дата окончательной госпитализации (число, месяц, год)

Ф.И.О. врача, направившего на госпитализацию

Дата и Причина несостоявшейся госпитализации или отказа

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы
тегін медициналық көмектің кепілдік 
берілген көлемі шеңберінде стационарға
жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша  

      Ескерту. 6-қосымшаман толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 983 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

нысан

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

Министерство здравоохранения
Республики Казахстан


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 20___жылғы «___»_______ №_____бұйрығымен бекітілген № 021/е нысанды медициналық құжаттама

Ұйымның атауы
Наименование организации

Медицинская документация Форма № 021/ у
Утверждена приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан «___»_______ 20 года №______

Республикалық деңгейде жоғары мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек алуға
ЖОЛДАМА
НАПРАВЛЕНИЕ
на получение высокоспециализированной консультативно-диагностической помощи на республиканском уровне

      Жолдама нөмірі/Номер направления |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_| жылы(год) |_|_|_|_|

Жіберген медициналық ұйымның атауы/Наименование направляющей медицинской организации _____________________________________________
_____________________________________________________________________

Пациент туралы деректер/Данные о пациенте

Тегі/Фамилия ______________________ Аты/Имя _______________ Әкесінің аты/Отчество ______________________

Туған жылы/Год рождения |_|_|_|_| Күні/Дата |_|_| Айы/Месяц |_|_| Жынысы/Пол |_е/м_|_ә/ж_|
Тұрғылықты жері/Место жительства_____________________________________
Жұмыс, үй телефоны/Рабочий, домашний телефон_________________________
Жұмыс немесе оқу орны/Место работы или учебы_________________________

Жіберген кездегі диагнозы/Диагноз при направлении

Негізгі/Основной_____________________/ ХАЖ-10 диагноз коды/код диагноза МКБ 10_______
Қосалқы/Сопутствующий _______________________/ ХАЖ-10 диагноз коды/код диагноза МКБ 10______
Күні/Дата ____________________
Республикалық деңгейде көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмектің өңірлік комиссия төрағасы/Председатель региональной комиссии  консультативно-диагностической помощи, оказываемой на республиканском уровне ____________________/____________________________________/
         (қолы)/ (подпись)          (Т.А.Ә.)/(Ф.И.О.)

Мөр орны/Место печати

Сыртқы жағы/Оборотная сторона

      Республикалық деңгейде жоғары мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін медициналық ұйым толтырады/Заполняется медицинской организацией, оказывающей высокоспециализированную консультативно-диагностическую помощь на республиканском уровне

1) Мамандар консультациясы/Консультации специалистов _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2) Зерттеу(зерттеу түрі көрсетілсін)/Исследования (указать вид исследования)________________________________________________________ _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қорытынды диагноз/Окончательный диагноз

Негізгі/Основной ________________________________/ ХАЖ-10 диагноз коды/код диагноза МКБ 10_____

Қосалқы /Сопутствующий _________________________/ ХАЖ-10 диагноз коды/ код диагноза МКБ 10____

Күні/Дата ____________________

Республикалық деңгейде жоғары
мамандандырылған консультациялық-диагностикалық
көмек көрсететін медициналық ұйымның басшысы/
Руководитель медицинской организации,
оказывающей высокоспециализированную
консультативно-диагностическую помощь
на республиканском уровне
____________________/_____________________________________________
 (қолы)/ (подпись)              (Т.А.Ә.)/(Ф.И.О.)

Мөр орны
Место печати