Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес балық аулауға;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттардың Үлгі нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 наурыздағы
№ 207 бұйрығына
1-қосымша
Үлгі нысаны
Балық аулауға арналған шарт Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
______________ қаласы 20 ___ ж. «___» ________
__________________________________________________________________
(уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі)
әрі қарай «Инспекция» деп аталатын, ______________________________ (бастықтың А.Ә.Т.)
атынан Ереже негізінде әрекет ететін, ____________________________,
бір тараптан, және бастық ________________________________________
(А.Ә.Т. толығымен)
атынан ____________________________________ немесе жеке кәсіпкер
(ұйымның аты)
________________________, конкурстық комиссияның 20 ____ жылғы
(А.Ә.Т. толығымен)
«___»___________ № ___ шешімімен конкурстың жеңімпазы танылған, бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталатын ___________ негізінде әрекет етуші
(ереже, жарғы не басқа)
екінші тараптан төмендегілер туралы шарт жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. «Инспекция» ұсынды, ал «Пайдаланушы» ____________________
________________________________________________________ мақсатында
(кәсіпшілік аулау (жағалаулық, теңіздік),
ғылыми-зерттеу және т.б.)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(су айдынының, учаскесінің және орналасқан ауданының атауы)
балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалану құқығына ие болды.
2. Тараптардың құқықтары
2. «Пайдаланушы» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) жануарлар дүниесі объектілерін, оларды ұсыну шарттарына сәйкес пайдалануға;
2) ауланған жануарлар дүниесі объектілері мен оның барысында алынған өнім меншігіне;
3) уәкілетті органның бөлімшесінде тіркелген оған бекітіліп берілген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулау үшін жеке тұлғаларға жолдамалар беруге;
4) жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға арналған шарттар жасауға құқылы.
3. «Инспекция» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) «Пайдаланушы» белгіленген мерзімде балық және басқа су жануарларын аулауға рұқсат берілген көлемнен асып кеткен, шарттық міндеттемелерді орындамаған және Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да бұзушылықтарына жол берген жағдайда балық және басқа су жануарларын аулауды уақытша тоқтатуға немесе тоқтатуға, рұқсаттаманы қайтарып алуға;
2) Жайық – Каспий бассейнінде, 1 шілдеге бөлінген лимиттен бекіре тұқымдас балықтарының 50%-ы және қара балық түрлерінің 35%-ы немесе республиканың басқа су айдындарында, 1 шілдеге дейін бөлінген лимиттен балық түрлерінің 50%-ы игерілмесе, белгіленген тәртіппен «Пайдаланушының» игермеген, жылға (маусымға) берілген балық және басқа су жануарларын аулаудың лимиттерін қайта бөлу шараларын қабылдауға;
3) шарттық талаптарды және балық қорғау заңнамасын орындамаған жағдайда біржақты тәртіпте шартты бұзуға;
4) балық және басқа су жануарларын аулау лимитін игеруге, «Пайдаланушыға» бекітіліп берілген су айдынының (учаскесінің) санитарлық жағдайына, балық және басқа су жануарларын аулау есебі журналын жүргізуге, балық қорын қорғау және өсімін молайту бойынша шарттық талаптарды орындауға бақылауды жүзеге асыруға;
5) тексеру мақсатында кез келген уақытта кедергісіз пайдаланушыға бекітіліп берілген су айдынына және (немесе) учаскесіне келуге құқылы.
Шарт «Пайдаланушыға» су объектісінің суларын пайдалану құқығын бермейді.
3. Тараптардың міндеттемелері
4. «Пайдаланушы» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) тек осы шартпен рұқсат етілген балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалану түрін жүзеге асыруға;
2) балық аулаудың белгіленген ережесін орындауға;
3) балық аулауды жүзеге асыру барысында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
4) оған бекітіліп берілген су айдынында (учаскесінде) балық және басқа су жануарларын аулауға бөлінген лимитті игеруге және жануарлар дүниесін пайдалануға төленген төлемге сәйкес, балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулаудың рұқсат етілген көлемінен аспауға;
5) жануарлар дүниесін пайдалануға бекітілген ставкаларға сәйкес, жануарлар дүниесін пайдалануға төлем төлеуді Қазақстан Республикасының Салық кодексімен сәйкес қамтамасыз етуге;
6) балық және басқа су жануарларын аулаудың есебін, әрбір бекітілген су айдынында (учаскесінде), бригадада немесе буында белгіленген нысан бойынша балық және басқа су жануарларын аулау есебінің «Инспекция» мөрімен куәландырылған журналын, сондай-ақ тасымалдаушы кемелерде қабылдау және тапсыру есебінің журналын жүргізуді, оның талабы бойынша көрсетуді, «Инспекцияға» балық және басқа су жануарларының аулануы, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай туралы өткен айдағы мәліметтерді әр айдың 2-сі күні ұсынылуын қамтамасыз етуге;
7) су айдынының кәсіпшілік бірнеше учаскелерінде балық және басқа су жануарларын аулаған жағдайда «Инспекциямен» берілетін рұқсаттаманы әрбір су айдынында және (немесе) учаскесінде болуын қамтамасыз етуге;
8) балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғауды, оған бекітіліп берілген су айдынында және (немесе) учаскесінде олардың өсімін молайту үшін жағдайды және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңымен, Балық аулау ережемен және басқа нормативтік құқықтық актілермен белгіленген балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдаланудың басқа да нормаларын және мерзімдерін сақтауға міндетті.
5. «Инспекция» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) «Пайдаланушыға» балық және басқа су жануарларын аулаудың оған бекітіліп берілген лимитін игеру үшін жануарлар дүниесін пайдалануға бөлінген төлем тәртібінде әр кеме немесе кәсіпшілік аулау құралына, буынға немесе әр бригадаға төленген нақты қаржыға сәйкес көлемде балық және басқа су жануарларын аулау құқығына рұқсаттама беруге;
2) «Пайдаланушыға» бекітілген берілген су айдындарында және (немесе) учаскелеріне ихтиологиялық бақылауды жүргізуге құқылы.
4. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу
6. Пайдаланушы осы шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен не жартылай басқа біреуге бермеуге міндетті.
Пайдаланушы осы шарт бойынша мiндеттемелердi орындамаған жағдайда Инспекция орын алып отырған кемшiлiктердi жою туралы ұйғарым шығарады және оларды жою мерзiмiн белгiлейдi. Егер Пайдаланушы кемшiлiктердi көрсетiлген мерзiмде жоймаса, онда оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады.
Инспекция Пайдаланушының құқықтарын бұзған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7. Осы шарт бойынша даулар Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.
5. Форс-Мажор
8. Егер шарттың қандай да болсын міндеттері еңсерілмейтін күштің (форс-мажор) әсер етуімен орындалмаса немесе тиісті орындалмаса, онда ешбір тарап орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін жауапкершілікте болмайды.
9. Еңсерілмейтін күш жағдайларына төтенше және осы шарттар кезінде күтілмеген жағдайлар, мысалыға: әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей апаттар (өрт және о.с.) жатады. Келтірілген тізім түбегейлі болып табылмайды.
10. Еңсерілмейтін күш жағдайлары пайда болған жағдайда, одан зардап шеккен Тарап осы жайлы форс-мажорлық жағдайдың басталған мерзімі және сипаты нақтыланған жазбаша хабарламаны пошта бойынша тапсыру немесе жолдау арқылы тез арада басқа Тарапты хабардар етеді.
11. Форс-мажорлық жағдайлар пайда болған жағдайда, Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығу шешімін іздестіру үшін тез арада кеңес өткізеді және осы жағдайларды минимумға келтіру үшін заңнамаға қайшы келмейтін барлық құралдарды пайдаланады.
12. Егер осы тарауда көрсетілген жағдайлар құзырлы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен расталған болса, онда олар заңды болып танылады.
Шарттың қолданылу мерзімі және тараптардың мекен-жайы
13. Осы шарт 2 данада жасалды, оның бірі пайдаланушы ________
___________________________________________________________________
(пайдаланушының атауы)
беріледі, екіншісі ________________________________________________
___________________________________________________________________
(Инспекцияның атауы)
Инспекциясында сақталады.
Шарттың қолданысқа енгізілген күні «____» __________ 20 ___ жыл
Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталған күні «____» ______ 20 ___ жыл
«Инспекция» «Пайдаланушы»
_________________________ ___________________________
(атауы) (атауы)
_________________________ ___________________________
(пошта, телеграфтың мекен-жайы) (пошта, телеграфтың мекен-жайы)
_________________________ ___________________________ (банктік деректемелер) (банктік деректемелер)
_________________________ ___________________________ (қызметі, аты-жөні) (қызметі, аты-жөні)
_________________________ ___________________________ (қолы, мөр) (қолы, мөр, (бар болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 наурыздағы
№ 207 бұйрығына
2-қосымша
Үлгі нысаны
Балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
______________ 2010 ж. «___» ____________
(елдi мекен)
_______________________ облысы әкiмдігінiң балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы 20 ___ «___»
_________ № ___ шешiмiне (қаулысына) сәйкес Ереженiң негiзiнде әрекет
ететiн, бұдан әрi «Инспекция» деп аталатын, ________________________
______________________________________________________________ атынан
(балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесі)
бастық _______________________________________________ бiр тараптан
және ______________________________________________________________
негiзiнде әрекет ететiн бұдан әрi «Пайдаланушы» деп аталатын
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе азаматтың аты-жөнi, мекен-жайы)
атынан ____________________________________________________________
(пайдаланушы өкiлiнiң аты-жөнi, лауазымы)
___________________________________________________________________ екiншi тараптан төмендегiлер туралы осы шартты жасасты:
1. Шарттың мәнi
1. Инспекция шартқа қоса беріліп отырған төлқұжатта ауданы, көлемі және басқа көрсеткіштері көрсетілген, _______________ облысы ______________________ ауданында орналасқан Пайдаланушыға бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде балық шаруашылығын жүргiзу құқығын бередi.
2. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң тiзiмi және/немесе олардың нөмiрлерi _______________
___________________________________________________________________
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
3. Пайдаланушы:
1) бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде балық шаруашылығын жүргiзуге;
2) көл-тауарлы, тоғандық шаруашылықтар құру үшін бекітіліп берілген су айдындарында заңнамада белгiленген тәртiппен кәсiпшілік және спорттық-әуесқойлық балық аулау тәртiбiн, мерзiмiн және тәсiлiн белгiлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен жолдамалар беруге;
4) берiлген рұқсатқа сәйкес балық ресурстары мен басқа су жануарларын пайдалану түрлерiн жүзеге асыруға;
5) ауланған балық ресурстарына және бұл жағдайда алынған өнiмнің меншiгіне;
6) балық ресурстары мен басқа су жануарларын (бұдан әрi – балық ресурстары) пайдалануға жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасуға құқылы.
4. Пайдаланушы:
1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен балық ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемдi уақытылы енгiзуге;
3) балық шаруашылығын жайластыруды жүргiзуге;
4) жануарлардың тiршiлiк ету ортасының нашарлауына жол бермеуге;
5) балық ресурстарын халық және қоршаған орта үшiн қауiпсiз, табиғи қоғамдастықтардың тұтастығын бұзуға және жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалануға;
6) сервитутты:
бақылаулық аулауды жүргізу үшін – уәкілетті органға;
ғылыми-зерттеу аулауды жүргізу үшін – жеке және заңды тұлғаларға;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу үшін – жеке тұлғаларға береді.
7) уәкiлеттi органның келiсiмiмен биологиялық негiздеменiң негiзiнде бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде балық шаруашылығы мелиорациясын, балық және басқа су жануарларының қорын бағалауын жүргiзуге;
8) аншлагтар және белгiлер үлгiсiмен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң жағалаулық шекарасын белгiлеуге;
9) әр балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесiнде, кемеде (балық аулайтын және көлiктiк), қабылдау пункттерде, бригада немесе буындарда балық және басқа да жануарларын аулауды есепке алу журналын жүргiзiп, уәкiлеттi органның лауазымдық тұлғаларының талабы бойынша оны ұсынуға;
10) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану үшiн жасасқан барлық шарттарды уәкiлеттi орган бекiткен тәртiбiмен және мерзiмдерiнде уәкiлеттi органда тiркеу, оларды бұзу туралы ақпарат беруге;
11) уәкiлеттi органмен белгiленген нысандарға сәйкес балық және басқа су жануарларының аулануы, су айдынындағы кәсiпшiлiк жағдай, берiлген жолдамалар туралы мәлiметтi уәкiлеттi органмен белгiленген мерзiмде және тәртiппен оған ұсынуға;
12) бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын қорғауын қамтамасыз етуге;
13) «Инспекция» өкілінің қатысуымен биологиялық-экономикалық зерттеулердiң нәтижелерiне сәйкес балық ресурстарының, оның ішінде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнгендерінің өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шаралар жүргiзуге;
14) балық ресурстарын қорғау режимi туралы ақпарат беретiн аншлагтарды ______ (дана), плакаттарды _______ (дана) орнатуға;
15) _______ (адамнан) тұратын қорықшылық қызметiн құруға;
16) санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын-алу) шараларын жүргiзудi қамтамасыз етуге;
17) «___» _______ 20 __ жылға дейін балық шаруашылығын жайғастыруын және оның орындалуын жүргізуді қамтамасыз етуге;
18) жалпы су пайдаланудың жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіпте Инспекция өз құзыретiнiң шегiнде:
1) Пайдаланушыға бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерiне) кедергiсiз келуге;
2) Пайдаланушының лауазымды адамдарын балық шаруашылығын жүргiзу ережесiн және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамаларын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершілікке тартуға құқылы;
3) құзыреті шегінде ұйғарым және қаулы енгізуге құқылы.
6. Инспекция заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Пайдаланушының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын орындауын және осы шарттың талаптарын сақтауын бақылауға;
2) Пайдаланушы берген өтiнiмдерді ескере отырып, балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға арналған квоталарды бөлуге және рұқсаттамаларды беруге;
3) бекітіліп берілген су айдынының (учаскесінің) төлқұжатын «Пайдаланушыға» ресімдеуді қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Тараптардың жауапкершiлiгi
7. Пайдаланушы осы шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен не жартылай басқа біреуге бермеуге міндетті.
Пайдаланушы осы шарт бойынша мiндеттемелердi орындамаған жағдайда Инспекция орын алып отырған кемшiлiктердi жою туралы ұйғарым шығарады және оларды жою мерзiмiн белгiлейдi. Егер Пайдаланушы кемшiлiктердi көрсетiлген мерзiмде жоймаса, онда оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады.
8. Инспекция Пайдаланушының құқықтарын бұзған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
4. Қорытынды ережелер
9. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшiне енгізіледі жәнe ____ жыл мерзiмге жасалды.
10. Балық шаруашылығын жүргiзу шартының қолданылуы:
1) балық ресурстарын пайдаланудың өз еркiмен бас тартқан;
2) балық ресурстарын пайдаланудың мерзiмi аяқталған;
3) Пайдаланушының қызметi тоқтатылған;
4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары, сондай-ақ балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт талаптары жүйелi түрде бұзылған;
5) балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жүргiзiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн алынған;
6) балық ресурстарын арнайы пайдалануға рұқсаттан айырған жағдайларда тоқтатылады.
11. Балық шаруашылығын жүргiзу бойынша дауларды шешу кезiнде тараптар осы шарттың талаптарын, балық шаруашылығын жайғастыру және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
12. Осы шарт бойынша барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
13. Осы шарт мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде бiрдей заңдық күшi бар екі данада жасалды.
14. Осы шарттың қосымшасымен белгіленген нысанға сәйкес «Пайдаланушыға» бекітіліп берілген балық шаруашылығы (кәсіпшілік балық аулау) су айдынының және (немесе) учаскесінің төлқұжаты шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылады.
5. Тараптардың заңды мекен-жайлары
мен қолтаңбалары
«Инспекция» «Пайдаланушы»
________________ __________________
________________ __________________ (толық атауы, заңды мекен- (толық атауы, заңдар мекен- жайы және деректемелерi) жайы және деректемелерi)
М.О. M.O.
Балық шаруашылығын жүргiзуге
арналған үлгі шартқа
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті Балық шаруашылығы су айдынының (учаскесінің)
төлқұжаты
_______________________________________________
(су айдынының (учаскесінің) атауы)
1. Географиялық орналасуы
Әкімшілік облысы ________________________________________________
Әкімшілік ауданы ________________________________________________
Су айдынының орналасқан жер _____________________________________
(жақын маңдағы елді мекеннің атауы,
_________________________________________________________________
су айдыны орналасқан жердің бағыты, қашықтығы шақырымда)
Учаскенің шекаралары ____________________________________________
(шекаралардың сипаттамасы, координаттары)
_________________________________________________________________
2. Физикалық сипаттамасы
Ұзындығы, шақырым _______________________________________________
Ені, шақырым ____________________________________________________
Ауданы, га ______________________________________________________
Максималды тереңдігі, м _________________________________________
Орташа тереңдігі, м _____________________________________________
3. Биологиялық сипаттамасы
Су айдынының:
______________________ су үсті өсімдігімен
(қатты, орташа, әлсіз)
______________________ су асты өсімдігімен қаптап кету деңгейі
(қатты, орташа, әлсіз)
Фитопланктонның даму деңгейі (судың гүлденуі) ___________________
(қатты, орташа, әлсіз)
Су айдынының фаунасының түрлік құрамы:
ихтиофауна: _____________________________________________________
суқоректілер: ___________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары: _______________________________________
Су айдынының кәсіпшілік фаунасының түрлік құрамы:
ихтиофауна: _____________________________________________________
суқоректілер: ___________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары: _______________________________________
Су айдынының балық өнімділігі, кг/га:
ихтиофауна: _____________________________________________________
суқоректілер: ___________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары: _______________________________________
4. Шаруашылық сипаттамасы
__________________________________________________________________
(өнеркәсіптік кәсіпорынның лас сумен,
________________________________________________________ ластануы
өндірістің басқа да қалдықтарымен)
Су тартқыш _______________________________________________________
(су тарту құрылғыларының түрі, қуаттылығы,
__________________________________________________________________
ведомтстволық тиістілігі)
Тартымдардың, жүзетін, тұрақтайтын, су айдынының (учаскесінің) балық ресурстарын пайдаланудың басқа да тұрақты орындарының саны
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Басқа мәліметтер
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Осы төлқұжат екі данада жасалды және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылады.
Осы төлқұжатты рәсімдеген арнайы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы ______________________________________________
М.О. Бастық _________________ (аты-жөні)
(қолы)
«____» ______________ 20 ___ жылы.