Техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2010 жылғы 1 ақпандағы N 27 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2010 жылғы 4 наурыздағы N 119 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6138 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес сауда қызметiнiң субъектiлерді;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк метрологиялық бақылау аясында қызмет ететін субъектілерді;
      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес өлшем құралдарын шығару және жөндеу жөнiндегi қызмет ететін субъектілерді;
      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау жөнiндегi қызмет ететін субъектілерді;
      5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру жөнiндегi қызмет ететін субъектілерді тексеру кезіндегі парақтардың нысандары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов):
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Е.С. Есқалиевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының     Қазақстан Республикасының
      Индустрия және сауда          Экономика және бюджеттік
      министрі                      жоспарлау министрінің міндетін
      ____________ Ә. Исекешев      атқарушы
                                    ____________ Л. Кармазина

Қазақстан Республикасы       
Индустрия және сауда министрінің
2010 жылғы 1 ақпандағы № 27   
және Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік     
жоспарлау министрінің       
міндетін атқарушысының      
2010 жылғы 4 наурыздағы № 119  
бірлескен бұйрығына      
1-қосымша          

Нысан

Сауда қызметiнiң субъектiлерін тексеру кезіндегі
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Тексеріс тағайындау туралы акт __________________________________
                                         (№, күні)
Аты-жөні немесе сауда қызметі субъектісінің атауы _______________
_________________________________________________________________
СТН _____________________________________________________________
ИИН/БИН (бар болса) _____________________________________________

Талаптар тізбесі

1

Сәйкестiк сертификаттары (белгіленген үлгідегі сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларацияларының (сәйкестiк туралы декларацияларының көшiрмелерi) болуы

2

Өнiмнің техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай болуы

3

Белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификат және (немесе) белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың болуы

4

Өлшем құралдарына салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбаларының және (немесе) салыстырып тексеру туралы сертификаттар болуы

5

Өлшем құралдарды оларды пайдалану шарттарына және оларға қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес қолдану

6

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарды қолдану

7

Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлар санының (салмағының, көлемінің, шығынының немесе өзге шамаларының) кассалық, тауарлық чекте немесе тауарды сатып алатынын растайтын өзге де құжатта көрсетілген тауарлар санына сәйкестігі

8

Бума iшiндегi тауар санының буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкестiгi

Сауда қызметі субъектісінің тексеру парағының көшірмесін алғаны туралы белгісі:
«____» _________ 20 __ ж. ________________________________________
                                  (аты-жөні, лауазымы) (қолы)

Қазақстан Республикасы     
Индустрия және сауда министрінің
2010 жылғы 1 ақпандағы № 27  
және Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік    
жоспарлау министрінің      
міндетін атқарушысының     
2010 жылғы 4 наурыздағы № 119 
бірлескен бұйрығына      
2-қосымша          

Нысан

Мемлекеттiк метрологиялық бақылау аясында қызмет ететін субъектілерді тексеру кезіндегі
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Тексеріс тағайындау туралы акт ___________________________________
                                           (№, күні)
Аты-жөні немесе сауда қызметі субъектісінің атауы ________________
__________________________________________________________________
СТН ______________________________________________________________
ИИН/БИН (бар болса) ______________________________________________

Талаптар тізбесі

1

Белгіленген үлгідегі өлшем құралдарының түрін бекіту туралы сертификат және (немесе) белгіленген үлгідегі өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат болуы

2

Өлшем құралдарына салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбаларының және (немесе) салыстырып тексеру туралы сертификаттар болуы

3

Өлшем құралдарды оларды пайдалану шарттарына және оларға қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес қолдану

4

Өлшем құралдарының бекiтiлген түрi және (немесе) метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдардың өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде болуы

5

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарды қолдану

Субъектісінің тексеру парағының көшірмесін алғаны туралы белгісі:
«____» _________ 20 ____ ж. ______________________________________
                                 (аты-жөні, лауазымы) (қолы)

Қазақстан Республикасы     
Индустрия және сауда министрінің
2010 жылғы 1 ақпандағы № 27  
және Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік    
жоспарлау министрінің      
міндетін атқарушысының     
2010 жылғы 4 наурыздағы № 119 
бірлескен бұйрығына      
3-қосымша          

Нысан

Өлшем құралдарын шығару және жөндеу жөнiндегi қызмет ететін субъектілерді тексеру кезіндегі
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Тексеріс тағайындау туралы акт ________________________________
                                           (№, күні)
Аты-жөні немесе сауда қызметі субъектісінің атауы _____________
_______________________________________________________________
СТН ___________________________________________________________
ИИН/БИН (бар болса) ___________________________________________

Талаптар тізбесі

1

Өлшем құралдарын өндiруге және жөндеуге лицензияның болуы

2

Өлшем құралдарын өндiруге (жөндеуге) нормативтiк, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген және келiсiлген техникалық құжаттаманың (техникалық тапсырманың, техникалық шарттардың, конструкторлық-технологиялық құжаттаманың) болуы

3

Талап етiлетiн дәлдiкпен өлшеу және сынау әдiстерiн регламенттейтiн нормативтiк құжаттардың болуы

4

Санитарлық нормалар мен ережелерге, еңбек қауiпсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес келетiн өлшем құралдарын өндiруге (жөндеуге, оның iшiнде қабылдауға және сақтауға) арналған жеке меншiк құқығындағы не мүлiктiк жалдаудағы өндiрiстiк үй-жайлардың болуы

5

Жинақтаушы бұйымдар және өнiмдер шикiзатының сапасын толық көлемде бақылауды, шығарылатын өлшем құралдарын шығару және сынау кезiнде әсер ететiн шамаларды бақылауды (өндiрiс үшiн) және жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды (жөндеу үшiн) қамтамасыз ететiн белгiленген тәртiппен
метрологиялық аттестатталған не салыстырып тексерiлген
қажеттi технологиялық, өлшеуiш және сынау жабдықтарының және оларды пайдалану жөнiндегi басшылықтың болуы

6

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде шығарылатын өлшем құралдарының типiн тiркеудiң (өндiрiс үшiн) болуы

7

Шығарылатын, жөнделетiн және қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексерудi қамтамасыз етiлу

8

Бiлiктiлiк деңгейiн анықтау мақсатында iшкi аттестаттаудан өткен, орта арнайыдан төмен емес техникалық бiлiмi, өлшем құралдарын жөндеу, юстирлеу және реттеу бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi (жөндеу үшiн) бар мамандар штатының болуы

9

Өлшем құралдарын шығару және сынау сапасына iшкi бақылаудың құжатталған жүйесiнiң (өндiрiс үшiн) болуы

10

Өлшем құралдарын жөндеудi және белгiленген талаптарға сәйкес жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды жүргiзу үшiн жағдайлардың (жөндеу үшiн) болуы

11

Өтiнiш берушiнiң санитарлық нормалар талаптарына сәйкестiгiн растайтын санитарлық қадағалау органдары қорытындыларының болуы

Субъектісінің тексеру парағының көшірмесін алғаны туралы белгісі:
«____» _________ 20 ____ ж. ____________________________________
                                 (аты-жөні, лауазымы ) (қолы)

Қазақстан Республикасы     
Индустрия және сауда министрінің
2010 жылғы 1 ақпандағы № 27  
және Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік    
жоспарлау министрінің      
міндетін атқарушысының     
2010 жылғы 4 наурыздағы № 119 
бірлескен бұйрығына      
4-қосымша          

Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау жөнiндегi қызмет ететін субъектілерді тексеру кезіндегі
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Тексеріс тағайындау туралы акт __________________________________
                                            (№, күні)
Аты-жөні немесе сауда қызметі субъектісінің атауы _______________
_________________________________________________________________
СТН _____________________________________________________________
ИИН/БИН (бар болса) _____________________________________________

Талаптар тізбесі

1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындауға лицензияның болуы

2

Стандарттау жөнiнде нормативтiк құжаттар, сондай-ақ белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген мемлекеттiк нышандарды дайындау процесiн регламенттейтiн техникалық құжаттар (техникалық тапсырма, техникалық шарттар, конструкторлық-технологиялық құжаттама) болуы

3

Жеке меншiк құқығындағы немесе жалға алынған өндiрiстiк-техникалық база (өндiрiстiк үй-жайлар, технологиялық жабдықтар, өлшеу және бақылау құралдары, соның iшiнде қолданыстағы стандарттау жөнiнде нормативтiк құжаттар талаптарына сай дайындалған мемлекеттiк нышандардың сапасын және оларды дайындаудың технологиялық процесiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн түстер атласы) болуы

4

Пайдаланылатын өлшеу құралдарын және сынау жабдықтарын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың болуы

5

Мемлекеттiк нышандарды дайындаудың технологиялық процесiне қарай, өндiрушi әзiрлеген нұсқаулықтарда белгiленген, лицензияланатын қызмет саласында тиiстi бiлiктiлiгi және бiлiм деңгейi бар персоналдың болуы

6

Мемлекеттiк нышандардың, сондай ақ олардың бейнелері бар материалдық объектілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес келуі

Субъектісінің тексеру парағының көшірмесін алғаны туралы белгісі:
«____» _________ 20 ____ ж. ____________________________________
                                 (аты-жөні, лауазымы) (қолы)

Қазақстан Республикасы     
Индустрия және сауда министрінің
2010 жылғы 1 ақпандағы № 27  
және Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік    
жоспарлау министрінің      
міндетін атқарушысының     
2010 жылғы 4 наурыздағы № 119 
бірлескен бұйрығына      
5-қосымша           

Нысан

Тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру жөнiндегi қызмет ететін субъектілерді тексеру кезіндегі
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Тексеріс тағайындау туралы акт _________________________________
                                          (№, күні)
Аты-жөні немесе сауда қызметі субъектісінің атауы ______________
________________________________________________________________
СТН ____________________________________________________________
ИИН/БИН (бар болса) ____________________________________________

Талаптар тізбесі

1

Сауда-өнеркәсiп палатасы дайындаған тауардың шығу тегi туралы сертификат бланкiлерi Техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен бланкiлердiң нысандарына сәйкес болуы

2

Тауардың шығу тегi туралы сертификатын беру туралы жеке және заңды тұлғаның өтiнiші, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі және тауардың шығу тегін растайтын беруге негіз болған құжаттардың болуы

3

Тауардың шығу тегi туралы сертификатын бiр жұмыс күнi iшiндегі ресiмдеу, куәландыру және беру мерзімін сақтау

4

Тауардың шығу тегi туралы сертификаттар көшірмелерінің болуы

5

Тауардың шығу тегi туралы сертификатында тазартып өшiрулер, түзетiлген жерлерi, расталмаған түзетулердің болмауы

6

Тауардың шығу тегi туралы жаңа сертификатын өтiнiш берушi бұрын берiлген және тауардың шығу тегi туралы сертификатты берген кезде негiздеме ретiнде тiгiлетiн сертификатты қайтарғаннан кейiн ғана, сондай-ақ осы өзгерiстердi растайтын қажеттi құжаттар болған кездегі шартында беру

7

Берiлген тауардың шығу тегi туралы сертификаттарды тiркеу журналын жүргізу

8

Тауардың шығу тегi туралы сертификаттардың көшiрмелерi мен беруге негiз болған құжаттарын сақталу мерзімін сақтау

9

Келiсiмге қатысушы мемлекеттер шеңберiнде тауарларды керi экспорттау кезiнде алмастырушы сертификат беру тауар шығарылған елде "СТ-1" нысанындағы сертификаттың көшiрмесi болған кездегі шартында беру

10

Тауардың шығу тегi туралы сертификатты кейiннен (ретроспективтiк) беру өтiнiш берушiнiң өтiнiшiнде қамтылған мәлiметтер тиiстi экспорттық құжаттардағы мәлiметтерге сәйкес келген және тауардың шығу тегi туралы сертификат осы тауар экспортқа шығарылған кезде берiлмеген жағдайдадағы шартында беру

11

Тауардың шығу тегi туралы сертификат төлнұсқасын өтiнiш берушi сертификат төлнұсқасын беру туралы жазбаша нысандағы өтiнiші және берiлген төлнұсқанының тiркеу нөмiрi түпнұсқаның тiркеу нөмiрiне сәйкес кездегі шартында беру

12

Тауардың шығу тегi туралы сертификатты немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша негiзделген шешiмін беру мерзiмi бiр жұмыс күнiнен, ал Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 34-бабында көзделген жағдайларда, өтiнiш тiркелген күнiнен бастап екi жұмыс күнiнен аспайтын мерзімін сақтау

Сауда-өнеркәсiп палатасының тексеру парағының көшірмесін алғаны туралы белгісі:
«____» _________ 20 ____ ж. ____________________________________
                                  (аты-жөні, лауазымы ) (қолы)