Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк төрағасының 2010 жылғы 20 тамыздағы N 76 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6534 болып енгізілді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертуі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

       "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ал оның күші 2010 жылғы 13 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):

      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      3) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен кейін он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және өкілдігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау шараларын қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

Ұлттық Банк Төрағасы

Г.Марченко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын

      реттеу мен қадағалау агенттігі

      Төрайым _________ Е.Бахмутова

      2010 жылғы 8 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      Министр _________ Б.Жәмішев

      2010 жылғы 9 қыркүйек

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2010 жылғы 20 тамыздағы
№ 76 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтык актілерінің бюллетенінде 2000 жылғы № 9 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "банктік шот ашқан кезде тиісті құжатты көрсету керек болмайтын жағдайдан басқа кезде салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген салық төлеуші клиенттің тіркеу нөмірі;";

      11-тармақта:

      1) тармақшада:

      екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы берген қүжаттың көшірмесі;";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;";

      2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;";

      3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "клиентті Қазақстан Республикасында, филиалдар мен резидент емес тұлғалардың өкілдіктері үшін - олардың Қазақстан Республикасында тіркелген жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын уәкілетті орган берген құжаттың көшірмесі;";

      4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      5) шаруа (фермер) қожалықтары үшін:

      қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;

      клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы құжаттың көшірмесі;

      мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;";

      6) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "таратылатын қаржы ұйымын салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;";

      7) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі.";

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жинақ шотын ашқан кезде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайдан басқа кезде салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген салық төлеуші клиенттің тіркеу нөмірі;";

      17-тармақта:

      1) тармақшада:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;";

      2) тармақшада:

      үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;

      дара кәсіпкерлер үшін - клиентті дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;";

      4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "дара кәсіпкерлер үшін - клиентті дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;";

      18-тармақта:

      1) тармақшада:

      екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "жинақ шотын ашқан кезде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайдан басқа кезде клиентті салық төлеуші ретінде қою фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) - клиенттің мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;";

      2) тармақшада:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "клиентті салық төлеуші ретінде қою фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі (егер клиент салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші болып табылған және оған салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілген жағдайда);";

      үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған тұлғалар-клиенттер үшін туу туралы куәлік;";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "салымшының жеке куәлігін растайтын құжат.";

      19-3-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) клиентті жеке нотариус ретінде тіркеу есебіне қою фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) нотариустың жеке басын куәландыратын құжат.".

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы № 5 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:

      11-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ақша аударымы олардың жеке бірегейлендіру кодын көрсете отырып жасалған жағдайда салық төлеушінің - ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың тіркеу нөмірі (РНН);";

      13-тармақтың екінші абзацында "БСН" бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі" деген аббревиатура мен сөздер "СТН" салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі" деген аббревиатурамен және сөздермен" ауыстырылсын;

      № 1 қосымшада:

      "ЖБН_____________" деген жолдағы "ЖБН" деген аббревиатура "СТН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      "Бенефициар_________________БСН_____________" деген жолда

      (салық комитеті)

      "БСН" деген аббревиатура "СТН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      № 2 қосымшада:

      "ЖБН (БСН)_____________" деген жолда "ЖБН (ББН)" деген аббревиатуралар "СТН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      "Бенефициар__________________ББН_____________" деген жолда

      (салық комитеті)

      "БСН" деген аббревиатура "СТН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      № 3 қосымшада:

      "ББН_____________" деген жолда "ББН" деген аббревиатура "СТН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      "Бенефициар________________ББН_____________" деген жолда

      (салық комитеті)

      "ББН" деген аббревиатура "СТН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      № 4 қосымшада:

      "Ақша жіберуші ЖБН_____________(ББН)______________" деген жолда "ЖБН (ББН)" деген аббревиатуралар "СТН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      "Бенефициар_____________ББН_______________ ЖБК" деген жолда "ББН" деген аббревиатура "СТН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      "Жеке бірегейлендіру нөмірі", деген сөздер "Әлеуметтік жеке код" деген сөздермен ауыстырылсын;

      хабарлама түбіртек кестесі "СТН" деген бағанмен толықтырылсын;

      № 5 қосымшада:

      "ЖБН (БСН)_____________" деген жолда "ЖБН (ББН)" деген аббревиатуралар "СТН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      "Бенефициар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ББН_________" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бенефициар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы СТН_________";

      "ББН" деген аббревиатура "СТН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      "Жеке бірегейлендіру нөмірі", "жеке бірегейлендіру нөмірін" деген сөздер тиісінше "Әлеуметтік бірегейлендіру коды", "әлеуметтік бірегейлендіру кодын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6. Қазақстан Республикасыныц Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1351 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы № 2 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесінде:

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) салық төлеушінің - Респонденттің салық қызметі органы берген құжатында көрсетілген тіркеу нөмірі;";

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 433 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1352 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы № 2 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру ережесінде:

      7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) клиенттің және оған қызмет көрсететін банктің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі;".

      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2001 жылғы 22 сәуірде - 6 мамырда № 9 (206) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесінде:

      74-тармақта "бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздер "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-1 және 1-2-қосымшаларда "ББН" деген аббревиатура "СТН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      2-1 қосымшада "СЖН" деген аббревиатура "СТН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

      9. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 247 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы оның жеке шотының көшірмесінде болуға тиісті мәліметтерді белгілеу туралы" 2004 жылғы 22 шілдедегі № 102 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3019 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 6) тармақшасында "бенефициардың жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі" деген сөздер "салық төлеуші-бенифициардың және ақша жіберушінің тіркеу нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012.02.24 № 42 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.