Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6380 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 975 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Жақсы селосының Киров көшесін тұрғындарының пікірін есепке ала отырып, ауыл әкімі ШЕШТІ:
      1. Жақсы селосындағы Киров көшесі Кенжеш Түктібаев атындағы көшесіне өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы селосының әкімі                      М.М.Байкенов

      КЕЛІСІЛДІ

      «Жақсы ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            З.С.Ташмухамбетова

      «Жақсы ауданының сәулет
      және қала құрылыс бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д.Ю.Васильев