Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды және ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 28 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6156 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Ескерту. Осы қаулының мәтіні бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн» деген сөздер «қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны» деген сөздермен ауыстырылды (3-тармақты қараңыз).

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілсін:
      1) Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін орындаған кезде жазатайым жағдайлардан оны міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысын есептеу барысында үстемеақы коэффициенттерін қолдану ережесі;
      2) Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесі және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптары туралы.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын бірінші ресми жариялағаннан кейін алты ай өткеннен кейін осы қаулының мәтіні бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн» деген сөздер «қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, актуарийлерге, «Қазақстан актуарийлер қоғамы» қоғамдық бірлестігіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      5. Агенттік Төрайымының Қызметі Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                     Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы 
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен   
қадағалау агенттігі    
Басқармасының          
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 28 қаулысына 1-қосымша

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-қосымша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі(2-тармақты қараңыз).

Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін орындаған кезде жазатайым жағдайлардан оны міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысын есептеу барысында үстемеақы коэффициенттерін қолдану ережесі

      Осы Ереже «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде үстемеақы коэффициенттерін қолдану тәртібін белгілейді.
      1. Міндетті сақтандыру шартын жасау барысында төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін мөлшері Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес анықталатын сақтандыру тарифі пайдаланылады, оған алдыңғы міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңіндегі сақтанушының кінәсі бойынша сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) болған кезде үстемеақы коэффициенті қолданылады.
      2. Сақтанушыға берілетін сақтандыру тарифін қолдану жаңа міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде жыл сайын жүргізіледі.
      3. Міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандырушы Заңның 17-бабымен белгіленген шекте сақтандыру тарифін дербес таңдайды.
      4. Егер, алдыңғы міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтанушының кінәсі бойынша сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) басталса, жаңа міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде, сақтандырушы Заңмен белгіленген шекте сақтандыру жағдайы болған кәсіби тәуекел сыныбы және сол қызметкерлер құрамы бойынша міндетті сақтандырудың алдыңғы шартын жасаған кезде пайдаланған сақтандыру тарифімен салыстырғанда сақтандыру тарифін көбейтеді. Сонымен қатар, сақтандыру тарифіне Заңның 17-1-бабымен белгіленген үстемақы коэффициенті қолданылады.
      5. Үстемеақы коэффициентін есептеу барысында жазатайым жағдай туралы актіде көрсетілген алдыңғы міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтанушының кінәсінен болған барлық сақтандыру жағдайлары ескеріледі.
      6. Үстемеақы коэффициентін сақтандырушы сақтандыру жөніндегі деректер базасынан сақтандырушымен алынған алдыңғы міндетті сақтандыру шартының (шарттарының) қолданылу кезеңіндегі сақтанушының кінәсінен болған сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайларының) болғаны туралы ақпарат бар сақтандыру есебінің негізінде пайдаланады.
      7. Үстемеақы коэффициентін пайдалану барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 324-бабының 15-тармағына сәйкес жазатайым жағдай туралы актімен ресімделген алдыңғы міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңіндегі сақтанушының кінәсінен болған сақтандыру жағдайлары есепке алынады.
      8. Алдыңғы міндетті сақтандыру шарты бойынша үстемеақы коэффициенті міндетті сақтандыру шартын жасаған сәтте жұмыс беруші қызметкерлерінің жалпы санынан астам және екі пайыз санында сақтанушының зардап шеккен қызметкерлері болған кезде қолданылады.
      Егер, зардап шеккен қызметкерлердің пайызы бүтін сан болмаған жағдайда, мән мынадай тәсілмен дөңгелектеуге жатады: 0,00 пайыздан 0,49 пайызға дейінгі үлестермен мән алынған жағдайда – азаяды, ал 0,50 пайыздан 0,99 пайызға дейінгі үлестермен мәндер алынған жағдайда – ұлғаяды.

Қазақстан Республикасы 
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен   
қадағалау агенттігі    
Басқармасының          
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 28 қаулысына 2-қосымша

Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесі және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптары туралы

      Осы Ереже "Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны міндетті сақтандыру аясындағы аннуитеттік сақтандыру шарты (бұдан әрі – аннуитет шарты) бойынша аннуитеттік төлемдер құнын есептеу тәртібін және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарды анықтайды.
      1. Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер мөлшері Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес анықталады.
      2. Аннуитеттік төлемдер құнын есептеу үшін аннуитет шарттары бойынша ағымдағы құн факторын пайдаланады.
      3. Ағымдағы құн факторы бір жылға аннуитеттік төлемдерді алған жасқа дейінгі аннуитет шартының жасалған күніндегі жастан сақтандырылушының (лардың) өмірінің соңына дейінгі көрсеткіші (терінің) туындыларының сомасы және тиісінше деңгейдегі дисконтталушы фактор ретінде анықталады. Дисконтталушы фактор аннуитеттік төлемдер құнын есептеу үшін пайдаланатын кірістіліктің тиімді пайыздық ставкасы сомасының кері шамасына және 1-ге тең.
      4. Ағымдағы құн факторындағы аннуитеттік төлемдер құнын анықтау барысында аннуитеттік төлемді индекстеуді болжамдық ұлғаю мөлшеріне әрбір қосылғышты түзету арқылы тиісінше қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің өсуіне тең ескереді.
      5. Аннуитеттік төлемдер құнының есебі аннуитет шартының талаптарын ескере отырып, кірістіліктің пайыздық ставкасының мөлшері және айлық есептік көрсеткішті ұлғайту болжамы, халықтың қайтыс болуы туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.
      6. Аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдердің ағымдағы құн факторын есептеу барысында статистика жөніндегі уәкілетті органмен ресми белгіленген халық жөніндегі орташа ұқсас көрсеткіштен аспайтын қайтыс болу көрсеткішін пайдаланады. Сақтандыру ұйымының пайдалануға жоспарлаған қайтыс болу көрсеткіштерінің халық жөніндегі орташа ұқсас көрсеткіштерден асып түскен жағдайда, онда ағымдағы құн факторларын есептеу үшін статистика жөніндегі уәкілетті органның ресми белгіленген көрсеткіштері пайдаланылады.
      7. Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер құнын есептеу кезінде жылдық 10 (он) пайыздан аспайтын тиімді жылдық кірістіліктің пайыздық ставкасы пайдаланады.
      8. Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер құны аннуитеттік төлем туындысы және осы Ереженің талаптарына сәйкес есептелген сақтандырылушының сәйкесінше жасындағы ағымдағы құн факторы ретінде анықталады.
      9. Егер, аннуитет шартының талаптарына сәйкес аннуитеттік төлемдер Заңға сәйкес аннуитет шартының мерзімі аяқталғанға дейін сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда зиянды өтеуге құқығы бар тұлғамен көзделсе, ағымдағы құн факторы аннуитеттік фактордың және осы Ереженің 2, 3, 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес анықталған ағымдағы құн факторының сомасы ретінде есептеледі.
      Аннуитеттік фактор осы тармақта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін аннуитет шарты жасалған күннен тиісінше деңгейлердегі дисконтталушы фактор сомасын білдіреді.
      10. Аннуитет шартында мынадай мәліметтер бар:
      1) аннуитет шартының нөмірі;
      2) сақтандырушының атауы, орналасқан орны, телефоны және банктік деректемелері;
      3) тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туған күні, нөмірі, күні және жеке басын куәландыратын құжатты берген орган, салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттіктің белгісі (резидент/резидент емес) және экономика секторы, сақтанушының тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), байланыс телефон нөмірлері;
      4) салық төлеушінің атауы, тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, резиденттіктің белгісі (резидент/резидент емес) және экономика секторы, сақтанушының орналасқан орны, банктік деректемелері (заңды тұлғалар үшін) байланыс телефон нөмірлері;
      5) сақтандырылушы (пайда алушы) (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туған күні, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні және берген орган, салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттіктің белгісі (резидент/резидент емес), тұрғылықты жері, байланыс телефон нөмірлері) туралы нұсқау;
      6) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны берген күні, сериясы және нөмірі туралы мәліметтер;
      7) аннуитет шартының мәні (Заңға сәйкес қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру шарты бойынша пайда алушы болып табылатын тұлғаның пайдасына аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді жүзеге асыру);
      8) сақтандыру объектісін көрсету;
      9) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, тәртібі және төлеу мерзімі, сонымен қатар аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы Заңның 19 және 23-баптарына сәйкес анықталады;
      10) сақтандыру төлемінің мөлшері, тәртібі және мерзімі, оның ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың басталған күні;
      11) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      12) аннуитет шартының қолданылу аумағы;
      13) аннуитет шартының қолданылу мерзімі;
      14) аннуитет шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жағдайы мен тәртібі;
      15) аннуитет шартын бұзу және тоқтату жағдайы мен тәртібі;
      16) тараптардың қолтаңбалары;
      17) аннуитет шартының жасалған күні.
      11. Аннуитет шартының талаптарымен Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес аннуитет шартының қолданылу кезеңінде қызметкердің қайтыс болуымен байланысты, пайда алушыларға аннуитеттік төлемдерді жүзеге асыру көзделуі мүмкін.
      12. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі сақтандырылушының (пайда алушының) банктік шотына сақтандыру төлемінің сомасын аудару арқылы немесе сақтандырылушының (пайда алушының) сақтандырушының кассасынан қолма-қол ақшаны алуы арқылы жүзеге асырылады. Сақтандырылушының (пайда алушының) банктік шотына сақтандыру төлемін аудару барысында банктік қызметті төлеу сақтандырушының қаражаты есебінен жүргізіледі.
      13. Сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстары жиынтығында сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінің 3 (үш) пайызынан астам емес қосу әрбір сақтандыру төлемінен 3 (үш) пайыздан астам еместі құрайды.