Тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 17 ақпандағы N 63 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 19 ақпандағы N 86 Бірлескен бұйрықтары. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6092 болып енгізілді

Жаңартылған

      «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Тексеру парақтарының нысандары:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы субъектілерін кешенді тексерісі;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы субъектілерін тақырыптық тексерісі;
      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы субъектілерін тақырыптық тексерісі;
      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес компьютерлiк жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналар иелері және ақпараттар, кредиттiк бюро жеткізушілері мен кредиттiк есептердi алушыларын тақырыптық тексерісі;
      5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес байланыс саласындағы субъектілерін тексерісі;
      6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерін тексерісі бойынша бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс, Ақпараттық технологиялар департаменттері (Ә.Е. Баймұратов, Қ.Б. Елеусізова) заңнамада  белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялауын және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс  агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсiн.
      3. 1-қосымшаның 6, 23-тармақтары, 2-қосымшаның 6, 7, 8, 12, 14-тармақтары және 4-қосымшаның әрекеті 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін таратылады.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің жауапты хатшысы Б.Ә. Маханбетәжиевке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы         Қазақстан Республикасы
      Ақпараттандыру және байланыс   Экономика және бюджеттік
      агенттігінің Төрағасы          жоспарлау Министрі
      _____________ Қ. Есекеев       ____________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің Төрағасының
2010 жылғы 17 ақпандағы № 63,
Қазақстан Республикасы  
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау Министрінің 2010
жылғы 19 ақпандағы № 86  
бірлескен бұйрығына   
1-қосымшасы      

Нысан

Ақпараттандыру саласындағы субъектілерді құрама
тексеру парағы

Тексеруді белгілеген орган _______________________________________
Тексеруді белгілеу туралы акт ____________________________________ (№, күні, айы, жылы, құқықтық статистика бойынша органда тіркелген туралы мәлімет)
Тексеру субъектісінің атауы ______________________________________
Тексеріс өткізу мерзімі __________________________________________
Тексеру мерзімі _________________________________________________
РНН (ИИН/БИН) ____________________________________________________
Мекенжайы: ______________ қ., ___________________________ көшесі
Телефон: _________________, факс: ___________________________
Электрондық поштаның мекен жайы: _________________@________

Талаптар иә жоқ

Нормативтік-техникалық құжаттарға қойылатын талаптар

1

Деректер қоры, ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер және бағдарламалық өнiмдердің нормативтiк-техникалық құжаттамасының бар болуы





2

Нормативтiк-техникалық құжаттаманың стандарттар талаптарына сәйкестiгі



3

Ақпаратты қорғаудың құқықтық және ұйымдастыру шараларының бар болуы



4

Нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитке ұсынылғаны



Бағдарламалық өнiмдерге, ақпараттық жүйелерге, ақпараттық ресурстарға және деректер қорларына қойылатын талаптар

5

Нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына деректер қоры, бағдарламалық өнiмдер мен ақпараттық жүйелердің сәйкестігі



6

Әрекеті 2011.01.01 дейін таратылды.



7

Сертификатталған ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қолдануы



8

Серверлер үшін арнайы (техникалық) бөлменiң бар болуы



9

Куәландыру орталығының компрометация болмаған жабық кiлтiнiң қолдануы



10

Мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастыру бойынша талаптарды сақтауы



11

Ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарда осалдықтар бар болуы



12

Жұмыс станцияларында және серверлерде лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдануы



13

ЭЦҚ қолданушының жабық кiлтiнiң компрометациясы



14

ЭЦҚ қолданушының дербес мәлiметтерiнiң түгелдігін қамтамасыз ету бойынша шаралардың қабылдануы



15

Нақты, шақырып алынған және күші жойылған сертификаттар бойынша деректер қорларына өзгерістер мен толықтыруларды дер кезiнде енгізу



16

Ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына деректер қорлары, ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелердің сәйкестiгіне аттестаттау өткізуі



17

Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды қабылдау



18

Электрондық ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелер мемлекеттік тіркелімінде тіркелген



19

Бағдарламалық өнiмдер, бағдарламалық кодтар, ақпараттық жүйелер депонирлеуге ұсынылған



20

Өтінімдердің нысандары бекiтiлген нысандарға сәйкестiгi



21

Мемлекеттiк тіркелімінде тіркелген интернет-ресурстар, деректерді беру желiлерi, бағдарламалық өнiмдер және деректер қорлар туралы мәлiметтердi жыл сайын жаңарту



22

Кез келген себептерге байланысты пайдаланудан алынған немесе басқа ведомствоға берілген ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды Мемлекеттiк тіркелімінің есебінен дер кезiнде алуы



23

Әрекеті 2011.01.01 дейін таратылды.



24

Алғашқы кодтар, жүктеме файлдардың (түпнұсқалар және көшiрмелер) бар болуы



25

Ақпаратты қорғау жүйелері, телекоммуникациялық жабдықтар және серверлерді басқару бойынша білікті мамандар бар болуы



26

Депозитарийдағы бағдарламалық өнiмдер туралы мәлiметтерді жыл сайын жаңарту



27

Кез келген себептерге байланысты пайдаланудан алынған немесе басқа ведомствоға берілген нормативтiк-техникалық құжаттаманы және бағдарламалық кодтарды Депозитарий есебінен дер кезiнде алу



Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары:
______________________ _______________ __________________
      (лауазымы)            (қолы)         (Аты-жөні)
______________________ _______________ __________________
      (лауазымы)            (қолы)          (Аты-жөні)

Тексеру субъектісі:

______________________ _______________ __________________
      (лауазымы)            (қолы)         (Аты-жөні)

Қазақстан Республикасы  
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің Төрағасының 
2010 жылғы 17 ақпандағы № 63,
Қазақстан Республикасы  
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрінің 2010
жылғы 19 ақпандағы № 86  
бірлескен бұйрығына    
2-қосымшасы        

Нысан

Ақпараттандыру саласындағы субъектілерді тақырыптық тексеру парағы

Тексеруді белгілеген орган ___________________________________
Тексеруді белгілеу туралы акт ________________________________
(№, күні, айы, жылы, құқықтық статистика бойынша органда тіркелген туралы мәлімет)
Тексеру субъектісінің атауы ___________________________________
Тексеріс өткізу мерзімі _______________________________________
Тексеру мерзімі _______________________________________________
РНН (ИИН/БИН)__________________________________________________
Мекенжайы: ______________ қ., _________________________ көшесі
Телефон: _________________, факс: ___________________________
Электрондық поштаның мекен жайы: _________________@________

Талаптар иә жоқ
Нормативтік-техникалық құжаттарға қойылатын талаптар

1

Деректер қоры, ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер және бағдарламалық өнiмдердің нормативтiк-техникалық құжаттамасының бар болуы





2

Нормативтiк-техникалық құжаттаманың стандарттар талаптарына сәйкестiгі



3

Ақпаратты қорғаудың құқықтық және ұйымдастыру шараларының бар болуы



4

Нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитке ұсынылғаны



Ақпараттық жүйелер, ақпараттық ресурстар, бағдарламалық өнiмдер және деректер қорларына талаптар

5

Нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына деректер қоры, бағдарламалық өнiмдер мен ақпараттық жүйелердің сәйкестігі



6

Әрекеті 2011.01.01 дейін таратылды.



7

Әрекеті 2011.01.01 дейін таратылды.



8

Әрекеті 2011.01.01 дейін таратылды.



9

Сертификатталған ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қолдануы



10

Мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастыру бойынша талаптарды сақтауы



11

Ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына деректер қорлары, ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелердің сәйкестiгіне аттестаттау өткізілгені



12

Әрекеті 2011.01.01 дейін таратылды.



13

Ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарда осалдықтар бар болуы



14

Әрекеті 2011.01.01 дейін таратылды.



15

Ақпаратты қорғау жүйелері, телекоммуникациялық жабдықтар және серверлерді басқару бойынша білікті мамандар бар болуы



Мемлекеттiк тіркелімінде тiркелетiн ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерге талаптар

16

Жұмыс iстейтiн деректер қорларына, бағдарламалық өнiмдерге, деректерді беру желiлерi және интернет-ресурстарға Мемлекеттiк тіркелімінде тiркеу үшін тiркеу өтінімдерін ұсыну



17

Өтінімдердің нысандары бекiтiлген нысандарға сәйкестiгi



18

Мемлекеттiк тіркелімінде тіркелген интернет-ресурстар, деректерді беру желiлерi, бағдарламалық өнiмдер және деректер қорлар туралы мәлiметтердi жыл сайын жаңарту



19

Кез келген себептерге байланысты пайдаланудан алынған немесе басқа ведомствоға берілген ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды Мемлекеттiк тіркелімінің есебінен дер кезiнде алуы



Депозитарийға сақтауға берiлетiн ақпараттық жүйелерiне талаптар

20

Алғашқы кодтар, жүктеме файлдардың (түпнұсқалар және көшiрмелер) бар болуы



21

Өтінімдердің нысандары бекiтiлген нысандарға сәйкестiгi



22

Депозитарийдағы бағдарламалық өнiмдер туралы мәлiметтерді жыл сайын жаңарту



23

Кез келген себептерге байланысты пайдаланудан алынған немесе басқа ведомствоға берілген нормативтiк-техникалық құжаттаманы және бағдарламалық кодтарды Депозитарий есебінен дер кезiнде алу



Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары:
___________________ _______________ _______________________
    (лауазым)           (қолы)            (Аты-жөні)
___________________ _______________ _______________________
    (лауазым)           (қолы)            (Аты-жөні)

Тексеру субъектісі:
___________________ _______________ ______________________
     (лауазым)           (қолы)           (Аты-жөні)

Қазақстан Республикасы  
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің Төрағасының 
2010 жылғы 17 ақпандағы № 63,
Қазақстан Республикасы  
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрінің 2010 
      жылғы 19 ақпандағы № 86  
бірлескен бұйрығына   
3-қосымшасы      

Нысан

Электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы субъектілерді тақырыптық тексеру парағы

Тексеруді белгілеген орган ____________________________________
Тексеруді белгілеу туралы акт _________________________________
(№, күні, айы, жылы, құқықтық статистика бойынша органда тіркелген туралы мәлімет)
Тексеру субъектісінің атауы ___________________________________
Тексеріс өткізу мерзімі _______________________________________
Тексеру мерзімі _______________________________________________
РНН (ИИН/БИН)__________________________________________________
Мекенжайы: ______________ қ., _________________________ көшесі
Телефон: _________________, факс: ___________________________
Электрондық поштаның мекен жайы: _________________@________

Талаптар ия жоқ

1

Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызметке лицензия бар болуы





2

Ақпаратты крифтографиялық қорғау құралдарын iске асыруға (оның ішінде басқа берiлуге) лицензия



3

Куәландыру орталығының бағдарламалық-аппараттық құралдарының орналастыру және пайдалану үшін техникалық бөлмелердiң бар болуы



4

Тиісті кәсіби деңгейге жауап беретін және біліктілікке сәйкес кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар кемінде үш адам білікті инженер-техникалық персоналдың бар болу



5

Ақпараттық жүйелермен және автоматтандыру құралдарының кешендерімен жұмыс тәжірибесі бар, білікті инженер-техникалық персоналдың болуын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар және куәландырушы орталықтың қызметіне сәйкес келетін бейіннің біліктілігін беру туралы өзге де түрдегі куәліктер)



6

Куәландыру орталығының бағдарламалық-аппараттық жинағы үшін сертификатталған ақпаратты крифтографиялық қорғау құралдарын бар болуы



7

Қызметтiң айтылған түрiнiң жүзеге асыру үшін керек болған бағдарламалық-аппараттық жинағы бар болуы



8

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдармен берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыстарды жүргізуге арналған рұқсат немесе заңнамада белгіленген тәртіпте құпия жұмыстарды бірлесіп орындауға жасалған келісім



9

ЭЦҚ-ның функцияларын iске асыратын жұмыс iстейтiн бағдарламалық қамтамасыз етудi дұрыс жұмыс істемейтін айғақтардың бар болуы



10

Куәландыру орталығының компрометация болмаған жабық кiлтiнiң қолдануы



11

ЭЦҚ қолданушының жабық кiлтiнiң компрометациясы



12

ЭЦҚ қолданушының дербес мәлiметтерiнiң түгелдігің қамтамасыз ету бойынша шаралардың қабылдануы



13

Нақты, шақырып алынған және күші жойылған сертификаттар бойынша деректер қорларына өзгерістер мен толықтыруларды дер кезiнде жаңартуы



Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары:
_____________ _______________ __________________
  (лауазым)       (қолы)          (Аты-жөні)
____________ _______________ __________________
  (лауазым)       (қолы)          (Аты-жөні)

Тексеріс субъектісі:
___________ _______________ _________________
(лауазым)       (қолы)         (Аты-жөні)

Қазақстан Республикасы  
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің Төрағасының 
2010 жылғы 17 ақпандағы № 63,
Қазақстан Республикасы  
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрінің 2010
      жылғы 19 ақпандағы № 86  
бірлескен бұйрығына    
4-қосымшасы        

Нысан

      Ескерту. 4-қосымшаның әрекеті 2011.01.01 дейін таратылды.

Қазақстан Республикасы  
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің Төрағасының 
2010 жылғы 17 ақпандағы № 63,
Қазақстан Республикасы  
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау Министрінің 2010
жылғы 19 ақпандағы № 86  
бірлескен бұйрығына   
5-қосымшасы      

Нысан

Байланыс саласындағы субъектілерін тексеріс бойынша тексеру парағы

Тексерісті тағайындаған орган _________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт ______________________________
(№, күні, құқықтық статистика органында тіркеу туралы мәліметтер)
Тексерісті өткізу мерзімі _____________________________________
Тексерілетін кезең ____________________________________________
Тексеру субъектісінің атауы: __________________________________
Тексерілетін кезең ____________________________________________
СТН (ИИН/БИН)__________________________________________________Мекен-жайы: ______________ қ, _________________________ көшесі
Телефоны: ______________, факсы: ________________________
Электрондық поштаның адресі: _________________@__________

Талаптар

байланыс саласындағы бақылау субъектіге

1

Радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігі мен радиожиілік спектрін қолданылуына уақтылы төлемінің бар болуы;

2

Қазақстан Республикасы аумағына шетелден радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың әкелген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар, жоғары жиілікті құрылғылардың әкелуге рұқсат, РЭҚ, ЖЖҚ сатып алу жағдайында, радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың сатып алуға рұқсат;

3

Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде тіркелген радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың санына радиоэлектрондық құралдар нақты санның сәйкестігі;

4

Радиожиілік спектрін, кеме станциясын қолдануына,радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың пайдалануына рұқсат, сондай-ақ, радиоэлектрондық құралдар қолдануға, радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың пайдалануға рұқсат ету мерзімдерін ұзартылуы, желінің басқару және пайдалану жүйелерін ұйымдастыру қағидаттары;

5

Радиожиілік спектрін қолдану және радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың пайдалану рұқсаттарындағы белгіленген деректеріне радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың пайдалану-техникалық сипаттамалар сәйкестігі;

6

Тексерілетін объектілерде қолданылатын байланыс техникалық құралдарына сәйкес сертификаттардың бар болуы;

7

Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралар өткізу үшін құралдардың байланыс операторы коммутациялық жабдықтау құрамында бар болуы;

8

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуін қамтамасыз ету үшін абоненттер туралы қызметтік ақпаратты екі жыл ішінде жинау мен сақтауын жүзеге асыру мүмкіндігімен сертификатталған аппаратты-бағдарламалық және техникалық құралдардың бар болуы;

9

Тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған, тиісті білімі және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар, мамандар біліктілік құрамының бар болуы;

10

Лицензияның қолдану талаптарын сақтау;

11

Бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізу үшін (тиісті шарт болған жағдайда өтініш берушіге меншік не болмаса жалдау құқықтарында тиесілі) метрологиялық базаның бар болуы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшеу жүйесінің тізіліміне енгізілген);

12

Кіріс және шығыс жергілікті, қалааралық және халықаралық байланыстың ұйымдастыру кезінде нөмірлеу белгілеуімен нөмірлеу жоспарының бар болуы;

13

Тексеретінге мынадай ақпарат ұсыну:
Құру және/немесе даму кезеңдері бойынша және Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуіне байланыстыра отырып, қызметтер ұсынылатын аумақтар;
қызметтер тұтынушыларымен өзара қатынастарында дербестік дәрежелері (дербес жүзеге асырылады немесе делдалдар - «қызметтер жеткізушілері» талап етіледі);
желі түрін құрастырған кезде қолданылған стандарттар мен хаттамалар;
желі сыйымдылықтары, оның ішінде құру және/немесе даму кезеңдері бойынша;
желінің әкімшілік пункттеріне байланыстыруында байланыстың ұйымдастыру сызбасының бар болуы;
ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісімен Қазақстан Республикасы аумағында басқа да байланыс желілерімен өзара іс-әрекет;
станцияаралық қосылуларды ұйымдастыру тәсілдері (жалға берілген басқа желілер бойынша нақты техникалық құралдарды көрсетуімен өтініш берушінің меншікті байланыс желісінің құралдары бойынша);
трафик есебінің жүйесі бар болуы;
байланыс құралдарын иелену, пайдалану, өкім беру құқығы (меншік құқығында не болмаса жалдау құқықтарында);
жергілікті телефон қосылулардың, нөмірді анықтау аппаратурасының уақтылы бағаларын есепке алу аппаратурасын қолдану;
қолданылатын көлік құралдарын белгілеумен пошталық жөнелтімдердің жолданым иесіне табыс еткенге немесе қабылдап алудан жеткізгенге дейінгі қайта жіберу тәртібі;
халықаралық пошта жөнелтімдерін кедендік тексеруге беру тәртібі;

Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары:
__________________ _______________ ______________________
      (лауазым)          (қолы)         (Аты-жөні)
__________________ _______________ ______________________
      (лауазым)          (қолы)         (Аты-жөні)

Тексеру субъектісі:
__________________ _______________ ______________________
      (лауазым)          (қолы)          (Аты-жөні)

Қазақстан Республикасы  
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің Төрағасының 
2010 жылғы 17 ақпандағы № 63,
Қазақстан Республикасы  
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау Министрінің 2010
жылғы 19 ақпандағы № 86  
бірлескен бұйрығына   
6-қосымшасы      

Нысан

Телекоммуникациялар және пошта байланыс саласындағы табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерін тексеріс бойынша тексеру парағы

Тексеріс тағайындаған органы:_______________________________
Тексеріс тағайындау туралы актісі __________________________
(№, күні, құқықтық статистика жөнінде органында тіркеу туралы мәлімет)
Тексеріс субъектісінің атауы:_______________________________
Тексеріс өткізу мерзімі_____________________________________
Тексеріс кезеңі ____________________________________________
СТН (ЖСН/БСН)_______________________________________________ Мекен-жайы: ______________ қ,________________________ көшесі
Телефоны: ______________, факсы: ____________________
Электрондық пошта мекен-жайы: _________________@__________

Талаптары иә жоқ
табиғи монополия субъектіге

1

Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн ескере отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларды жалпыға бiрдей қызмет көрсетумен қамтамасыз ету



2

Жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан басқа жағдайларда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлармен, оның iшiнде реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткiзудi тең жағдайлармен ұсыну



3

Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсыну



4

Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру



5

Үш жылда бiр рет аудиторлық ұйымдардың жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзу және аудиторлық есеп және жылдық қаржы есептiлiгi жариялануы



6

Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу



7

Тарифтiк сметаны орындау, тарифтiк сметаны орындау туралы уақытында есеп беру немесе оның берілмеуі



8

Тұтынушыларға және өзге де мүдделi тұлғаларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi жұмысы туралы жыл сайын есеп беру



9

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасу



10

Негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсу



11

Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар ету



12

Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендету



13

Мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыру



14

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алу әдiстемесiн әзiрлеу әрi келісу



15

Табиғи монополиялар субъектілерінің белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) орындау



16

Уәкілетті орган бекіткен, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін тікелей пайдаланатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бес проценттен астам көтермеу талабын сақтау



17

Нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру



18

Уәкілетті органнан алған келісім негізінде рұқсат етілген қызметтердің өзге түрлерін көрсету



19

Табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығы болмауы бойынша талабын сақтау



20

Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi үшiн Заңда рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (үлестерiн) немесе олардың қызметiне өзге жолмен қатысудың болмауы бойынша талабын сақтау



21

Уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақысын алынбауы бойынша талабын сақтау



22

Заңда көзделмеген қосымша ақы аллынбау немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде танылмауы бойынша талабын сақтау



23

Пайдаланылатын стратегиялық тауарларға арналған шығыстар ұлғайтылатын, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның баптарында көзделген қаражатты бес проценттен астам көтермеуі бойынша талабын сақтау



24

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңу немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасаудың болмайтыны бойынша талабын сақтау



25

Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге) тыйым салуын сақтау



26

Арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беруге тыйым салуын сақтау



27

Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартудың жібермеуі бойынша талабын сақтау



28

Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шектi деңгейiн енгiзбеуі бойынша талабын сақтау



29

Инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатпен пайдалануы бойынша талабын сақтау



30

Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге тыйым салуын сақтау



31

Тарифтiк сметада қамтылатын ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға тыйым салуын сақтау



32

Реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылмауы бойынша талабын сақтау



33

Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды жалпы тәртiппен қайта қарау үшiн алты айдан кешiктiрмей уәкілетті органға өтiнiм жасау



34

Заңның 18-1-бабымен қарастырылған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға келісім беру туралы өтінімді уақытында уәкілетті органға ұсыну




реттелетін нарық субъектіге

1

Алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні және өсу себебін растайтын негіздемелік материалдарды табыс ете отырып, өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде уәкілетті органға хабарлау



2

Қолданыстағы немесе жобаланған бағаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесімен белгіленген тәртібіне сәйкес уәкілетті органмен айқындалған бағаны негізделген баға деңгейіне дейін төмендету



3

Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген баға белгілеу тәртібін сақтау



4

Заңда көзделген талаптарды бұза отырып, белгіленген бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алған табысты тұтынушыларға қайтаруы



5

Бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген немесе өнімдердің, тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатураға енгізілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты уәкілетті органға беру



6

Өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босату бағалары туралы өнімнің монополиялық түрлері бойынша ай сайынғы ақпаратты уәкілетті органға беру



7

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті уәкілетті органға беру



Ескерту: Заң - Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заң

Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары:
__________________ _______________ _____________________                   (лауазым)           (қолы)         (Аты-жөні)
__________________ _______________ _____________________
      (лауазым)          (қолы)         (Аты-жөні)

Тексеру субъектісі:
__________________ _______________ _____________________
    (лауазым)            (қолы)         (Аты-жөні)