Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 15 желтоқсанда № 6681 тіркелді

Қолданыстағы

      «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы 6-бабының 7) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған босқын мәртебесін беру туралы өтінішті тіркеу және қарастыру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 87-п «Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 17 наурыздағы бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6174 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2010 жылғы № 8, 380-бап жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    С. Баймағанбетов

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 496 бұйрығымен бекітілген

Босқын мәртебесін беру туралы өтінішті тіркеу және қарастыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы босқын мәртебесін беру туралы өтінішті тіркеу және қарау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және пана іздеген адамдардың босқын мәртебесін беру туралы өтініштерін тіркеу және қарастыру тәртібін белгілейді.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) өтінішхат - пана іздеген адамның тікелей өзі немесе оның уәкілетті өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті органға жазған жазбаша өтініші;
      2) пана іздеген адам - уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға тілек білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
      3) пана іздеген адамның куәлігі (бұдан әрі - куәлік) - босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, уәкілетті орган беретін құжат;
      4) пана іздеген адамның отбасы мүшелері - жұбайы (зайыбы), олардың кәмелеттік жасқа толмаған балалары және оның асырауындағы басқа адамдар;
      5) уәкілетті орган - босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      3. Егер пана іздеген адам Қазақстан Республикасының аумағына әлі келмеген болса, ол босқын мәртебесін беру туралы жазбаша өтінішхатпен өзі немесе оның уәкілетті өкілі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне жүгінеді.
      4. Пана іздеген адам Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан мәжбүрлі заңсыз өткен кезде, өтінішхат осы адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен күнінен бастап бір тәулік ішінде Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясының басқармасына (бұдан әрі - ІІД КҚПБ) беріледі.
      Осы адамға байланыссыз, өтінішхатпен уақтылы жүгінуге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде, жүгіну мерзімі бір тәуліктен артық, бірақ туындаған мән-жайлардың әрекет ету кезеңіне дейін ұзартылады.
      5. Пана іздеген адам Қазақстан Республикасының аумағына келген бес күнтізбелік күннің ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының аумағында болып, нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау жағдайларының туындауы туралы білген кезден бастап, босқын мәртебесін беру туралы жазбаша өтінішхатпен өзінің келген жері бойынша ІІД КҚПБ жүгінеді.
      6. Мемлекеттік немесе орыс тілін жеткілікті дәрежеде білмейтін пана іздеген адам өтінішхатпен жүгінген жағдайда, оны аудармашы қызметімен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылданады.
      Пана іздеген адамның өтініші бойынша пана іздеген адам міндетті түрде қол қоя отырып, өтінішхатты ІІД КҚПБ-ның қызметкері толтырады.

2. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу тәртібі

      7. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда ресімделеді. Өтінішхатқа пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын немесе растайтын құжаттар, сондай-ақ өтінішхаттың негізділігін растайтын құжаттар мен материалдар бар болса, қоса беріледі.
      8. IIД ҚҚДБ орналасқан аумаққа заңды негізде келген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтуге мәжбүр болған немесе Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келген пана іздеген адамдардың өтінішхаттарын тіркеуді ІІД КҚПБ жүзеге асырады.
      9. Өтінішхат отбасының он сегіз жасқа толған және пана іздеген адаммен бірге келген әрбір мүшесінен қабылданады. Бір отбасы мүшелерінің өтінішхаттары бойынша материалдар бір іске ресімделеді.
      Пана іздеген адамның отбасының он сегіз жасқа толмаған және пана іздеген адаммен бірге келген мүшелері туралы мәліметтер туу туралы құжаттарының негізінде ата-анасының біреуінің, ата-анасы болмаған кезде заңды өкілінің не болмаса отбасының он сегіз жасқа толған және отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелерін тәрбиелеуге және оларды асырауға өз еркімен міндеттеме алған бір мүшесінің өтінішхатына жазылады. Көрсетілген міндеттеме жазбаша еркін нысанда жазылады және іс материалдарына қосылады.
      10. Өтінішхаты тіркелген пана іздеген адамның Қазақстан Республикасына жеке келген отбасы мүшелері, оларда Заңның 1-бабының 1) тармақшасында көзделген мән-жайлар болмаған жағдайда, отбасымен қосылу мақсатында өтінішхат берген кезде отбасылық қатынастарын растайтын құжаттық дәлелдемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы пана іздеген адамның өз отбасы мүшелерін қабылдауға келісетіні туралы өтінішін ұсынуы тиіс. Отбасын біріктіру туралы өтінішхатта пана іздеген адамның отбасы мүшелерінің өз елінен кетуі себебі ретінде: «Отбасын біріктіру» көрсетіледі.
      11. Өтінішхат осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ІІД КҚПБ арқылы Пана іздеген адамдарды тіркеу журналына тіркеледі, бұдан кейін пана іздеген адаммен әңгімелесу жүргізудің орны мен уақыты белгіленеді. Тіркеу журналында пана іздеген адамның тегінің астында ескертпе түрінде уәкілетті өкіл туралы деректер (тегі, аты, азаматтығы, тұрғылықты мекен-жайы, телефоны, оның өкілеттілігін кімнің растағаны) көрсетіледі.
      Егер пана іздеген адам өзінде жеке басын куәландыратын құжатының жоқ екенін мәлімдесе, ол туралы мәліметтер оның айтуы бойынша жазылады және онымен әңгімелесу бір жұмыс күні ішінде өткізіледі.
      Өтінішхатты тіркегеннен кейін, пана іздеген адамға куәлік беріліп, ішкі істер органында тіркеу жүзеге асырылады. Өтінішхат бойынша шешім қабылдау мерзімі үш ай. Шешім қабылдау үшін, соңғы шешімді қабылдауға қосымша тексеріс қажет болған жағдайда бір жылға дейінгі мерзімге қалдырылады.
      12. Куәлікке ІІД КҚПБ басшысы қол қояды және мөрмен бекітіледі. Куәлік үш ай мерзімге беріледі, қосымша тексеру қажет болған кезде бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
      Отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелері туралы мәліметтер ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің куәлігіне жазылады.
      Сондай-ақ, куәлік он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасыз немесе заңды өкілсіз келген пана іздеген адамға да беріледі.

3. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қарау тәртібі

      13. Өтінішхатты қарау рәсімі оны тіркегеннен кейін жүргізіледі және пана іздеген адаммен жеке әңгімелесу жүргізуді, осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама парағын рәсімдеуді, осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пана іздеген адамды есепке алу карточкасын (бұдан әрі - есепке алу карточкасы) рәсімдеуді қамтиды.
      14. Пана іздеген адаммен әңгімелесуді жүзеге асыратын ІІД ККПБ қызметкеріне ІІД КҚПБ-да немесе шекаралық қызметтің арнайы үй-жайында осы Ереженің 7 мен 9-тармақтарында көрсетілген түпнұсқа құжаттар мен материалдар оның қарауы үшін ұсынылады. Пана іздеген адамның жеке басын растайтын және куәландыратын басқа да құжаттардың көшірмесі міндетті түрде алынады. Өтінішхаттың негізділігін растайтын өзге де құжаттар мен материалдар болған жағдайда, олардың түпнұсқасы пана іздеген адамның өтінішхатына қоса беріледі. Пана іздеген адамның тілегі бойынша оның жеке ісіне қосу үшін көшірмесі алынғаннан кейін, олар пана іздеген адамға қайтарылады.
      15. Әңгімелесу жеке үй-жайда, бөтен адамдардың қатысуынсыз өткізіледі. Пана іздеген адам мемлекеттік немесе орыс тілін білмесе, онда аудармашы шақыру туралы мәселе шешіледі.
      16. Әңгімелесу басталар алдында IIД КҚПБ қызметкері өзін таныстырады, пана іздеген адамнан аудармашыға сенім білдіретіндігін нақтылайды.
      17. Пана іздеген адамға әңгімелесу нәтижесінде алынған мәліметтердің жариялауға жатпайтыны және өтініш беруші елінің билігіне не бөгде адамдарға оның келісімінсіз берілмейтіні хабарланады.
      ІІД КҚПБ қызметкері пана іздеген адамды қойылатын сұрақтарға толық және шынайы жауап беру қажеттігі туралы, ол жалған мәліметтерді хабарлаған не қолдан жасалған құжаттарды ұсынған жағдайда оның жеке басына туындауы ықтимал салдар туралы ескертеді. Сонымен қатар, пана іздеген адам, құжаттық растамасы бар мәліметтер мен фактілерді қоспағанда, әңгімелесуден кейін ұсынылған және бұрын айтқандарына қарама-қайшы келетін мәліметтер мен фактілердің назарға алынбайтыны туралы ескертіледі.
      18. Әңгімелесуді өткізетін IIД КҚПБ қызметкері пана іздеген адамға дәлелдемелерді ұсыну шынайлығы үшін жауапкершілік пана іздеген адамға жүктелетінін ескертеді.
      19. Әңгімелесуді өткізу кезінде IIД КҚПБ қызметкері осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес сұрақтарды пана іздеген адамға, жауаптар сол берілген кезектілікте жазылады.
      20. Туған жері, жүру бағдары, басқа елдерде болған жері мен уақыты туралы мәліметтер міндетті болып табылады. Қудалау құрбанына айналу қаупінің дәлелі оның азаматы болып табылатын елінде немесе тұрақты тұрғылықты жерінде жауапкершілікке тартылуы туралы ресми билік, сот, полиция, прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік органдарының құжаттары болып табылады.
      21. Әңгімелесудің соңында пана іздеген адамнан өз түсініктемесіне толықтыру үшін іске қатысы бар тағы да қандай да бір ақпараттың бар не жоқ екені нақтыланады және онымен қосымша әңгімелесу жүргізу мүмкіндігі туралы ескертіледі.
      22. Әңгімелесуді аяқтағаннан кейін IIД КҚПБ қызметкері әңгімелесудің нәтижесін талдайды, пана іздеген адамнан оның айғақтарындағы сәйкессіздіктер немесе дәлсіздіктер бойынша түсініктеме беруін сұрайды. Оқиғалар нақты сипатталған және негізгі фактілер, күндер, адам аттары, сипатталатын оқиғалар болған жерлердің атауы көрсетілген сауалнама парағы әңгімелесу өткізу уақытында ресімделеді.
      23. Сауалнама парағын ресімдегеннен кейін ІІД КҚПБ қызметкері пана іздеген адамды оның мазмұнымен тікелей өзі немесе аудармашы арқылы таныстырады. Жазбада анықталған дәлсіздіктер түзетілуі тиіс. Ресімделген сауалнама парағына аудармашы (егер әңгімелесу аудармашының көмегімен өтсе), қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілі (егер ол қатысқан болса), ІІД ҚҚПБ қызметкері және пана іздеген адам қол қояды, пана іздеген адам сауалнама парағының әр парағына қол қояды.
      24. Қазақстан Республикасының аумағына он сегіз жасқа толмаған пана іздеген адам ата-анасынсыз немесе заңды өкілдерінсіз келген жағдайда, оларға IIД ҚҚПБ сауалнама жүргізеді және сауалнама парағын толтырады. Заңның 1-бабының 1) тармақшасында көзделген мән-жайлар болған жағдайда, пана іздеген бұл адамдарды Заңға сәйкес олардың құқықтық жағдайын айқындау туралы шешім қабылдағанға дейін, Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына беру жөнінде шаралар қабылданады.
      25. ІІД ҚҚПБ пана іздеген адамға осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес міндетті медициналық тексеруден өтуге жолдама береді.
      Пана іздеген адамдарды міндетті медициналық тексеруді мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүргізеді.
      Міндетті медициналық тексеруден өткеннен кейін пана іздеген адам ІІД ҚҚПБ-ға келіп, міндетті медициналық тексеруден өткені туралы анықтаманы ұсынады.
      26. Өтінішхатпен жүгінген пана іздеген әрбір адамға есепке алу карточкасы толтырылады, ол сол адамның жеке ісінде сақталады. Кейіннен есепке алу карточкасына ІІД КҚПБ осы адамға қатысты қабылданған барлық шешімдер туралы белгі қойып отырады және бұл туралы уәкілетті органға жедел түрде хабарлап отырады.
      27. IIД КҚПБ қызметкері өтінішхат тіркеліп, қаралғаннан кейін, пана іздеген адамды босқын мәртебесін берудің жалпы тәртібімен, сондай-ақ оның құқықтары және міндеттерімен таныстырады.

Босқын мәртебесін беру туралы
өтінішхатты тіркеу және қарау
ережесіне 1-қосымша    

Нысан

кімге ____________________________
(ІІД ҚҚДБ басшысының    
лауазымы, тегі және аты-жөні)
___________________________________
___________________________________
кімнен ____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________
(қай мемлекеттің)      
__________________ азаматы        
уақытша тұрушының                 
тұрақты тұратын жері ______________
___________________________________
(мекенжайы)            
отбасы құрамында ____________ адам

Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат

      Маған және менің отбасымның мүшелеріне Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беруді сұраймын.
Тұратын жерімнен мына себептер бойынша кетуге мәжбүрмін:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________Туған күні және туған жері __________________________________________
Азаматтығы (бұрын тұрақты тұрған елі) _______________________________
Ұлты (этникалық тобы) _______________________________________________
Мынадай тілдерді білемін ____________________________________________
Қазақстан Республикасына келу күні __________________________________
Заңды (заңсыз) келді ________________________________________________
Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын растайтын құжаттар ____________________________________________                       (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

Менімен бірге келген отбасымның мүшелері: 

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні

Туыстық дәрежесі

















      Бұдан бұрын Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен арызданды ма? _________________________________
      Егер өтініш білдірген болса, органды көрсетіңіз _____________
      _____________________________________________________________

      ___________________________   _______________________________
          (өтініш беру күні)           (пана іздеген адамның қолы)

      Өтінішхатты қабылдаған
      ІІД КҚПБ қызметкері    __________   ______________  _________
                               (қолы)        (Т.А.Ә.)      (күні)

      Өтінішхатты тіркеу туралы шешім:

      Тіркелді
      _____________________________________________________________
                 (күні, тіркеу нөмірі, қызметкердің қолы)

Босқын мәртебесін беру туралы
өтінішхатты тіркеу және қарау
ережесіне 2-қосымша   

Нысан

Пана іздеген адамдарды тіркеу журналы


р/с

Пана іздеген адамның  және оның отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні және туған жері

Азаматтығы

Кеткен елі және бұрын тұрған мекенжайы

Қазақстан Республикасына келу күні

Өтінішхатты қабылдау  және тіркеу күні

Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты мекенжайы

Қабылдау жүргізген қызметкердің тегі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Босқын мәртебесін беру туралы
өтінішхатты тіркеу және қарау
ережесіне 3-қосымша     

Нысан

_____________________________________________________________
      (ІІД КҚПБ атауы)

Сауалнама парағы 1. Пана іздеген адам туралы мәлімет

      1. Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________
      __________________________________________________________
      2. Жынысы ____________________
      3. Туған күні ___________________________
      4. Азаматтығы (бұрын тұрақты тұрған елі)__________________
      5. Өтінішхатты берген күні _______________________________

2. Пана іздеген адамға сауалнама жүргізу нәтижесі (пана іздеген адамға қойылатын сұрақ-жауаптардың мазмұны)

      Сұрақтарды қойған кезде тізбені (Ережеге 5-қосымша) басшылыққа алу қажет.
      __________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
               (Сауалнама парағының соңғы беті)

      Осы сауалнама парағында ______ бет.

      Мен, ___________________________________________________
жоғарыда баяндалғандардың бәрі шындыққа сәйкес келетінін мәлімдеймін

      __________________________               ____________
      (пана іздеген адамның қолы)                 (күні)

      Мен, ________________________________________________ тілінде оқи алатынымды және жоғарыда баяндалғандардың толық түсінетінімді мәлімдеймін.

      __________________________               ____________
      (пана іздеген адамның қолы)                 (күні)

      Мен, ____________________________________________________ жоғарыда баяндалғандардың мазмұнын _________ тілінен _______ тіліне толық аударғанымды мәлімдеймін. Пана іздеген адам мені, ал мен арқылы ІІД КҚПБ қызметкері қойған сұрақтарға оның жауаптарының дұрыс жазылғандығын сендірді және ол жоғарыда баяндалғандармен келісті.

      _________________________                _________
         (аудармашының қолы)                     (күні)

____________________________________________   ___________  ________
(сұрау жүргізген қызметкердің лауазымы, қолы)     (Т.А.Ә.)   (күні)

Босқын мәртебесін беру туралы
өтінішхатты тіркеу және қарау
ережесіне 4-қосымша   

Нысан

Пана іздеген адамның суреті

Пана іздеген адамды
есепке алу карточкасы

      1. Тегі, аты, әкесінің аты ________________________________
      2. Туған күні, айы, жылы __________________________________
      3. Туған жері _____________________________________________
      4. Азаматтығы _____________________________________________
      5. Ұлты ___________________________________________________
      6. Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын растайтын құжаттар ____________________________
                   (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
      7. Отбасылық жағдайы ____________________
      8. Отбасы құрамында адам ________________
      9. Пана іздеген адаммен бірге келген отбасы мүшелері туралы мәлімет: 

№ р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Төлқұжаттың немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжаттың №, сериясы

Ұлты

Азаматтығы















      10. Қазақстан Республикасында тұратын жері және телефон нөмірі       _______________________________________________________________
      11. Отбасының барлық мүшелері көрсетілген мекен-жай бойынша тұра ма? Егер тұрмаса, отбасының қай мүшесі тұрмайтыны және оның қандай мекен-жай бойынша тұратыны көрсетілсін _____________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      12. Бұдан бұрын босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат берді ме (қайда және қашан)______________________________________________
      13. Сапар бағыты ____________________________________________
      14. Тілдерді білуі __________________________________________
      15. Мүгедектігі, оның ішінде отбасы мүшелерінде - (бар/жоқ). Егер мүгедек болса, кім және нешінші топтағы мүгедек екені көрсетілсін _______________________________________________________
___________________________________________________________________
      16. Әскердегі қызметі, қызмет өткерген уақыты және жері, әскери атағы _____________________________________________________________
___________________________________________________________________
      17. Пана іздеген адам немесе пана іздеген адаммен бірге келген отбасы мүшелерінің біреуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма ____ (иә/жоқ). Егер тартылса, кім, қашан, қай соттың үкімі бойынша және қандай мерзімге сотталғаны көрсетілсін ____________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      18. Бұрын тұрақты тұрған елі және мекенжайы _________________
___________________________________________________________________
      19. Тұрған елінен кету күні және себебі _____________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      20. Қазақстан Республикасында туыстары бар ма - (иә/жоқ). Егер болса, туыстық дәрежесі және олардың тұратын жері көрсетілсін _____
___________________________________________________________________
      21. Қоныстанудың болжамды орны (қала, облыс, аудан, елді мекен көрсетілсін)_______________________________________________________
___________________________________________________________________
      22. Білімі, кәсібі, оның ішінде отбасы мүшелерінің білімі, кәсібі ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      23. Партиялардағы, ұйымдардағы, топтардағы мүшелігі _________
      24. Қазақстан Республикасында бұрын болды ма (иә/жоқ). Егер болса, келген күні мен мақсаты көрсетілсін ________________________
      25. Қосымша мәліметтер ______________________________________
      26. Өтінішхатты қабылдаған органның атауы және қабылдаған күні ___________________________________________________________________
      27. Өтінішхаттың ІІД КҚПБ-ға келіп түскен күні ______________
      28. Әңгімелесу жүргізілген күн ______________________________
      29. Өтінішхаттың тіркелген күні _____________________________
      30. Пана іздеген адамның куәлігі: тіркеу № _________ 20_ж.___
      Берілген күні 20_ж._ ________ Жарамдылық мерзімі ____________
      Пана іздеген адамның куәлігін алдым _________________________
                                                 (қолы, күні)
      Пана іздеген адамның куәлігінің жарамдылық мерзімі ______ дейін  ұзартылды
_____________________________________________ ____________ ________
  (карточка құрған қызметкердің лауазымы)       (А.Т.Ә)      күні

Босқын мәртебесін беру туралы
өтінішхатты тіркеу және қарау
ережесіне 5-қосымша   

Әңгімелесу кезінде пана іздеген адамға қойылатын сұрақтар тізбесі

      1. Жол жүру құжаты.
      Пана іздеген адам (бұдан әрі - өтініш беруші) жеке басын куәландыратын құжат алу үшін билік органдарына өтініш білдірді ме?
      Жеке басын куәландыратын құжатты қандай билік органдары берді?
      Жеке басын куәландыратын құжатты қалай алды? Ақылы ма? Кімге?
      Жеке басын куәландыратын құжат кімнің атына берілді?
      Өтініш беруші осы жеке басын куәландыратын құжатпен елден еркін шыға алды ма және қай елдерге барды (елдер, болу ұзақтығы, мақсаты)?
      Жеке басын куәландыратын құжатпен бірге кетуге рұқсат алды ма?
      Кіру визаларын қалай алды?
      Елден шығу үшін қандай құжаттар пайдаланылды (түпнұсқасы немесе қолдан жасалған)?
      Елден шығу кезінде шекаралық бақылауда проблемалар болды ма?
      Егер жеке басын куәландыратын құжат жалған болса, қайда және қашан жасады? Қолдан жасағанына ықтимал түсініктемелер.
      Өтініш берушінің басқа елде тұруға жарамды рұқсаты бар ма?
      Егер жеке басын куәландыратын құжат болмаса, неліктен жоқ екенін анықтау қажет. Қайда, қашан жоғалтты/жойылды? Өтініш берушіге жеке басын куәландыратын құжатты лақтырып тастауға немесе жоюға біреу кеңес берді ме? Кім және қашан?
      Өтініш берушінің маңызды тағы да қандай сәйкестендіру құжаттары бар? Оларды қалай алды?
      2. Билеттер.
      Қазақстан Республикасына кіру үшін билеттер сатып алды ма?
      Қайда, қашан, кім және қай көлік түріне сатып алды? Кері қайту билеті бар ма?
      3. Азаматы болып табылатын елден (бұрынғы тұрақты жерінен) кету  және Қазақстан Республикасына келу.
      Азаматы болып табылатын елден немесе бұрынғы тұрақты жерінен кету күні
      Бұл биліктің рұқсаты бойынша жүргізілді ме?
      Шекаралық бақылауда проблемалар болды ма?
      Орын ауыстыру тәсілдері және пайдаланылған көлік құралдарының түрлері, транзит елдерді, қалаларды, келу және кету күндері көрсетілген нақты бағыт
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Қазақстан Республикасы аумағына келу күні және орны.
      Шекарадан қандай амалмен өтті?
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мемлекеттік шекарасынан өткен кезде, Қазақстан Республикасына келген кезде құжаттарды көрсетті ме және қандай құжаттар? Егер көрсетілмесе - неліктен?
      Өтініш беруші жалғыз өзі келді ме? Жолсеріктердің аттарын атауды сұрау
      Өтініш беруші Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде, Қазақстан Республикасында бұрын болды ма және қандай мақсатпен?
      Пана іздеген ел ретінде неге Қазақстан Республикасын таңдады?
      Өтініш берушінің Қазақстан Республикасында туыстары/достары бар ма? Аттары, мекенжайлары, тұруы үшін негіздеме?
      Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін өтініш беруші қайда, қашан және қай билік өкіліне және қандай өтінішпен барды? Төлқұжаттық бақылауда проблемалар болды ма?
      Мүмкіндігінше сапар туралы көбірек ақпарат анықтау қажет.
      4. Отбасы мүшелері және жақын туыстары туралы мәліметтер.
      Қазақстан Республикасына өтініш берушімен бірге отбасы мүшелерінің қайсысы келді?
      Жақын туыстарының қайсысы саяси қызметпен айналысты? Балаларының денсаулық жағдайы.
      5. Этникалық топ.
      Өтініш беруші арнайы бір этникалық топқа, тайпаға немесе рулық қауымға жата ма? Бұл, әсіресе, африка елдерінен келген өтініш берушілер үшін маңызды. Бұл этникалық топ оның елінде қаншалықты көп?
      6. Діні.
      Өтініш берушінің елінде діни сенімге бостандық құқығы сақтала ма? Өтініш беруші қандай дінге сенеді немесе қандай діни қауымға жатады? Ол дінге сенуші болып табыла ма?
      Ол өз елінде өзі сенген дінін жасырын немесе ашық түрде уағыздады ма? Діни себептерге байланысты қудаланды ма?
      7. Қаржы жағдайы.
      Өтініш берушінің жеке басының және/немесе отбасының қаржылық жағдайын Отанындағы қатынастарға байланысты бағалау
      Өтініш берушінің/отбасының табысы қандай болды, қандай мүлкі болды?
      Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүру үшін қандай қаражаты бар?
      8. Әскери қызметке қатысы.
      Оның елінде әскери қызмет міндетті болып табылады ма?
      Әскерге шақырылу жасы қандай және міндетті әскери қызмет мерзімі?
      Өтініші беруші әскери қызметін өтеді ме?
      Егер әскери қызметін өтесе, онда ол әскерге шақыртылды ма немесе өз еркімен барды ма, қызмет өткерген кезеңі және жері, әскер түрі, соңғы әскери атағы, әскери мамандығы.
      Ол әскери қызметін белгіленген мерзімде аяқтады ма?
      Егер өтініш беруші әскерде болмаса, себебі көрсетілсін. Егер қызмет өткеруін аяқтамаса немесе әскерден қашып кетсе себептері көрсетілсін. Мұндай әрекеттердің салдарын бағалау.
      9. Сотталғандығы туралы ақпарат.
      Өтініш беруші бұрын қылмыстық істер үшін сот тәртібімен сотталды ма? Егер сотталса, қашан және қандай сотта? Судья мен прокурордың тегі. Құқық бұзушылық сипаты және шығарылған үкім. Жазалау мерзімі (сот үкімі бойынша және нақты өтеп шыққан) Түрменің атауы және мекен-жайы, жазаны қайда өтеп шықты? Қашан және қандай себепке байланысты босап шықты? Қамауда болғаны туралы қандай да бір құжаттар бар ма? Босатылғаннан соң полиция қадағалауында болды ма?
      10. Отанындағы саяси ахуалды білуі және бағалауы.
      Өз Отанындағы саяси жүйені және мемлекеттік құрылымын сипаттау.
      Елінің ұлттық туын сипаттап беруін өтіну.
      Билікте кім?
      Билік саясатына деген жеке бағасы.
      Оппозициялық топтарды, партияларды, қозғалыстарды білуі, олар қаншалықты көп, олардың көшбасшылары кім және бұл топтардың идеологиясы немесе ниеттері қандай.
      Оппозициялық топтар заңды/ заңсыз ба?
      Заңсыз баспасөздерді білуі.
      Партиялардың, топтардың, қозғалыстардың қысқартылған атаулары (аббревиатуралары) өз тілінде, мүмкіндігінше халықаралық атаулармен түсіндірсін.
      11. Саяси қызметке қатысуы.
      Өтініш берушіні саясат қызықтыра ма?
      Өтініш беруші немесе оның отбасы мүшелерінің ересектері тұрақты тұрған елінде қандай саяси, діни, әскери, этникалық және басқа да ұйымдарда, топтарда немесе ағымдарда болды?
      Өтініш беруші партияның белсенді/енжар мүшесі болды ма, онда қанша болды? Оның лауазымы (жағдайы) және міндеті.
      Бұл қандай ұйым? Оның мақсаты, жұмыс істеу әдістері, саяси бағыты, құрылымы, саны, қашан және кім құрды, көшбасшылары мен тікелей басшыларының аты-жөні, әрекет ауданы, заңды/заңсыз. Өтініш берушінің ұйым қызметіне қатысу сипаттамасы.
      Ұйым қандай да бір жарияланымдар шығара ма? Олардың атауын хабарласын.
      Ұйымның басқа мүшелерінің аты.
      Өтініш беруші өз іс-әрекеті үшін билік тарапынан қуғынға ұшырады ма?
      Өтініш беруші күш көрсету зорлық-зомбылығы қолданылған нәсілдік, ұлттық тектегі немесе саяси көзқарастарға байланысты оқиғаларға қатысты ма? Егер қатысса, онда мұндай оқиғалардың өзгешелігін және өтініш берушінің оған қатысу дәрежесін сипаттау.
      Егер тұтқындалса, тұтқындаудың хронологиялық жүйелілігі көрсетілсін және тұтқындауды қайда өтеп шықты (абақты, полиция учаскесі), тұтқында болу ұзақтығы.
      Өтініш берушімен бірге неше адам тұтқындалды?
      Өтініш берушіге айып тағылды ма?
      Саяси қызмет үшін сотталды ма? Егер сотталса, соттың аты, іс қайда қаралды, үкім мерзімі, мүмкін болса қорғаушының аты.
      Тұтқында болу жағдайын сипаттау.
      Босату қалай жүргізілді (пара беру, сатып алу, кепілдікке, жаза мерзімінің аяқталуы)?
      Босатылғаннан соң полиция қадағалауында болды ма?
      Босатылғаннан кейін өтініш берушіге қарым-қатынас. Болу орны, жұмысы.
      Түрмеден, түрме көлігінен, түрме госпиталінен және т.б. қашу туралы айтылған жағдайда қашу жағдайын нақтылау қажет (Қалай қашты? Қашу үшін өтініш берушіге сырттан көмектесті ме? Қашқаннан кейін және елден кеткенге дейін өзін қалай қамтамасыз ете алды? Қай жерде болды/тұрды және ақшаны қайдан алды? Төлқұжат пен жол жүру құжаттарын қалай алды?).
      Қазіргі кезде өтініш беруші іздестірілуде емес пе? Не үшін?
      Іздестірілуде екені өтініш берушіге қайдан белгілі?
      Өтініш беруші адвокатпен немесе адам құқықтары жөніндегі ұйыммен байланыста ма? Олардың есімдері және мекенжайлары, және ол бұл байланысқа қалай кірді?
      12. Тұрақты тұру елінен кету себептері.
      Өтініш берушінің елден кету себептерін айтып беруді сұрау (бұрын болған тармақтарға сүйенуге болады).
      Оны іздестіруден қорқатындығы туралы ақпарат алу маңызды.
      Өтініш беруші қудалаудың/зорлық-зомбылықтың қандай түріне ұшырады, оны елден кетуге мәжбүрлеген деректер көрсетілсін (күш көрсету зорлық-зомбылығы, үйді тінту, кәсіптік тыйым, басқа да мәжбүр етулер, қауіп-қатерлер).
      Өтініш берушіге немесе оның отбасы мүшелеріне жасалған зорлық-зомбылықтар/қудалау уақыты және орны, кім орындады? Хронологиялық тәртіпте толығырақ сипаттап беруін сұрау.
      Мүмкін болса осыны дәлелдейтін кез келген құжатты көрсетсін.
      Өтініш берушінің ойынша бұндай әрекеттердің жасалуына не себеп болды?
      Іздестіруге ұшырау қорқынышы туралы өз сенімін өтініш беруші немен растай алады?
      Өтініш беруші Отанына қайтып барғысы келе ме? Егер қайтып барғысы келмесе не себептен?
      Өтініш берушінің ойынша, егер ол Отанына қайтып барса не болуы мүмкін және неліктен? Негізделген себептерді атауын сұрау.
      Өтініш берушіге өз елінің билігі қайтып баруға рұқсат бере ме? Неліктен береді немесе неліктен бермейді?
      Қайтып барған жағдайда қауіпсіздік қатері бар? Егер болса, нақты себептер көрсетілсін.
      13. Кәмелетке толмаған өтініш берушілер үшін кету себептері туралы сұрақтар.
      Қалай/неліктен жас өтініш беруші өз ата-анасынан/отбасынан ажырады?
      Бұл қашан болды?
      Ол өз еркімен кетті ме немесе өз еркінен тыс жөнелтілді ме? Оның ата-анасы оны Отанынан кеткені туралы біле ме, ол қандай да бір нұсқау алды ма? Қандай нұсқау?
      Қашан және қандай жағдайларда өтініш беруші өз ата-анасымен/отбасымен байланыста болды?
      Жас өтініш беруші ата-анасын (басқа жақын туыстарын, отбасы мүшелерін) тірі деп есептей ме? Егер ол оларды қайтыс болған десе, оның бұл үшін қандай негіздемелері бар?
      Отбасынан кеткеннен кейін өтініш беруші бірінші қайда барды?
      Өтініш беруші ата-анасынан/отбасынан кеткеннен кейін тұрған жерін сипаттап беруді, ұзақтығын сұрау.
      Өтініш беруші бұрын өзі немесе отбасымен Отанын тастап кетуді байқады ма?
      Қазақстан Республикасына келе жатқанда өтініш берушіге кім қамқорлық көрсетті, оның аты және туыстығы/басқа да қатынастары? Олар бірін бірі бұрын білді ме?
      Қазіргі кезде олардың қарым-қатынасы қалай?
      Кәмелетке толмаған өтініш берушінің отанынан кетуге ең басты себеп не?
      Өтініш беруші немесе оның жақындары іздестірілді ме? Қалай  және қандай себептермен?
      Қазақстан Республикасына келе жатқанда қандай ерекше қиындықтар болды?
      14. Отанында және басқа елдерде байланысы
      Отанымен байланысу мүмкіндіктері, туыстарының болуы, туыстық дәрежесі, олардың мекенжайы және телефоны.
      Қазақстан Республикасында және басқа елдерде туыстары немесе отандастары бар ма? Олардың босқын мәртебесі бар ма (өтінішхат берді ме)? Олардың мекенжайлары және телефоны.
      Өтініш беруші басқа елдерге немесе халықаралық ұйымдарға пана беру немесе босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат берді ме? Егер берсе, берген күні, кімге және нәтижесі қандай?
      Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының босқыны деп танылды ма? Егер танылса, қайда, қашан және Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының қандай органы тарапынан? Бұл тануды растайтын құжат бар ма?
      Қазақстан Республикасында босқын деп танылудан бас тартқан жағдайда, өтініш беруші қай елге (елдерге) кете алады және неліктен (басқа елдегі туыстары, басқа елге кету мүмкіндігінің болуы, өзге де мүмкіндіктер)?
      Қандай да бір халықаралық немесе ұлттық ведомстволарда тіркелді ме? Егер тіркелсе, толығырақ айтсын.
      Өз елінің елшілігінде, консулдығында немесе басқа да өкілдікте тіркелді ме? Егер тіркелсе, егжей-тегжейлі нақтылау қажет.

Босқын мәртебесін беру туралы
өтінішхатты тіркеу және қарау
ережесіне 6-қосымша     

нысан

______________________________________________________________
(ІІД КҚПБ-ның атауы)

20_ж._ ______ № ____

______________________________________________________________
(мемлекеттік денсаулық сақтау органының атауы)

Міндетті медициналық тексеруге
жолдама

____________________________________ азаматы/азаматтығы жоқ адам
            (мемлекеттің атауы)
__________________________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты)
туған күні _______________________________________________________
      Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын немесе жеке басын растайтын құжаттар _______________________________________________
                    (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
______________________________________ келген
      (мемлекеттің атауы)

      Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін алу туралы өтінішхат беруіне байланысты міндетті медициналық тексеруден өтуге жіберіледі.

      Басшы

      __________________________   ____________  ____________
                 (ІІД КҚПБ)           (қолы)        (Т.А.Ә.)

      М.О.