Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды және ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 28 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6156 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Ескерту. Осы қаулының мәтіні бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн» деген сөздер «қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны» деген сөздермен ауыстырылды (3-тармақты қараңыз).

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілсін:
      1) Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін орындаған кезде жазатайым жағдайлардан оны міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысын есептеу барысында үстемеақы коэффициенттерін қолдану ережесі;
      2) Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесі және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптары туралы.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын бірінші ресми жариялағаннан кейін алты ай өткеннен кейін осы қаулының мәтіні бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн» деген сөздер «қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, актуарийлерге, «Қазақстан актуарийлер қоғамы» қоғамдық бірлестігіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      5. Агенттік Төрайымының Қызметі Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                     Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы 
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен   
қадағалау агенттігі    
Басқармасының          
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 28 қаулысына 1-қосымша

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-қосымша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі(2-тармақты қараңыз).

Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін орындаған кезде жазатайым жағдайлардан оны міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысын есептеу барысында үстемеақы коэффициенттерін қолдану ережесі

      Осы Ереже «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде үстемеақы коэффициенттерін қолдану тәртібін белгілейді.
      1. Міндетті сақтандыру шартын жасау барысында төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін мөлшері Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес анықталатын сақтандыру тарифі пайдаланылады, оған алдыңғы міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңіндегі сақтанушының кінәсі бойынша сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) болған кезде үстемеақы коэффициенті қолданылады.
      2. Сақтанушыға берілетін сақтандыру тарифін қолдану жаңа міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде жыл сайын жүргізіледі.
      3. Міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандырушы Заңның 17-бабымен белгіленген шекте сақтандыру тарифін дербес таңдайды.
      4. Егер, алдыңғы міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтанушының кінәсі бойынша сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) басталса, жаңа міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде, сақтандырушы Заңмен белгіленген шекте сақтандыру жағдайы болған кәсіби тәуекел сыныбы және сол қызметкерлер құрамы бойынша міндетті сақтандырудың алдыңғы шартын жасаған кезде пайдаланған сақтандыру тарифімен салыстырғанда сақтандыру тарифін көбейтеді. Сонымен қатар, сақтандыру тарифіне Заңның 17-1-бабымен белгіленген үстемақы коэффициенті қолданылады.
      5. Үстемеақы коэффициентін есептеу барысында жазатайым жағдай туралы актіде көрсетілген алдыңғы міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтанушының кінәсінен болған барлық сақтандыру жағдайлары ескеріледі.
      6. Үстемеақы коэффициентін сақтандырушы сақтандыру жөніндегі деректер базасынан сақтандырушымен алынған алдыңғы міндетті сақтандыру шартының (шарттарының) қолданылу кезеңіндегі сақтанушының кінәсінен болған сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайларының) болғаны туралы ақпарат бар сақтандыру есебінің негізінде пайдаланады.
      7. Үстемеақы коэффициентін пайдалану барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 324-бабының 15-тармағына сәйкес жазатайым жағдай туралы актімен ресімделген алдыңғы міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңіндегі сақтанушының кінәсінен болған сақтандыру жағдайлары есепке алынады.
      8. Алдыңғы міндетті сақтандыру шарты бойынша үстемеақы коэффициенті міндетті сақтандыру шартын жасаған сәтте жұмыс беруші қызметкерлерінің жалпы санынан астам және екі пайыз санында сақтанушының зардап шеккен қызметкерлері болған кезде қолданылады.
      Егер, зардап шеккен қызметкерлердің пайызы бүтін сан болмаған жағдайда, мән мынадай тәсілмен дөңгелектеуге жатады: 0,00 пайыздан 0,49 пайызға дейінгі үлестермен мән алынған жағдайда – азаяды, ал 0,50 пайыздан 0,99 пайызға дейінгі үлестермен мәндер алынған жағдайда – ұлғаяды.

Қазақстан Республикасы 
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен   
қадағалау агенттігі    
Басқармасының          
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 28 қаулысына 2-қосымша

Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесі және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптары туралы

      Осы Ереже "Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны міндетті сақтандыру аясындағы аннуитеттік сақтандыру шарты (бұдан әрі – аннуитет шарты) бойынша аннуитеттік төлемдер құнын есептеу тәртібін және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарды анықтайды.
      1. Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер мөлшері Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес анықталады.
      2. Аннуитеттік төлемдер құнын есептеу үшін аннуитет шарттары бойынша ағымдағы құн факторын пайдаланады.
      3. Ағымдағы құн факторы бір жылға аннуитеттік төлемдерді алған жасқа дейінгі аннуитет шартының жасалған күніндегі жастан сақтандырылушының (лардың) өмірінің соңына дейінгі көрсеткіші (терінің) туындыларының сомасы және тиісінше деңгейдегі дисконтталушы фактор ретінде анықталады. Дисконтталушы фактор аннуитеттік төлемдер құнын есептеу үшін пайдаланатын кірістіліктің тиімді пайыздық ставкасы сомасының кері шамасына және 1-ге тең.
      4. Ағымдағы құн факторындағы аннуитеттік төлемдер құнын анықтау барысында аннуитеттік төлемді индекстеуді болжамдық ұлғаю мөлшеріне әрбір қосылғышты түзету арқылы тиісінше қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің өсуіне тең ескереді.
      5. Аннуитеттік төлемдер құнының есебі аннуитет шартының талаптарын ескере отырып, кірістіліктің пайыздық ставкасының мөлшері және айлық есептік көрсеткішті ұлғайту болжамы, халықтың қайтыс болуы туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.
      6. Сақтандыру ұйымдары аннуитет шарттары бойынша аннуитеттік төлемдердің ағымдағы құн факторын есептеген кезде осы Ережеге 12-қосымшаларында көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2462 тіркелген) бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесінде (бұдан әрі - № 249 Ереже) белгіленген көрсеткіштерден аспайтын өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.
      Зардап шеккен қызметкердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес өтетін алуға құқығы бар тұлғаның пайдасына жасалған аннуитет шарттары бойынша аннуитеттік төлемдердің ағымдағы құн факторын есептеген кезде мынадай өлім-жітім көрсеткіштері қолданылады:
      1) зардап шеккен қызметкер үшін - осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілгендер;
      2) елу сегіз жастан асқан әйелдер үшін және алпыс үш жастан асқан еркектер үшін - № 249 Ереженің 2-қосымшасында көрсетілгендер;
      3) он алты жастан асқан мүгедектер үшін - осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілгендер;
      4) он алты жасқа толмаған мүгедектер, кәмелетке толмағандар, оқушылар, қайтыс болған қызметкердің асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілерін, апа-қарындастарын күтумен айналысатын ата- аналары, зайыбы не басқа отбасы мүшесі үшін - нөлге тең өлім-жітім көрсеткіштері қолданылады.
      Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 143 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      6-1. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген өлім-жітім көрсеткіштерінен төмен болып табылатын өлім-жітім көрсеткіштері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісуге жатады.
      Өлім-жітім көрсеткіштерін келісу үшін сақтандыру ұйымы уәкілетті органға өлім-жітім көрсеткіштерін қоса тіркей отырып, ерікті нысанда хат жібереді. Уәкілетті орган сақтандыру ұйымынан хат алған күннен бастап отыз күн ішінде сақтандыру ұйымына өлім-жітім көрсеткіштерін қарау қорытындысы бар хат жібереді. Келісу нәтижелері оң болмаған жағдайда сақтандыру ұйымы осы Ереженің 6-тармағында көзделген өлім-жітім көрсеткіштерін қолданады.
      Ескерту: Ереже 6-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 143 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      7. Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер құнын есептеу кезінде жылдық 10 (он) пайыздан аспайтын тиімді жылдық кірістіліктің пайыздық ставкасы пайдаланады.
      8. Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер құны аннуитеттік төлем туындысы және осы Ереженің талаптарына сәйкес есептелген сақтандырылушының сәйкесінше жасындағы ағымдағы құн факторы ретінде анықталады.
      9. Егер, аннуитет шартының талаптарына сәйкес аннуитеттік төлемдер Заңға сәйкес аннуитет шартының мерзімі аяқталғанға дейін сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда зиянды өтеуге құқығы бар тұлғамен көзделсе, ағымдағы құн факторы аннуитеттік фактордың және осы Ереженің 2, 3, 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес анықталған ағымдағы құн факторының сомасы ретінде есептеледі.
      Аннуитеттік фактор осы тармақта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін аннуитет шарты жасалған күннен тиісінше деңгейлердегі дисконтталушы фактор сомасын білдіреді.
      10. Аннуитет шартында мынадай мәліметтер бар:
      1) аннуитет шартының нөмірі;
      2) сақтандырушының атауы, орналасқан орны, телефоны және банктік деректемелері;
      3) тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туған күні, нөмірі, күні және жеке басын куәландыратын құжатты берген орган, салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттіктің белгісі (резидент/резидент емес) және экономика секторы, сақтанушының тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), байланыс телефон нөмірлері;
      4) салық төлеушінің атауы, тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, резиденттіктің белгісі (резидент/резидент емес) және экономика секторы, сақтанушының орналасқан орны, банктік деректемелері (заңды тұлғалар үшін) байланыс телефон нөмірлері;
      5) сақтандырылушы (пайда алушы) (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туған күні, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні және берген орган, салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттіктің белгісі (резидент/резидент емес), тұрғылықты жері, байланыс телефон нөмірлері) туралы нұсқау;
      6) уәкілетті орган берген аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны берген күні, сериясы және нөмірі туралы мәліметтер;
      7) аннуитет шартының мәні (Заңға сәйкес қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру шарты бойынша пайда алушы болып табылатын тұлғаның пайдасына аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді жүзеге асыру);
      8) сақтандыру объектісін көрсету;
      9) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, тәртібі және төлеу мерзімі, сонымен қатар аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы Заңның 19 және 23-баптарына сәйкес анықталады;
      10) сақтандыру төлемінің мөлшері, тәртібі және мерзімі, оның ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың басталған күні;
      11) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      12) аннуитет шартының қолданылу аумағы;
      13) аннуитет шартының қолданылу мерзімі;
      14) аннуитет шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жағдайы мен тәртібі;
      15) аннуитет шартын бұзу және тоқтату жағдайы мен тәртібі;
      16) тараптардың қолтаңбалары;
      17) аннуитет шартының жасалған күні.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 143 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      11. Аннуитет шартының талаптарымен Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес аннуитет шартының қолданылу кезеңінде қызметкердің қайтыс болуымен байланысты, пайда алушыларға аннуитеттік төлемдерді жүзеге асыру көзделуі мүмкін.
      12. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі сақтандырылушының (пайда алушының) банктік шотына сақтандыру төлемінің сомасын аудару арқылы немесе сақтандырылушының (пайда алушының) сақтандырушының кассасынан қолма-қол ақшаны алуы арқылы жүзеге асырылады. Сақтандырылушының (пайда алушының) банктік шотына сақтандыру төлемін аудару барысында банктік қызметті төлеу сақтандырушының қаражаты есебінен жүргізіледі.
      13. Сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстары жиынтығында сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінің 3 (үш) пайызынан астам емес қосу әрбір сақтандыру төлемінен 3 (үш) пайыздан астам еместі құрайды.

«Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік  
төлемдерді есептеу және аннуитет   
шарты мен сақтандырушының жасалатын 
аннуитет шарттары бойынша істі   
жүргізуге арналған шығыстарының жол 
берілетін деңгейіне қойылатын талаптары
туралы ережеге 1-қосымша    

      Ескерту. Ереже 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 143 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

Кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалтқан тұлғалардың еңбек жарамдылығын жоғалту дәрежесі бойынша бөлінген өлім-жітім көрсеткіштері

Жасы

Еркектер

Әйелдер

5-29%

30-59%

60-89%

90-100%

5-29%

30-59%

60-89%

90-100%

16

0,0001904

0,0003026

0,0009480

0,0015906

0,0000952

0,0002324

0,0007819

0,0023859

17

0,0002881

0,0004541

0,0013926

0,0023367

0,0001440

0,0003487

0,0011486

0,0035050

18

0,0004358

0,0006814

0,0020458

0,0034327

0,0002179

0,0005234

0,0016873

0,0051490

19

0,0006594

0,0010226

0,0030053

0,0050427

0,0003297

0,0007854

0,0024787

0,0075690

20

0,0009976

0,0015347

0,0044149

0,0074078

0,0004988

0,0011787

0,0036412

0,0111118

21

0,0015092

0,0023032

0,0064856

0,0108823

0,0007546

0,0017690

0,0053491

0,0163235

22

0,0022833

0,0034565

0,0095275

0,0159865

0,0011416

0,0026547

0,0078580

0,0239767

23

0,0023584

0,0035415

0,0095555

0,0160334

0,0011792

0,0027200

0,0078810

0,0240501

24

0,0024359

0,0036285

0,0095835

0,0160805

0,0012180

0,0027869

0,0079042

0,0241208

25

0,0025160

0,0037177

0,0096116

0,0161277

0,0012580

0,0028554

0,0079274

0,0241916

26

0,0025988

0,0038091

0,0096399

0,0161751

0,0012994

0,0029256

0,0079506

0,0242626

27

0,0026842

0,0039027

0,0096682

0,0162226

0,0013421

0,0029975

0,0079740

0,0243338

28

0,0028908

0,0041693

0,0102127

0,0171362

0,0014454

0,0032022

0,0084231

0,0257043

29

0,0031133

0,0044542

0,0107878

0,0181013

0,0015567

0,0034210

0,0088975

0,0271519

30

0,0033530

0,0047584

0,0113954

0,0191207

0,0016765

0,0036547

0,0093985

0,0286811

31

0,0036111

0,0050835

0,0120372

0,0201976

0,0018055

0,0039043

0,0099279

0,0302964

32

0,0038890

0,0054307

0,0127151

0,0213351

0,0019445

0,0041710

0,0104870

0,0320026

33

0,0041907

0,0058050

0,0135455

0,0227285

0,0020954

0,0044585

0,0111719

0,0340927

34

0,0045158

0,0062051

0,0144301

0,0242129

0,0022579

0,0047658

0,0119015

0,0363193

35

0,0048662

0,0066327

0,0153726

0,0257942

0,0024331

0,0050942

0,0126788

0,0386913

36

0,0052437

0,0070898

0,0163766

0,0274788

0,0026219

0,0054453

0,0135068

0,0412182

37

0,0056505

0,0075784

0,0174461

0,0292734

0,0028253

0,0058206

0,0143890

0,0439101

38

0,0061226

0,0082532

0,0187961

0,0315386

0,0030613

0,0063388

0,0155024

0,0473078

39

0,0066341

0,0089881

0,0202505

0,0339790

0,0033170

0,0069032

0,0167019

0,0509685

40

0,0071883

0,0097883

0,0218174

0,0366082

0,0035941

0,0075179

0,0179943

0,0549123

41

0,0077888

0,0106599

0,0235056

0,0394409

0,0038944

0,0081872

0,0193867

0,0591614

42

0,0084394

0,0116090

0,0253245

0,0424928

0,0042197

0,0089162

0,0208868

0,0637392

43

0,0089408

0,0124837

0,0268073

0,0449809

0,0044704

0,0095880

0,0221098

0,0674713

44

0,0094719

0,0134243

0,0283769

0,0476146

0,0047360

0,0103104

0,0234044

0,0714219

45

0,0100347

0,0144358

0,0300385

0,0504026

0,0050173

0,0110873

0,0247747

0,0756039

46

0,0106308

0,0155235

0,0317973

0,0533538

0,0053154

0,0119227

0,0262254

0,0800307

47

0,0112623

0,0166931

0,0336491

0,0564778

0,0056312

0,0128210

0,0277609

0,0847166

48

0,0121571

0,0183308

0,0362908

0,0608936

0,0060785

0,0140788

0,0299315

0,0913404

49

0,0131229

0,0201293

0,0391283

0,0656547

0,0065615

0,0154601

0,0322717

0,0984820

50

0,0141655

0,0221041

0,0421876

0,0707880

0,0070828

0,0169769

0,0347949

0,1061820

51

0,0152909

0,0242727

0,0454861

0,0763227

0,0076455

0,0186425

0,0375154

0,1144840

52

0,0165057

0,0266541

0,0490425

0,0822901

0,0082529

0,0204715

0,0404487

0,1234352

53

0,0176221

0,0287913

0,0520055

0,0872618

0,0088110

0,0221129

0,0428924

0,1308927

54

0,0188139

0,0310999

0,0551474

0,0925338

0,0094070

0,0238860

0,0454838

0,1388007

55

0,0200864

0,0335936

0,0584792

0,0981243

0,0100432

0,0258013

0,0482318

0,1471865

56

0,0214449

0,0362873

0,0620123

0,1040526

0,0107225

0,0278702

0,0511457

0,1560789

57

0,0228953

0,0391970

0,0657588

0,1103391

0,0114477

0,0301049

0,0542358

0,1655086

58

0,0242052

0,0413803

0,0683044

0,1146104

0,0121026

0,0317817

0,0563353

0,1719156

59

0,0255901

0,0436851

0,0709485

0,1190470

0,0127950

0,0335520

0,0585161

0,1785706

60

0,0270541

0,0461184

0,0736950

0,1236555

0,0135271

0,0354208

0,0607813

0,1854832

61

0,0286020

0,0486872

0,0755478

0,1284423

0,0143010

0,0373938

0,0631341

0,1926634

62

0,0302383

0,0513991

0,0795110

0,1334144

0,0151192

0,0394766

0,0655781

0,2001215

63

0,0323704

0,0538145

0,0822899

0,1380771

0,0161852

0,0413318

0,0678700

0,2071156

64

0,0346528

0,0563435

0,0851659

0,1429028

0,0173264

0,0432741

0,0702420

0,2143542

65

0,0370961

0,0589912

0,0881423

0,1478971

0,0185481

0,0453077

0,0726969

0,2218457

66

0,0397117

0,0617635

0,0912229

0,1530660

0,0198559

0,0474369

0,0752376

0,2295990

67

0,0425118

0,0646660

0,0944110

0,1584156

0,0212559

0,0496661

0,0778672

0,2376234

68

0,0472888

0,0683796

0,0993836

0,1625148

0,0236444

0,0525183

0,0819684

0,2437721

69

0,0526027

0,0723065

0,1046182

0,1667200

0,0263013

0,0555344

0,0862857

0,2500800

70

0,0585137

0,0764589

0,1101284

0,1710341

0,0292568

0,0587236

0,0908303

0,2565511

71

0,0650888

0,0808498

0,1159288

0,1754598

0,0325444

0,0620959

0,0956143

0,2631897

72

0,0724029

0,0854928

0,1220348

0,1800000

0,0362014

0,0656620

0,1006503

0,2700000

73

0,0759257

0,0896525

0,1279724

0,1887580

0,0379628

0,0688568

0,1055475

0,2831369

74

0,0803695

0,0948997

0,1354624

0,1998056

0,0401847

0,0728869

0,1117250

0,2997084

75

0,0842991

0,0995397

0,1420857

0,2095750

0,0421495

0,0764506

0,1171877

0,3143625

76

0,0890089

0,1051010

0,1500241

0,2212840

0,0445044

0,0807219

0,1237350

0,3319260

77

0,0940267

0,1110260

0,1584816

0,2337587

0,0470133

0,0852725

0,1307105

0,3506380

78

0,0995979

0,1176045

0,1678719

0,2476093

0,0497990

0,0903251

0,1384553

0,3714140

79

0,1059557

0,1251116

0,1785878

0,2634152

0,0529778

0,0960909

0,1472934

0,3951227

80

0,1119813

0,1322267

0,1887440

0,2783954

0,0559906

0,1015555

0,1556699

0,4175931

81

0,1182649

0,1396463

0,1993350

0,2940171

0,0591325

0,1072541

0,1644050

0,4410256

82

0,1274632

0,1505075

0,2148386

0,3168847

0,0637316

0,1155960

0,1771919

0,4753271

83

0,1389253

0,1640419

0,2341579

0,3453805

0,0694626

0,1259909

0,1931259

0,5180707

84

0,1446697

0,1708249

0,2438402

0,3596617

0,0723348

0,1312006

0,2011114

0,5394925

85

0,1553810

0,1834728

0,2618941

0,3862910

0,0776905

0,1409146

0,2160017

0,5794365

86

0,1631501

0,1926464

0,2749888

0,4056056

0,0815750

0,1479604

0,2268018

0,6084084

87

0,1713075

0,2022786

0,2887380

0,4258855

0,0856537

0,1553583

0,2381417

0,6388280

88

0,1798728

0,2123924

0,3031748

0,4471797

0,0899364

0,1631261

0,2500488

0,6707700

89

0,1888666

0,2230123

0,3183339

0,4695391

0,0944333

0,1712826

0,2625514

0,7043090

90

0,1983095

0,2341623

0,3342498

0,4930149

0,0991547

0,1798463

0,2756783

0,7395220

91

0,2186368

0,2581647

0,3685114

0,5435505

0,1093184

0,1982811

0,3039363

0,8153260

92

0,2410468

0,2846263

0,4062834

0,5992638

0,1205234

0,2186047

0,3350894

0,8988960

93

0,2657546

0,3138010

0,4479283

0,6606895

0,1328773

0,2410121

0,3694367

0,9910340

94

0,2929941

0,3459652

0,4938402

0,7284092

0,1464970

0,2657155

0,4073034

1,0000000

95

0,3230258

0,3814264

0,5444587

0,8030708

0,1615129

0,2929512

0,4490518

1,0000000

96

0,3561365

0,4205232

0,6002665

0,8853868

0,1780682

0,3229792

0,4950803

1,0000000

97

0,3926402

0,4636266

0,6617934

0,9761383

0,1963201

0,3560843

0,5458257

1,0000000

98

0,4328852

0,5111476

0,7296262

1,0000000

0,2164426

0,3925824

0,6017720

1,0000000

99

0,4772562

0,5635405

0,8044133

1,0000000

0,2386281

0,4328223

0,6634539

1,0000000

100

0,5261754

0,6213040

0,8868665

1,0000000

0,2630877

0,4771871

0,7314586

1,0000000

101

1,0000000

1,0000000

1,0000000

1,0000000

1,0000000

1,0000000

1,0000000

1,0000000

«Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік
төлемдерді есептеу және аннуитет 
шарты мен сақтандырушының жасалатын
аннуитет шарттары бойынша істі 
жүргізуге арналған шығыстарының жол
берілетін деңгейіне қойылатын талаптары
туралы ережеге 2-қосымша    

      Ескерту. Ереже 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 143 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

Мүгедектердің өлім-жітім көрсеткіштері

Жасы

Еркектер

Әйелдер

16

0,0068245

0,0040296

17

0,0069227

0,0043711

18

0,0070223

0,0044715

19

0,0071234

0,0051433

20

0,0072259

0,0055791

21

0,0073298

0,0060518

22

0,0074353

0,0065647

23

0,0074172

0,0070949

24

0,0074113

0,0076753

25

0,0074694

0,0083199

26

0,0076436

0,0090431

27

0,0079858

0,0098591

28

0,0085275

0,0107640

29

0,0092185

0,0116824

30

0,0099884

0,0125207

31

0,0107664

0,0131855

32

0,0114821

0,0135832

33

0,0120905

0,0136655

34

0,0126488

0,0135643

35

0,0132399

0,0134569

36

0,0139467

0,0135202

37

0,0148521

0,0139314

38

0,0160071

0,0148087

39

0,0173351

0,0160349

40

0,0187276

0,0174337

41

0,0200761

0,0188290

42

0,0212722

0,0200447

43

0,0222475

0,0209495

44

0,0230942

0,0215916

45

0,0239443

0,0220642

46

0,0249302

0,0224603

47

0,0261840

0,0228731

48

0,0277999

0,0233776

49

0,0297203

0,0239764

50

0,0318495

0,0246541

51

0,0340918

0,0253952

52

0,0363515

0,0261843

53

0,0385449

0,0270083

54

0,0406362

0,0278639

55

0,0426014

0,0287502

56

0,0444164

0,0296664

57

0,0460574

0,0306115

58

0,0475132

0,0315851

Жасы

Еркектер

Әйелдер

59

0,0488242

0,0325881

60

0,0500434

0,0336218

61

0,0512241

0,0346875

62

0,0524193

0,0357867

63

0,0549711

0,0373550

64

0,0566467

0,0382044

65

0,0552533

0,0384565

66

0,0578591

0,0393853

67

0,0614864

0,0411760

68

0,0653739

0,0439710

69

0,0689913

0,0463428

70

0,0732121

0,0485667

71

0,0766012

0,0514563

72

0,0811067

0,0554130

73

0,0850530

0,0574990

74

0,0900310

0,0611550

75

0,0944330

0,0637740

76

0,0997090

0,0662660

77

0,1053300

0,0714150

78

0,1115710

0,0756750

79

0,1186930

0,0796160

80

0,1254430

0,0867380

81

0,1324820

0,0916330

82

0,1427860

0,1008810

83

0,1556260

0,1073630

84

0,1620610

0,1148730

85

0,1740600

0,1260410

86

0,1827630

0,1352770

87

0,1919010

0,1449240

88

0,2014960

0,1565720

89

0,2115710

0,1698440

90

0,2221490

0,1800350

91

0,2449200

0,2022870

92

0,2700240

0,2272900

93

0,2977020

0,2553830

94

0,3282160

0,2869480

95

0,3618580

0,3224150

96

0,3989490

0,3622660

97

0,4398410

0,4070420

98

0,4849240

0,4573520

99

0,5346290

0,5138810

100

0,5894290

0,5773970

101

1,0000000

1,0000000