Семей қаласындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 287 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 02 ақпанда N 2495 тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, "Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу" жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 14.04.2014 № 105 қаулысымен.
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) "Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу" жобасын мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Қ. Бейсембаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Ә. Бергенев
      Келісілді:
      Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс
      бассейндік инспекциясының бастығы К. Көбегенов
      Шығыс Қазақстан облысының
      мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының бастығы Т. Ерубаев

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2009 жылғы 14 қаңтардағы
№ 287 қаулысына қосымша

Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі


р/с
Су
объектісі,
оның
учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Шекара-
сының
ұзындығы,
(шақырым)
Алаңы,
(га)
Орташа
ені
(метр)
Шекарасы-
ның
ұзындығы,
(шақырым)
Алаңы,
(га)
Орташа
ені
(метр)
1.
Семей
қаласында-
ғы Восход
кентінен
бастап
Мирный
кентіне
дейінгі
учаскедегі
Ертіс
өзені
25,40
2326,6
350-
2690
25,16
345,24
7-800

      
      Ескерту: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
      Шығыс Қазақстан облысы табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасының бастығы В. Чернецкий